Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №404 Қаулысы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»



Дата17.06.2016
өлшемі34.5 Kb.
#142602
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.07.2012 20:35:30
Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 404 Қаулысы

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 91-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесі бекітілсін.

2. «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 28, 272-құжат) күші жойылды деп танылсын.



3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2012 жылғы 30 наурыздағы

404 қаулысымен



бекітілген

 

 

Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы

 

1. Адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ).

2. Психикалық аурулар, АХЖ-10 бойынша кодтары F00-F79, күйзеліске және соматонысандық бұзылуға байланысты невроздықтан басқа АХЖ-10 бойынша кодтары F40-F48.

3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық.

4. Туберкулез (бактерия бөлетін созылмалы, алғаш рет анықталған, бацилла бөлетін (абацилирлеу сәтіне дейін).

5. Негізінен жыныстық жолмен берілетін аурулар (емделмеген мерез, емделмеген соз, емделмеген урогениталды хламидиоз).

6. Алапес, АХЖ-10 бойынша кодтары А30.0-А30.9.

7. Біріктіруші тіндердің бүлінуінің ауыр сырқаттары (жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит).

8. Ороговенияның бұзылуымен ауыр дерматоздар (ихтиоздардың ауыр нысандары, ихтиозонысанды эритродермия, артропатиялық псориаз).

9. Ауыр созылмалы буллездік дерматоздар (акантолиздік көпіршік, пемфигоид, терінің ихтиозонысанды зақымдануы, буллездік эпидермолиз).

10. Медициналық қорытындының негізінде үнемі күтім мен көмекке мұқтаждыққа әкеп соқтырған аурулар.

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет