Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының егістік аумағын ұйымдастыру «Агроқұрылымдарды ішкі шаруашылық жерге орналастыру»



Дата04.04.2024
өлшемі29.44 Kb.
#497745
Жанболатова Каракат 2 СОЖ


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы


Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының егістік аумағын ұйымдастыру
«Агроқұрылымдарды ішкі шаруашылық жерге орналастыру»
пәні бойынша
Орындаған: Жанболатова Қ.Қ. (3к) Тексерген: Дабылова Б.Е.

Алматы, 2024 ж.


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
1.1. Егін шаруашылығының жағдайы
2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ АУМАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Егістік жұмыстарын ұйымдастыру
2.2. Егін шаруашылығы салаларын ұйымдастыру міндеттері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді. Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың 46%-ы осы салада еңбек етеді. Ауыл шаруашылық өндірісі - белгілі өндіріс жағдайында табиғат байлықтарын пайдаланып ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру. КСРО халық шаруашылығының ең ірі қажетті саласының бірі - бұл ауыл шаруашылығы болған. Қазақстан жалпы өнімінінің 30%-ынан астам ауыл шаруашылықтың үлесіне тиеді.


Егін шаруашылығы салаларында тұрғындар үшін негізгі тағамдық азықтықтар, өнеркәсіп үшін ауыл шаруашылық шикізаты, сондай-ақ мал шаруашылығы үшін жем-қоры жасалынады. Бұл міндеттерді шешу үшін еңбек пен қаржының ең аз жұмсалған жағдайныда, яғни өнімнің өзіндік құнын төмендету мен еңбек тиімділігін жоғарылату кезінде өндірілген өнімнің: астықтың, картоптың, көкөністің, жемістердің санын да, сапасын да арттыру қажет.

1.Қазақстанда ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы


Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де бола береді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.Қазақстанның аграрлық секторы мынадай сипатқа ие:
• ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы 222,6 млн. га, оның ішінде 24 млн.га (10,8%) егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) пішендік жерді, 189 млн. га (85%) жайылым жерді алып жатыр;
• ауыл тұрғындарының саны 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47,2%-ын құрайды;
•топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда 5%-ға жуығы жатыр;
• елдің барлық егіншілік аймактары жылдық жауын-шашынның аздығымен сипатталады 150-320 мм.;
• теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай қиындықтар тудырады;
•маусымаралық кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс еті, көкөніс пен жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі;
•солтүстік аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына мамандандырылуы; суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда өсірілетін дақылдардың (астық, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөніс, мақта) көбінше әртараптандырылған.
• 2007 жылдағы 1 га егістікте ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 47,5 мың теңгені құрайды, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 кызметкерге ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 453 мың теңгені құрайды; бидай мен ниын ірі экспорттаушысы (10 әлемдік экспорттаушылардың қатарына енеді) болып табылады, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы экспортында мақтаның (15%), тері мен жүннің (25%) де маңызды үлесі бар; мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дәстүрлі шаруашылық болып табылады, мұнда малдың 90%-ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиесілі; •ауыл шаруашылығы техникасы паркінің, орга нормативтік мерзімі 7-10 жыл жағдайында 13-14 шаруашылығы техникасы паркінің 70%-ы өндірілгендер1991 жылға дейінгі өндірілгендер; Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жылда қомақты қаржы ресурстарымен қосымша күшейтілген АӨК мен ауылды дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар кабылданды.
1.1.Егіншілік жағдайы
2007 жылы дәнді дақылдарының рекордтық өнімі жиналды, оның өңделгеннен кейінгі салмак бойынша жалпы көлемі статистика органдарының алдын ала мәліметтері бойынша 20,1 млн. тоннаны құрады, өнімділігі - 13,3 ц/га, бұл 2006 жылы қол жеткен деңгейден сәйкесінше 3,6 млн. тоннаға (22%) және 1,6 ц/га артық. Жалпы бұл көлем мемлекеттің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және астық экспортының көлемін 10,0 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді (соның ішінде астық түрінде 7,5 млн. тонна, астыққа шаққандағы ұн түрінде 2,5 млн. тонна). 2007 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабынын 80 астамы дәнді дақылдардың үлесіне келді. Жалпы республика бойынша 2007 жылы бидайдың егіс алқабы 2005 жылмен салыстырғанда 246,9 мың гектарга (2,0%), соның ішінде қатты бидайдың егіс алқабы 19,3 мың гектарға (8,7%), күздік қара бидайдың 19,9 мың гектарға (60,3%) қарақұмықтың-60,5 мың гектарға (73,2%), жемдік дақылдардын (арпа мен сұлының)-322,3 мың гектарға (18,8%)рапстын 129,1 мың гектарға (4,1 есе), май 60,5 мың гектарға (73,2%), 322,3 мың гектарға (18,8%), май бұршақтың егіс алқабы 12,6мың гектарга (34%) артты. Алдын ала мәліметтер бойынша майлы дақылдар өндірісі 459,4 мың тонна болды, 2006 жылы 458,9 мың тонна болған, көкөніс дақылдары 2196,4 мың тонна, бұл 2006 жылғы деңгейден 6,7% жоғары, картоп 2414,8 немесе 2,3% жоғары, шитті мақта 438,7 мың тонна, 3,3 мың тоннаға немесе 0,8% жоғары. Астық өндірісінің өсуі оны сату көлемдерінің ұлғаюына және саланың табыстылығының жоғарылауына себепші болды. 2007 жылы экспортқа 6,8 млн. тонна астық жөнелтілді. Сонымен қатар 1,5 млн. тонна шамасында ұн экспортталды, бұл астыкка айналдырғанда 2,1 млн. тоннаны құрайды. Сонымен астыққа шайқайдағы ұнды қоса есептегенде астық экспортының көлемі 80 млн. тонна болды. Бұл ретте астық экспортының көлемі 2006 жылғы калеммен салыстырғанда 2,2 млн. тоннаға (48%), ұн 339,9 мың тоннаға (307) артты. Астық пен ұнды экспортқа сатудан түскен түсім сомасы 1542,7 млн. АҚШ доллары деңгейінде болжанып отыр. Бұл 2006 жылдың деңгейінен 801,7 млн. АҚШ долларына немесе 2,1 есе артық. Астық өндірісінің ұлғаюында жетістіктерге жегуге өсімдік шаруашылығын мамандандыру негізінде оны әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс, өндіріске қазіргі заманғы технологияларды және егіншіліктің озық әдістерін ендіру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау көлемдерінің өсуі себепші болуда. 5 Республиканың құрғақшылықты климат жағдайларында өсімдіктің өсуіне жетіспейтин қажетті ылғалды тиімді пайдалануға себепші болатын ылғал ресурс сақтайтын технологияларды кеңінен қолдануға, қажетті агротехнологиялық шараларды уақтылы және сапалы жүргізуге тиісті көңіл бөлініп келеді. 2007 жылы Қазақстаның астығы 45 мемлекетке экспортқа шығарылды. Негізінен олар 3,3 млн. тонна астық немесе жалпы көлемнің 48% экспорталған ТМД, 1,5 млн. тонна (22,2%) шамасында Таяу Шығыс, 0,9 млн. тонна (13,5%) Солтүстік Африка, 0,6 млн. тонна (9,5%) - Европа Одағы елдері. Осы жылы қазақстандық астық алғаш рет Венгрия, Бангладеш, Танзания нарықтарына жеткізілді, перспективада қытай бағытына астық экспорттауды пысықтау жүріп жатыр. ТМД елдері ішінде астықтың елеулі көлемдерін Әзербайжан 886,6 мың тонна, Ресен 613,5 мың тонна, Украина 394,6 мың тонна, Қырғызстан 345,5 мың тонна, Тәжікстан 298,4 мың тонна импорттады. Алыс шетел мемлекеттері бойынша астықтың үлкен көлемдері Тунисқа 555,1 мың тонна, Турцияға 464,5 мың тонна, Сауд Аравиясына 348,5 мың тонна, Египетке 329,6 мың тонна, Иранға 225,3 мың тонна, Йеменге 193,0 мың тонна, Италияға 176,8 мың тонна, Германияға 149,7 мың тонна экспортталды. Астық экспортының барысын тежейтін басты қиындықтың біреуі бұрынғыдағыдай астық тасымалдайтын арнайы вагондардың жетіспеушілігі болып табылады. Қазіргі уақытта осындай астық тасымалдайтын арнайы вагондардың саны 5236. Егер осы вагондар айына бір айналым жасағанда онда айына экспортқа 500,0 мың тонна астық шығара алады. Бұл ретте жоспарланған 10,0 миллион тонна астықты тасымалдап үлгеру үшін айына 1 миллион тоннадан кем емес астық тасымалдану керек екенін атап өткен жөн. Бұдан басқа астық тасымалдайтын жылжымалы кұрамдардың айналымын тездетуге Украина айлақтарындағы (порттарындағы) тасымалдау жұмыстарының көбейуі, Азов теңізіндегі тереңдігі аз Ресей айлақтарын мұз басып қалғандығы кедергі келтіруде. Мысалы үшін қазіргі уақытта Украина айлақтарында және оларға жақын теміржол бекеттерінде 75 теміржол құрамы (поезд) түсіруді күтіп жиналып қалған, оның 31 Қазақстаннан. Сол сияқты кедендік және басқада жүкпен бірге болатын керекті құжаттардың дер уақытында ресімделмегендігінен вагондары тиеп жөнелтуіде кешігушілікке жол беру фактілеріде кездеседі. Мұндай жағдайлар әсіресе кеден бекеттері жоқ Акмола облысының Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарында орын алуда. Аталған ауданның астық экспорттаушылары кеден құжатын алу үшін Атбасар қаласына барады.
2. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аумағын ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аумағын ұйымдастырудың мазмұны нақты агроландшафттар аумағында олардың ерекшеліктерін ескере отырып, жерге орналастыру жөніндегі жобалық шешімдерді іске асыру болады. Бұл жағдайда аумақты табиғат қорғау қағидаларына сәйкес құратын нақты белгілер бойынша біріктірілген тұтас, өзара байланысты агроландшафтты элементтер жиынтығы ретінде қарастыруға болады . Ландшафттық-экологиялық тәсілді жүзеге асыру жер пайдалануды реттеу, ең алдымен жер ресурстарын басқару функциясының жүйесін жетілдірумен тығыз байланысты. Жер пайдалану жүйесін ұйымдастыру барысындағы ландшафттық-экологиялық тәсілде бастысы жер-ландшафттық тепе-теңдікті ұстап тұруға және егістік, шабындық, жайылым, елді мекен т.б. көлемдерінің тиімді ара қатынасын сақтауға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы өндірісінің белгілі бір деңгейін ұйымдастыру болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыруға қойылатын басты ландшафттыэкологиялық талап тұрғысынан ұтымды жер пайдалану жөніндегі негізгі ережелер шығады: - өнімді ауыл шаруашылығы жерлерін барынша сақтау және оларды азықтүлік мәселелерін шешу үшін қолдану; - құнарлы жыртуға жарамды жерлерді, мелиоративті, шабындыққа жарамды жерлерді ауылшаруашылық емес мақсаттарға бөлуді болдырмау; - топырақ құнарлылығын арттыруға, өнімсіз және бүлінген алқаптарды ауыл шаруашылығы айналымына енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлу т.б. Соның негізінде оның ландшафтты-экологиялық тепе-теңдігі сақталады. Қоршаған табиғи ортаны қорғау заты адам әрекетімен кеңістікте және уақыт бойынша үздіксіз өзгеретін алуан түрлі табиғи ресурстар болып табылады. Бұл антропогендік факторды кез келген таксономиялық деңгей аумағының (мемлекет, аймақ, физика-географиялық аудан және т.б.) топырақ-жер ресурстарының өзгерістеріндегі маңызды құраушы ретінде қарастыру қажеттілігін туғызады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының территориясын егіншілік жүйелерімен ұйымдастырудың, сондай-ақ өндірісті, еңбекті және шаруашылықты ұйымдастырудың өзара байланысты шешімі шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру процесінде жүзеге асырылады. Яғни, шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру – бұл жеке шаруа қожалығының өндiрiсi оның сапалық жай-күйiн, кеңiстiктiк ерекшелiктерiн (елдi мекендер мен шаруа қожалықтарынан қашықтығы, конфигурация) ескере отырып, әрбiр нақты жер учаскесiне байланыстырылатын жерге орналастыру жұмыстарының кешенi. , диссекция дәрежесі және т.б.). Нәтижесінде өте маңызды үш мәселе шешілді. Біріншіден, жерді дұрыс пайдалану арқылы берілген шаруашылықтың экономикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді; екіншіден, аумақтың экологиялық тұрақтылығының негізін қалайтын топырақ құнарлылығын молайту үшін жағдай жасалады; үшіншіден, еңбекшілердің тұрмыс, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту нәтижесінде ауылдың әлеуметтік мәселелері шешілуде. Шаруашылық ішілік жерге орналастыру тек ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жерлерінде жүзеге асырылады; оның өзіндік әдістемесі мен мазмұны бар. Ауылдық елді мекендер шекарасында орналасқан ауылдық (селолық) әкімшіліктің қарауындағы жерлерге жоспарлау және дамыту жобалары әзірленуде; орман қоры жерлерінде – орман орналастыру жобалары; қалалық жерлерге – қала құрылысы жобалары, ал қалалар ішіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге – жерге орналастыру жобалары. Өнеркәсіптік, көліктік және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерге жоспарлау жобалары, ал ұжымдық бақша жерлеріне аумақтық ұйымдастыру жобалары әзірленеді. Сонымен, шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жерге орналастырудың жеке түрі және жерге орналастыруды жобалаудың дербес бөлімі болып табылады. Ел экономикасы мен агроөнеркәсіп кешенінде жүргізіліп жатқан ірі қайта құрулар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-аумақтық нысандарын, жерге және басқа да өндіріс құралдарына меншік нысандарын, жер қатынастарын айтарлықтай өзгертті; оларда өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды бұзған; жерді, ақшалай, материалдық және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін төмендетті. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны айтарлықтай өсті, олардың шекаралары, аудандары, өндірісті ұйымдастыру және аумақтары бұзылды. Мәселен, егер 1990 жылы Ресейде жер реформасы басталған кезде 25 мыңнан сәл астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, оның ішінде 12363 колхоз және 12865 совхоз болса, онда 1996-1999 ж.ж. олардың саны 300 мыңнан асты, оның ішінде 16 098 акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, 5 867 колхоздар, 1 903 шаруа қожалықтары бірлестігі, 3 749 ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындар, 4 335 қосалқы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 60. Елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсерінен басқару нысандары үнемі өзгеріп отырады.Бұрынғы колхоздар мен совхоздар аумағында көптеген сырттан келген жер иелері мен жер пайдаланушылар пайда болды. Бірқатар шаруа қожалықтарында жер үлесінің иелерін қосқанда меншік иелерінің саны 2-3 мыңға жетеді. және т.б. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының шекараларында, әсіресе халық көп шоғырланған жерлерде ерекше режим мен пайдалану шарттарын талап ететін, ауыртпалықтары (сервитуттары) мен шектеулері бар үлкен аумақтар пайда болды. Жер реформасының нәтижесінде жерге иелік ету мен жерді пайдаланудағы кемшіліктер: шалғай жерлер, аралық, сына, қиылысатын, бұзылған және дұрыс орналаспаған шекаралар пайда болды. Орталық экономикалық аудандағы зерттелген шаруашылықтардың 10%-ға жуығы пайдаланылмаған, тыңайған немесе ең жақсы жағдайда төрт8 жылдық пайдаланудағы көпжылдық шөптердің астында болған. Дамыған ауыспалы егістер 1991 жылғы 85% салыстырғанда ауданның төрттен бір бөлігін ғана алып жатыр. Жолдар, шекаралар және сыналар алқабы 1-ден 5%- ға дейін ұлғайып, ауыл шаруашылығы айналымынан тыс қалды. Бірқатар реформаланған ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен шаруа қожалықтарының басшылары арасында жүргізілген социологиялық сауалнамаға сәйкес, олардың 84%-ы топырақ құнарлығын арттыру және жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру реформа жылдарында нашарлады деп есептейді; 66,3% инфрақұрылымның қанағаттанарлықсыз жай-күйін көрсетеді (жолдардың сапасыздығы немесе болмауы, сумен қамтамасыз етілмеуі, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени жағдайлардың нашарлауы); 93,6% маңызды ұйымдардың өз жерлерінде орын алғанын атап өтті.
2.1.Егістік жұмыстарын ұйымдастыру
Биыл еліміздің астық егетін аймақтарында топырақ ылғалы оңтайлы деңгейде. Біздің есептеуіміз бойынша, орташа көпжылдық ауа райы жағдайында осы ылғал егін себу кезеңінен кейін шамамен 20-25 күнге, яғни маусымның соңына дейін жетпек. Бұл өз кезегінде жақсы өсімнің болуына тамаша мүмкіндік, оған қоса, маусымның аяғы мен шілденің басында жауыншашын жеткілікті мөлшерде болса, игі нәтиже күтуге әбден болады. Қазақстанның орталық әрі солтүстік аймақтарында өткен қыс салыстырмалы түрде жұмсақ, температуралық жағдайы әдеттегіден мейлінше жоғары болды. Бұл егін егу жұмыстарына ертерек кірісу қажеттігін байқатады. Басты міндет – ылғалды сақтау әрі арамшөптермен кү­ресу. Жаздық бидай және жалпы да­қылды себудің тиімді мерзімі жаздағы жауын-шашынға тікелей байланысты. Егер маусымда жа­уын-шашын мол болса, егін себудің ерте мерзімі (5-15 мамыр) егіннің шығымдылығы мен бидайдың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Жазғы жауын-шашын үлесі тамызға тиесілі болған жағдайда, мамырдың соңында себілген егіннен ғана жоғары өнім мен сапаны күтуге болады. Мәселен, Солтүстік Қазақстанда жаз мезгіліндегі жауын-шашынның жауу мөлшерін мысал ретінде алсақ, орта есеппен 1961-1995 жылдардың 18%-ы жазғы мау­сымдағы жауыншашынның тү­суінің басымдылығы болса, жыл­дардың 36%-ы – шілдеде, 21%-ы тамызда байқалды және жылдардың 25%-ы жазғы жауын-шашын­ның басымдылығы байқалмады. Сол себепті бұл жылдары егінді 20 мамыр – 4 маусым аралығында сепкен тиімді болды. Ал кейінгі 23 жылдағы жағдай келесідей: жылдардың 24%-ы жазғы маусымдағы жауын-шашынның түсуінің басымдылығы, 48%-ы шілде, 13%-ы тамыз айында байқалды, жылдардың 15%-ы жазғы жауын-шашын­ның түсуінің басымдылығы байқал­мады. Осылайша, соңғы кезде жазғы жауын-шашынның басым бөлігі шілдеде түскені байқалады, сондықтан егін себу науқаны 17-18 мамыр – 4 маусым аралығында жүргізілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және өнім сапасын жақсартуға бағытталған факторлар арасында сұрыпты дұрыс таңдау және тұқым сапасы ерекше орын алады. Егін шығымының 30-40%-ы осы факторға тікелей байланысты екенін ұмытпаған абзал. Солтүстік Қа­зақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының 24 тұқым шаруашылығында ғалымдарымыз жасаған сараптама нәтижесі көрсеткендей, тексерілген барлық үлгіде спора тасушылық бактерия мен саңырауқұлақ патогені тұқымдығының жоғары екені анықталды. Өкінішке қарай биыл тұқым материалының басым бөлігінің өсу қуаты төмен. Агроном мамандар ара­сында: «Барлық қырынан сұрыпталған, ал өсу қуаты төмен тұқымды толыққанды деу қиын» деген қағидат бар. Тұқымдық материалдағы мұндай кемшіліктерді жою білікті тәсілді талап етеді. Мұнда ауа жылуымен қыздыру, дәрілеу сияқты дәстүрлі шаралармен қатар, өсуді ынталандырғыштармен өңдеу қажет. Біздің университет шаруашылық субъектілеріне тұқымдық материалдың сапасын тереңдете зерттеуге қажетті барлық кеңес беру көмегін көрсетуге дайын, бұл үшін тиісті зертханалық базамыз және жоғары білікті ғалымдарымыз жеткілікті. Елімізде отандық селекцияның сапалы сұрыптарының жетіспеуі салдарынан оны сырттан, ең алдымен Ресейден әкелуге мәжбүрміз. Осы себепті қазіргі уақытта Қазақ­станның солтүстік аймақтарындағы ресейлік селекцияның жаздық бидай сұрып­тарының үлесі 60%-ға жетіп отыр. Аталған жағдай еліміз­дегі азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіріп қана қоймай, табиғи-климаттық бейімделмеген жағдайда шеттен әкелінген тұқымның база­лық сипаттамасының өзгеруіне әкеліп соқтырады, яғни мұндай сұрып тұқымының пісіп жетілу мерзімі шамадан тыс созылып кетеді. Мұндай мәселенің белең алуы астық жинау мерзімін кейінге шегеруге әкеледі, ал бұл өз кезегінде климаттың өзгеруі салдарынан егістікті жинап үлгермей, қардың астында қалдырудың бірден-бір себебі болмақ. Өкінішке қарай бұл соңғы жылдары үйреншікті жағдайға айналып отыр. Біз отандық тұқым шаруашылығын дамыту мәселелеріне немқұрайлы қараудың келеңсіз салдары туралы үнемі айтып келеміз. Осы саланы ғылыми тұрғыдан дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету әрі реттеу шараларын күшейту, селекциялық жұмыстарға гендік инженерияға негізделген заманауи әдістерін кеңінен енгізу, зерттеудің аталған әдістерін игерген жас ғалымдарды даярлау қажеттігін бірнеше мәрте ұсындық. Алайда бұл мәселелердің бәрі шешімін күтіп тұр, ал салдары эскпорттық әлеуеттің жойылуына ғана емес, елімізді отандық ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуде де кері әсерін тигізетіні анық. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың арнайы республикалық бағдарламасын қабылдау және іске асыру дұрыс болар еді. Биылғы күзгі-қысқы мезгілдің табиғи ерекшеліктері ауру қоздырғыштары мен өсімдік зиянкестерінің топырақта сақ­талуына қолайлы жағдай жасады. Сондықтан барлық жерде күрделі фитосанитарлық жұмыстар қажет. 10 Мұндай жылдары септориоз және өсімдіктер таты ауруы жаппай дамып, таралады. Осыған орай жоғарыда аталған және басқа да ауруларға қарсы тиісті препараттармен алдын ала қорлану дұрыс болар еді. Сондай-ақ өңдеу мерзімдерін дұрыс таңдау да аса маңызды. Бұл мәселеде аурулардың даму кезеңдерін анықтаудың дәстүрлі әдістерімен қатар, егіс алқаптарын қашықтан зондтауға негізделген жаңа цифрлы технологиялардың көмегіне сүйену қажет. Сонымен қатар мұндай әдіс аурулардың даму сатылары мен зиянкестердің таралуын жедел анықтап қана қоймай, уақытты, қаражат пен ресурстарды барынша үнемдеуді көздейтін дәл өңдеуді қарқынды жүргізу үшін сол алқаптардың шекарасын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Минералды тыңайтқыштарды қолдануда ең жоғары нәтижені ылғалды жылдары алуға болады. Алайда минералды тыңайтқыштарды қолдануға әрбір алқаптың агрохимиялық жағдайын ескере отырып, сауаттылықпен келу керек. Қазіргі уақытта барлық дамыған елде дәл егіншілік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде минералдық тыңайтқыштарды саралап қосу қолданысқа енгізілуде. Біз де минералды тыңайтқыштарды пайдаланудың осындай әдісіне көшуіміз керек, себебі ол ресурстарды ұтымды пайдаланудың және ең жоғары өндірістік және экономикалық нәтиже алудың негізі болып табылады. Бұл үшін, ең алдымен, әрбір егістік алқабының нақты агрохимиялық картасын жасап, топырақтағы негізгі химиялық элементтердің әркелкі мөлшерінің деңгейін анықтап алу қажет.
2.2.Егін шаруашылығы салаларын ұйымдастыру міндеттері
Әрбір кәсіпорында егін шаруашылығы салаларын ұйымдастыру, кәсіпорынның бизнес-жсопары олардың алдына қойған міндеттеріне және кәсіпорынды дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларына сәйкес құрылады. Астықтың және басқа дақылдардың жалпы өнім егін шығымдылығын арттыру немесе егіс алаңдарын кеңейту жолымен ұлғайтуға болады. Бірінші жол - өнімді интенсивті жол, сондықтан жерге қаржы бөлінуін көбейтуді, жердің құнарлығын арттыруды және сол арқылы өнімді молайтуды жобалайды; екінші жол – егіс алаңдарының ұлғаюына және соның нәтижесінде жалпы өнімнің өсуіне бастайтын үстемелі жол. Жердің аздығынан және бұл жолдың тиімсіздігінен екінші жолмен даму мүмкіндігі әдетте шектеулі. Алайда жекелеген жағдайларда бұл жолдарды үйлестіруге, яғнпи тек егін шығымдылығының өсуін ғана емес, егіс алаңдарының кеңеюін де ойластыруға болады. Бұл нақтылы жағдайларға қарай шешіледі. Егін шаруашылығы салаларын жобалау кезінде мал азығы қажеттілігі, жер, материалдық-техникалық және қаржы ресурстары бар болуы ескеріліп, кәсіпорын мүмкіндіктеріне сүйенеді. Ілуде біреуін айтпағанда, ірі шаруашылықтарда, өсімдік өсіруші жеке сала емес, егін шаруашылығының тұтас жүйесі жұмыс жасайды Егін шаруашылығы жүйесі кәсіпорындарда өсімдік өсіруші салалардың: егінш шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы және басқалардың жиынтығынан тұрады. Өсімдік шаруашылығы жүйесі кәсіпорынның мамандандырылуына, жердің, қажетті техниканың бар болуына, қолданылатын технология мен өндірістің ұйымдастырылуына тәуелді. Бұл көрсеткіштер сондайақ жекелеген өсімдік өсіруші салалардың мөлшеріне де әсер етеді. Өндірісті дұрыс есептеу мен өндірілген өнімді дұрыс бөлу тек егіншілік жүйесін зерттеу және қолдану, егіс алаңдары құрылымын есептеу, ауыспалы егісті дұрыс жобалау мен орналастыру негізінде ғана мүмкін болмақ. Егіншілік жүйесі мен оның негізгі элементтері. Тарихи даму барысында топырақ құнарнлығын сақтау және арттыру тәсілдері жетілдірілді. Ол егіншілік жүйесі ауысымында көрініс тапты. Бұл ең алдымен мәшинелер мен жарақтардың, технологияның, баптап-күтілген өсімдіктер селекциясының жетілдірілуімен және ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің өндіріске енгізілуімен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта егіншілік жүйесі алқаптарды неғұрлым үдемелі пайдалануға бағытталған шаралардың үлкен кешенін қамтиды. Кешен құрамына мыналар кіреді: 1. Топырақ өңдеу жүйесі. 2. Ауыспалы егіс жүйесі. 3. Тыңайтқыштар жүйесі. 4. Тұқым шаруашылығы. 5. Арамшөптермен, зиянкестермен және ауыл шаруашылық дақылдары ауруларымен күрес жөқніндегі шаралар жүйесі. 6. Топырақтың су және жел эрозиясымен күрес жөніндегі шаралар жүйесі. 7. Танап қорғаушы орман өсіру. Егіншілік жүйесі белгілі бір табиғи және экономикалық жағдайларға қарай қолданылады. Қазақстанның ұланғайыр аумағында біріңғай егіншілік жүйесін дамытуға болмайды, ол мүмкін емес. Әртүрлі топырақ, климат жағайларында егіншілік жүйесінің құрамдас бөлігінің маңызы бірдей емес. Егіншілік элементтерінің әрқайсысының нақтылы мазмұны, өзінің жергілікті маңызы бар.
Ауыл шаруашылық өндірісін ұтымды ұйымдастыру міндеті осы элементтер арасында өзара дұрыс байланыстар орнату, бүкіл жүйе нәтижелерін шешуші түрде анықтайтын басты буынды табу болмақ. Мысалы, құнарлылығы төмен топырнақ жеткілікті ылғалдандырылған аудандарда, суармалы егіншіліктегі тәрізді, тыңайтқыштар жүйесі бірінші орынға шығарылады, ал солтүстік ҚАзақстанның астықты аудандындағы басты мәселелер – эрозиямен күрес шаралары және топырақта ылғал сақтау, фосфорлық тыңайтқыштар енгізу, таза пар алқаптарын ұлғайту және басқалар. Егіншілік жүйесіндегі ұйымдастыру шараларына: ауыл шаруашылық аумағын пайдалануды ұйымдастыру, оның ішінде – ауыспалы егісті қолдану жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ негізгі жұмыс үрдістерін басқаруды, жоспарлау мен бақылауды – еңбекті ұйымдастыру жатқызылады.

ҚОРЫТЫНДЫ


Экономикамыз ішкі құрылымын, таяу және шеткері жаткан рыноктарды мұқият саралау Қазақстанның агроөнеркәсіптік мамандануын тереңдету хақында зерделеп ойлануға жетелейді. Мұның өзі таңданарлық жәйт, бірақ шындық бізге таяу және шалғай жатқан рыноктардың бәрі де астық пен етке зәру. Алайда Қазакстанның азық-түлігі солардан өзіне орын таба алмай тұр, өйткені сапасы темен әрі шығасысы жоғары, сондай-ақ оған көрсетіліп отырған мемлекеттік және дипломатиялық қолдау да әлсіз. Және де ішкі рыногымыз өзінің бірқатар тұғырлары турасында сырттан азык-түлік тасым әкелудің үдей түсуінен ұтылысқа ұшырай бастады. Елімізде куатты ауыл шаруашылығы секторы болуының айрықша маңызы бар мұның өзі оған ілесе жүретін салаларды: минерал тыңайткыштар, ауылшаруашылық машиналарын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, оның ар жағында технологиялық желі бойынша баска да салаларды мықтап көтеруге мүмкіндік берер еді. Аграрлық секторда табыстың өсуін арттыру үшін мүмкіндіктер шектеулі деп пайымдауға болады. 11 Ауыл шаруашылығының соңғы жылдарда елдегі жағдайға жалпы алғанда оң әсерін әлсірететін факторлардың арасында маңыздылары мыналар болып табылады: -басқа мемлекеттік-саяси жүйенің тұсында, басқа әлеуметтік- экономикалық жағдайларда жетілген ауылдық жерде қоныстандырудың ұтымсыз, көп жағдайларда касакана жасалған құрылымы; -ауылдық жердегі инфрақұрылымның онсыз да мәз емес жағдайының әлcipeyi; -ауылдық жерлер мен үлкен қалалардағы жалпы тұрмыс деңгейі мен сапасындағы өсіп отырған салыстырмалы айырмашылық. Жалпы ірі өндірістің шағын өндірістен экономикалық тиімділігінің анағұрлым артык болатыны баяғыда анықталған дєлелдеуді керек етпейтін айқын шындык. Бұл қағида шағын жєне орта кәсіпкерлікті дамыту керек дегенге қайшы келмейді. Шаруалар әртүрлі негізде ірілеу, ірі кооперацияларға бірікпей еңбек өнімділігі де, өндіріс тиімділігі де қажетті деңгейге көтерілмейді. Ауыл шаруашылығындағы бүгінгі күнгі кооперативтер мен серіктестіктердің, шаруа кожалықтарының еңбекті ұйымдастыру жене баска да жактары өндірісті тиімді жүргізуге лайықты деп айту қиын. Осы мєселеде баска елдердегі жєне өзіміздегі шаруашылык бірлестіктерінің тиімді нысандарының тәжірибелерін зерттеп,солардың тиімді дегендерін кеңінен қолдану қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1.Абдильдин С.А. Агробизнесті ұйымдастыру.-Алматы, 2001.
2. Абузов М.И. Ландшафтно-экологические проблемы в земледелии и землеустройстве / М.И. Абузов, Л.С. Матросов // Земледелие. 1997.
3. Коваленко Н.Я. Экономика сельского хозяйства с основами аграрных рынков. - Москва, 1999
4.Оразтаева З.Б. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру.-Астана,2003

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет