Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр


Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудағы ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты мен тағайындалуы



бет2/3
Дата15.06.2016
өлшемі401.5 Kb.
1   2   3

1.3 Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудағы ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты мен тағайындалуы

Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпаратты жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты –зейнетақы және жәрдемақы төлеуге, зейнетақы аударымдарын жинақтауға байланысты деректерді электрондық өңдейтін орталық болғандықтан ақпараттық жүйені енгізудің басты міндеті әлеуметтік төлем алушыларға қызмет көрсету барысында жаңа тәсілдерді, технологияларды енгізуде көптеген жеңілдіктер мен ыңғайлықтарға қол жеткізу, сонымен қатар осыған байланысты қажетті ақпараттарды беру, жинау, сақтау, іздеу болып табылады.

Экономикалық ақпараттар жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:

- Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар жөніндегі ақпаратты анықтауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;

- ақпараттар ағымының тиімділігін және оның айқындылығын арттыру;

- ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;

- талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз ету;

- қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін арттыру;

- қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсарту.

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ақпараттық жүйесінің тағайындалуының негізгі шарты зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін "достық интерфейсі " және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек.

АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономика - математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ны жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі - бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.

Басқарма АЖ-сі тұтынушы сұранысына байланысты ақпаратты жинау сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үшін арналған. Кез-келген АЖ оның қолдану саласына тәуелсіз толық және дұрыс ақпаратты ұсынады.

Жүйенің функционалды, ақпаратық құрылымы әрі қарай даму үшін және қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек.

АЖ құру мақсаты - ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады. Бұл басқарма қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі келісім-шарт, анықтама-қағаз, сертификат және басқа құжаттарды толтыруға, Басқарманың қаржы-несие бойынша ақпаратын өңдеуге уақыт жұмсалмайды.


АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.

Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:



  • есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты түрінде автоматтандыру;

  • АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамасыз етуді жаңарту;

  • нақты уақыттағы Басқарманың қаржы-несие шаруашылығын толық талдау;

  • алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;

  • есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;

  • бірегей МБ құру.

Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:

  • жұмыс жеделділігі;

  • ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;

  • қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе.

АЖО қолданушының персоналды электронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.

Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі құрамында процессор, монитор, клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты негізінде персоналды компьютер (РС/ПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен қатар физикалық модульқұрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар барлық құралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т.б. қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.

Басқарма ақпараттық жүйесі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жұмысын автоматтандыру үшін арналған профессионалды-бағытталған кіші есептеуіш жүйе деп қарастыруға болады.

Қазіргі кезде «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру және қолдану қажеттілігі пайда болды. Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құрғанда оған жүйелі позиция тұрғысынан келу керек. Мәліметтерді өңдеудің орталықтанған формасы автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану болып табылды. Бұл икемді және сенімді ақпараттық жүйе құруға және ЭЕМ -ді қолданушының қатынасын рационалды етеді.



1.4 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және әлеуметтік салымдардың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Ақпарттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.

Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.

Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе – нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны – нақты белгі бойынша топталған жиын.

Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.



АЖ құрылымы – ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.


АЖ ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:

  • техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

  • математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;



1.4.1. Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Техникалық қамтамасыз ету – АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы техникалық құралдар кешені.

Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның шешімдерінен тұрғызылады.Барлық операция үш саты бойынша топталады: ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған операциялар тобы.

Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану. Техникалық құралдар жиынтығы кез-келген объектінің, өңделетін ақпараттың көлемі мен спецификасына тәуелді.

Техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:



  • Ақпараттық жүйенің, есептердің өнімділігін, берілген есепті автоматты түрде дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;

  • Жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүмкіндігінің болуы;

  • Ақпараттық диалогты режимде өңделуін қамтамасыз ету;

  • Есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын құралдар болуы керек.

Қазіргі АЖ-сіне келесі техникалық құралдар кешені кіреді:



  • есептеу техникасының құралдары;

  • телекоммуникация мен байланыс құралдары;

  • /ЛВС/ жабдықтау құралдары;

  • әртүрлі банк қызметін автоматтандыратын бұйымдар: автомат-кассир, сауда жүйесінің терминалдары, пластикалық карточкалар;

  • ақшамен жұмысын автоматтандыратын құралдар.

Әртүрлі деңгейде құрылған АЖ мүмкіншілігі техникалық құралдар құрамынан, оның архитектурасы мен функционалды мінездемесіне тәуелді. Сондықтан АЖ жобалау сатысында техникалық құралдарды белгілі бір параметлерде сақтау,ақпаратты өңдеу мен жіберу, функционалды құралдар, интерфейс жиыны сияқты талаптары нысандалады.

Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру, өңдеу үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта қалпына келтіру және және сақтауды қамтамасыз ету, сонымен қатар өңделетін ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек.

Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алуда ақпарат жинау, өңдеу үшін техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:


  • Процессор: Pentium II 500 МГц және одан жоғары;

  • процессор жиілігі (оперативная память): 16 Мб және одан жоғары;

  • Зерделі сақтаушы құрылғы: 10 Mb және жоғары;

  • Windows 95, 98, Me, NT4, 2000, XP операционды жүйе;

  • Принтер.

Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына толығымен сай болуы керек және де жүйе астарынан қызмет ету үрдісі кезінде құрал-жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет.
Ескерту: Windows 95 программасында жұмыс істегенде, жүйеде Microsoft Internet Explorer 5.0 немесе одан жоғары версиясы орнықтырылған болуы керек.

Техникалық құралдар кешені

1-кесте.

Техникалық құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары

ДЭЕМ Іntel Pentіum 4

Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор


Перне тақтасы

Тышқан


500MHz және одан жоғары

10Mb


80Gb

19 дюймдік

105 батырмалы

2 баспалы



Принтер

Принтер

HP LaserJet

Факс – модем

Факс – модем

Sony – 42S

Телефон

Телефон

Panasonіk


1.4.2. Программалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Программалық қамтамасыздандыру – АЖ мен техникалық құралдар кешенін функционалдығын қамтамасыздандыру мақсатында өңдейтін программа жиынынан тұрады. Программалық қамтамасыздандыру математикалық негізінде құрылады да нақты «жұмыс істейтін» форма болып табылады.

Программалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:


  • МБ мәліметтер құрамын кеңейту мүмкіндігі;

  • МБ әсерін тигізе алатын жаңа формаларды өндіру мен кіріс формаларының өзгеруі;

  • қаржы несие функцияларының жоспары мен құрамын динамикалық анықтау;

  • МБ көптеген сақталған мәліметтен мәліметті анықтау үшін іздеу саласын анықтау;

  • шығу мәләметтерін өңдеу мен таңдау әдістерін анықтау.

Пакетті пайдалану максималды түрде ыңғайлы болу үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылуы керек:



  • жұмыстың диалог режимі, яғни меню, сұраныстар;

  • диалогтың икемді болуы;

  • абсолютті түсінікті болуы;

  • қолданудың қарапайымдылығы;

  • үйренуге жеңіл болуы;

  • жұмыс үзілгеннен кейін жұмысты қайта жалғастыру мүмкінділігі;

  • жұмыс істеу барысында керек анықтамалардың шығуы;

  • тиісті дәрежеде ақпаратты қорғау.

Программалық қамтамасыз етуді өңдеу кезінде үнемдеу бойынша қолданатын қағидаларын ескеру, яғни олар ыңғайлылық, тираждау ыңғайлылығы және т.б. Ақпараттық жүйедегі айналыста болатын ақпарат көлемінің үлкен болуына байланысты программалық қамтамасыз ету келесі талаптарға сәйкес келуі керек: Microsoft Windows 2000 операциондық жүйесі, Microsoft Windows NT Server 4.0, Microsoft Windows Office, Delphi 7.0.

Программалық жабдықтау

2-кесте

Тип

Атауы

Мүмкіндіктері

Жалпы программалық жабдықтау

ОЖ

Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0

Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.

Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0

MS Offіce XP



Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal

Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау.

ҚПП

Delphі 7

Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.

МББЖ

Paradox 7

Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.

Қорғау

ОЖ паролі

Желіге енуді бақылайды.

МББЖ паролі

МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.

Вирусқа қарсы программа

Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.


1.4.3. Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.

Ақпаратты қамтамасыз ету болып экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпаратты қамтамасыз ету төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:



  • Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;

  • Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат толық болуы керек;

  • Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;

  • Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;

Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), оларды жүргізетін құрлдардан тұрады.

Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды.



Ақпараттық жабдықтау

3-кесте

Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.


1.4.4. Математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Математикалық қамтамасыздандыру – АЖ есептерін шешудегі, АЖ өңдеудегі математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны.

Математикалық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:



  1. өңделген ақпарат пен жиналған алгоритм, өңделген әдіс,

  2. сортталған мәліметтер, ізделген алгоритмдер.

Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

  • Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстылығын бақылау;

  • Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;

  • Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеру керек;

  • Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады: формулалық, таблицалық, блок-схема, жазбалық.

Математикалық қамтамасыздандыру алгоритмдері келесі жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қарапайым блоктарды декомпозициялау;

1.5. Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық



жүйесінің концептуалды схемасы
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.

Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.

Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ал жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.

Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.

Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.

Функционалдық жүйеше–нақты функциянермен шектелген. Ақпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.

Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)

жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.

Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ).

Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық сызбасы 2-ші суретте көрсетілген:

СУРЕТ 3

Концептуалды схема

Жүйе

Сипаттама

Тип

ЭАЖ

ЭАЖ

Желі

Желі

корпоративті

Желі топологиясы

Аралас

Жалпыжүйелік технолотия

Мәліметтер базасын қолдану

Кодтау жүйесі

Фасеттік



Жабдықтаушы бөлім









-Картотека;
-Кәсіпорындар;
-Зейнетақы қоры;
-Жеке күәлік;
-Экономика секторлары;
-Төлем түрлері.




Өңдеу


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет