Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ


әдеби-дәлелдеме эссе,  әдеби-салыстырмалы эссе,  әдеби-шығармашылық



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата02.01.2022
өлшемі0.84 Mb.
#452185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Эссе жазу бойынша әдістемелік құрал

әдеби-дәлелдеме эссе,  әдеби-салыстырмалы эссе,  әдеби-шығармашылық 

эссе  болып  бӛлінеді.  Әдеби  эссенің  әр  түрінің  жазу  әдістері  бар.  Әдеби-

талдау  эссені  туындыға  талдау  жасай  отырып  жазады.  Әдеби-сыни  эсседе 

автор кӛзқарасына, автор бейнесіне,  автор үлесіне  сыни  кӛзқарасын, пікірін 

білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы 

кӛрінісін  талдай  келе,  шешім  шығарады.  Шешіміне  талдау  жүргізе  отырып, 

қорытындыға  келеді.  Әдеби-дәлелдеме  эсседе  ӛз  ұстанымын  кӛрсете 

отырып,  аргументтер  арқылы  дәлелдеп  жазады.  Әдеби-салыстырмалы 



эсседе  туындыны  басқа  туындымен  және  сол  туындыдағы  кейіпкерлерді, 

оқиғаны салыстыра отырып, талдап жазады. Әдеби-шығармашылық эсседе 

кӛркем  туындыдағы  оқиғаны  ӛз  шығармашылығымен  оқиға  тудырып  және 

кейіпкер  рӛліне  еніп  немесе  оқиға  уақытына,  мекеніне  түсіп,  сезімін,  ойын, 

жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады. 

Әдеби  эссенің  әр  түрінің  мақсаты,  жазылу  ерекшеліктері  бар.  Мақсат, 

жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады. Мысалы:  

 



«Мұхтар  Әуезовтің  «Кӛксерек»  повесіндегі  тосын  және  қатыгез 

эмоцияларды  автордың  оқырманына  жеткізу  тәсілдерін  талдап  жаз». 

Әдеби-талдау эссе автордың тосын және қатыгез эмоцияларды жеткізу үшін 

қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазылады. 

 



«Мұхтар  Әуезов  «Кӛксерек»  повесіндегі  тосын  және  қатыгез 

эмоцияларды оқырманына қаншалықты әсерлі жеткізе алды?» Әдеби-сыни 

эссе автордың тіл шеберлігіне сыни бағасын бере отырып жазылады. 

 

«Тосын  және  қатыгез  эмоциялардың  М.Әуезовтің  «Кӛксерек»  повесі 



және әлемдік әдеби туындылардағы кӛрінісі». Әдеби-синтез эсседе бірнеше 

туындылардағы  тосын  және  қатыгез  эмоциялардың  берілуін  талдай  келе, 

ӛзіндік  бағасын  шығарады,  кӛзқарасы  тұрғысынан  шығарылған  бағасына 

талдау жүргізеді. 

 

Мұхтар  Әуезовтің  «Кӛксерек»  повесіндегі  тосын  және  қатыгез 



эмоциялар  оқырман  психологиясына  кері  әсер  ете  ме?  Әдеби-дәлелдеме 

эсседе  білім  алушы  ӛз  позициясын  /ұстанымын/  танытады.  Позициясын 

аргументтер  арқылы  дәлелдеп  жазады.  Аргумент  келтіруде  Мұхтар 

Әуезовтің  «Кӛксерек»  повесімен  ғана  шектелмей,  неғұрлым  ӛзге 

дереккӛздерден  аргументтер  келтірген  сайын,  соғұрлым  эссе  бағасы 

жоғарылайды. 

   «Мұхтар Әуезовтің «Кӛксерек» повесіндегі Құрмашсың. Жоғалып кеткен 



Кӛксеректі күтпеген сәтте кездестірдің. Кӛксерек саған қарсы шауып, сен 

жараландың. Осы сәттегі сезіміңді сипаттап жаз. Әдеби-шығармашылық 

эссе жазуда Құрмаш рӛліне енеді, сезімін, жай-күйін сипаттап жазады. 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет