Қазақ тіліндегі орамды сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата12.12.2023
өлшемі194.2 Kb.
#486282
  1   2   3
1 sagyndykuly



Қазақ тіліндегі орамды сөйлемдер 
Профессор Қ.Жұбанов және қазіргі тіл білімі, әдебиеттану және әдістеме
саласындағы ғылыми-әдіснамалық зерттеулер // Халықаралық ғылыми- 
практикалық конференция материалдары. – Алматы: ҚазҰПУ баспасы, 2015. –574-577 бб. 
 
Мақалада А.Байтұрсынұлы ұсынуындағы орамды сөйлемдердің негізі қаланады. 
Автор қазақ тілі синтаксисі және оның ішкі салаларының даму тарихымен толыққанды 
таныстыра келе, мәтін синтаксисінің қарастыратын мәселелерін пысықтайды. Көп құрамды 
сөйлем түрлерінің дамуындағы ерекшеліктерге көңіл аудартады. 
Тірек сөздер:
орамды сөйлемдер, аралас құрмалас, көп бағыныңқылы сабақтас, көп басыңқылы 
сабақтас, көп компонентті салалас құрмалас 
Қазақ тіл білімінің барлық саласы дамып, жетілу жолына түсті. Оның ішінде 
грамматикалық құрылыс та барынша түгесілгендей дәрежеге жетті. Әдетте, грамматикалық 
құрылыс шеңберін тіл білімінің синтаксис саласы толықтырады. ХХ ғасырдың басынан 
арнайы зерттеуге түскен қазақ тілінің синтаксисі 1940 жылдары нақты заңдылықтарын 
белгілеп алды. Бұған дейінгі уақытта сөйлем ішіндегі бірліктердің қарым-қатысы 
анықталып, жеке сөйлемдік белгілер айқындалды. Осының нәтижесінде сөз тіркесі 
синтаксисі мен сөйлем синтаксисі саласы орнықты. Бұл мәселелер де жарты ғасырдан аса 
уақыт мейлінше зерделеуден өтті. Сөз тіркесі саласында да, сөйлем синтаксисі саласында 
да тыңғылықты тұжырымдар шынайылығымен көрініс тапты. 
1990 жылдардың ішіндегі жаңа қоғамдық сұраныстар жаңа синтаксистік 
көзқарастарды туғызды. Осы жылдары көптеген ғылыми ізденістерге толы еңбектер жарық 
көрді. Мәселен, 1997 жылы «Санат» баспасынан жарық көрген Ә.Аблақов, С.Исаев, 
Е.Ағламов авторлығындағы «Сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі» атты еңбек 
синтаксисті салаға бөлуде жаңа талпыныс керектігін көрсетті. Мұндай еңбектер, әсіресе, 
қатысым синтаксисіне қатысты да өрбіді. Бұл өз кезегінде жалпы синтаксистік құрылысқа 
әсерін тигізді.
Қазақ тіл білімінің синтаксистік құрылысын сөзтұлға синтаксисі, сөз тіркесі 
синтаксисі, сөйлем синтаксисі және мәтін синтаксисі деп саралау бұрын-соңды болмаған. 
Тіпті, жалпы түркі тіл білімінде мұндай бағытпен білім беру бекітілмеген. Ал қазақ тіл 
білімі мұндай салаландыруға жиырма жыл уақыт бұрын барды [1,154]. Сөзтұлға синтаксисі 
сөзтұлға бірліктерін (жеке сөз, күрделі сөз, түйдекті, тұрақты, салаласқан және түйіспелі 
тіркестер) анықтап, олардағы синтаксистік құралдардың қызметіне сүйенеді. Сонымен 
қатар синтаксистік заңдылықтарға негізделген сөздердің байланысу формалары шешіледі. 
Сөз тіркесі синтаксисі бағыныңқы-басыңқы сипаттағы толық мағыналы кемі екі бірліктің 
байланысынан туындап, оның құрамдық және жасалу жолындағы ерекшеліктерді сөз етеді. 
Сөйлем синтаксисіндегі сөйлем мүшелері қызметі мен сөйлем түрлерінің берілу жолдары 
әлі де болса бекітілген жолын жойған жоқ.
Ал мәтін синтаксисі тақырыбы азды-көпті сұрақтар туғызды. Бастысы сол, мәтін 
атауын түрлі түсіну орын алды. Бірі мәтінді жалпы ғылым атаулыға теліді. Енді бірі оның 
тіл білімінің жеке саласы ретінде қабылдады. Үшіншісі тіл білімінің синтаксис саласының 
тарауы ретінде түсіндірді. Мұның әрқайсысының ақиқаттығы анық. Біз бұл мәселенің 
үшінші көзқарасындағы тұжырымды таратуды көздедік. Сондықтан мақала атауына 
А.Байтұрсынұлының пән сөзін тарттық. «Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін» деп өткен 
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің мәселелеріне де арнайы мән берді. Тіпті, алғашқы 
қазақы терминдерді тұрақтандырды. Тіл біліміне тән пән сөздерін барынша қиюластырған 
да А.Байтұрсынұлы.
Ғалым тарқатуындағы орамды және өрнекті сөйлемдер тіл білімінің мәтін 
синтаксисін толық қанағаттандырады. Демек, мәтін синтаксисі де сөйлем синтаксисі 
сияқты екіге топтастырылады. Алғашқысы орамды сөйлемдер деп аталады да, бүгінгі күнге 


дейін көп құрамды құрмалас сөйлемдер болып таныстырылып келген құрылымдарды 
қарастырады. Себебі мұндай құрылымдар құрмалас сөйлем деп аталатын тараудан 
өзгешеленіп тұратыны анықталды. Екіншісі өрнекті сөйлемдер деп аталып, жеке сөйлемдік 
бірліктердің байланысынан туындаған, әрі жай сөйлем мен құрмалас сөйлем шеңберіне 
сыймайтын сөйлемдер шоғырын жинақтайды. 
Тіл білімі синтаксисіндегі құрмалас сөйлемдер мәселесі көптеген ғалымдардың 
назарынан тыс қалмады. Алғашқы танытуда орыс миссионерлері еңбектеріндегі ой-
тұжырымдар алдыңғы қатарда беріліп отырғанымен, шынайы дәрежеде арнайы аталымға 
ие болу қазақ ғалымдары тарапынан таратылды. Орыс миссионерлерінің еңбек 
атауларының өзі құрмалас сөйлем, тіпті сөйлем деген ұғымнан алыс жатты [2]. Ал 
А.Байтұрсынұлы «Тіл - құрал» кітабының үшінші тіл танытқышын «Сөйлем жүйесі Һәм 
түрлері» деген атауға сыйдырды. «Мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар 
сөйлемдер құрмалас деліп аталады» деп бекітілген құрылымдық түр қазақ тіл білімінде 
жеке сөйлем түрі ретінде орнықты [3,206]. Ғалым еңбегінен көңіл аударған тұс – орамды 
немесе өрнекті сөйлем деп танытқан термин. Себебі көп құрамды құрмалас сөйлемдер 
туралы түсініктің бастауы осы ұғымда жатыр. Жалпы, көп құрамды құрмалас сөйлемдер 
жайын қазақ тіл білімі 2002 жылы ғана жеке дара жіктеуге әкелді [4,784]. Оның өзінде 
толық тиянақталған деп айта алмаймыз. 
Ал тарихи тұрғыдан дұрысы, А.Байтұрсынұлы баяндаған орамды сөйлемдер. Ғалым 
түсіндіргеніндей, «Сөйлегенде ойды тақ-тұқ қысқа айтып, білдіретін орын да болады. Ойды 
ұзын айтып, орағытып келіп білдіретін орын да болады. Ұзын айтқанда ой дәуірлеген 
бетімен барып, қайтатын түрі болады. Сөйлеудің сондай түрлері орамды деліп аталады» 
[3,220]. Ғалымның мысал-дәйектерінің алғашқысы қазіргі көп сыңарлы салалас құрмалас 
сөйлемдердің, екінші мен үшіншісі көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем де, 
төртіншісі аралас құрмалас сөйлемнің сұранысына жауап береді. 
Қазақ тіл біліміндегі аралас құрмалас пен көп басыңқылы сабақтас құрмалас 
сөйлемдердің түзілісі кейінірек. Мәселен, ғалым С.Аманжолұлы «Орыс тілі ғылымында да, 
бұрынғы-соңғы түркі ситемалы тілдерді тексерушілер де аралас құрмаластың түрін 
айырмай, жеке сөйлем түрі деп бөлмей келген. ...біз бұл сияқты сөйлемді 1935 жылдан бері 
ерекше жіктеп көрсетіп жүрміз» - дейді [4,176]. Бұл сөйлемге ұқсас аталымды Н.Сауранбаев 
та ұсынды. Ғалым 1938 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында жарияланған «Құрмалас 
сөйлем туралы» деген мақаласында келтірген сөйлемдерін аралас деп берген. Оның 
алғашқысы екі жай сөйлемнен тұратын құрылым (Әміржан кітап оқып, мен хат жазып 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет