Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы №643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата29.02.2016
өлшемі20.62 Kb.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағына, 38-бабына, 38-1-бабына, 43-бабының 3-тармағына сәйкес



ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) Сот жюриі туралы ереже;»;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде:

4-тармақта «бір жылға» деген сөздер «алты айға» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша:

аудандық сот судьясының лауазымына кандидат үшін — кемінде екі жыл;

облыстық сот судьясының лауазымына кандидат үшін – кемінде он жыл, оның ішінде, әдетте, кем дегенде бес жыл судья болған;

Жоғарғы Сот судьясының лауазымына кандидат үшін - кемінде он бес жыл, оның ішінде, әдетте, кем дегенде он жыл судья болған жұмыс стажы бар;»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тағылымдамадан өту судьялық лауазымға кандидат тұратын жері бойынша тіркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандық соттарында жүзеге асырылады.»;

13-тармақтың бірінші абзацы «жетекшісін тағайындайды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тағылымдамашы-кандидат туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды» деген сөздермен толықтырылсын;

16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы үш жыл бойы жарамды болады, ол мерзім өткеннен кейін судья лауазымына тағайындалмаған кандидат-қа қысқартылған бағдарлама бойынша бір ай ішінде тағылымдамадан қайтадан өту қажет.»;

3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы 27 ақпан №292
Каталог: site -> supcourt.nsf
supcourt.nsf -> Іздеу салуға байланысты іс жүргізу тоқтатылған және сот сараптамасын жүргізуге байланысты кейінге қалдырылған қылмыстық істер бойынша сот практикасынашол у
supcourt.nsf -> Талапкердің моральдық залал бөлігіндегі талабының негізділігіне бірінші сатыдағы сот тиісті бағасын бермегендіктен шешім өзгертілді
supcourt.nsf -> Қазақстан Республикасының заңдары "Лицензиялау туралы"
supcourt.nsf -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы»
supcourt.nsf -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
supcourt.nsf -> Жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама
supcourt.nsf -> Еңбек міндеттерін атқару кезінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет