Қазақстандағы кәсіпорынның капитал қҰрылымын қалыптастыруды жетілдіру



Дата29.02.2016
өлшемі91.98 Kb.
#30225


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Астана қ. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ аға оқытушы Г.М.Мұқашева


Қазіргі таңда отандық кәсіпорындардың капитал құрылымын басқару жүйесі қалыптасып, қаржылық менеджменттің классикалық әдістері Қазақстан жағдайларына бейімделу үстінде. Осы орайда кәсіпорындардың алдындағы басты мәселе – меншікті капиталды қалыптастыру және қарыз капитал тарту мен міндеттемелерді өтеу болып табылады. Кәсіпорындардың капиталы меншікті қаражаттар және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасады. Алайда, меншікті қаражаттармен салыстырғанда, кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттар тарту олар үшін бірқатар қиындықтар тудырады.

Қарыз қаражаттар тартудағы ең негізгі мәселелердің бірі – банктік несиелер бойынша пайыздарды өтеу болып табылады. Елімізде Салық кодексін енгізгенге дейін Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің екі еселенген пайызынан асатын пайыздық төлемдер өзіндік құнның есебінен емес, салықтан кейін қалатын табыстың есебінен жабылатын. Осылайша, елімізде қарыз капиталды қолдану барысында салықтық ауыртпалық жоғары болатын. Бұл, өз кезегінде, кәсіпорындардың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізетін. Салық кодексін қолданысқа енгізгеннен кейін салық салу жүйесі біршама деңгеде икемді жағдайға жетті, алайда мәселені түпкілікті шеше алмады. Несиелік пайыздардың басым бөлігі кәсіпорындардың таза табысы есебінен жабылады.

Экономиканың нақты секторының жандануымен және салмақталған ақша-несие саясатының жүргізілуімен несиелеу процесі екпіндей түсті. Банктер кәсіпорындардың айналым активтерін қалыптастыруға белсенді араласып, банк жүйесінің нақты сектордағы кәсіпорындарға берген несиелері жыл сайын артумен келеді (Кесте 1).

Кесте 1-ден байқайтынымыз, 2010-2011 жылдар басы аралығында экономикаға берілген банктік несиелер 7493317 теңгеден 8420780 теңгеге дейін өскен. Аталған көрсеткіш нақты сектордағы кәсіпорындардың капитал құрылымының жақсарғанын білдіреді.

Несиелеу құрылымында орта және ұзақ мерзімді несиелердің көлемі артқан. Бұл банктердің тартылған депозиттерінің артуымен және олардың мерзімдерінің ұзаруымен байланысты. Несиелеу мерзімін ұзарту кәсіпорындарға қаржыландыру саласын арртыруларына мүмкіндік береді. Нәтижесінде олар тек айналым активтерін қаржыландыруға ғана емес, сонымен қатар басқа да мақсаттар үшін несиелік ресурстар тарта алады.

Несиелік ресурстардың басым бөлігі өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, көлік және байланыс саласына бағытталған. Бұл қаражаттар айналым активтерін толықтыру үшін қолданылады.



Кесте 1. Қазақстан Республикасының несие нарығы, жыл басына теңгемен





Банктік несиелер

2010 жыл басы

 


2011 жыл басы

 


сома

%

сома

%

1

2

3

4

5

1.Жалпы несиелер

7 493 317

100

8 420 780

100

Теңгемен

4 151 423

55,4

5 325 026

63,2

Шет ел валютасымен

3 341 888

44,60

3 095 753

36,8

Қысқа мерзімді

1 169 392

15,60

1 466 501

17,4

Орта және ұзақ мерзімді

6 323 920

84,4

6 954 278

82,6

2. Экономика салаларына













Өнеркәсіп, ауыл шаруашылы,көлік және байланыс

1 945 872

30

2 254 925

26,8

Сауда-саттық

1 766 108

23,6

1 706 550

20,3

Өзге салалар

3 029 708

40,4

3 493 119

41,5

3.Несиелеу объектілеріне













Айналым активтеріне

324 958

4,3

185 806

2,2

Негізгі құралдарға

15 851

0,2

32 126

0,4

Құрылыс және қайта құруға

28 387

0,4

31 624

0,4

Тұтынушылық несиелер

48 663

0,6

45 595

0,5

Өзге де объектілерге

80 823

1,1

90 060

1,1

Жалпы алғанда, нақты секторға берілген орта және несиелердің артуы қазақстандық кәсіпорындардың капиталының қаржылық құрылымы жақсарғанын білдіреді.

Қарыз капиталдың келесі элементі – корпоративтік облигациялар. Корпоративтік облигациялардың басты артықшылығы – бұл қаржыландыру құралының икемділігі және алуан түрлілігі (мерзімдеріне, шарттарына қарай).

Қазіргі таңдағы корпоративтік облигациялар нарығының негізігі тенденциялары келесідей:



  • эмитенттер санының артуы (2008-2009 жылдары эмитенттердің саны 36 болса, 2010 жылы – 46, ал 2011 жылы – 68 жетіп жығылған);

  • облигациялар бойынша табыстылықтың төмендеуі (2008 жылы облигациялардың табыстылығы 10,45% құраған болса, 2009 жылы – 10,14% 2010 жылы – 9,68%, 2011 жылы – 8,98%);

  • облигациялардың айналым мерзімінің ұзаруы (2008 жылы облигациялардың мерзімі орташа шамамен 6 жыл болса, 2011 жылы олардың мерзімі 8 жылға жеткен);

  • қор нарығындағы акциялар айналымымен салыстырғанда облигациялар айналымының басымдылығы (акциялармен салыстырғанда облигациялар айналымының үлесі 2008 жылы – 41,9% болса, 2009 жылы – 67,4%, 2010 жылы – 64,9%, 2011 жылы – 69,0% құраған).

Кәсіпорындардық капиталын қалыптастыру құралы ретінде вексельдердің маңызы үлкен. Меншікті капитал кәсіпорынды қажетті деңгейде қаржыландыруға жеткіліксіз, ал ұйымдастырылған вексельдер нарығы кәсіпорындарға «нақты ақша қаражаттарын» тартудың маңызды механизмі болып табылады. Вексельдердің кәсіпорындар үшін артықшылығы – олар банктік несиелермен салыстырғанда арзан болып келеді, сонымен қатар олар есеп айырысудың әмбебап құралы және айналым активтерінің көлемі мен айналымдылығын арттыруға мүмкіндіктер береді.

Отандық кәсіпорындар вексельдерді 1997 жылдан, яғни Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексельдер айналымы туралы» Заң қабылданғаннан бастап қолдана бастады. Алайда, вексельдер нарығының даму тенденциялары бүгінде байқалмайды.

Сонымен, қарыз капитал қалыптасуын талдаудың нәтижелері облигациялық қаржы көзінің дамуының басымдылығын көрсетеді. Қор биржасының вексельдер секторында даму тенденциялары байқалмайды, демек қарыз капитал көзі ретінде олар айтарлықтай роль ойнамайды.

Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі таңдағы өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында қалыптасқан капитал құрылымын талдау нәтижелері бірқатар мәселелердің бар екендігін көрсетеді. Атап айтар болсақ, экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды банктік несиелермен қамтамасыз етуде келесідей мәселелер кездеседі:



  • несиелеудің негізгі объектісі ретінде кәсіпорындардың айналым активтері қарастырылады, ал ұзақ мерзімді активтерге салынған несиелердің үлесі болмашы ғана;

  • несиелердің басым бөлігі экономиканың өндірістің емес секторына бағытталады;

  • несиелерді беру міндетті түрде кепілдендіру шарттарын, бірінші кезекте жылжымайтын мүлік арқылы кепілдендіру, қарастырады.

Қазіргі таңдағы банктік несиелеу жүйесі нақты сектордың кәсіпорындарын дамыту үшін жеткіліксіз. Сонымен қатар, банктер бүгінде активтердің жетіспеушілігінен экономиканы қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жетпейді, сонымен қатар нақты секторды несиелеу барысындағы жүйелік тәуекелдердің күрт өсіп кету қаупі де жоқ емес.

Осы орайда нақты сектордағы кәсіпорындарды несиелеуді жетілдіру үшін мемлекеттік шаралардың қолданылуы қажет-ақ. Мемлекеттік шаралар отандық инвестицияларды ынталандыруға келіп тіреледі.

Жаңадан ашылған, жас кәсіпорындар үшін облигациялар арқылы қаржы ресурстарын тартудың қазіргі таңдағы механизмдерінің бірі – облигациялық міндеттеме бойынша шығындарды субсидиялау болып табылады. Мысалға, облигациялар бойынша купондық төлемдердің бір бөлігін жергілікті билік органдары субсидиялауға мүмкіндіктері бар. Бұл жағдайда инвесторлар капитал салудың сенімді, өтімді объектілеріне қол жеткізеді: кәсіпорындар – қаржыландырудың тұрақты көзі болып табылса, мемлекеттік органдар – салынған капиталдың қайтарымдылығының кепілі болып табылады. Сонымен қатар, бұл механизм жергілікті экономиканың дамуына, осы аймақтың салықтық потенциалының артуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндіктер берер еді.

Еврооблигациялар шығару арқылы қаржы ресурстарының халықаралық нарығына шығу отандық кәсіпорындардың қаржылық потенциалын нығайтудың маңызды бағыты болып табылады. Алайда, еврооблигациялардың басым бөлігін бүгінде банктер шығаруда. Басқа салалар бойынша еврооблигациялар шығарушы эмитенттер жоқтың қасы.

Қазақстандық кәсіпорындардың капиталын қалыптастырудағы вексельдердің ролін біржақты бағалау қиын. Америка Құрама Штаттарында вексельдер нарығының көлемі облигациялар нарығының көлемінен 8 есе төмен, Ресейде, керісінше, қысқа мерзімді міндеттемелер басым, ал Қазақстанда вексельдер арқылы операциялардың көлемі жалпы бағалы қағаздар нарығындағы операциялардың небәрі 0,003% ғана құрайды. Осы орайда Қазақстан Республикасындағы вексельдер нарығының белсенділігін арттыру шараларын қолдану керек.

Аталған мәселелермен қоса еліміздегі кәсіпорындардың капиталын қалыптастыру жолында бірқатар жұмыстарды жүзеге асыру қажет: лизингтік қызметтер нарығын жетілдіру, шағын несиелер беруші ұйымдарды қолдау және дамыту, факторингтік операциялардың ролін арттыру, туынды бағалы қағаздар (опциондар, фьючерстер, варранттар) нарығын жетілдіру және тағы басқалар. Бұл кәсіпорындардың қажетті капитал құрылымын қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасап қана қоймай, еліміздің экономикалық өсуіне, әлемдік нарықта жетекші орындарға ие болуына да қолайлы жағдайлар жасайды.


Аннотация

Мақалада қазіргі таңда кәсіпорындар қарыздық капиталды тарту арқылы өздерінің капитал құрылымын қалыптастыруы туралы қарастырылған. Осы мәселеге қарай тартылған қаражаттарды тиімді басқару арқылы капиталды қалыптастыру, ұйымдастыру жолдары қарастырылған.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Жұманова Д.Т, Мукашева Г.М «Қаржылық менеджмент», Астана-2010

2. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 2010

3. Турганалиев Е., «Управление стоимостью капитала в системе корпоративного финансового управления», Финансы Казахстана, 2010, №6



4. Тургулова А.К., «Особенности формирования заемного капитала на практике казахстанских предприятий», Финансы Казахстана, 2009, №6



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет