Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №25 баспасөзрелиз І



Дата23.02.2016
өлшемі197 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

25 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І



2012 жылғы 6 маусым
Қаржы нарығындағы ахуал туралы

  1. Инфляция

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2012 жылғы мамырда 0,7% (2011 жылғы мамырда – 0,5%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% (0,6%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,2% (0,6%) және ақылы қызмет көрсету 1,7% (0,3%) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда көп дәрежеде темекі өнімдері – 1,7%, нан – 0,9%, ет және ет өнімдері – 0,7%, оның ішінде шошқа еті – 1,4%, жылқы еті – 0,9%, қой еті – 0,8%, сиыр еті – 0,4%, құс еті – 0,6%, балық және теңіз өнімдері – 0,5% қымбаттады. Жұмыртқаның бағасы 5,1%, пияз – 4,8%, жарма – 4,3%, сүт өнімдері – 0,1%, қант – 0,1% төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында киім және аяқ киім бағасы 0,4%, ыдыс және асхана құралдары – 0,4%, жуу және тазалау құралдары – 0,4%, дәрі-дәрмектер 0,4% көтерілді. Бензин және дизель отынының құны 0,3% төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметке ақы төлеу 0,9%-ға өсті. Бұл ретте электр энергиясының тарифтері 2,3%, суық су – 1,1%, кәріз – 1,0%, тұрғын үйді жалға алу - 0,9%, ыстық су және орталық жылыту – 0,8% өсті. Өткен айда байланыс бағасы телефон және факсимильді байланыс қызметі тарифтерінің 12,3%-ға көтерілуі есебінен 10,2%-ға өсті. Сондай-ақ ақылы қызметтердің ішінде көлік қызметінің бағасы 1,1%, оның ішінде теміржол көлігі – 1,3%, автомобиль көлігі – 1,1%, әуе көлігі – 0,5% өсті. Мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметі 0,7%, медициналық қызмет көрсету – 0,3% қымбаттады.

2012 жылғы қаңтар-мамырда инфляция 2,4% (2011 жылғы қаңтар-мамырда – 4,8%) болды. Азық-түлік тауарлары 2012 жылдың басынан бастап 2,2% (7,8%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,6% (1,8%), ақылы қызмет көрсету – 3,5% (3,9%) қымбаттады (1-график).
1-график

2011 және 2012 жж. қаңтар-мамырдағы инфляция және оның құрамдас бөліктері

2012 жылғы мамырда инфляция жылдық көрсетуде 5,0% (2011 жылғы желтоқсанда – 7,4%) болды. Соңғы 12 айда азық-түлік тауарлары 3,5%-ға (9,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,0%-ға (5,3%), ақылы қызмет көрсету – 6,9%-ға (7,3%) қымбаттады.

2. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2012 жылғы мамырда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері төмендеді. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 34,3 млрд. АҚШ долл. дейін 2,2%-ға төмендеді. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2,2%-ға азайып, 33,8 млрд. АҚШ долл. құрады. Халықаралық резервтердің төмендеуіне ең алдымен еуроның әлсіреуі салдарынан теріс бағамдық айырма әсер етті. Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуі Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін алтынвалюта резервтерінің шоттары есебінен толықтыру жөніндегі операциялармен бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 2012 жылғы мамырда 1,9%-ға төмендеді. Алтындағы активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының құлдырауы нәтижесінде 3,5%-ға азайды.

2012 жылғы мамырда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 51,6 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 85,9 млрд. АҚШ долл. дейін 0,2%-ға төмендеді.

2012 жылғы мамырда ақша базасы 5,3%-ға тарылып, 3304,5 млрд. теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3097,9 млрд. теңгеге дейін 2,3%-ға тарылды.

2012 жылғы сәуірде ақша массасы 10393,2 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға өсті (жыл басынан бастап 6,6%-ға өсу). Айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 1341,4 млрд. теңгеге дейін 2,6% ұлғайды (жыл басынан бастап азаю – 1,8%), банк жүйесіндегі депозиттер 9051,8 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға өсті (жыл басынан бері 7,9%-ға өсу). Ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесі 2012 жылғы наурыздағы 87,3%-дан 2012 жылғы сәуірдегі 87,1%-ға дейін азайды. Депозиттердің өсуінің айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда анағұрлым жоғары қарқыны депозиттер үлесі төмендеуінің негізгі себебі болды.

Ақша мультипликаторы 2012 жылғы наурыздағы 3,14-тен 2012 жылғы сәуірде тіркелген ақша базасының ақша массасының өсуіне қатысты кеңеюінің жоғары қарқынының салдарынан 2012 жылғы сәуірдің нәтижелері бойынша 2,98-ге дейін төмендеді.


3. Валюта нарығы

2012 жылғы мамырда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 147,62–148,06 теңге ауқымында өзгерді. 2012 жылғы мамырда теңге 0,1% әлсіреді және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 148,06 теңге болды.

2012 жылғы мамырда Қазақстан Қор Биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді ескергенде 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда 5,7% төмендеді және 4,4 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 15,3% төмендеп, 2,5 млрд. АҚШ долл. болды.

Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 9,4%-ға төмендеді және 6,9 млрд. АҚШ долл. құрады. 2012 жылғы мамырда Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында шетел валютасын нетто-сатып алушы болды.

9 ай ішінде теңгенің АҚШ долларына бағамы іс жүзінде бір АҚШ доллары үшін 148 теңге±1 теңге тар дәлізінде. 2010 жылғы қаңтарда да, және 2003 жылдың ортасында да, 2001 жылдың аяғында да ол сондай деңгейде болды.

1-кесте


Теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамының динамикасы

Кезең

Теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы

(2011 қыркүйек-2012 мамыр



кезеңнің аяғында

кезең үшін орташа алғанда


кезең үшін ең төмен

кезең үшін ең жоғары

2011 қыркүйек

147,99

147,43

146,64

147,99

2011 қазан

147,77

148,04

147,54

148,36

2011 қараша

147,69

147,79

147,20

148,22

2011 желтоқсан

148,40

148,00

147,59

148,40

2012 қаңтар

148,56

148,39

148,08

148,61

2012 ақпан

147,74

148,11

147,62

148,72

2012 наурыз

147,77

147,75

147,51

147,99

2012 сәуір

147,89

147,79

147,50

148,29

2012 мамыр

148,06

147,84

147,62

148,06


4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2012 жылғы мамырда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион өткізілді. Онда 12 айлық МЕККАМ (13,1 млрд. теңге), 3 жылдық МЕОКАМ (13,2 млрд. теңге), 9 және 11 жылдық МЕУКАМ (29,4 млрд. теңге және 21,7 млрд. теңге), 18 жылдық МЕУЖКАМ (25 млрд. теңге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 12-айлық МЕККАМ бойынша – 2,13%, 3 жылдық МЕОКАМ бойынша – 3,53%, және 9 бен 11 жылдық МЕУКАМ бойынша – тиісінше 4,90% және 5,00%, 18 жылдық МЕУЖКАМ бойынша инфляция деңгейінен 0,01% болды.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 4,1%-ға ұлғайып, 2012 жылғы мамырдың аяғында 2338,5 млрд. теңге болды.



Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2012 жылғы мамырда 25,9% азайып, 75,7 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (26,5 млрд. теңге және 10,4 млрд. теңге), 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (19,5 млрд. теңге), 9 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (19,3 млрд. теңге) өтті.

Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілігі 3 айлықтар бойынша – 1,05%, 6 айлықтар бойынша – 1,51%, 9 айлықтар бойынша – 1,80% болды.

Айналыстағы ноттар көлемі 2012 жылғы сәуірмен салыстырғанда 2012 жылғы мамырдың аяғында 8,4% төмендеп, 548,3 млрд. теңге құрады.


5. Банкаралық ақша нарығы

2012 жылғы сәуірде орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2012 жылғы наурызбен салыстырғанда 14,9% қысқарып, баламасы 1803,7 млрд. теңге болды.

Орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттердің көлемі 27,2% ұлғайып, 820,5 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 45,5%) болды. Бұл ретте орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы сәуірде 0,60%-дан 0,63%-ға дейін өсті.

Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2012 жылғы сәуірде наурызбен салыстырғанда 814,4 млрд. теңгеге дейін 42,3%-ға ұлғайды.

2012 жылғы сәуірде 2012 жылғы наурызбен салыстырғанда орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 34,8% төмендеді және 6,1 млрд. АҚШ долл. (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 49,6%) құрады. Орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы сәуірде 0,14%-дан 0,11%-ға дейін төмендеді.

Еурода орналастырылған депозиттердің көлемі 2012 жылғы сәуірде 0,2 млрд. еуроны (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 2,3%) құрап, 47,3%-ға төмендеді. Орналастырылған еуродағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,44%-дан 0,16%-ға дейін түсті.

Рубльдегі депозиттерге орналастыру көлемі шамалы болып қалуда – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 2,6%.

Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі 2012 жылғы сәуірде орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 69,6%-нан 54,5%-на дейін азайды. Орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінен шетел валютасында резидент емес банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі 69,6%-дан 54,2%-ға дейін азайды.


6. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы сәуірде 0,7%-ға 9051,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бастап өсім 7,9%). Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 0,6%-ға 6109,1 млрд. теңгеге дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 3,6%-ға 2942,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2012 жылғы сәуірде шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 1,2%-ға 2987,5 млрд. теңгеге дейін төмендеді, ұлттық валютада 1,7%-ға 6064,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы наурыздағы 66,3% салыстырғанда 2012 жылғы сәуірде 67,0%-ға дейін өсті.

Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді қоса есептегенде) 2012 жылғы сәуірде 2973,9 млрд. теңгеге дейін 3,6%-ға өсті. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 1739,3 млрд. теңгеге дейін 3,9%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 1234,6 млрд. теңгеге дейін 3,2%-ға өсті. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы наурыздағы 58,3%-бен салыстырғанда 58,5%-ға дейін ұлғайды.

2012 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғалардың мерзімді теңгедегі депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2,2% (2012 жылғы наурызда 2,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (8,0%) болды.

Халықтың салымдары1 (2007-2012жж.)

Ағымдағы жылдың басы халықтың 2012 жылғы қаңтар-сәуірде 3,0 трлн. теңгеге дейін 7,8% өскен жинақ ақшасы өсуінің жоғары қарқынын көрсетті және алғашқы рет валюталық баламамен тарихи ең жоғары 20,1 млрд. АҚШ долларына жетті. Шетел валютасындағы жинақ ақшаның өсуімен (6,4% өсті) салыстырғанда теңгедегі салымдардың жоғары өсу (8,8% өсті) қарқыны теңгедегі салымдар үлесін 2011 жылғы желтоқсандағы 57,9%-бен салыстырғанда 58,5%-ға дейін ұлғайта отырып, долларландырудың төмендеуі процесін жалғастырды.

Халық салымдарының өсу қарқынының соңғы жылдары байқалып отырған жеделдеуі сонымен қатар 2000 – 2007 жылдар аралығындағы кезеңде орташа жылдық өсуі 51,8% (теңгедегі 57,0% өсті, шетел валютасында 54,5% өсті) құраған дағдарыс алдындағы мәндерден төмен болып қалыптасуда.

2008 – 2009 жылдары дағдарыс жағдайында қалыптасқан негізгі үрдіс халықтың салымдарын жинақ ақшаны шетел валютасымен сақтауға ниет білдіру және 2009 жылы жүргізілген девальвация себепші болған долларландыру болды. Алайда 2009 жылы теңгенің девальвациясы жағдайларында да халықтың салымдары бір жылда 29,1%-ға ұлғайып, төмендеген жоқ, ал девальвацияның әсерін ескермегенде (яғни ресми бағам бойынша валюта салымдарын қайта бағалаусыз) өсу, бағалау бойынша 15,1% болды (валюталық салымдар – 41,1%-ға өсу).

Валюталық салымдарға басымдық беру тренді 2010 жылы еңсерілді, ол кезде халықтың теңгедегі салымдары 48,6% ұлғайып, шетел валютасындағы салымдары 8,7% төмендеді. 2011 жылы құрылымдағы оң өзгерістер жалғасты, себебі ұлттық валютадағы салымдар басым қарқынмен өсті және бір жыл ішінде шетел валютасындағы жинақ ақшаның 16,0% өсуімен салыстырғанда 27,9% ұлғайды.

Бес жылда, яғни 2007 жылғы сәуірден бастап 2012 жылғы сәуірге дейін халықтың салымдары 2,5 есе өсті (девальвацияның әсерін ескермегенде бағалау бойынша 2,3 есе ұлғайды). Құрылымдағы өзгерістерге, белгілі бір уақыт кезеңінде әкетілу мен артық әкетілу элементтерінің болуына қарамастан, халықтың салымдары тек өсу қарқынының бәсеңдеуімен шектеліп, бірде-бір рет төмендеген жоқ, бұл Қазақстанның банк жүйесіне халық сенімінің сақталғанын көрсетеді.


7. Кредит нарығы

2012 жылғы сәуірде банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 9063,4 млрд. теңгені құрап, 1,4%-ға артты (жыл басынан бастап өсім 3,2%).

2012 жылғы сәуірде ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 6039,2 млрд. теңгеге дейін 2,1% ұлғайды, шетел валютасында 3024,2 млрд. теңгеге дейін 0,2%-ға өсті. 2012 жылғы сәуірде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы наурызбен салыстырғанда 66,2%-дан 66,6%-ға дейін ұлғайды.

2012 жылғы сәуірде ұзақ мерзімді кредиттеу 7235,6 млрд. теңгеге дейін 1,1% өсті, қысқа мерзімді кредиттеу 1827,8 млрд. теңгеге дейін 2,8% ұлғайды. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы наурызбен салыстырғанда 2012 жылғы сәуірде 80,1%-дан 79,8%-ға дейін төмендеді.

2012 жылғы сәуірде заңды тұлғаларға кредиттер 6634,3 млрд. теңгені құрап, 1,2%-ға өсті, жеке тұлғаларға – 2429,1 млрд. теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы сәуірде 2012 жылғы наурызбен салыстырғанда 26,6%-дан 26,8%-ға дейін ұлғайды.

2012 жылғы сәуірде шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1317,9 млрд. теңгеге дейін 0,4% төмендеді, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 14,5%-ын құрайды.

Банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы салалық бөлуде сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20,3%), құрылыс (14,4%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (3,3%) сияқты салаларға тиесілі.

2012 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,3% (2012 жылғы наурызда – 11,3%), жеке тұлғаларға – 19,9% (20,5%) құрады.


8. Ұлттық Банктің банкноттарына берілген наградалар

2012 жылғы сәуірде Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) конкурсының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстанның «10 000 теңге» ескерткіш банкноты «2011 жылдың ең үздік банкноты» болып танылды.

Халықаралық банкнот қоғамдастығы – бүкіл әлемнен құралған банкнот коллекционерлерінің тәуелсіз бірлестігі, ол жыл сайын жылдың ең үздік банкнотын интернет-дауыс беру арқылы таңдайды. Конкурста жеңіп шыққан Қазақстанның банкноты купюраның дизайны мен идеологиясы тұрғысынан ең үздік деп танылып, жоғары техникалық орындалуы мен қорғанышы да атап өтілді.

Бұл Қазақстанның банкноттарына халықаралық конкурстарда берілген бірінші награда емес. Бірінші награданы 2007 жылы IACA (International Association of Currency Affairs) халықаралық үкіметтік емес ұйымы – Валюта мәселелері жөніндегі халықаралық қауымдастық берді. «Ең үздік жаңа банкнот» номинациясында бірінші орын Қазақстанның «10 000 теңгелік» банкнотына берілді. Бірегей дизайны, күрделі әрі жоғары қорғалу деңгейі жағынан осы банкнот емес, 2006 жылғы қарашада шығарылған банкноттар сериясы да аталып өтті. IACA ұйымы 2008 жылы Spark қорғаныш элементіне «Қолдан жасаудың жаңа қорғанышы» номинациясында награда берген болатын, ол Қазақстанның ұлттық валютасы енгізілуінің 15-жылдығына арналған «5 000 теңгелік» ескерткіш банкнотта қолданылды.




1 резидент еместердің шоттарын есепке ала отырып


Каталог: wp-content -> uploads -> docs -> press -> nbank
nbank -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №7 баспасөзрелизі
nbank -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №9 баспасөзрели зі
nbank -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №13 баспасөзрелиз І
nbank -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №35 баспасөзрелиз І
nbank -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №38 баспасөзрелиз І
nbank -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №18 баспасөзрелиз І
nbank -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №4 баспас ө зрелиз І
nbank -> Қазақстан республикасы ақша-кредит саясатының 2012 жылға арналған негізгі бағыттары кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет