Ауаның ылғалдылығының түрлерін психрометр құралымен анықтау



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі20.7 Kb.
#450529
  1   2
Ауаның ылғалдылығының түрлерін


Ауаның ылғалдылығының түрлерін психрометр құралымен анықтау

Психрометрдің бір термометрінің резервуарын сулап, кілтін бұрап, (аспирациялықта) 10-15 минут керек жерге ұстап, екі термометрдің (құрғақ, сулы) көрсеткіштерін жазып алады. Оған қоса сол мезгілдегі ауа қысымының мөлшерін анықтайды. Осыдан соң мыналарды есептеп табады.

1.Абсолюттік ылғалдықты статистикалық психрометрмен анықтау. Оны мына формуламен табады: е = Е - а ( – Т2 ) х В, мұндағы;

е – абсолюттік ылғалдылық г/м.куб.

Е – максималдық ылғалдылық, суланған термометрдің көрсетуіне қарап қосымша кестеден табады (Кесте 2. Әртүрлі температура кезіндегі су буының ең жоғарғы керсеткіштері, кітаптан қару).

А – психрометрлік коэффициент. Ол ауа қозғалысының жылдамдығына байланысты болады (Кесте 3, кітаптан қару).

Егер қорадағы ауа ылғалдылығы жабық және сыртта жел жоқ кезде анықталса d=0.0013, қора ішінде қалыпты рұқсат етілетін ауа қозғалысы болса, яғни 0,25 м/сек, d = 0,0011 т.с.с. тең болады

Т1 - құралдың құрғақ термометрінің көрсетуі, град

Т2 - құралдың суланған термометрінің көрсетуі, град

В - зерттеу жүргізілген кездегі ауаның барометрлік қысымы мм.с.б. Мысал: Кұс қораның ауасының ылғалдығын анықтау кезінде Август психрометрінің құрғақ термометрі Т1= 20 градус, сулы термометрі Т2 =15 градус, В =751 мм.с.б.

Қосымша кестеде максималдық ылғалдылық сулы термометрдің көрсетуі бойынша Т2=15 градуста Е=12,7г/м.куб. Осы берілгендерді формулаға қойсақ абсолюттік ылғалдылық мынаған тең болады:
е = 12,7 - 0,0011х (20-15)х751 = 8,57 г/м.куб
Абсолюттік ылғалдықты аспирациялық психрометрмен анықтау. Бұл жағдайда мына формуланы қолданады:
е = Е- 0,5(Т1-Т2)х В/755;
мұнда Август психрометрімен анықтауға арналған жоғарыдағы формуладан айырмашылығы тек сол психрометрлік коэффициент тұрақты 0,5 санына тең болып келеді. Себебі бұл Ассман психрометрінің желдеткіш қалағының бірқалыпты ауа қозғалысының жылдамдығын 4 (м/сек) тудыруына байланысты.

Мысал: Сиыр қорадағы ауаның ылғалдылығын анықтау кезінде аспирациялық (Ассман) психрометрінің құрғақ термометрі Т1=12,4 градус, сулы Т2 - 9,5градус, В = 751 мм.с.б.

Қосымша кестеде сулы термометрдің көрсетуі бойынша Т2=9,5 градуста максималды ылғалдық Е=8,87 г/м.куб болады.

Осы сандарды формулаға қойсақ абсолюттік ылғалдылық Ассман психрометрімен анықтау кезінде мынаған тең болады:


е = 8,87 -0,5х(12,4 -9,5)х751/755 =7,43 г/м


2. Психрометрлердің көрсеткіші бойынша салыстырмалы ылғалдықты табу.

Абсолюттік ылғалдықты анықтағаннан соң салыстымалы ылғылдықты мына формуламен анықтауға болады:


R=e/Eх100


Август психрометрімен анықтау мысалында абсолюттік ылғалдылықтың мәні 8,57 г/м.куб., ал құрғақ термометрдің көрсетуі Т1 = 20 градус болғанда максималды ылғалдылық (қосымша кестеде) Е = 17,39 г/м.куб. болса, салыстырмалы ылғалдылық
R=8,57/17,39х100=49,28 % болады.
Ал Ассман психрометрімен анықтау кезінде де салыстырмалы ылғалдылықты осы формуламен табады. Ол мысал бойынша
R=7,43/10,73х100=69,2%

3. Канығудың дефицитін анықтау. Оны максималдық ылғалдықтың мөлшерінен (құрғақ термометрдің көрсетуімен алынған) абсолюттік ылғалдықты шегеріп табады Бірінші мысал бойынша, яғни Август психрометрімен анықтауда, қанығу дефициті, ол Д=17,39-8,57 г/м.куб.=8,82 г/куб, ал екінші мысал бойынша, яғни Ассман психрометрімен анықтағанда қанығу дефициті Д =10,73-7,43=3,30 г/м.куб тең болады.

4. Шық нүктесін анықтау.

Шық нүктесін қосымша кестеден (кесте 3) әр түрлі температурадағы максималдық ылғалдылықтың мөлшерін табылған абсолюттік ылғалдықтың көрсеткішін тауып, ол қандай температурада максималдық ылғалдыққа айналатындығын білеміз.

Яғни бірінші мысал бойынша ылғалдықты Авгус психрометрімен анықтаған кезде абсолютті ылғалдықтың мәні е=8,57 г/м.куб. тең, ал ол кестеде 9 градуста максималды ылғалдыққа жетеді, яғни тамшыға айналады. Екінші мысал бойынша, ылғалдықты Ассман психрометрімен анықтау кезіне абсолюттік ылғалдықтың мәні е=7,43 г/м.куб. ол кесте бойынша 6,9 градуста максималдық ылғалдыққа, яғни қораның ауасының температурасы 7 градустан төмендесе су буы тамшыға (конденсатқа) айналады.

Ауа ылғалдығын психрометрдің екі түрімен анықтау кезінде салыстырмалы ылғалдықтың мөлшерін жоғарғыда көрсетілген формуланы пайдаланбай-ақ арнайы кестеден табуға болады (Кесте 4, кітаптан қарау).

Ол кестеде құрғақ және сулы термометрлердің көрсеткіштерінің айырмашылығы мен сулы термометрдің көрсетуінің қыйысқан жерінен салыстырмалы ылғалдықтың мәнін процентпен тауып алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет