Қатысушылар: Тілеу қарт Күдері


Тілеу: Сол жаман немені не дейтін едік? Жаман неме дей саламыз. Күдері



бет4/5
Дата08.04.2024
өлшемі24.94 Kb.
#497899
1   2   3   4   5
Тілеу:

  • Сол жаман немені не дейтін едік? Жаман неме дей саламыз.

Күдері:

  • Жаман немесі несі? Атын Жақсылық қою керек.

Тілеу:

  • Апыр-ай, біздің тұқымда ондай ат болмаушы еді. Артымызда тұяқ болып қала ма деп отырмыз. Аты Тұяқ болсын.

(Күдері баланы қолына алып, оң құлағын аузына апарып:)

  • Әй, күшік, сенің атың – Тұяқ! Естисің бе, әй? Тұяқ Тұяқ! Тұяқ!

5-көрініс:
Тілеу:

  • Сөйткен Тұяқжан да ер жетті. Құдайға шүкір, келін түсірдім. Тек осы қызықты кемпірдің көрмей кеткені болмаса... Ееееййй, енді осының соңынан қара ергенін көрсем, мына жетім шаңырақтың өзіне құтхана мешіт екеніне көзін жеткізгендей қылып, баяғы Өтеу бабасының «бебеу күйін» тартқанын көрсем, арманым жоқ. (Тұяқ кіріп келеді).

  • Ә, балам, келдің бе? Бері жақындашы. - Осы сен домбыра ұстай білесің бе?

Тұяқ:

  • Мектепте үйірмеге қатысқам...


Тілеу:

  • Е, оның жақсы екен. Ана домбыраны алып берші. (Тұяқ домбыраны алып береді). Ендеше, тыңда. (Домбыраны алып, бұрауын келтіре бастайды. Құлағы әкесінде. Тілеу заржақ күйді бебеулетіп тартып ала жөнеледі. Көзі Тұяқта. Әкесінің күй тартқанына таң қалған Тұяқтың мойны салбырап сала береді. Тілеу күйді тартып болып, домбыраны төрге сүйеп, төр алдына жамбастай қисаяды).


7-көрініс:
(Тілеу мен Зейнептің бейітінің басында Күдері отыр. Әйет оқып, бетін сипап болып):
Күдері:

  • Бір кезде өзімді үйге отырмайтын кезбе санаушы едім, сондағы баратыным сенің құрым жаппаң екен ғой... Бүгінде үндемес құрдасым да, сабырлы Зейнеп те, пыс-пыс етіп бір тынбайтын көрік те – бәрі-бірі жым-жылас... Немерең дүниеге келді деп сүйінші сұрай барғанымда, орныңнан тұра алмадың-ау, жарықтығым. Әлгі жаман балаң мойнынан тастамайтын қара қобдишадан ата – бабаңның бебеу күйін тыңдап жатып, мына жалғаннан кете бардың-ау... Ешкімнің бетіне жел боп келмей, жағалас-жанталассыз ғұмыр кешкен жарықтығым-ай, о дүниеге де тым-тырыс, жайбарақат қалпың аттанып жүре бердің ғой...

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет