Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары Жалпы ережелер Осы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы»



бет1/5
Дата10.10.2023
өлшемі55.85 Kb.
#480314
  1   2   3   4   5
š0“840;0@



Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы « »
№ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 6 наурыздағы
№ 190 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары


1. Жалпы ережелер

1. Осы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаудың аумақтық-салалық қағидаттарына сәйкес азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.


2. Азаматтық қорғанысты жүргізуге дайындық «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған азаматтық қорғаныс іс-шараларын алдын ала орындау болып табылады.
3. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралар мына деңгейлер бойынша:
республикалық – еліміздің барлық аумағында;
аумақтық – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде;
объектілік – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Салалық кіші жүйеде азаматтық қорғаныс іс-шараларын тиісті орталық атқарушы органдар ұйымдастырады және жүргізеді.
4. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының ұйымдастырылуына және жүргізілуіне әдістемелік басшылық ету азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) жүктеледі.
5. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың орталық және жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы қараша айының екінші онкүндігі аяқталғаннан кейін уәкілетті органның ведомствосына ағымдағы жылғы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі – есеп) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
6. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы қараша айының бірінші онкүндігі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне есептерді береді.
7. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қалалардың, қаладағы аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар жыл сайын тиісті жылғы қараша айының бірінші онкүндігі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) есептерді береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет