Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс төрағасы



бет1/3
Дата26.10.2022
өлшемі0.71 Mb.
#463396
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс төрағасы


Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс төрағасы
ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлына
ҚР азаматы Түркістан облысы
Жетісай ауданы
Ә.Оспанов ауыл тұрғыны
Сыдыков Ролан Керимбаевич
ЖСН 810408301937
Тел: 87718986801
Өтініш
Менің өтініш беру себебім, 2021 жыл 12 қараша күні Мақтаарал ауданында орналасқан «№14 колледж» МКҚК –на жұмысқа орналасақанмын. Бұрын сотты болғанмын. 2014 жылы 31 наурыздағы Мақтаарал аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 24-бабы 3-бөлігі, 177-бабы 3-бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп танылып, жеке өзіне тиесілі мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталғанмын. 2017 жылы 14.02.2017 жылы жазамды толық өтеп шықтым. Соттылық мерзімі 2023 жылы 31 наурызда бітеді.
Жұмысқа орналаспай тұрып 18.03.2021 ж. күні e.gov.kz порталы арқылы өтініш хат жазғанмын Қазақстан Республикасының Жоғары сотына (ҚР Жоғары соттың тіркеу нөмері 6001-21-12/2ж-ФЛ-С-1580), Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы (ҚР Бас Прокуратурасы тіркеу нөмері 18.03.2021 ж ЖТ-С-010000-21-13614), ҚР Білім және Ғылым министрлігі ( тіркеу нөмері 18.03.2021 ж ФЛ-С-1201), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (18.03.2021 ж ЖТ-С-1401):


Өтініш хатта «мектептерде, колледждер мұғалім немесе жұмыскер болып жұмыс жасауға бола ма?
Мектеп 10 жыл пед стажым бар.
Сізден өтінерім жұмыс істеуге болатын болса, қай заңға сүйеніп жасауға болатынны жайлы түсіндіріп беруіңізді сұраймын» -деген өтініш берген болатынмын.

Жоғары Соттың жауап хатында: 30.03.2021 № 6001-21-5-11/1030


«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 17 бабына сәйкес, Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.


Жоғарыда көзделген нормаға сай, жеке тұлғалардың арыздары бойынша қолданыстағы заңның ережелерін түсіндіру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретіне кірмейді.
Осыған орай, Сізге жергілікті заң консультанттар палатасына немесе қорғаушылар алқасына жүгінуге кеңес береміз.» делінген. (Қосымша 1)


ҚР Білім және Ғылым министрлігі жауап хатында Исходящий номер: ФЛ-С-1201/09-3-3 от 31.03.2021
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еңбек шартын жасасуға тыйым салулар мен шектеулерді түсіндіру және білім беру саласындағы ұйымдарға жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 26-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.
Сонымен бірге, Еңбек кодексінің 139-бабының 4-тармағының негізінде бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
Осылайша, басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарды қоспағанда, білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге рұқсат етілген деп санаймыз.
Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, тиісті органдарға шағымдануға болатынын назарыңызға саламыз.» - делінген (№2 Қосымша)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап хатында:
Исходящий номер: ЖТ-С-1401 от 27.03.2021
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Сіздің хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әр кімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды.
Кодекстің 26- бабының 1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шартын жасасуына жол берілмейді.
Алайда, 2014 жылы 31 наурыздағы Оңтүстік-Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық соты Сізді ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлігі «г» тармағы яғни, алаяқтық бойынша үш жылға бас бостандығынан айыру және білім беру саласында белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге жұмыс істеуге шектеу қойылған.
Осыған байланысты, егер Сіз жоғарыда айтылған жазаларды толық өтеп болсаңыз, онда білім беру саласында жұмыс істеуге кедергі жоқ деп санаймыз.
Сонымен қатар, Сізге колледжге немесе мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасу кезінде Кодекстің 26-бабының 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына басшылыққа алу қажет.
Егер, Сіз осы жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.»-делінген №3 (Қосымша)

Қазақстан Респуюликасының Бас Прокуратурасы жауап хатында


25.03.2021 № 2-010902-21-18950

«Р.К. Сыдықовтың 2021 жылғы 18 наурыздағы (бірегей нөмірі 210000000010013614) арызы ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарау үшін жіберіледі. Қарау нəтижесі туралы арыз берушіге хабарлауды сұраймыз. Екінші адресатқа «Прокуратура туралы» Заңның 21-бабы 1-тармағына сəйкес прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар (адамдардың өміріне, денсаулығына жəне еліміздің қауіпсіздігіне), сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық жəне өзге жағдайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайтыны хабарланады. Бұл ретте, прокурорлар өтініштердің көрсетілген санатын мынадай: құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылған немесе олардың орын алу қаупі болған; құзыретіне өтінішті қарау кіретін уəкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының қызметінде мүдделер қақтығысы болған; уəкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының шешіміне жəне іс-əрекетіне (əрекетсіздігіне) келіп түскен шағым болған жағдайларда ғана қарайды. Сіздің өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген критерийлерге сəйкес келмейді, сондай-ақ Сіздің уəждеріңізді уəкілетті органның қарау мүмкіндігі таусылмаған. Заңның көрсетілген талаптарын ескере отырып, Сіздің өтінішіңіз Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарау үшін жіберілді. «Әкімшілік рəсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сəйкес лауазымды адамдардың əрекеттеріне (əрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарауды жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) не сот жүргізеді.


2 Осыған байланысты, уəкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз.» - делінген. ( №2 косымша ) Осылай дей отырып Бас Прокуратура «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіненде хат алады олардың да жауабы жоғарыда көрсетілген тексте құралған.


Жоғарыда көрсетілген ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жәнеде Бас Прокуратураға жазылған өтініш хаттады көрсете отырып Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент кентінде орналасқан «№14 колледж» МКҚК жариялаған бос жұмыс орынна жұмысқа қабылданамын. Ал 2022 жылдың қазан айын 20 жұлдызында Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасынан хат келеді «квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар жұмыс істеуге болмайды» деп.
Мен өзіме келетін болсам Я қылмыс жасадым жазамды өтедім. 2013 жылдың 13 қарашасымен 214 жылдың 13 қаңтары аралығында жасаған мемлекетік қызметкер болып жұмыс жасағанмын. Ал Оған дейін мектепте информатика пәні мұғілімі болып жұмыс жасағанмын. Жазамды өтеп болғанан кейінде жанұямды бағу үшін жалдамалы жұмыстар яғни құрылыс саласында жалдамалы жұмысшы жұмыс жасадым. Жанұямда 5 балам және анам, мүгедек інім оның жанұясы 3 баласы барлығының асыраушысы жалғыз өзім. 2021 жылдың мамыр айының 25 жұлдызында көлік апатына ұшыраймын сол қолым 45% жарамсыз қалге (ішіннен 5 темірмен 18 шруппен жалғап қойған) жетеді. Сол себептіде мен денсаулығыма байланысты жалдамалы жұмысшы болып жұмыс жасай алмаймын болғандықтан Колледжге жұмысқа орналасқан едім.


Сізден сұранарым:
Кешірім сұрай отырып Басқа амалым қалмағандықтан Сұранып отырмын


«№14 колледж» МКҚК – да жұмысымды жалғастыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Р.Сыдыков
25.10.2022 жыл






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет