Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу



бет13/28
Дата29.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28

71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

арнайы резерв мөлшерін бөле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;

шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Республикалық бюджет туралы заңның жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемі;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;

4) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және пайызбен көрсетіледі.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда



6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.

 

72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешім жобасының мәтінінде:

1) бюджет кірістерінің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.



Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

4) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.

 

73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде:

1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) өзге де ережелер қамтылуға тиіс.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасы қоса беріледі.



Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.

 

 



13-тарау. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негізгі ережелері

 

245-бапқа сәйкес 74-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



74-бап. Республикалық бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;



2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

3) соңғы есеп берген күнгі мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде мыналарды:

алдыңғы жылғы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;

ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;

жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;

бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.

2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.



Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

75-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер



1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей енгізеді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.

Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде мыналарды:

есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;

ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;

жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;

бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.

2. Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.



Мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Егер мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы шығарады, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.

6. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі қосымшаларымен бірге және кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

76-бап. Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының негізгі принциптері



1. Өкілді органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптерді ұстанады:

1) негізділік принципі;

2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі.

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Негізділік қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есеп-қисаптар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларда көзделген көрсеткіштерді түзету жөніндегі ұсыныстар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігінің жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.

3. Бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.

 

245-бапқа сәйкес 77-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 77-бап өзгертілді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет