Қазақстан республикасының заңЫ «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»



Дата26.02.2016
өлшемі123.08 Kb.
#27169


Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):

1) 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) азаматтық қызметшi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адам;»;

2) 15-бапта:

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және министрліктердің өзге де басқа орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдардың штат санының лимитін бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

«25-1) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу және бекiту тәртібін айқындайды;»;

3) 16-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«7-1) тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келісімі бойынша үлгiлiк (салааралық) нормалар мен еңбек жөніндегі нормативтердi әзірлейді және бекiтеді;

7-2) әкiмшiлiк персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;»;

4) 117-баптың 3-тармағындағы «Еңбектiң үлгiлiк» деген сөздерден кейін «(салааралық, салалық)» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 263-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Облыстардың жартысынан астамының, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында мүшелік ұйымдары бар кәсіптік одақтардың республикалық бiрлестiктер қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.»;

6) 264-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Бір саладағы қызметкерлердің немесе кәсіпорындардың жалпы санының кемінде жартысын біріктіретін немесе облыстардың жартысынан астамының, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында құрылымдық бөлiмшелерi, ұйымдық мүшелері бар салалық кәсіптік одақтар қызметкерлердiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.»;

7) 265-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері қызметкерлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.»

8) 276-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) еңбекақы төлеу қорының жалпы қосылған құнындағы үлесінің арақатынасы туралы.»;

9) мынадай мазмұндағы 28-1-тараумен толықтырылсын:

«28-1 -тарау. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлерiнiң еңбегiн реттеу ерекшелiктерi

257-1-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметшiлердiң еңбегiн реттеу

Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметшiлердiң еңбегі Қазақстан Республикасы «Кәсіптік одақтар туралы» Заңдарында көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi.»;

10) 328-бабтың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында, оның ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

Тексеру жүргізу кезінде жұмыс берушінің алдын ала хабардар ету қажеттілік етпейді.»;

11) мына мазмұндағы 333-1 – 333-9-баптармен толықтырылсын:

«333-1-бап. Тәуекелдердi бағалау жүйесi

1. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел дәрежесiне қарай жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшiн жоспарлы тексерулер жүргiзудiң:

жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – тоқсанына бiр реттен;

орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;

болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен жиi емес кезеңдiлiгiн айқындайды.

2. Тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел дәрежелерi бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектiнiң маңыздылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердiң нәтижелерi ескерiле отырып жүзеге асырылады.

3. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарына, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiне, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарына қатысты актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi.

4. Жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның бiрлескен бұйрығымен бекiтiледi және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы.

333-2-бап. Тексеру түрлерi

1. Тексерiлетiн субъектiлердi тексеру мынадай түрлерге:

1) жоспарлы;

2) жоспардан тыс болып бөлiнедi.

Жоспарлы тексеру – тәуекелдердi бағалау жүйесiне сәйкес және адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне төнген қатерлердiң алдын алу мақсатында алдыңғы тексерулерге қатысты белгiленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекiткен тексерулердiң жоспары негiзiнде нақты тексерiлетiн субъектiге қатысты мемлекеттік еңбек инспекциясы тағайындайтын тексеру.

Жоспардан тыс тексеру – мемлекеттік еңбек инспекциясы адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне тiкелей төнген қатерлердi жою мақсатында нақты тексерiлетiн субъектiге қатысты тағайындайтын тексеру.

2. Егер осы тармақтың екiншi бөлiгiнде өзгеше белгiленбесе, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларында белгiленген тексерiлетiн субъектiнiң жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

Жоспардан тыс тексеру жұмыстан тыс уақытта (түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) бұзушылықтар жасалған кезде олардың тiкелей жолын кесу қажет болған жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер:

1) кешендi тексерулер;

2) тақырыптық тексерулер болып бөлiнедi.

Кешендi тексеру – тексерiлетiн субъектiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген талаптарды сақтау мәселелерi кешенi бойынша тексеру.

Тақырыптық тексеру – тексерiлетiн субъектiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелерi бойынша тексеру.

4. Тексерiлетiн субъектiлердi жоспардан тыс тексеруге:

1) тексерудiң нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

2) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарынан адамның өмiрiне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрiлгенi туралы не зиян келтiру қатерi туралы ақпарат пен өтiнiштер алу;

3) тексерiлетiн субъектiнiң өз қызметiне тексеру жүргiзу туралы бастамашылық өтiнiшi;

4) тексерiлетiн субъектiнiң бастапқы тексеруге келiспейтiнi туралы өтiнiшiне байланысты қайталама тексеру негiз болып табылады.

5. Жоспардан тыс тексерулер иесi көрсетiлмеген өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.

6. Осы Заңда белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.

333-3-бап. Ведомстволық есепке алу

1. Мемлекеттiк органдар мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң нысандарына қатысты актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi.

Тексерiлетiн субъектiлердi тексеру мәселелерi жөнiндегi мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң нысандары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган, ал жеке кәсiпкерлiк саласындағы тексерiлетiн субъектiлердi тексеру мәселелерi бойынша кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган басшыларының бiрлескен бұйрығымен бекiтiледi.

2. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерiлетiн субъектiлердi тексерулердiң санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкiмшiлiк ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздiксiз негiзде жүргiзуге мiндеттi.

Тексерiлетiн субъектiлердi тексеру жөнiндегi ведомстволық есептiлiктiң жиынтық деректерi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

333-4-бап. Тексерулердi тағайындау туралы акт

1. Тексеру мемлекеттiк органның тексерудi тағайындау туралы актiсi негiзiнде жүргiзiледi.

2. Тексерудi тағайындау туралы актiде:

1) актiнiң нөмiрi мен күнi;

2) мемлекеттiк органның атауы;

3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда) және лауазымы;

4) тексерулер жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiмет;

5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе өзiне қатысты тексеру тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда), оның орналасқан жерi, сәйкестендiру нөмiрi, аумағының учаскесi көрсетiледi.

Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексерудi тағайындау туралы актiде оның атауы және орналасқан жерi көрсетiледi.

6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;

7) тексеру жүргiзудiң мерзiмi;

8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексеруге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;

9) тексерiлетiн кезең;

10) актiге қол қоюға уәкiлеттi адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi көрсетiледi.

335-5-бап. Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу

Тексерудi тағайындау туралы актiсi тексерулер басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда, оны тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне ұсыну, оның iшiнде электронды форматта ұсыну арқылы тiркеледi.

Жоспардан тыс тексерулеруді тағайындау туралы актiсiн тіркеу тексеру аяқталған кейін үш жұмыс күнде кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда жүргізіледі.

333-6-бап. Тексерудi жүргiзу тәртiбi

1. Объектiге тексеру үшiн келген мемлекеттiк еңбек инспекторы:

1) қызметтiк куәлiгiн және тексерудi тағайындау туралы актiнi;

2) қажет болған кезде режимдi объектiлерге баруға арналған құзыреттi органның рұқсатын;

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген, объектiлерге бару үшiн қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге мiндеттi.

2. Тексерудi тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан немесе мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрiлген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы қол қояды.

333-7-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмi

Тексеру жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстардың көлемi, сондай-ақ қойылған мiндеттер ескерiле отырып белгiленедi және отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

333-8-бап. Тексерулердi ресiмдеу тәртiбi

1. Тексерудiң нәтижелерi бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы екi данада тексеру нәтижелерi туралы актi жасайды.

Тексеру нәтижелерi туралы актiде:

1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;

2) бақылау және қадағалау органының атауы;

3) оның негiзiнде тексеру жүргiзiлген, тексерудi тағайындау туралы актi жасалған күнi мен оның нөмiрi;

4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) және лауазымы;

5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тексерудi жүргiзу кезiнде сол жерде болған жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;

6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;

7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәлiметтер;

8) тексерiлетiн субъектi өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамның актiмен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;

9) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.

2. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi оларды жазбаша түрде баяндайды.

Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге қоса берiледi, ол туралы тиiстi белгi жасалады.

3. Тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң және ұйғарым (ресімделген жағдайда) бiр данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау және басқа да iс-қимылдар үшiн заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкiлдерiне тапсырылады.

4. Тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша тексерiлген субъектi үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге мiндеттi.

5. Мемлекеттік еңбек инспекторлары (тексеру жүргізген) тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабында тегiн, лауазымдарын және актiде баяндалған деректердi көрсете отырып, жүргiзiлген iс-әрекет туралы жазба жасауға мiндеттi.

6. Тексеру жүргiзiлген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нәтижелерi жөнiндегi актiге тиiстi жазба жасалады.

7. Тексеру нәтижелерi туралы актiнiң және ұйғарым (ресімделген жағдайда) тапсырылған күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.

25-бап. Мемлекеттік еңбек инспектоларының тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтар фактiлерi бойынша қабылдайтын шаралары

Егер тексеру жүргiзу нәтижесiнде мемлекеттік еңбек инспекторы тексерiлетiн субъектiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтардың фактiсi анықталған болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктер шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамның өмiрiне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға және бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.».

2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат;  № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 14, 93-құжат):

174-баптың 1-тармағы «Ереуілдер туралы азаматтық iстер сотқа талап арыз түскен сәттен бастап он күн мерзiмде қаралып, шешiледi.» деген сөздермен толықтырылсын.

3. «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат):

2-бабының 2-тармағында «Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.» деген сөздер алынып тасталсын.

4. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат, № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011., №1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңы):

1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

«29) әлеуметтік шиеленіс және еңбек дауларының туындау қатерлеріне мониторингті жүзеге асырады.»;

2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

«24) әлеуметтік шиеленіс және еңбек дауларының туындау қатерлеріне мониторингті жүзеге асырады.».

5. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):

12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

«22) еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға;».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.



Қазақстан Республикасының

Президентi                                


Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет