Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасынан Азаматтың соттылығы туралы анықтама заң талабына сай берілмегендіктен сот қаулысы өзгертілді



Дата29.02.2016
өлшемі48.79 Kb.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

азаматтық істер жөніндегі алқасынан
Азаматтың соттылығы туралы анықтама заң

талабына сай берілмегендіктен

сот қаулысы өзгертілді

(істен үзінді)

Азамат Ө.Дүйсенов құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының оған қатысты беретін анықтамаларда соттылығы жойылғанына қарамастан сотталған деп көрсетуімен келіспей, өзін сотталмаған деп көрсетуді міндеттеу туралы сотқа арыз берген.

Қызылорда қалалық сотының Ө.Дүйсеновтың арызы қанағаттандырылып, Қызылорда облыстық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 103-бабының 1-бөлігі мен ҚК-нің 63-бабы қолданылып, 3 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылып, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленген жазасына сотталғандығы ҚР ҚК-нің 77-бабы, 3-бөлігінің “а” тармағына сәйкес жойылғандықтан Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің басқармасына Ө.Дүйсеновке байланысты берілетін анықтамаларда соттылығын көрсетпеуді міндеттеген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Қызылорда облыстық сотының қадағалау алқасының қаулысымен сот шешімі мен облыстық соты алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары өзінің қадағалау наразылығында іс бойынша қабылданған сот қаулыларын бұзып, Ө.Дүйсеновтың арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Соттардың аталған азаматқа берілген анықтамаларда оның бұрынғы соттылығы көрсетілуге тиіс емес деген тұжырымы заң талаптарына қайшы келеді деп көрсеткен.

Прокурордың қадағалау наразылықты қолдаған, сот қаулыларын бұзып, Ө.Дүйсеновтың арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған қорытынды сөзін тыңдап, Жоғарғы сот алқасы наразылық ішінара қанағаттандырылуға жатады деп есептейді.

Ө.Дүйсенов Қызылорда қалалық сотының 12-қараша, 2001-жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 108-бабының 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленгені анықталған. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 25 -желтоқсан, 2001-жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, Дүйсеновтің әрекеттері ҚР ҚК-нің 103-бабының 1-бөлігіне қайта дәрежеленіп, ол 3 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған. Қызылорда облыстық сотының қадағалау алқасының қаулысымен облыстық сот алқасының қаулысының Ө.Дүйсеновке жаза тағайындаған бөлігі өзгертіліп, оған ҚР ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

Дүйсеновтің сұратуы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының 12-қаңтар, 2004-жылы берген анықтамасында оның жоғарыдағы сотталғандығы туралы көрсетілген. Соттар ҚР ҚК-нің 77-бабына сай арызданушының соттылығы жойылғандықтан сотты болғанын көрсету заңсыз деген тұжырымға келген.

“Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы” Заңның 3-бабына сәйкес статистика бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәні бар құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын құжатталған ақпараттарды арнайы есепке алу нысанасы болып табылады. Осы Заңның 7-бабы, 2-бөлімінің 5) тармағына сай уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары өз өкілеттері шегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шекте, көлемде және мерзімде жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.

ҚР Бас Прокурорының 27-қаңтар, 1998-жылғы N 95 бұйрығымен бекітілген “Қылмыс жасағандардың жеке, фамилиялық және дактилоскопиялық есептерін жүргізудің тәртібі туралы” Ережесінің 1.3 тармағы бойынша тұлғаларды есепке алу үшін сотталғаны (ақталған) жөнінде соттың үкімдері мен қаулылары негіз болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде арызданушының сотталғаны туралы оған берілген анықтамада көрсетілгені заңды. Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 77-бабы, 3-бөлігінің “а” тармағына сай оның соттылығы жойылған. Аталған баптың 7-бөлігіне сәйкес соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды. Сондықтан уәкілетті органның аумақтық органы Ө.Дүйсеновке берген анықтамада оның соттылығы жойылғаны туралы көрсетуі міндетті.



Олай болса, осы іс бойынша шығарылған соттың қаулылары өзгертілуге жатады. Жоғарғы Сот алқасы АІЖК-нің 398-бабы, 4-бөлімін негізге ала отырып, Қызылорда қалалық сотының 2004-жыл, 26-қаңтардағы шешімін, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысын, осы облыстық соттың қадағалау алқасының қаулысын өзгертуге, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына азамат Ө.Дүйсеновке соттылығы жөніндегі анықтаманы ҚР ҚК-нің 77-бабының талаптарына сәйкес беруді міндеттеуге, қадағалау наразылықты ішінара қанағаттандыруға қаулы етті.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 7f14b1dd975dd1374625711f004234de -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Талапкердің моральдық залал бөлігіндегі талабының негізділігіне бірінші сатыдағы сот тиісті бағасын бермегендіктен шешім өзгертілді
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары "Лицензиялау туралы"
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың екінші жартыжылдығындағы заңдарына шолу Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет