Қаулысымен бекітілген Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға



бет1/6
Дата02.01.2022
өлшемі56.96 Kb.
#452332
  1   2   3   4   5   6
Документ Microsoft Word


Источник: ИС ПАРАГРАФ, 01.06.2012 17:41:57
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 6 наурыздағы

№ 291 қаулысымен

бекітілген

 

 



«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға,

 сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»



санитариялық қағидалары

 

 



1. Негізгі ережелер

 

1. Осы санитариялық қағидалар өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық қалдықтар мен денсаулық сақтау объектілерінде пайда болатын қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) белгілейді.



2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім бойы оларды қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды жинау;

2) медициналық қалдықтарды көму - зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуінің алдын алу бағытталған және осы медициналық қалдықтарды пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын залалсыздандырылған медициналық қалдықтарды кейін қайта алу ниетінсіз оларды топыраққа қауіпсіз орналастыру;

3) қалдықтардың сыныптамасы - оларды қалдықтардың қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшін қауіптілігіне сәйкес оларды қалдықтардың сыныптарға жатқызу тәртібі;

4) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;

5) медициналық қалдықтар - медициналық қызметтерді көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу үдерісінде пайда болатын қалдықтар;

6) өндіріс және тұтыну қалдықтары - өндіріс немесе тұтыну үдерісінде пайда болған шикізаттың қалдықтары, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің, сондай-ақ өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер);

7) қалдықтармен жұмыс істеу - осы операцияларды бақылауды және жою орындарын қадағалауды қоса алғанда, қалдықтардың пайда болуының алдын алуға, оларды жинауға, тасымалдауға, сақтауға, өңдеуге, кәдеге жаратуға, жоюға, залалсыздандыруға және көмуге бағытталған іс-қимылдар;

8) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;

9) қалдықтармен жұмыс істеу объектілері - қалдықтарды жинау, сақтау, өңдеу, кәдеге жарату, жою, залалсыздандыру және көму үшін пайдаланылатын орындар немесе объектілер;

10) қалдықтарды өңдеу (қайта өңдеу) - қалдықтарды экологиялық қауіпсіз сақтауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға немесе жоюға дайындау мақсатында олардың физикалық, химиялық немесе биологиялық құрамын өзгертуге байланысты кез келген технологиялық операцияларды жүзеге асыру;

11) қауіпті қалдықтар - құрамында қауіпті қасиеттерге (уыттылық, жарылысуға қауіпті, радиоактивтілік, өртке қауіпті, реакциялық қабілеті жоғары) ие зиянды заттар бар және дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп тудыруы мүмкін қалдықтар;

12) қалдықтарды қайта өңдеу - қалдықтардың сипаттамасын олардың көлемін азайту немесе олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын қауіпті қасиеттерін азайту үшін өзгертетін, сұрыптауды қоса алғанда физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық үдерістер;

13) жоспарлы-тұрақты тазарту - қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;

14) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар - қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыстар;

15) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы - елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;

16) өндірістік объект - адамның тіршілік ету ортасына және денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықты және технологияны пайдалана отырып жүзеге асырылатын өнімді шығарумен, жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызмет объектісі;

17) өнеркәсіптік алаң - өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтау үшін өндірістік объектіде бөлінетін функционалдық аймақ;

18) санитариялық тазарту - мақсаты елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын іс-шаралар жүйесі;

19) қалдықтарды жинау - қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға немесе объектілерге шығаруға, жинау және орналастыруға байланысты қызмет;

20) ағызу станциялары - сұйық қалдықтарды кәрізге жинауға және ағызуға арналған құрылыстар;

21) өлген малды көметін орын - арам өлген не шарасыздықтан сойғаннан кейін малдардың өлекселерін залалсыздандыруға және көмуге арналған құрылыс;

22) мамандандырылған кәсіпорындар - қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді жүзеге асыратын ұйымдар;

23) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі - СҚА) - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында бөліп тұратын аумақ;

24) қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған, елді мекен аумағының бір бөлігі;

25) қалдықтарды тасымалдау - қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерінен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектілеріне тасымалдау;

26) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) - халықтың тұтынуынан немесе пайдалануынан кейінгі қоғамдық немесе жеке тұтыну (тіршілік ету) қалдықтары;

27) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде қолдану;

28) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында арнайы бөлінген орындарда жинау.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет