Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары Жалпы ережелер Осы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы»



бет4/5
Дата10.10.2023
өлшемі55.85 Kb.
#480314
1   2   3   4   5
š0“840;0@

5. Эвакуациялық іс-шаралар

46. Азаматтық қорғаныс бастықтары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығының өкімі бойынша ведомстволық бағынысты аумақта эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді.


47. Эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауды жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала төтенше жағдайлардың туындау қатері мен қазіргі заманғы құралдардан зақымдау ошақтарын ескере отырып, жүргізеді.
Барлық санаттағы халықты қауіпсіз аймаққа шығаруды (апару) және орналастыруды орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар олардың жұмысы, оқуы, тұрғылықты жері бойынша ұйымдастырылады.
48. Халықты эвакуациялау аралас тәсілмен - халықты барынша жаяу тәртіппен апаруды немесе оларды көліктің барлық түрімен шығаруды үйлестіру арқылы жүзеге асырылады. Көлікті беру есебі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатері төнген және туындау кезеңдеріне және қорғаныс іс-шараларының мүдделері мен халықтың жеке қолданысындағы көліктің бар-жоғын ескере отырып, соғыс уақытына бөлек жасалады.
49. Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатері төнген кезде өндірісте және қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халық (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнайы оқу орындарының, колледждердің, лицейлердің, мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйі мен арнайы балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері, мүгедектер мен қарттар үйлерінде тұратын адамдар, әкімшілермен және олардың отбасы мүшелерімен бірлесіп) көлік жұмысының графиктерін бұзбай, эвакуациялық іс-шаралар басталғанға дейін ішінара эвакуациялауға жатады.
Төтенше жағдайлар қатері төнген кезде халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерге уақытша эвакуациялау жүзеге асырылады.
50. Эвакуациялау мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс шығару (апару) уақыты оның аяқталуы болып есептеледі.
Қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған халық өз облысының аумағына орналастырылады. Әр ұйым орналастыру ауданын (пунктін) белгілейді.
51. Соғыс уақытында халықты орналастыру аудандары (пункттері) алдын ала айқындалады және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдердің (қаулылардың) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, көшірмелері тиісті қызметтерде сақталады.
52. Ішінара эвакуациялау кезінде халықты орналастыру аудандары (пункттері) Қазақстан Республикасы Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
53. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің қауіпсіз аймақтарында эвакуацияланған халықты толығымен орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің басшыларының келісуі бойынша шекара маңындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге шығарылуы мүмкін.
54. Ұйымдардың азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы соғыс уақытында жұмысын жалғастырушы жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады.
Жұмысшы ауысымды тасымалдау үшін әрбір ұйым жұмысшы ауысымның жұмыс объектісіне өтуге және кері қайтуға ең аз уақыт шығынын (2-3 сағаттан артық емес) ескере отырып, теміржол, автомобиль және су қатынас жолдарына жақын орналасқан орналастыру орындарын бөледі.
55. Таратуға және эвакуациялауға жататын барлық халыққа эвакуациялық тізім жасалады.
Тиісті эвакуациялық комиссия эвакуациялық тізімді 2 данада жасайды, мынадай топтар бойынша:
1) қалада (азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған) соғыс уақытында жұмысын жалғастырушы, сондай-ақ оның тіршілік қызметін қамтамасыз ететін жұмысшылар мен қызметшілер;
2) соғыс уақытында өз қызметін қауіпсіз аймаққа ауыстыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, орталық атқарушы органдардың қызметкерлері;
3) педагогикалық жұмыскерлер, студенттер және мектепке дейінгі жастағы балаларды қоспағанда білім беру ұйымдары мен жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары, оларға қызмет көрсететін персоналдар, мүгедектер мен қарттар үйінде тұратын зейнеткерлер, оларға қызмет көрсететін персонал;
4) 1 және 3-топтарға түспейтін барлық халық.
Эвакуациялық тізім эвакуациялық комиссиясында сақталады және жылына 1 рет түзетіледі. Жиналатын эвакуациялық пункттеріне эвакуациялық тізімді беру эвакуациялауды жүргізуге шешім қабылдағаннан кейін жүргізіледі.
56. Эвакуациялық тізім таратылатын және қауіпсіз аймаққа эвакуацияланатын халықты есепке алу, орналастыру және қамтамасыз ету үшін негізгі құжат болып табылады.
57. Қауіпсіз аймақта алдын ала таратылатын және қауіпсіз аймаққа эвакуацияланатын халықты орналастыру және қамтамасыз ету, қорғау үшін қажет жағдайларды жасауға бағытталған дайындық іс-шаралары өткізіледі.
Орналастыру ауданын тек ерекше жағдайларда ауыстыруға жол беріледі.
58. Таратуға және эвакуациялауға орталық және жергілікті атқарушы органдардың бастықтары басшылық етеді, ал қауіпсіз аймаққа (ауылдық жерлер) келген халықты қабылдауға және орналастыруға аумаққа келетін халықтың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің азаматтық қорғаныс бастықтары басшылық етеді.
59. Халықты тарату және эвакуациялау мүддесінде азаматтық қорғаныс бастықтары алдын ала іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және өткізеді, ол мыналардан тұрады:
1) таратуды және эвакуациялауды жоспарлау;
2) басқару органдарын, күштер мен құралдарды азаматтық қорғаныс жоспарымен көзделген эвакуациялау іс-шараларын орындауға дайындау;
3) оларға жүктелген міндеттерді орындауға эвакуациялық органдарды дайындау;
4) халықты эвакуациялық іс-шараларды орындауға дайындау;
5) халықты шығаруға арналған көліктің барлық түрлерін дайындау;
6) станцияларды, порттар мен кемежайларды халықты түсіру және отырғызу пункттері ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен түсіру және отырғызу пункттерін, эвакуациялаудың аралық пунктіне кіреберіс жолдарды дамыту;
7) халықты жаяу шығару үшін жолдар мен лекке арналған жоолдарды таңдау, шолып байқау, дайындау және бағытты толық зерделеу;
8) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыратын аудандарды дайындау, жерасты кен қазбасын, жертөле мен басқа халықтың жасырынуына жарамды үй-жайлар мен құрылыстарды анықтау және оларды жете жабдықтау;
9) азаматтық қорғаныс басқару органдарын, байланыс және құлақтандыру құралдарын дайындау;
10) қауіпсіз аймақта (ауылдық жерлерде) материалдық құралдардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын құру, сумен жабдықтау пункттерін жабдықтау.
Азаматтық қорғаныс бастығы халықты таратуға және эвакуациялауға дайындау бойынша барлық жұмысты эвакуациялық комиссия арқылы жүргізіледі.
60. Халықты таратуды және эвакуациялауды жоспарлау мен жүргізуді тікелей жүзеге асыру үшін эвакуациялық органдар құрылады:
эвакуациялық комиссиялар (орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда);
эвакуациялық қабылдау комиссиялары (эвакуацияланатын және таратылатын халықты қабылдау мен орналастыруды жүзеге асыратын ауылдық аудандарда, қалаларда);
эвакуациялық жинау пункттері;
эвакуациялаудың аралық пункттері;
эвакуациялық қабылдау пункттері;
зардап шеккен халықты қабылдау пункттері (баспанасыз қалған, санитариялық шығындар, қайтарылмайтын шығындар).
61. Эвакуациялық комиссия облыстардың, қалалардың, қалалық аудандардың, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмыс органдары болып табылады. Олар халықты тарату және эвакуациялау бойынша барлық іс-шаралар кешенін орындауға және осы іс-шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауапты болады.
62. Эвакуациялау комиссиясына эвакуациялау кезінде келетін халықты күтіп алу, оларды есепке алу және орналастыру, сондай-ақ келетін халықтың қалыпты өмірі үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бақылау міндеті жүктеледі.
63. Эвакуациялау (эвакуациялау қабылдау) комиссияларының құрамы мен ережесін тиісті азаматтық қорғаныс бастығы бекітеді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің эвакуациялау (эвакуациялау қабылдау) комиссиясының құрамын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органның, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдардың келісім бойынша айқындайды.
Эвакуациялау комиссияларының төрағалары болып орталық (жергілікті) атқарушы орган, азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйым басшысы орынбасарларының бірі, ал эвакуациялық қабылдау комиссияларының төрағалары – жергілікті атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары тағайындалады.
Эвакуациялық комиссияның үлгі құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада айқындалды.
Эвакуациялық қабылдау комиссиясының үлгі құрылымы осы Қағидаларға 3-қосымшада айқындалды.
64. Эвакуациялық жинау пункттері эвакуацияланатындарды жинауға және тіркеуге және оларды отырғызу пункттері мен қозғалыстың бастапқы пункттеріне жіберуге арналған. Эвакуациялық жинау пункттерінің әкімшілігі алдын ала жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, ұйымдар бойынша бұйрықтармен тағайындалады. Эвакуациялық жинау пункттері өз қызметінде эвакуациялық комиссияларға бағынады.
Жасалған жиналатын эвакуациялық пункттердің саны мен олардың орналасқан жері таратылатын және эвакуацияланатын халықтың санын, эвакуациялау бағыттарының санын, түсіру пункттері мен көлікті жөнелту қарқындылығын ескере отырып, айқындалады.
Жиналатын эвакуациялық пункттің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 4-қосымшада айқындалған.
65. Жиналатын эвакуациялау пункттері халықты эвакуациялау бағыттарына жақын, эвакуациялау бағыттарының бастапқы пункттері мен түсіру пункттеріне адамдарды жинау үшін және уақытында жеткізу үшін жағдайларды қамтамасыз ететін орындарда орналасады. Жаяу эвакуациялау бағыттарында олар халықты жылдам шығару үшін елді мекендердің шетіне орналасады.
Әр жинау пунктіне реттік нөмір беріледі. Барлық эвакуациялық жинау пункттері міндетті түрде тиісті эвакуациялық комиссиялармен, жаяу эвакуациялау бағыттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу пункттерімен және эвакуацияланатындарды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік органдарымен тікелей байланыспен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда эвакуациялық жинау пункттерінде халыққа газқағарларды беру пункттері құрылады.
66. Эвакуациялық жинау пунктінде мына құжаттар:
1) эвакуациялық жинау пункті лауазымдық тұлғаларының міндеттері;
2) эвакуациялық жинау пункті жеке құрамының тізімі, құлақтандыру тәртібі (мекенжайы, телефон нөмірлері);
3) эвакуациялық жинау пунктін ұйымдастыру және жеке құрамды тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінен үзінді;
4) эвакуациялық жинау пунктінен жіберілетін ұйымдар, эвакуациялық комиссиялар (қалалық, аудандық), көлікке отырғызу пункттері телефондарының тізімі;
5) эвакуациялық жинау пункті аумағындағы ұйымдар тізімі және оларды жіберу мерзімдері;
6) эвакуациялық жинау пункті аумағының және олардың мақсаты бойынша үй-жайлар схемасы (жоспары);
7) эвакуациялық жинау пунктіне бекітілген жақын арадағы қорғау құрылыстарының тізбесі;
8) эвакуациялық жинау пунктіне қызмет көрсететін автоколонналардың келу және оларды жіберу кестесі;
9) тасымалдауға өтінім үлгісі;
10) эвакуациялау куәлігінің үлгісі мен оны беру туралы ақпарат әзірленеді.
67. Егер тұрақты орналасу аудандары бір тәуліктен астам уақыт көшетін жерде, ықтимал қираулардан тыс аймақтарда, жол қатынастарының жанында орналасса, онда аралық эвакуациялау пункттері ашылады. Олар эвакуацияланатын халықтың қысқа уақытқа орналасуына (демалуына), оларды қайта тіркеуге, қажет болған кезде дозиметриялық, химияға қарсы бақылауға, адамдарды санитариялық өңдеуге және оларды қауіпсіз аймақта орналастыру орындарына жіберуге арналған.
Эвакуациялаудың аралық пунктінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 5-қосымшада айқындалған.
68. Эвакуациялық қабылдау пункттері түсіру пункттерінде өрістетіледі және эвакуацияланатындарды қабылдауға және оларды орналастыру орындарына жіберуге арналған.
Эвакуациялық қабылдау пункттерінің жұмысын ұйымдастыру эвакуацияланатын және таратылатын халықты қабылдауды және орналастыруды жүзеге асыратын қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің эвакуациялық қабылдау комиссияларына жүктеледі.
Эвакуациялық қабылдау пункттерінің әкімшілігі жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, ұйымдар бойынша бұйрықтармен алдын ала тағайындалады. Эвакуациялық қабылдау пункттері өз қызметінде эвакуациялық қабылдау комиссияларына бағынады.
Эвакуациялаудың аралық пунктінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 6-қосымшада айқындалған.
69. Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері төтенше жағдайлар түріне қарай төтенше жағдайлар салдарларын жою кезеңінде зардап шеккен халықты тікелей қоныстандыруды ұйымдастыруға арналған.
Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері әкімшілігі жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, ұйымдар бойынша бұйрықтармен алдын ала тағайындалады. Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері өз қызметінде эвакуациялық қабылдау комиссияларына бағынады.
Эвакуациялаудың аралық пунктінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 7-қосымшада айқындалған.
70. Жиналатын эвакуациялық пункттердің; эвакуациялаудың аралық пункттерінің; эвакуациялық қабылдау пункттерінің; зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің құрылымы және санын, оны қамтамасыз етумен байланысты эвакуацияланатын (келіп жатқан) халықтың санын және іс-шаралардың көлемін есепке ала отырып, эвакуациялық комиссиялардың (эвакуациялық қабылдау комиссиялары) басшылары анықтайды.
71. Жоспарлау үшін негізгі бастапқы деректер:
1) қалаларда және қауіпсіз аймақта тұратын халық, жұмылдыру ұйғарымы бар әскери қызметшілер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылуға жататын адамдар саны;
2) жұмысшылар мен қызметшілердің жалпы санын, сондай-ақ ең көп жұмыс істейтін ауысым санын және ауысым жұмысының уақытын көрсете отырып, соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда өз қызметін жалғастырып жатқан ұйымдар тізбесі;
3) жұмысшылардың, қызметшілер мен олардың отбасылары мүшелерінің санын көрсете отырып, соғыс уақытында өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіретін ұйымдар тізбесі;
4) білім алушылар, сондай-ақ оқытушылық құрам мен қызмет көрсететін персонал санын көрсете отырып, оқу орындарының, мектепке дейінгі мекемелердің саны;
5) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың айналасындағы ықтимал қатты қираулар аймақтары, осы аймақтарда тұрып жатқан халық саны;
6) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға тыйым салынған аудандар мен пункттер;
7) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру бойынша аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;
8) халықты орналастыру аудандарында қорғау құрылыстарының (паналайтын жерлердің, радиацияға қарсы жасырын паналардың, тау-кен қазбаларының, қарапайым жасырын паналардың), сондай-ақ сумен жабдықтау көздерінің болуы;
9) эвакуациялық тасымалдауға тартылатын көлік мүмкіндігі;
10) жол желісі, оның жай-күйі және өткізу қабілеті;
11) жаяу тәртіппен халықты эвакуациялауға арналған бағдарлардың болуы және практикалық пайдалану мүмкіндігі;
12) тарату мен эвакуациялау туралы халықты құлақтандыруға, сондай-ақ эвакуациялау іс-шараларына басшылық етуге арналған байланыс құралдары мен жүйелері;
13) халықты тарату мен эвакуациялауды жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшеліктер;
14) көрші облыстардан келетін халық саны және олардың келу мерзімдері болып табылады.
72. Халықты тарату және эвакуациялауды жоспарлау кезінде ұйымдардың өндірістік қызметі ескеріледі.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және қауіпсіз аймақта өз қызметін жалғастыруы немесе соғыс уақытында оны тоқтатуы тиіс ұйымдардың тізбесін орталық және жергілікті атқарушы органдар анықтайды.
73. Халық есебі мына негізгі топтар бойынша жүргізіледі:
1) бірінші топ – соғыс уақытында қалада (азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған) жұмыс істеуді жалғастыратын, сондай-ақ оның тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері;
2) екінші топ – соғыс уақытында өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшірген ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, министрліктер мен агенттіктер орталық аппараттарының қызметкерлері;
3) үшінші топ – педагогикалық қызметкерлер, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының студенттер мен оқушылары, оларға қызмет көрсететін персонал; мүгедектер мен қарттар үйлерінде тұратын зейнеткерлер, оларға қызмет көрсететін персонал;
4) төртінші топ – 1 және 3-топтарға жатпайтын барлық халық.
74. Азаматтық қорғаныс жоспарына қосымша болып табылатын эвакуациялау және тарату жоспарында:
1) санатталған қалалардан және төтенше жағдайлар аймақтарынан таратылатын және эвакуацияланатын халық саны;
2) қауіпсіз аймақта халықты орналастыру аудандары;
3) тарату және эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);
4) көлікпен халықты әкетуді ұйымдастыру;
5) жаяу тәртіппен халықты шығаруды ұйымдастыру;
6) қауіпсіз аймақта халықты қабылдау және орналастыру жөніндегі іс-шаралар;
7) жасырын паналарды дайындау, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімі және қауіпсіз аймақта таратылатын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі қорғау іс-шаралары;
8) төтенше жағдайлар аймақтарынан халықты эвакуациялау тәртібі мен мерзімдері;
9) санитариялық-эпидемияға қарсы және емдеу-эвакуациялау іс-шаралары;
10) тарату мен эвакуациялауды басқаруды ұйымдастыру, құлақтандыру тәртібі көрсетіледі.
75. Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қаланың (қалалық ауданның) азаматтық қорғаныс жоспарына қосымша болып табылатын эвакуациялау және тарату жоспарында:
1) әр қалалық аудан, ұйым, пәтер иелерінің кооперативі бойынша тарату мен эвакуациялауға жататын халық саны;
2) қауіпсіз аймақта халықты орналастыру аудандары мен пункттері;
3) тарату мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);
4) тарату мен эвакуациялаудың басталуы және мерзімдері туралы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ жұмысшыларды, қызметшілерді және қалған халықты құлақтандыру тәртібі;
5) эвакуациялық органдар құрамы және оларды әзірлікке келтіру мерзімдері;
6) жаяу тәртіппен шығарылатын және көліктің барлық түрлерімен апарылатын халық саны;
7) халықты шығару және әкету бағыттары; бастапқы пункттері, аялдайтын орындар, реттеу пункттері, жаяу тәртіппен эвакуациялаудың әр бағдарындағы аралық эвакуациялау пункттері;
8) халық көлікпен әкету және жаяу тәртіппен шығару кезектілігі;
9) эвакуациялық жинау пункттері;
10) халықты көлікке отырғызу пункттері;
11) оны қауіпсіз аймақта түсіру пункттері;
12) халықты қауіпсіз аймақта қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар;
13) жасырын паналарды дайындау, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімі және қауіпсіз аймақта таратылатын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
14) аралық эвакуациялау пункттерінен және түсіру пункттерінен оны орналастыру орнына дейін халықты тасымалдау үшін аудандар көліктерін пайдалану;
15) эвакуациялық іс-шараларды өткізу кезінде қадағалауды, басқару мен байланысты ұйымдастыру;
16) қауіпсіз аймақтағы орналастыру аудандарынан қалаға және кері объектілерге жұмысшылар ауысымын тасымалдау тәртібі көрсетіледі.
76. Эвакуациялық комиссия таратылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру карталарын (схемаларын), тарату және эвакуациялау бойынша деректері бар қалалар жоспарларын, халықты әкету және оны жаяу тәртіппен шығару есептерін, қауіпсіз аймақта халықты қамтамасыз ету бойынша есептерді әзірлейді.
77. Жаяу тәртіпте марш ұйымдастыру үшін қозғалыс бағыттары белгіленеді. Қозғалыс бағыттары әскери тасымалдаулардан бос жолдар бойынша өтеді. Әр қала үшін бағыттар саны жергілікті жағдайларға, жолдардың болуына, сондай-ақ таратылатын және эвакуацияланатын халықтың санына байланысты болады.
78. Жаяу қозғалыс бағыттарында реттеу пункттері, аялдайтын орын аудандары мен аралық эвакуациялау пункттері белгіленеді, ол жерлерде медициналық пункттер, жылыну мен тамақтандыру пункттері құрылады.
Аялдайтын орын аудандары мүмкіндігінше халықтың демалуы мен тіршілігін қамтамасыз етуге арналған орындардың болуын есепке ала отырып, таңдалуы тиіс. Соғыс уақытына аялдайтын орындарда халықты паналату үшін аялдайтын орындарда қарапайым жасырын паналар әзірленеді, жарықтық бүркеніш және демалу бойынша іс-шаралар қамтамасыз етіледі.
Егер тұрақты орналастыру аудандары тәуліктен артық жүретін қашықтықта болса, эвакуациялау пункттері құрылады. Олар келетін халықты өмір сүру үшін ең аз қажетті жағдайлармен (тамақтандыру, сумен жабдықтау, медициналық қызмет көрсету) қамтамасыз етуі тиіс.
79. Таратылатын және эвакуацияланатын халықтың жаяу тәртіптегі қозғалысы кезінде ұйымшылдықты және тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жаяу лектердің, ал автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автомобиль лектерінің бастықтары тағайындалады.
80. Жаяу эвакуациялау бағыттары бастықтарының жанында қажетті байланыс және құлақтандыру құралдары бар басқару топтары құрылады. Бағыттар бастықтарына азаматтық қорғау күштерінің топтары құрамынан қоғамдық тәртіпті сақтау және барлау жүргізу үшін күштер мен құралдар беріледі.
81. Жаяу лектер саны 500-ден 1000 адамға дейін құрылады.
Лектер қозғалысының жылдамдығы сағатына 4-5 шақырым, лектер арасындағы арақашықтық – 500 метрге дейін жоспарланады. Тәуліктік өту шамасы – 30-40 шақырым.
Демалуға арналған аялдау ұзақтығы: аз – 30-45 минут, көп – 2-4 сағат болып белгіленеді. Аз аялдау әрбір 2-2,5 сағат қозғалыс арасында, көп аялдау – тәуліктік өтудің екінші жартысының басында болды.
82. Эвакуациялау бағыттары үшін мыналар:
1) лектер тізбесі, олардың құрамы мен нөмірленуі;
2) қозғалыс бағыты;
3) лектердің бастапқы пункті, реттеу пункті және олардың өту уақыты, аялдайтын орын аудандары мен ұзақтығы;
4) аралық эвакуациялау пункті немесе халықты орналастыру аудандары және оларға лектердің келу уақыты;
5) қосып берілген көлігі бар медициналық пункт және жылыну пункттері;
6) қадағалау бекеті;
7) бағытта және жоғары тұрған бастықпен байланысты ұстау тәртібі;
8) соғыс уақытында бағытта, аялдайтын орындарда және аралық эвакуациялау пункттерінде халықты паналату үшін пайдаланылатын жасырын паналар мен жер қатпарлары;
9) басқару және құлақтандыру сигналдары көрсетіле отырып, схема әзірленеді.
83. Лектер бастықтарына марш схемаларынан үзінділер беріледі, онда:
1) лектің нөмірі мен құрамы;
2) қозғалыс бағыты;
3) бастапқы пункт, реттеу пункттері және оларды өту уақыты;
4) аялдайтын орын аудандары мен ұзақтығы;
5) аралық эвакуациялау пункті немесе халықты орналастыру ауданы және лектің оларға келу уақыты;
6) соғыс уақытында бағытта, аялдайтын орындарда және аралық эвакуациялау пункттерінде халықты паналату үшін пайдаланылатын жасырын паналар мен жер қатпарлары;
7) медициналық пункттер және жылыну пункттері;
8) қадағалау бекеттері;
9) бағыт бастығымен байланысты ұстау тәртібі;
10) басқару және құлақтандыру сигналдары көрсетіледі.
84. Орталық мемлекеттік органдарда эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауды орталық аппарат пен олардың ведомстволары және аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
85. Орталық атқарушы органдарда және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінде эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау кезінде айқындалады:
1) соғыс уақытында жұмыс істейтін ауысымның жұмыс тәртібі, саны;
2) тарату және эвакуациялау тәртібі.
3) қауіпсіз аймақта басқару пункттерінің орналасу орны;
4) басқару пунктіне шығуға арналған жедел топтар құрамы;
5) көшіруге, соның ішінде материалдық құралдарды шығару үшін бөлінетін көлік құралдарының құрамы;
6) шығаруға арналған материалдық құралдар тізбесі;
7) архивке құжаттар тапсыру тәртібі, сондай-ақ тұрақты орналасу орындарында қалған құжаттарды, жабдықтар мен мүліктерді сақтау тәртібі;
8) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін құлақтандыру және жинау тәртібі;
9) эвакуациялық жинау пункттері, отырғызу және түсіру пункттері;
10) қауіпсіз аймаққа орналастыру тәртібі, жеке қорғану құралдарымен, сондай-ақ алғашқы қажеттілік құралдарымен қамтамасыз ету есебі.
86. Таратылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймаққа қабылдауды, орналастыру мен қамтамасыз етуді ауылдық аудандардың эвакуациялық қабылдау комиссиялары бір адамға 2,5 шаршы метр есебімен жоспарлайды.
87. Ауылдық ауданның азаматтық қорғаныс жоспарына қосымша болып табылатын эвакуацияланатын халықты қабылдау және орналастыру жоспарында:
1) келетін ұйымдардың саны мен атауы және жұмысшылар, қызметшілер және олардың отбасы мүшелерін көрсете отырып, оларды елді мекендерге (қалалар көшелеріне) бөлу;
2) өз қызметтерін қаладан қауіпсіз аймаққа ауыстырған ұйымдарды орналастыру үшін жоспарланған өндірістік, қызметтік, әкімшілік, мәдени-тұрмыстық және басқа да ғимараттар мен құрылыстар;
3) таратылатын және эвакуацияланатын халықты түсіру пункттері;
4) эвакуациялық қабылдау пункттері, оларды орналастыру және әкімшілік құрамы, оларды әзірлікке келтіру мерзімдері мен тәртібі;
5) эвакуациялық қабылдау пункттерін келіп жатқан халықты жеке-жеке орналастыру орындарына жеткізу тәртібі мен мерзімдері; тасымалдауға арналған көлік құралдары (кім және қанша бөлген, бөлу уақыты);
6) таратылатын және эвакуацияланатын халыққа орындар дайындау, оларды тамақ өнімдерімен және бірінші кезектегі қажетті заттармен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетуді және келіп жатқан халықты қамтамасыз ету бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері;
7) жергілікті атқарушы органдар, эвакуациялау органдары басшыларын, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларын эвакуациялау іс-шараларының басталуы, түсіру пункттеріне адамдардың келу уақыты туралы құлақтандыру тәртібі;
8) радиациялық және химиялық қадағалауды ұйымдастыру, таратылатын және эвакуацияланатын халықты аумақтарға (азаматтық қорғаныс тобына жатпайтын қаланың) қабылдау және орналастыру кезеңіндегі басқару және ақпарат көрсетіледі.
88. Елдi мекеннiң азаматтық қорғаныс жоспарының орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау мен орналастыруға қатысты бөлiмiнде мыналар көрсетіледi:
1) келетiн жұмысшылар, қызметшiлер, олардың отбасы мүшелерiнiң және басқа халықтың саны көрсетілген шаруашылық жүргiзушi объектiлерінiң саны мен аттары;
2) келетiн халықты түсiру пункттерi;
3) эвакуациялық қабылдау пункттерi, халықты осы пункттерден орналастыру орындарына жеткiзу тәртiбi мен мерзiмдерi;
4) орналастырылатын және эвакуацияланатын халыққа арналған паналар әзiрлеу тәртiбi мен мерзiмдерi;
5) орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты азық-түлiкпен және бiрiншi қажеттi заттармен жабдықтау, келетiн халықты қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық қызмет көрсетулер мен басқа шараларды ұйымдастыру;
6) эвакуациялық шаралардың басталуы мен халықтың келетiн уақыты туралы құлақтандыру тәртiбi;
7) орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау мен орналастыру кезеңiнде басқаруды және ақпаратты ұйымдастыру.
89. Халықты iшiнара эвакуациялауды жүргiзуге өкiм алған кезде эвакуациялық органдар көлiк ұйымдарымен бiрлесе отырып, жоғарғы оқу орындарының студенттерiн, орта арнаулы оқу орындарының, кәсiптiк-техникалық училищелердiң және мектеп-интернаттардың оқушыларын, балалар үйлерi арнаулы балалар мекемелерiнде тәрбиеленушiлердi, мүгедектер мен қарттар үйлерiндегi зейнеткерлердi, оқытушылармен, тәрбиешiлермен, қызмет көрсетушi персоналдармен және олардың отбасы мүшелерiмен бiрге шығаруды жүзеге асырады.
Халықтың барлық осы топтары өздерiнiң оқу орындары мен мекемелерi құрамында эвакуацияланады.
90. Халықтың осы категорияларын эвакуациялауды жүзеге асыру үшiн эвакуациялық жинау пункттерiн мүмкiндiгiне қарай өрiстетiледi. Эвакуацияланатын тұрғындарды есепке алумен, жөнелтудi тиісті аумақтық бірліктердің эвакуациялық комиссиялары жүргiзедi.
91. Эвакуацияларды жүргiзуге өкiм алысымен азаматтық қорғанысы мен эвакуациялық органдардың бастықтары жасалған жоспарларға сәйкес халықты бытыраңқы орналастыруға және эвакуациялауға дайындайтын шараларын жүргiзедi.
92. Халықты орналастыру мен эвакуациялаудың басталғаны туралы өкiм (сигнал) орталықтандырылған түрде азаматтық қорғаныс бастықтарына берiледi.
93. Азаматтық қорғаныс, эвакуациялық комиссия бастықтарына қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жоспарланған эвакуациялық шараларды өткiзу тәртiбiн пысықтайды; министрлiктердi, агенттiктердi және республикалық бағыныстағы басқа да ұйымдарды эвакуациялауға басшылық жасайды; эвакуациялық шараларды жүргiзуде облыстар арасындағы өзара iс-қимылды анықтайды; орналастыру мен эвакуациялаудың барысы туралы республика Президентiне баяндайды.
94. Азаматтық қорғаныс және эвакуациялық комиссия бастықтары:
1) қолданыстағы жоспарға және қалыптасқан ахуалға сәйкес қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс және эвакуациялық органдар бастықтарының орналастыру және эвакуациялау жүргізуі ұйымдастырады;
2) қалалардың, қалалық аудандардың және ұйымдардың орналастырылатын және эвакуацияланатын халқын жинау және жөнелту жөнiндегi жұмысын, сондай-ақ халықты қабылдау мен орналастыру жөнiндегi аудандар мен қалалардың эвакуациялық органдарының жұмысын бақылайды;
3) облыстық азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң эвакуациялық шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiлген жұмысын ұйымдастырады;
4) аумақтарына эвакуацияланатын халықты орналастыру мәселелерi бойынша көршi облыстармен өзара iс-қимылды қолдайды.
95. Қалалардың (қалалық аудандардың) азаматтық қорғаныс және эвакуациялық комиссия бастықтары:
1) тиісті аумақта эвакуациялық іс-шаралар жүргізеді;
2) эвакуациялық жинау пункттерiн өрiстетедi;
3) белгiленген кезектiлiкке сәйкес халыққа хабарлау, оны дер кезiнде жинау және қауiпсiз аймаққа жөнелту жөнiндегi ұйымдармен пәтер иеленушілердiң кооперативiнің қызметiне басшылық жасайды;
4) отырғызу пунктiнiң жұмысын өрiстетедi, халықты эвакуациялық жинау пунктiне және отырғызу пунктiне жеткiзу үшiн қалалық көлiктi пайдалану тәртiбiн анықтайды;
5) маршруттар бастықтарына жаяу тәсiлмен эвакуациялау мiндеттерiн қояды, оларға марш схемасын тапсырады, жаяу саптар құрамаларын және оларды бастапқы пункттерге шығаруды басқарады;
6) маршруттар бастықтарымен байланыс жасайды;
7) аудандардың эвакуациялық қабылдау комиссияларының бастықтарымен байланыс орнатады, оларға жаяу саптардың, пойыздардың, автоколонналар мен кемелердiң жөнелтiлгенi туралы, олардағы халықтың құрамы мен саны туралы хабарлайды;
8) орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру, жабдықтау және қорғау мәселелерiн шешу үшiн орналастыру аудандарына өздерiнің өкiлдерiн жiбередi;
9) орналастырылатын және эвакуацияланатын жұмысшылар, қызметшiлер, олардың отбасы мүшелерiнiң және басқа халықтың тізімін нақтылайды.
96. Қалалардың (қалалық аудандардың) азаматтық қорғаныс және эвакуациялық комиссия бастықтары тізімді нақтылау кезінде:
1) қаланың (облыстың, республиканың) азаматтық қорғанысының жоспары бойынша бөлiнген темiр жол пойыздарының, автомобиль колонналары мен кемелердiң нөмiрлерiн (және оларды отырғызу пункттерiне жеткiзген мерзiмдерiн) нақтылайды;
2) халықты хабардар етедi және жиналуы мен эвакуациялық жинау пунктiнде тiркелуiн ұйымдастырады;
3) жаяу тәсiлмен шығарылатын халықтан марштық саптар құрайды;
4) жаяу тәсiлмен эвакуациялар маршруттарын, бастапқы пункттерi мен оларға шығу тәртiбiн нақтылайды;
5) жаяу саптар бастықтарына, эшелондар бастықтары мен автомобиль колонналарының жетекшiлерiне нұсқау бередi, оларды маршрут схемасынан алынған үзiнділермен және байланыс құралдарымен жабдықтайды;
6) жаяу саптарды жөнелтудi, халықты көлiкке отырғызу мен көлiктi жөнелтудi ұйымдастырады.
97. Орталық атқарушы органдар басшылары:
1) орталық аппарат қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққаэвакуациялауға жауапты адамдардың мiндеттерiн нақтылайды;
2) орталық аппаратты, мекемелерді және ведомстволық бағынысты ұйымдарды эвакуациялауға басшылық жасайды;
3) мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жұмысшылары мен қызметшілерiн орналастыру мен эвакуациялау барысын бақылайды.
98. Эвакуациялық жинау пункттерiнiң бастықтары:
1) эвакуациялық жинау пункттерiн дайындыққа келтiредi;
2) жеке құрамның мiндеттерiн нақтылайды;
3) отырғызу пункттерiнiң бастықтарымен және бекiтiлген ұйымдармен байланыс жасайды және жаяу саптардың шығу, көлiктi беру мен жөнелту уақыты өзгерген жағдайда, халықты жөнелту кестесiн нақтылайды;
4) келушi халықты қабылдау мен тiркеудi, оларды жаяу маршруттардың бастапқы пункттерiне мен көлiкке отырғызу пункттерiне жөнелтудi ұйымдастырады;
99. Жаяу тәсiлмен эвакуациялау маршруттарының бастықтары басқару топтарымен бiрге және азаматтық қорғанысының қоғамдық тәртiптi қорғау қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып, маршруттар бойынша жаяу саптардың ұйымдасқан қозғалысын қамтамасыз етедi; маршруттарға барлауды және солардың iзiмен кеп жатқан халыққа хабарлауды ұйымдастырады.
100. Аудандар мен қалалардың эвакуациялық қабылдау комиссиялары:
1) халықты түсіру пункттерін әзірлікке келтіреді;
2) эвакуациялық қабылдау пункттерiн өрiстетедi;;
3) келетiн халықтың саны мен оларды түсiру пункттерiнiң шығаруға арналған көлiктi беру тәртiбiн, сондай-ақ орналастыру аудандарына эвакуациялаудың аралық пункттерiн нақтылайды;
4) орналастырылатын халықты қабылдау мен орналастыруды ұйымдастырады;
5) келетiн халықты медициналық және азық-түлiкпен, сумен және бiрiншi қажетті заттармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады, бағыныстылығына қарай орналастырылатын және эвакуацияланатын халықтың келгенi мен орналасуы туралы баяндайды.
101. Эвакомаршруттардағы эвакуациялық жинау пункттерiн, отырғызу мен түсiру пункттерiн және жылыну пункттерiн жабдықтау жөнiндегi шаралардың көлемi жергiлiктi жағдайды ескеріле отырып анықталады.
102. Жолдардың асуы қиын учаскелерiнде автомобиль қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдардың жағдайы мен жыл мезгiлiне байланысты жолдардың жүруге жарамдылығын арттыру мен көпiрлердi күшейту жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi, тiк өрлерден, ылдилардан және жолдардың асуы қиын учаскелерiнен өту кезiнде автокөлiкке көмек көрсету үшiн ауыр сүйретпелер бөлiнедi, күртiк қарлардан тазартылады.
Эвакуациялық маршруттарда су кедергiлерiнде көпiрлер болмаған жағдайда өзен кеме шаруашылығы бөлген жүзу құралдарынан паромдық өткелдер жабдықталады. Қажет болған жағдайда өткелдер ұйымдастыру азаматтық қорғанысымен инженерлiк әскерлердің арнаулы бөлiмдерi тартылуы мүмкiн.
103. Орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қорғау үшiн мыналар пайдаланылады:
1) эвакуациялық жинау пункттерi мен отырғызу пункттерiнде - қолда бар паналар, қоғамдық және тұрғын үйлердің жер қабаттары мен басқа да осы пункттерге жақын орналасқан үңгiрленген тұрақтары, сондай-ақ қарапайым жасырын паналар;
2) эвакуациялаудың аралық пункттерiнде, дамылдау орындары мен түсiру пункттерiнде - қоғамдық және тұрғын үйлердiң жер қабаттары, ұралар мен басқа да үңгірленген тұрақтар бассауғалауға икемдеп келтiруге жарамды басқа да қарапайым жасырын паналар.
104. Жасырын паналарды дайындау оларды даярлыққа келтiруге арналған өкiм алғаннан кейiн 12 сағаттан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады.
105. Қауiпсiз аймақтағы тұрақты орналастыру орындарында халықты қорғау үшiн күнi бұрын әзiрленген радиацияға қарсы бассауғалар, радиациялық бассауғалауға икемделiп үңгiрленген тұрақтар, сондай-ақ қауiп төнген кезеңде тұрғызылатын бассауғалар пайдаланылады. Бұл бассауғаларды даярлау азаматтық қорғанысты дайындық қалпына келтiруге арналған өкiм алғаннан кейін екі тәуліктен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады.
Орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қорғау үшiн қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдары пайдаланылады.
106. Жеке қорғану құралдары халыққа ерекше кезеңге арналған жоспарларда көзделген тәртіпте әзірлікке келтіру туралы өкім алынған кезде беріледі. Тыныс жолдарын қорғайтын өнеркәсiпте жасалынған құралдар (газтұтқыштар, респираторлар) жетiспеген жағдайда, халықтың өздерi жасаған қарапайым құралдар (шаң-тозаңға қарсы ПТМ-1 шүберек бүркеме немесе мақта-дәке байламдарды) пайдаланылады.
107. Халықты орналастыру мен эвакуациялау кезеңiнде медициналық шараларды шығарылатын және әкетiлетiн халықтың денсаулығын қорғау мақсатында денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады.
Бұл мақсатта мыналар жүргiзiледi:
1) эвакуациялық жинау пункттерiнде, отырғызу және түсiру пункттерiнде, эвакуациялық маршруттарында, эвакуациялық аралық пункттерде және тұрақты орналасу орындарында халықты медициналық жабдықтау;
2) емдеу мекемелерiмен бiрге әкетiлетiн көлiкпен тасымалдайтын ауруларға медқызмет көрсету және эвакуациялау;
3) орналастырылатын және эвакуацияланатын халықтың орналасатын орындарының санитарлық-гигиеналық жағдайына, сондай-ақ тамақтануына, ас суымен қамтамасыз етiлуiне және монша-кiр жуу қызметiнің көрсетiлуiне бақылау жасау;
4) категорияланған қалалардың қорғалған стационарлық емдеу мекемелерiнде уақытша қалдырылған көлiкпен тасымалданбайтын ауруларға медициналық қызмет көрсету;
5) эпидемиялық жағдайда үздiксiз бақылау жасау, жұқпалы аурумен ауыратынды белсендiлiкпен анықтау, оларды оқшаулау емдеу және эпидемияға қарсы басқа да шараларды орындау;
6) медициналық қызмет көрсетуге тартылатын медпункттер мен емдеу-профилактикалық мекемелерiн қажеттi медициналық мүлiктермен жабдықтау.
108. Эвакуациялық жинау пункттерiнде, отырғызу мен түсiру пункттерiнде, сондай-ақ эвакуацияның аралық пункттерiнде эвакуациялық шараларды өткiзу кезiнде жергiлiктi емдеу мекемелерiнiң күшiмен және жабдықтарымен медициналық пункттер өрiстетiледi, оларда медициналық персоналдың тәулiктiк кезекшілігі ұйымдастырылады.
Жаяу эвакуациялау маршрутында немесе оған жақын жерде медициналық мекемелер болмаған жағдайда, дамылдау орындарында медициналық пункттер кеңiнен ашылады. Мұндай пункттердiң орнына автомобильдердегi, жылжымалы медициналық бригадалар бөлiнуi мүмкiн.
109. Көлiкпен тасымалдайтын ауруларды, медициналық персоналды және олардың отбасы мүшелерiн эвакуациялау емдеу мекемелерiнде ұйымдастырылатын эвакуациялық жинау пунктi арқылы әдеттегiдей, автомобиль көлiгiмен жүзеге асырылады.
Емдеу мекемелерiнде ауруларды эвакуациялау мен бiр мезгiлде көшiрілген қалалық ауруханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн және қауiпсiз аймақта азаматтық Қорғанысының медициналық қызметiнiң кереует жүйесiн өрiстету үшiн медициналық мүлiктердiң бiр бөлiгi жетiледi.
110. Емдеу мекемелерi, медициналық персонал және медициналық мүлiктер (қоймалар, дәрiханалар және басқалары) азаматтық қорғаудың медициналық қызметтері желілерінің кереуеттерiн дер кезiнде өрiстету мақсатында бiрiншi кезекте эвакуацияланады.
111. Эвакуациялық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін медициналық күштер мен құралдар қажеттілігінің шамамен алынған есебі:
1) эвакуациялық жинау пунктiнде, отырғызу және түсiру пункттерiнде, эвакуацияның аралық пункттерiнде және дамылдау орындарында кеңейтiлген әрбiр медициналық пунктте санитарлық автомобиль (ауруларды тасымалдау үшiн) екi медициналық бике және бiр санитар (санитарлық жасақ) бөлiнедi, бiр ауысымда (бiрлескен жиналу пункттерiмен отырғызу пункттерi кеңінен ашылған жағдайда медперсоналдың және санитарлық көлiктiң сондай көлемiнде бiр медициналық пункт ашылу мүмкiн); әрбiр медициналық пунктке құрамында екi дезинфектор немесе санитарлық жасақтың буыны бар дезинфекциялық бригада бекiтiледi;
2) санитарлық автомашинадағы жылжымалы медициналық бригада жаяу саптарға қызмет көрсету үшiн бiр дәрiгер (фельдшер) және бiр медициналық бике бөлiнедi; машинада кезектен тыс көмек көрсету үшiн төсек болуға тиiс;
3) жаяу саптық құрамында санитарлық сумкамен жабдықталған санитарлық жасақ болады.
Эвакуациялық шаралар аяқталғаннан кейiн медициналық персонал өздерiнiң емдеу мекемелерiне қайтып келедi.
112. Орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты эвакуациялық жинау пункттерiнде және отырғызу пункттерiнде сумен қамтамасыз ету қалалық және объектiлiк сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалану есебiнен жүзеге асырылады қажет болған жағдайда қосымша су тарту қондырғылары жабдықталады. Эвакуациялау маршруттарында және халықты ұйымдастыру маршруттарында ас сумен қамтамасыз ету үшiн қолда бар артезиандық скважиналар, шахталық құдықтар, бұлақтар пайдалынады.
113. Орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру пункттерiнде су көздерiн иемденушi ұйымдардың күштерiмен қорғау үшiн осы су көздерi жөнiнде аудандардың азаматтық қорғанысының инженерлiк қызметтерi төмендегi шараларды өткiзедi:
1) скважиналардың сағаларын герметизациялау; шахталық құдықтар мен бұлақтарды радиоактивтi шаң-тозаңнан қорғау;
2) таза судың резервуарларын оқтайландырылған сүзгiш-сiңiргiштермен жабдықтау;
3) жылжымалы сыйымдылықтан суды бөлетiн жабық пункттердi жабдықтау;
4) қолда бар су көздерi жетiспеген жағдайда азаматтық қорғанысының инженерлiк қызметтерi құрамаларының күшiмен қосымша скважиналарды бұрғылау немесе оларды қорғауға қажеттi шараларды жүргiзе отырып құдықтар қазу жүргiзiледi.
Жекелеген жағдайларда, жерасты суларының жетiспеуi немесе болмауы кезiнде ашық су тартуларды жабдықтауға болады. Бұл жағдайда сүзгiш-сырғыш су тартулар жасалады немесе суды тазалаудың табельдiк және қолданбалы тәсiлдерi қолданылады.
114. Қауiпсiз аймаққа шығаруға жататын материалдық құндылықтардың тiзбесiн орталық және жергілікті атқарушы органдар анықтайды.
Бiрiншi кезекте эвакуациялауға орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауiпсiз аймақта жабдықтауға арналған азық-түлiк, дәрi-дәрмектер, өнеркәсiп тауарлары, сондай-ақ мұражайлық және банкалық құндылықтар, мұрағаттық материалдар, бiрегей жабдықтар. Материалдық құндылықтарды эвакуациялау жөнiндегi тасымалдауды тапсырыстар негiзiнде көлiк органдары жоспарлайды онда тиеу-түсiру және мақсатты станциялар (пункттер), жүктi жөнелтушiлер және алушылар, жүктердiң аттары, шыққан жерi және вагондардың (автокөлiктiң) саны, тиеу-түсiру мерзiмдерi көрсетiледi.
Жүктердi тасымалдау көлемi көлiктiң мүмкiндiгiне, тиеу-түсiру алаңдарының болуына, жұмысшы күшiне, механикаландыру құралдарына қарай күн сайын анықталады.
Мүмкiн болған жағдайда жүктердi шығаруды орналастыратын және эвакуацияланатын халықты тасымалдаумен бiр мезгiлде, мүмкiн болмаған жағдайда - олар аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
115. Халықты орналастыру мен эвакуациялауды ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау маршруттары мен халықты орналастыру орындарында барлау ұйымдастырылады.
Эвакуациялық шараларды қамтамасыз ету үшiн барлаудың арнаулы инженерлiк, медициналық, радиациялық, химиялық және басқа түрлерiнiң неғұрлым маңызды орны бар.
116. Инженерлiк барлау - орналастыру және эвакуация кезiнде мыналарды қамтамасыз етедi:
1) халықты орналастыру және эвакуациялау жүзеге асырылатын жолдар мен нөмiрлердiң, ондағы инженерлiк құрылыстардың жағдайын анықтау;
2) жолдардың асуы қиын учаскелерiн (жыл мезгiлi мен ауа райы жағдайын ескере отырып) және колонна жүретiн жолдардың бағыты мен осындай жол учаскелерiндегi айналып өту бағыттарын анықтау;
3) су кедергiлерi арқылы резервтiк өткелдердi жабдықтау жөнiндегi жұмыстар көлемiн және орындарды анықтау;
4) халықты түсiру пункттерiне жеткiзу үшiн темiржол, су және автомобиль көлiктерiне отырғызу пункттерiн жабдықтау жөнiндегi жұмыстар көлемiн анықтау;
5) бассауғалауға икемдеу үшiн жарамды үңгірленген жартылай және жер бетiндегi құрылыстардың қолда барын және жағдайын анықтау;
6) су көздерiнiң қолда барын, жағдайын және дебитiн, сондай-ақ сумен жабдықтаудың қосымша көздерiн жабдықтау орындарын анықтау.
117. Медициналық барлау халықтың орналастырылатын және эвакуацияланатын аудандардың санитарлық-эпидемиялық жағдайын, сондай-ақ халықты әкету мен шығарудың маршруттарын анықтайды.
118. Радиоактивтi және химиялық барлау зақымдануды дер кезiнде анықтау мен бақылау үшiн және олар шоғырланған орындарда халықты қорғау шараларын қабылдау үшiн эвакуациялық жинау пунктiнде, отырғызу мен түсiру пункттерiнде, қозғалыс маршруттарында ұйымдастырылады.
119. Орналастыру мен эвакуациялауды жүзеге асыру кезеңiнде барлау азаматтық қорғаныс жоспарында көзделiнген көлемде ұйымдастырылады және толық жүргiзiледi.
120. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай қауiпі төнгенде және туындаған кезеңде, сондай-ақ соғыс уақытында орналастырылатын және эвкуацияланатын халықты тасымалдау үшiн темiр жол, автомобиль, су және әуе жолы көлiгi мейлiнше пайдаланылады (соның iшiнде жеке иемденушiлердiң көлiктерi - автомашиналар, моторлы қайықтар және басқалары бар).
121. Орналастыру мен эвакуациялауды көлiкпен ойдағыдай орындауға мына жағдайда қол жеткiзiледi:
1) көлiктiң барлық мүмкiндiгiн барынша пайдаланғанда;
2) көлiктiң барлық түрлерiмен келiсiп жұмыс iстегенде;
3) тасымалдауды жүзеге асыруға көлiк органдарының жоғары дәрежедегi даярлығы мен көлiк құралдарының сапалы даярлығы болғанда.
122. Халықты темiржол көлiгiмен орналастыру және эвакуациялау үшiн орталық атқарушы органдардың жолаушылар мен жүк тасушы паркiнiң вагондары, басқа министрлiктер мен агенттiктер темiр жолының жылжымалы құралы (көрме жолдары) пайдаланылады.
Темiр жолымен эвакуациялық тасымалдау, әдеттегiдей, жолаушылар немесе жүк вагондарынан құралатын айналма пойыздармен жүзеге асырылады. Пойыздар құрамының ұзындығы жергiлiктi жағдайға қарай белгiленедi.
123. Автомобиль көлiгi көбiнесе қысқа қашықтыққа тасымалдау үшiн пайдаланылады.
Эвакуациялық тасымалдауға жұмылдырылатын автомобильдер колонналар құрайды; әрбiр колонна мүмкiндiгiнше тасымалдауды бiр маршрутта жүзеге асырады.
Аудандардың автомобиль көлiгi негiзінен халықты эвакуацияның аралық пункттерi мен түсiру пункттерiнен орналастыру орындарына әкету үшiн қолданылады. Облыстық (республиканың) азаматтық қорғанысының бастығының шешiмi бойынша қалаларға жақын тұрған аудандардың автомобиль көлiгi халықты қалалардан тасымалдау үшiн тартылуы мүмкiн.
124. Халықты су көлiгiмен орналастыру және эвакуациялау үшiн көлiк, кәсiпшілiк, қызмет және басқа да кемелер мен жүзу құралдары тартылады.
125. Әуе көлiгi көбiнесе асуы қиын аудандарға эвакуацияланатын халықты шалғай жерлерге әкетуге пайдаланылады.
126. Орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты тасымалдау тәртібін анықтау мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты тасымалдау жоспарлары әзірленеді.
Жоспарларда пойыздар мен вагондардың түрлерi, сонда-ақ олардың саны, автомобильдер мен кемелердiң түрлерi, жөнелтiлген және түсiру пункттерiне келген уақыты, пойыздардың, автоколонналардың, кемелердің жүру маршруттары және әкетілетін халықтың саны көрсетіледi.
127. Халықты эвакуациялық тасымалдау жоспарлау кезiнде темiржол басқармасының (бөлiмiнiң) темiржол көлiгi жолдардағы әскери қозғалыс кестесiнiң iс-әрекетiн ескере отырып, пойыздар қозғалысының мейлiнше өткiзу қабiлеттiлiгіне арналған эвакуациялық кестесiн жасайды.
Темiржолдардың көлiктiк мүмкiндiктерiн неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында халықты тасымалдауға бөлiнетiн пойыздардың ұзындығын мейлiнше арттыру мүмкiндiгiн қарастырады.
Темір жол көлiгiмен эвакуациялық тасымалдау жоспарын бiр мезгілде республиканың бүкiл темiр жол тарабында iске қосу халықты орналастыру мен эвакуациялауды өткiзуге арналған өкiмдi хабарлағаннан кейiн 4 сағаттан соң көзделiнген.
128. Халықты автомобиль көлiгiмен тасымалдауды жоспарлағанда олардың ведомстволық қатыстылығына қарамастан адамдарды тасымалдауға жарамды барлық автомобильдерi пайдалану көзделiнедi.
129. Су көлiгiнiң мүмкiндiгiн әсiресе отырғызу мен түсiру пункттерiнің саны шектеулi болғанда неғұрлым толық пайдалану мақсатында жоспарларда тез тұрғызылатын айлақтық қондырғыларын салу құрылысы ескерiледi, жабдықталмаған жағалау маңында және кемежай пункттерi аудандарында адамдары рейдтiк көптеп отырғызу (тығыз отырғызу) және түсiру ұймдастырылады, iрi кемелердiң шөгуiне байланысты оларға жақын келуi мүмкiн емес.
130. Халықты орналастыру және эвакуациялауды жүргiзу кезеңiнде қолда бар маршруттар бойынша қалалық жолаушылар көлiгiнiң тәулiк бойы жұмыс iстеуi көзделінедi; олардың неғұрлым түскендерiне қосымша көлiк құралдары бөлiнедi.
131. Эвакуациялық шараларды жүргiзу барысында туындайтын мiндеттердi шешу үшiн азаматтық қорғаныс бастықтарының автокөлiк резервiн жоспарлау қажет.
132. Эвакуациялық органдарды даярлыққа келтiруге өкiм алысымен эвакуациялау тасымалдау жоспарларын анықтайды. Бұл ретте жоспарларға жоспарды нақтылау күнiнде көлiктiң нақтылы қолда барын, сондай-ақ егер АҚ қалпына келтiруге арналған өкiм алғанға дейiн өндiрiс пен қызмет көрсету саласында iстемейтiн адамдарды эвакуациялау жүргiзiлсе халықты эвакуациялық тасымалдау көлемi азайғанын ескеретiн өзгерiстер енгiзiледi.
Азаматтық қорғау құралымдарын қауiпсiз аймаққа олардың штаттық көлiгiмен шығарады. Одан әрi қарай осы құрамалардың көлiгi орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты әкетуге пайдаланылуы мүмкiн.
133. Халықты орналастыру мен эвакуациялауды жүргiзуге өкiм алған кезде:
1) темiр жол көлiгiнiң органдары эвакуациялық пойыздар құрастырады, оларды уақытында отырғызу жолдарына бередi және пойыздардың эвакуациялық кесте бойынша жөнелтiлуiн қамтамасыз етедi; эвакуация жүргiзiлiп жатқан қаладан келетiн пойыздардан жолаушылардың қауiпсiз аймаққа түсуiн қамтамасыз етедi;
2) автоколонналар құрастырады және оларды отырғызу орындарына берудi ұйымдастырады, эвакуациялық тасымалдаудың белгіленген кестесiн орындауды қамтамасыз етедi;
3) су көлiгi органдары жасалынған жоспарларға сәйкес отырғызу үшiн кемелердi уақытында берудi қамтамасыз етедi, халықты әкету үшiн су көлiгiнiң қосымша резервтерiнiң мүмкiндiгiн қарастырады, эвакуация жүргiзiлетiн қалаға баратын жолаушылардың кемелерден түсуiн ұйымдастырады;
4) су көлiгi органдары жасалынған жоспарларға сәйкес отырғызу үшiн кемелердi уақытында берудi қамтамасыз етедi, халықты әкету үшiн су көлiгiнiң қосымша резервтерiнiң мүмкiндiгiн қарастырады, эвакуация жүргiзiлетiн қалаға баратын жолаушылардың кемелерден түсуiн ұйымдастырады;
134. Пойыздарды, автоколонналарды, кемелердi беру кестесi бұзылған кезде барлық деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастықтары көлiкпен маневр жасауға немесе автокөлiк резервiн пайдалануы шешiм қабылдайды. Бұл жағдайда эвакуациялық органдар халықтың отырғызу пункттерiне келу кезектiлiгiне қажеттi түзетулер енгiзедi сондай-ақ халықты орналастыру мен эвакуациялау жоспарына тиiстi өзгерiстер жасайды.
135. Эвакуациялық шараларды уақытында жүргiзу жан-жақты материалдық қамсыздандыруға байланысты болады. Бұл ретте басты назар орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру аудандарында жабдықтаудың материалдық-техникалық базасын күнi бұрын даярлауға аударылады.
136. Халықты орналастыру мен эвакуациялау орналастыру орны бойынша белгіленген тәртiптi азық-түлiкпен (тамақпен), өнеркәсiптiк тауарлармен қамтамасыз етіледi.
Эвакуациялық іс-шараларды жүргiзу барысында халықты орналастыру аудандарындағы сауда желісі қажет болған жағдайда қалаларда өндiрiстiк қызметтерiн тоқтататын сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындары есебiнен кеңейтiледi.
137. Эвакуациялық шараларды жүргiзу барысында қалалардан материалдың қаражаттар запасын шоғырландыру және оларды радиоактивтiк, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау жүзеге асырылады.
Халықты орналастырылатын және эвакуацияланатын аудандарға азық-түлiк запасын әкету үшiн бірінші кезекте мамандандырылған көлiк, одан әрi жалпы мақсаттағы бос қалған көлiк пайдаланылады.
138. Эвакуациялық шараларға тартылатын автокөлiкке жанар май құю үшiн жағар запасын бiрiншi рет шығындай отырып, автомайқұю құралдарының стационарлық жүйесi пайдаланылады. Май құю стансалары жүйесi жеткiлiктi түрде дамымаған маршруттарда жылжымалы автомайқұю стансалары ұсынылады.
139. Халықты орналастыру және эвакуациялауды жүргiзу барысында техникалық жабдықтау әрбiр маршрутта ұйымдастырылады. Маршруттар техникалық қызмет құрамаларына бекiтiлген учаскелерге бөлiнедi. Ақаулы машиналарды техникалық жөндеудi ақаулы машиналар пункттерде немесе жөндеу-қалпына келтiру топтары жүргiзедi.
140. Ақаулы машиналарды ақаулы машиналар жиналған пункттерге немесе жөндеу кәсiпорындарына эвакуациялау неғұрлым асуы қиын маршруттар учаскелерiне орналасатын эвакуациялық топтармен немесе жылжымалы жөндеу-қалпына келтіру топтарымен жүзеге асырылады.
141. Халықты орналастыру мен эвакуациялау кезеңiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету үшiн мыналар жүзеге асырылады:
1) қалалар мен эвакуация маршруттарында қозғалыс қауiпсiздiгiн реттеу және қамтамасыз ету;
2) эвакуациялық жинау пункттерiнде, отырғызу мен түсiру пункттерiнде және халық топтасқан басқа жерлердегi аудандарда қоғамдық тәртiптi сақтау;
3) мемлекеттiк мекемелердi, аса маңызды кәсiпорындарды, көпiрлермен басқа жол құрылыстарын, қоймаларды, базарлар мен өзге де маңыздық объектiлердi күзетудi күшейту;
4) мүмкін болатын тәртіпсіздіктерді, дүрбелеңді, алдамшы және арандатушы дыбыстарды, ұрлық-қарлықты және басқа да қылмыстардың алдын-алу мен жолын кесу;
5) мекенжайлық-анықтамалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу.
6. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары

142. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары:


1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын жасаған кезде;
2) елді мекендердің бас жоспарларын жасаған кезде;
3) аумақтарды, елді мекендерді, өнеркәсіптік аймақтарды аудандық жоспарлау және салу схемалары мен жобаларын жасаған кезде;
4) ұйымдарды салу, кеңейту, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру жобаларында;
5) кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту кезінде әзірленеді.
143. Бөлімді әзірлеуге арналған бастапқы деректер мен техникалық талаптарды жобалау ұйымының қатысуымен жобаға тапсырыс беруші әзірлейді.
Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жобаның жоспарланған ауданының жай-күйі туралы бастапқы деректер, сондай-ақ бөлім мазмұны бойынша ұсыныстар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет