Қазіргі заманда басқару қызметі қоғам дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі, және ол өндіріс, қоғамдық процесстер, экономика, территорияның әлеуметтік сферасын басқарады



Дата24.02.2016
өлшемі287.85 Kb.
#16720
Кіріспе.

Қазіргі заманда басқару қызметі қоғам дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі, және ол өндіріс, қоғамдық процесстер, экономика, территорияның әлеуметтік сферасын басқарады. Басқару қызметі әрдайым жаңа даму кезеңдеріне ұшырап отырады. Өйткені аймақтарды және мемлекетті басқару жыл сайын жаңа дамуға негізделеді, шарлуашылық байланыстардың ауырлауы, тұтынушылардың тұтыну көлемі ұлғайды. Осы негізде ҚР экономикасын көтеру бағыттарының бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдану болып есептеледі.

Менің курстық жұмысымның зерттеу обьектісі шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылымы, даму бағытыны және оны ҚР қолдану. Шетел мемлекеттерінің басқару жүйелерін сараптай отырып ҚР территориясына ыңғайлы нәтиже әкелетін бағыттарды ұсыну. Әлемнің алып елдерінің тәжірибесі өте көп көмек береді.

Енді муниципалды басқару мәні мен түсінігін анықтайтын болсақ. Муниципалды басқару – бұл экономикалық білім жүйесіндегі ғылыми пән, ол аймақтың әлеуметтік–экономикалық жүйесін оқытады. Муниципалдық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару ұғымдары бір мағынаны береді. Ол екеуіде жергілікті меншік иеліктерін басқаруға негізделген. Муниципалдық басқару – бұл жоғары деңгейлі қызметтің өзіндік түрі, ол өзін-өзі басқаруға негізделіп, қоғамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі заңды нормативтерге сүйене отырып басқаруға бағытталған. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл бегілі бір территорияда мекендейтін азаматтардың атынан, сол территорияда тұратын адамдармен олардың әлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты мәселелерді жергіліті деңгейде жүзеге асыру.

ТМД елдерінің жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі модельдік құрылымына сай муниципалдық құрылым бұл – муниципалдық меншігі, өзіне тиесілі қаржылық бюджеті тағайындалған жергілікті өзін-өзі басқару органы бар, белгілі бір территорияда жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын қалалық, аудандық немесе селолық мекен. Муниципалдық құрылым шекаралары халықтың орналасуының көлемін, оның салт-дәстүріне, тарихи жақтарын ескере отырып бекітіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару бегілері:



  1. Әлеуметтік бағдарланған бағдарламалар;

  2. Муниципалдық меншік түріндегі басқару обьектісі бар;

  3. Жергілікті басқарудың негізгі қызметтері сайланбалы муриципалдық органдар мен өзін-өзі басқарудың ұжымдық органдармен жүзеге асыру.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың обьектілері мен субьектілері. Жергілікті өзін-өзі басқару обьектісіне: муниципалдық меншік обьектілері және муниципалдық басқаруға берілген мемлекеттік меншік обьектілері жатады. Мұндай обьектілерге муниципалдық органдар тікелей басқару жүргізуге құқылы, ал муниципалдық құрылым территорияларында әрекет ететін кәсіпорындар, ұйымдар экономикалық ынталандыру, моральдік әдістер арқылы жанама басқарылады. Жергілікті өзін-өзі басқару субьектілеріне: жергілікті өзін-өзі басқару органдары жатады. Муниципалдық органдар мемлекеттік басқару органдарына жатпайды, олар мемлекеттік органдардан тәуелсіз, тек заң және нормативтік актілерге сай қызмет жасайды.

I. Шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу тарихы және өкілеттілігі.

1.1. Шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың тарихи қалыптасуы .

Әрбір саланың ғылыми дамуы әрдайым өзгеріп отыруы үздіксіз процесс, ол қазіргі мен болашақтың өткен тарихпен өте тығыз байланысты екенін еске түсіреді. Жергілікті өзін-өзі басқаруныңда өз тарихы бар. Көптеген оқулықтарда жергілікті өзін-өзі басқару XVIII ғасырда пайда болды деген деректер кездеседі. Бірақ оның даму тарихы өте тереңде жатыр, сондықтан оған тоқталып кетсек. Жергілікті өзін-өзі басқару XVI ғасырда пайда бола бастады.

1555 жылы IV Иванның жарлығымен жергілікті органдар ұйымдастыру, құру басталды. Жергілікті органдар биліктің қадағалауымен өз қызметтерін атқарды. Бұл орган қызметіне жергілікті жер старосталары, жер иелері жіне осындаңы жақсы деген адамдар тартылды. Олардың билігі жергілікті жердегі барлық қызметті жүзеге асырды: полициялық, қаржылық, экономикалық және соттық билікті атқарды .

XVII ғасырда жергілікті өзін-өзі басқару бюрократизацияға ұшырады: жергілікті билікке бұйрықтық жүйе орнатылды. Оны әскерилер атқарды, бірақ олар жергілікті жердің пайда тауып отырған саласын басқаруды өздеріне қалдырды.

I Петр кезінде жергілікті органдарға қаржылық және экономикалық қызметті атқаруға берілді, ал әскерилерге полициялық қызметті басқаруды қалдырды. 1699 жылы Мәскеуде бурмистрлік палата құрылды, ол органдардың сайлауы арқылы жүзеге асырылды. I Петр басқарған кезеңде жүргізіген реформалар мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқаруға араласуына негізделді , бірақ бұл реформалар жергілікті басқару органдарына белгілі бір тәуелсіздік берді.

Революцияға дейін әкімшілік бөлумен жергілікті басқарудың ең жоғарғы билігі губерния болды, ол XVIII ғасырда бекітілді. Губерниялар округ пен уездерге бөлінді. Әкімшілік-территориялық бөлудің ең төменгі бірлігі болыстар болды. Осылардың барлығы муниципалдық құрылым болып есептелді. 1929-1930 жылдары губерниялар жойылды .

Ұлыбританияда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің англосаксондық моделі қолданнылады, ол XVIII ғасырдың басында құрастырылған. Бұл моделдің ерекшелігі, үкіметтің лауазымды тұлғалары жергілікті өзін-өзі басқару органдарын әрдайым қадағалап отырады .

Франция. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негізгі принциптері Францияда XVII ғасырдың аяғы мен XIX басында енгізілді. Ол англосаксондық моделге сүйене отырып құрастырылған. Францияның жергілікті өзін-өзі басқару негізгі атқарушы органдары болып коммунналар есетеледі .


1.2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігі .

Конститутцияға сәйкес әр муниципалдық құрылым жарғы қабылдауы керек. Жарғыны муниципалдық құрылым өзі жасайды. Жарғы қабылданып, жарияланған соң ғана өз күшіне енеді:

- Муниципалдық құрылымның атауы, құрамы, территорияның шекаралары, символдары.

-Муниципалдық құрылым шешетін жергілікті деңгейдегі мәселелер.

-Жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге халықтың тікелей араласуының кепілдіктері, реті, формалары болады.

-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымы .

-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері және оның мерзімдері.

-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативті-құқықтық актілерінің
түрлері, оларды қабылдау реті және күшіне енуі.

-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауапкершіліктерінің түрлері және негіздері .

-Муниципалдық қызметті ұйымдастыру реті мен жағдайы .

-Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың экономикалық және қаржылық негіздері, муниципалдық меншікті пайдаланудың, иемденудің жалпы реті .

-Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері .

Муниципалдық құрылымның жарғысы қаланың немесе ауылдың өмірінің негізгі заңы болып табылады. Муниципалдық құрылымдар өз қызметтерін үйлестіру үшін одақ түрінде бірлестіктер құруға құқылы. Жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіліктері жергілікті деңгейдегі мэселелерді өз еркімен шешудің шекараларын көрсетеді, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы сол органдардың міндеттері мен құқықтарын анықтайды. Жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіліктерін анықтауға құқықтық нормалармен Қазақстан Республикасының конститутциясы негіз болады.

Қазақстан Республикасының конститутциясында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына төмендегі әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беремін делінеді:

1.Муниципалдық құрылым жарғысында қарастырылған муниципалдық


құрылымның қарамағына қатысты міндетті ережелерді қабылдауға;

2.Муниципалдық құрылымның даму бағдарламасын, жоспарын қабылдауға,


олардың орындалғаны жөнінде есепті бекітуге;

3.Жергілікті салымдармен салықтарды белгілеуге;

4.Муниципалдық меншікті басқаруға;

5.Муниципалдық құрылымның жарғысында қарастырған жергілікті өзін-өзі


басқару органдарының қызметін бақылауға.

Мунципалдық қызмет - жергілікті өзін-өзі басқару тәуелді, тәуелсіз институттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті бюджеттен қаржыландырады.Муниципалдық қызметтің негізгі міндеттері:

1.Муниципалдық құрылым территориясындағы азаматтардың еркіндігінқамтамасыз ету;

2.Жергілікті деңгейдегі мәселелерді халықтың өз еркімен шешуін қамтамасыз ету;

3.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері шегінде шешімдерді дайындауды, қабылдауды, орындауды және бақылауды қамтамасыз ету;

4.Муниципалдық құрылымның құқығын, заңды мүдделерін қорғау.


Заңға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары муниципалдық кұрылым халқы алдында, мемлекет алдында, жергілікті жэне заңды тұлғалар алдында жауапты. Қазақстан Республикасының конститутциясы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына меншік иесінің барлық құқықтарын бекітеді:

1. Иемдену, пайдалану және осы меншікті басқаруда олардың тәуелсіздігіне кепілдік беру, жергілікті өзін-өзі басқару органдары муниципалдық меншікке байланысты төмендегі өкілеттіліктерге ие:

-Миниципалдық меншік құрамына кіретін мүлікке қатысты меншік иесінің құқығы бар (жергілікті бюджетті қаржыландыру, бюджеттен тыс қорлар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігі, жер және табиғи ресурстар, кәсіпорын мен ұйымдар, тұрғын үй қоры, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени, спорт және т.б. мекемелер);

-Муниципалдық меншік объектілерін уақытша немесе біржола пайдалануға жеке және заңды тұлғаға пайдалануға беруге, жалға беруге келісімшарттар жасауға, келісімшарттарда пайдалану шарттарын анықтауға құқылы;

-Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері муниципалдық меншікті жекешелендіру шарттарымен ретін анықтай алады;

-Сыртқы экономикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы.

-Әлемдік тәжірбиесі көрсеткендей жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржы саласындағы маңызды өкілеттілігі, бюджетті қалыптастыру болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктері жергілікті бюджетті бекітіп, оның орындалуын қадағалайды.Салық салу мен жинаудың жалпы принциптері Қазақстан Республикасының конститутциясына сәйкес негізделеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары банктерден қысқа мерзімді несиелер алуға немесе беруге құқылы.

Жұмыс пен қамту саласында көптеген өкілеттіктерге ие. «ҚР жұмыспен қамтамасыз ету» заңына сәйкес мемлекет азаматтарын жұмыс пен қамту саласында төмендегілерге кепілдік береді: кез-келген формадан сақтау және мамандық, жұмысқа тұруда барлығына бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтың және әлеуметтік қорғауға және жұмысты таңдауға араласуға кепілдік береді.

II. Шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың заманға сай тәжірибесі.

2.1. Ресейдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуы және дамуы.

Қазіргі кездегі нарықтық экономика дамуы жергіліктіөзін-өзі басқаруа негізделген, ол Ресей Федерациясының конститутциясына және Еуропа Хартиясына сүйене отырып жергілікті мәселелерді шешеді. Ең басты мақсаты жергілікті өзін-өзі басқаруды демократияландыруды дамыту, елдің заңды мемлекетке айналуына жағдай жасау, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін құру болып есептеледі. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекетті басқаруда ең тиімді болып есептеледі. Ол адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауға, аймақтық және жалпы мемлекеттің мәселелерін шешуге тиімді.

Еуропа Кеңесі аясында, 1996 жылы Ресей Федерациясы осы кеңеске мүше болды, және субардинация ұстанымын енгізілді – ол жалпы ұйымдастырушы билік пен басқарудың принципі. Оның негізгі мақсаты қоғам және оны құраушы топтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына мемлекет тек осы топтың белгілі бір шеше алмайтын мәселелеріне аралсуына негізделеді. Осы принцип еуропалық хартияның жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңында орын алды. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерді шешуде саяси деңгейде неғұрлым азаматтарға жақындатылған түрде қарастырады.

Ресей Федерациясының конститутциясында халық өз билігін тікелей мемлекеттік органдармен немесе жергілікті өзін-өзі басқарудың органдары арқылы жүзеге асырады делінген. Жергілікті өзін-өзі басқарудың органдарының өкілетілігіне Ресей Федерация- сының конститутциясында кепілдік берілген. Ол конститутцияның 3-12 баптары аралығында қарастырылған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өзінің өкілеттілігі шегінде тәуелсіз қызмет етуге құқылы, және жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдары мемлекеттік билік жүйесіне кірмейді. Конститутцияның 130 бабына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдары референдум, жиналыс, сайлау арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті жердегі мәселелерді жоғарғы биліктің қатысуысыз сол жерде шешкен тиімді. Жергілікті өзін-өзі басқару принциптері Еуропа Хартиясында маңызды орын алып заңмен бекітілді. Жергілікті өзін-өзі басқару принциптеріне мыналар жатады:


  1. Жергілікті жердегі мәселелерді халықпен қарым-қатынас жасай отырып шешу.

  2. Жергілікті өзін-өзі дұрыс ұйымдастыру, мемлекеттік билік жүйесімен қарым-қатынас жасай отырып, бір мақсатты алға қою, билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың қызметін (функцияларын) анықтау.

  3. Жергілікті өзін-өзі басқару територияларының материалдық және қаржылық ресурстарын ескере отырып, олардың алға қойған мақсаты мен өкілеттілігн айқындау.

  4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және осында қызмет жасайтын лауазымды тұлғалардың халық алдындағы жауапкершілігі.

  5. Жергілікті өзін-өзі басқару територияларын ұйымдастырудың алуан түрлілігі.

  6. Азаматтардың құқығы мен бостандығының принциптерінің қатаң сақталуы.

  7. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру және оның заңға сәйкес қызмет жасауын қамтамасыз ету.

  8. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің ашық жариялануы (ақпарттық қамтамасыз ету).

  9. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің біліктілігі мен бірлігі.

  10. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметіне мемлекет тарапынан берілетін кепілдік.

  11. Жергілікті өзін-өзі басқару құрлымын құруға , және басқару процесіне осы териториядағы халықтың араласуы.

  12. Әділеттілік.

  13. Халықтың тұтынушылық қабілетін қанағаттандыру.

Осы айтылғандардың барлығы « Ресей Федерациясының жалпы жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру прициптері туралы заңында » көрсетілген , және бірнеше ұйымдартыру формаларымен бекітілген.

Ұйымдастыру формаларының бірінші тобына: жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін демократияландыру жатады. Ол жергілікті өзін-өзі басқару територияларындағы (қала , аудан , ауыл) азаматтардың, халықтың немесе жекелеген қоғамдық ұйымдардың билікке араласуына кепілдік беру. Оларға: референдум, халықтық жиналыс, сайлау тағы басқа жатады .

Ұйымдастыру формаларының екінші тобын жергілікті өзін-өзі басқарудағы сайланатын және тағы басқа оргндар құрайды, олар муниципалдық териториялардағы әр күн сайын қызметін атқарады.

Үшінші топқа жергілікті өзін-өзі басқару процесіне қатысуына байланысты . Мұнда маңызды рөлді осы териториялардағы қоғамдық жергілікті өзін-өзі басқару оргадары алады. Осылай халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құруға қатысуы, қоғамдық бағыттар айқындалады.

Ұйымдастыру формаларының төртінші тобына жататындар. Оларды жергілікті жердегі әртүрлі қаржылық мәселелерді шешу үшін ұйымдастырады. Оларға: анционерлік қоғамдар, әртүрлі ассосациялар, серіктестіктер жатады.

2.2. Шетелдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі заманға сай тәжірибесі.

Шетелдерде жергілікті өзін-өзі басқарудың бірнеше моделі қолданылады. Бұл муниципалдық заңның даму бағытына тікелей байланысты анықталады. Жергілікті басқарудың ағылшын-саксон жүйесі Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Үндістанда қолданылады1. Осы елдерде жергілікті органдар заң берген өкілеттіктердің ауқымында дербес құрылым ретінде жұмыс істейді. Жергілікті органдар жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тікелей бағынбайды, сол сияқты жергілікті уәкілетті Үкімет те жоқ. Жергілікті өкілдікті органдар мен бірқатар лауазымды адамдарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі халық тікелей сайлайды. Бірақ жергілікті басқару органдары орталық органдардан үзілді-кесілді оқшау емес: Үкімет жергілікті басқару органдарына тікелей немесе жанама бақылау жүргізеді, бақылау Министрлік және сот органдары арқылы жасалады.

Ұлыбританния жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің англосаксондық моделін қолданады. Бұл моделдің ерекшелігі – мемлекеттің лауазымды тұлғалары жергілікті өзін-өзі басқару органдарын әрдайым қадағалап отырады. әртүрлі саладағы муниципалдық құрылым қызметін бегілі бір министрліктер бақылап отырады. Мемлекет жергілікті жерде арнайы бағдарламаларды орындау үшін қаржылық нарық арқылы әсер етеді. Оларға: субвенция, дотация тағы басқалары жатады.

Ұлыбританияда жергілікті атқарушы органдарды сайлау үдерісін жергілікті басқару туралы 1972 жылғы Акт реттейді. Ұлыбританияда муниципалды органдар сайлауларына 18 жасқа жеткен британ тәжінің барлық азаматтары қатыса алады. Жергілікті өкілдікті және атқарушы органдарға жасы 21-ден төмен емес адамдар сайлана алады, олар осы муниципалитеттің аумағында тұруға, осы аумақта жұмыс істеуге немесе сол аумақта жері, кәсіпорны, үйі (пәтері) болуға немесе соларды жалдауға тиіс. Ұлыбританияның муниципалды, сонымен қатар атқарушы органдарына дін қызметкерлері, пэрлер, әскери қызметшілер, азаматтық қызметшілер, есі дұрыс еместер сайланбайды.

Жергілікті басқарудың континенталды (француз) үлгісі континенталды Еуропаның көптеген елдерінде (Францияда, Швейцарияда, Испанияда, Португалияда, Италияда, Бельгияда, Нидерландыда, Люксембургте, Грекияда, Финляндияда, Албанияда, Польшада, Ресейде, Молдовада, Украинада), француз тілдес және өзге де африкалық мемлекеттерде (Мароккода, Алжирде, Мавританияда, Малиде, Египетте, Нигерияда), бірқатар азиялық елдерде (Қырғызстанда, Лаоста), Латын Америкасындағы мемлекеттерде (Бразилияда, Венесуэлада, Колумбияда, Эквадорда, Перуде, Гайанада, Уругвайда, Парагвайда), бірқатар Таяу Шығыс мемлекеттерінде (Ливанда, Израильде)1 қолданылады. Осы үлгінің ерекшелігі мынада, мұнда орталықтың жергілікті жерлерді тікелей мемлекеттік басқаруы жергілікті өзін-өзі басқарумен тамаша үйлесім табады, оны орталық үкімет бақылайды. Бұл жүйеде төменгі тұрған билік буындарының жоғары тұрғандарына бағыныштылық қағидаты үстемдік құрады; тағайындау қағидаты жергілікті атқарушы органдардың сайланбалылығы қағидатынан басым болады.

Франциядағы жергілікті басқарудың негізгі буынына, мысал үшін, коммуналар жатады (елде 36 мыңдай коммуна бар), әр коммунаның өзінің өкілдікті органы – Кеңесі мен Кеңес депутаттарының қатарынан сайланатын мэрі болады. Тұрақты негізде жұмыс істейтін мэр және муниципалды Кеңестің депутаттары муниципалитет құрады. Мэр мемлекеттік қызметкер және сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы болып саналады. Мэрдің қызметі муниципалды Кеңестің бақылауымен және республика комиссарының әкімшілік бақылауымен жүзеге асырылады. Республика комиссары сондай-ақ коммуна қабылдайтын шешімдердің заңдылығын қадағалайды және қажет болған жағдайда оларды бұзу үшін сотқа жүгінеді. Францияда жергілікті басқару орталықтандырудың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді және бұл ең алдымен орталық биліктің жергілікті органдарға қатаң әкімшілік бақылау жүргізуінен көрінеді. Үкіметтің арнайы уәкілі бар, оның негізгі міндеті жергілікті органдарға бақылау жасау болып табылады. Француз Республикасының 1958 жылғы 4 қазандағы Конституциясы коммуналар мен департаменттерді жергілікті ұжымдарға (аумақтық бірліктерге) жатқызады, оларды өкілдікті органдар құқықтарындағы сайланбалы кеңестер басқарады. Атқарушы органдардың функцияларын Үкімет тағайындаған департамент өкілдері орындайды, оларға жергілікті орындарда ұлттық мүдделерді сақтау, әкімшілік бақылауды жүзеге асыру және заңдарды сақтау міндеті жүктеледі (Француз Республикасы Конституциясының 72-бабы)2. Аймақтағы басқару органына Республика префекті (1982-1988 жж. республика Комиссары аталған)3 жатады, ол Үкіметтің декретімен тағайындалады және халықпен байланыста Үкімет пен оның мүшелерінің атынан әрекет жүргізеді. Оның құзырына қаржы, қауіпсіздік, білім, мәдениет, туризм, әлеуметтік көмек, экономикалық даму және жоспарлау кіреді, осы міндеттермен оған бағынышты ведомстволық құрылымдар айналысады. Департаменттегі префекттің де мәртебесі дәл осындай. Келесі төмен тұрған басқару органы – супрефект (немесе подпрефект), ол департамент пен коммуна арасындағы аралық әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылатын округтың аумағында әкімші ретінде әрекет жасайды (Француз Республикасы Конституциясының 13, 72-баптары)4.

АҚШ штаттарының басым көпшілік аумағы графтыққа бөлінеді (олардың ұзын саны 3 мың). Соларда тұратын халық графтық кеңесінің мүшелерін де, сондай-ақ көптеген лауазымды адамдарды (қызметкерлерді) да сайлайды. Графтық кеңесі алқалы да, жеке-дара да атқарушы органды құрмайды. Қалалар графтықтан бөлінген және олардың өздерінің жергілікті басқару органдары бар. Көптеген қалаларда «басқарушы – кеңес» жүйесі қолданылады. Халық әдетте саны 6-7 адамнан тұратын (ірі қалаларда – көбірек) қала кеңесін; қала кеңесі өз кезегінде мэрді сайлайды. Бір қызығы, мэр тек кеңесте ғана төрағалық етуге уәкілетті, және оның атқарушы, басқарушы қызметпен айналысуына болмайды. Бұл қызмет келісім-шарт бойынша жалданатын шенеуніктік-менеджерлік саладағы маманның иығына жүктеледі. Тағы бір айта кетерлік жәйт, таундарда (шағын қалалар) және тауншиптарда (поселкелерде) тұрғындардың жиналыстары өтеді, жиналыстарда 3-5 адам құрамындағы атқарушы комитеттер сайланады.

Нидерланды Корольдігінің 1983 жылғы 11 ақпандағы Конституциясы жергілікті әкімшілік-аумақтық бірліктеріне провинциялар мен муниципалитеттерді жатқызады. Осы жергілікті құрылымдардың өкілдікті органдары – провинциялар мен муниципалитеттер кеңестері. Провинцияларда атқарушы функцияларды провинцияның атқарушы органдары және Корольдің уәкілдері жүзеге асырады, ал муниципалитеттердің істерін атқарушылық жүргізу муниципалды органдар мен бургомистрлердің басқаруына беріледі (Конституцияның 125-бабы)5. Әрбір муниципалды Кеңес өз мүшелерінің қатарынан олдермендерді (старейшиналарды) тағайындайды, олар бургомистрмен бірге муниципалитет істерінің күнделікті басқаруын жүргізеді, муниципалды кеңестің және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың шешімдерін іске асырады. Нидерланды Корольдігінің 131-бабында айтылғандай, «Корольдің уәкілдері мен бургомистрлер Корольдің Жарлығымен» тағайындалады. XVIII ғасырда жергілікті басқаруға дербес мәртебе қысқа мерзімге берілді. Соңғы 40 жылдың ішінде атқарушы билік күшейтілді және бұл мынадай нәтижеге жеткізді, жергілікті биліктер қазіргі кезде орталық үкіметтің жергілікті орындардағы қызметі ретінде жұмыс істейді.



Германиядағы жергілікті басқаруды жергілікті басқарудың жеке үлгісіне жатқызуға болады, ол ағылшын-саксондық, сондай-ақ жергілікті басқарудың континенталды үлгілерінің ерекшеліктерін қатар ұштастырады. ГФР-дың 1949 жылғы негізгі Заңы 28-бапта былай белгілейді, округтарда, жер қауымдарында жаппай, тікелей, еркін, тең және жасырын сайлаулар арқылы құрылған халықтың өкілдігі болуы тиіс. Мұндағы жерлер округтарға, округтар – аудандар мен аудандық мәртебесі бар қалаларға (630-ға жуық), аудандар қауымдарға бөлінеді: жергілікті басқарудың қаралып отырған үлгісі осы үлгінің бірқатар түрлеріне бөлінеді. солтүстікгермандық, оңтүстікгермандық, бургомистрлік және магистралдық. Солтүстікгермандық үлгі (мәселен, Төменгі Саксония) жергілікті басқарудың ағылшын-саксон үлгісіне ұқсас. Коммунаның халық сайлайтын өкілдікті органы атқарушы комитет құрады, оның функциясына атқарушы қызмет емес, ал небәрі өкілдікті органның шешімдерін дайындау ғана жатады. Оңтүстікгермандық үлгі (мәселен, Бавария) халықтың өкілдікті органды да, сондай-ақ атқарушы орган – бургомистрді де сайлауын ұйғарады, ол лауазымы бойынша үкіметтіктер корпорациясы – федерация субъектінің құрамына кіреді. Бургомистрлік үлгі (Пфальц, Саар жерлері) бойынша халық сайлаған өкілдікті орган бургомистрді сайлайды, ол өкілдікті де, атқарушы да органның басшысы болады. Осы үлгі аудан және қала деңгейіндегі әкімдерді сайлаудың қазақстандық үлгісімен біршама ұқсас, мұндағы айырмашылық мынада, әкім тек атқарушы билікті ғана жүзеге асырса, ал жергілікті биліктің өкілдікті органы – мәслихатты басқа адам – мәслихат Төрағасы басқарады. Магистралды үлгінің (Гессен жері, Гамбург қала-жері) ерекшелігі мынада, өкілдікті жергілікті органды халық, ал алқалы атқарушы орган – бургомистрден және құрметті мүшелерден құралатын магистратты, комуннаның, қауымдық кеңестің өкілдікті органы сайлайды. Германияда мемлекет жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қадағалау жүргізеді; ең жоғары қадағалау инстанциясы ішкі істер Министрлігі болып табылады. Бірқатар өзге елдердің жергілікті басқаруында (Австрияда, Жапонияда, Мексикада) жергілікті басқарудың германдық үлгісімен ұқсастық бар, оған ағылшын-саксон және континенталды үлгілердің ерекшеліктері де тән.
III. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ҚР қолдану.

3.1. ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлаудың заңдық негіздері.

Жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару мәселесі ҚР конститутциясының сегізіннші бөлімімен реттеледі . Жергілікті мемлекеттік басқару конститутцияның 85-88 баптарында қарастырылса, ал жергілікті өзін-өзі басқару ата заңымыздың 89 бабымен жүзеге асырылады. Ол дегеніміз жергілікті деңгейдегі мәселелерді халықтың өз еркімен шешуі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекетпен реттеледі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеті оларды ұйымдастыру реті, құқықтық статусы, конститутциядағы заңдық нормалармен анықталады. Оларға конститутцияға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өздерінің заңмен бекітілген өкілеттілігі шегінде тәуелсіз болуына кепілдік береді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың жалпы принциптері жөнінде модельдік заңда лауазымды тұлғаларды сайлау реті көрсетілген. Ол референдум, сайлау немесе жиналыс ретінде жүргізілуі мүмкін. Референдум – бұл муниципалдық құрылым территориясында тұратын халық жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешу үшін дауыс беруі. Референдумда қабылданған шешім мемлекеттік билік органдарының лауазымды тұлғаларының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бекітуін қажет етпейді. Референдумда қабылданған шешіммен дауыс қортындылары ресми түрде жариялануы керек.

114-бап. Жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарына сайлау тағайындау.

1. Жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының заңмeн бeлгілeнгeн өкілeттігі мeрзімінің аяқталуына сайлау тағайындау;

3. Жeргілікті өзін-өзі басқару oрганы мүшeсінің өкілeттігінің мeрзімінeн бұрын тoқтатылуы , oны мандатынан айыру нe oның қайтыс бoлуы шығып қалғанның oрнына мүшe сайлауын тағайындауға нeгіз бoлып табылады.

2. Жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының сайлауын аумақтық сайлау кoмиссиясы жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының өкілeттігі мeрзімінің бітуінeн кeміндe eкі ай бұрын тағайындайды жәнe oлардың заңмeн бeлгілeнгeн өкілeттігі мeрзімінің бітуінe кeміндe бір ай уақыт қалғанда өткізілугe тиіс. Сайлауларды өткізу тәртібін Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес айқындайды .

3. Сайлау күні туралы хабар жeргілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады .

(114-бап Қазақстан Рeспубликасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545-1І ҚРЗ Кoнституциялық заңымен енгізілген өзгерістермен)6 .

115-бап. Жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрінe қoйылатын талаптар:

Жeргілікті өзін-өзі басқару oрганының мүшeсі бoлып сайлану үшін азамат Қазақстан Рeспубликасының тиісті заңымeн бeлгілeнгeн талаптарды қанағаттандыруға, сoндай-ақ oның Кoнституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкeс сайлау құқығы бoлуға тиіс. (115-бап Қазақстан Рeспубликасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545-1І ҚРЗ Кoнституциялық заңымен енгізілген өзгерістермен)7.

116-бап. Жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрін сайлау кeзіндeгі сайлау oкругтeрі мeн сайлау кoмиссиялары жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрін сайлау кeзіндe:

1) халық тoптары жинақы тұратын ауылдық жәнe қалалық жeргілікті қауымдастықтардың аумақтары сайлау oкругтeрі бoлып табылады;

2) oкругтік сайлау кoмиссиясының қызмeтін тиісті аумақтық сайлау кoмиссиясы атқарады;

3) сайлауды ұйымдастыру мeн өткізуді учаскeлік сайлау кoмиссиялары жүзeгe асырады.

117-бап. Жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлігінe кандидаттар ұсыну.

1. Жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлігінe кандидаттар ұсыну құқығы сайлау құқығы бар әрі ауылдық жәнe қалалық жeргілікті қауымдастықтарда жинақы тұратын кeміндe eлу азамат бoлған жағдайда құқылы азаматтар жиналысына, сoндай-ақ өзін-өзі ұсыну жoлымeн азаматтарға тиeсілі.

2. Жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарына кандидаттар ұсыну туралы шeшім жиналысқа қатысқан азаматтар санының көпшілік дауысымeн қабылданады, oл тиісті хаттамамeн рeсімдeлeді.

3. Азаматтар жиналысының шeшімі:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жeткізілeді;

2) кандидаттың дауысқа түсугe кeлісімі туралы өтінішімeн біргe тиісті аумақтық сайлау кoмиссиясына жібeрілeді.

4. Азаматтардың жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлігінe кандидаттар ұсынуы өзін-өзі ұсыну тәртібімeн тиісті аумақтық сайлау кoмиссиясына жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлігінe тиісті ауылдық нeмeсe қалалық жeргілікті қауымдастық аумағы бoйынша кандидат бoлып дауысқа түсу ниeті туралы өтініш бeру жoлымeн жүргізілeді.

5. Oсы ауылдық нeмeсe қалалық жeргілікті қауымдас-тық аумағында тұрмайтын азамат жeргілікгі өзін-өзі басқару oрганының мүшeлігінe кандидат бoлып ұсыныла алмайды.

6. Ұсынылатын кандидаттар саны шeктeлмeйді.

7. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кeйінгі кeлeсі күннeн басталып, сайлау күнінeн oн төрт күн бұрын аяқталады.

8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күні жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныњ мүшелігіне екіден кем кандидат тіркелеген жағдайда , аумаќтыќ сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады , бірақ ол жиырма кұннен аспауға тиіс.

9. Аумақтық сайлау кoмиссиясы үш күн ішіндe кандидаттың Кoнституцияда жәнe oсы Кoнституциялық заңда қoйылған талаптарға сәйкeстігін анықтайды.

3.2. Семей қаласының тәжірибесі .

Семей өте ерекше муниципалдық құрылым, оның территориясына Жаңасемей және Абралы аудандарына тиесілі 33 ауылдық округтер кіреді. Олардың басқару құрылымына, әлеуметтік-экономикалық жағдайының әлсіз немесе күшті болуымен ерекшеленеді. Он жылдар бойы облыс орталығы болған Семей, 1993 жылы 8 желтоқсанда күшңне енген ҚР Президентінің «ҚР әкімшілік-территориялық құрылымын әрі қарай дамыту шаралары қолдану жөніндегі» жарғысымен, ол жергілікті өзін-өзі басқаруға негізделген, дүниежүзінде ең үлкен территоиялы құрылым болуға үміткер болып саналады. Семейдің территориясы ұлңайған сайын оның халқы да өсті, мысалы, 1910 жылы оның халқы 39959 адам болса, 1998 оның территориясы 26247 кв. км болып, халқы 324600 адамға өсті.

Семей қаласының өкілетті билік органы, Семей қаласының маслихаты болып есептеледі, ол 1994 жылы сайланды. Маслихат мынадай өкілеттіктерге ие:

- Қаланың әкімшілік-территориялық бөлінуін, ауыл әкімшілігін бекітуге;

- Салық, төлем салығын, баж салығын жинауға, оларды жинау тәртібін бекітуге;

- Қалалық бюджетті бекітуге олардың орындалуын қадағалауға;

- Бюджеттен тыс валюталық қор құру туралы шешім қабылдауға, оны іске асыру шараларын туралы есеп алуға;

- Табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, тарихи ескерткіштерді қорғауды бақылайды .

- Семей қаласының ттерриториясындағы заңдық актілерінің орындалуын қадағалап, заң бұзушыларға санкция белгілеу.

Маслихат құрамында 34 депутат бар. Маслихаттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін екі түрлі құрылым ұйымдастырылған: жұмысшы топтар мен комиссиялар.

Семей қаласының атқарушы органдарына қала әкімшілігі және салалық, территориялық басқару органдары кіреді. Олрадың қызметтері территориядағы әлеуметтік-эконномикалық процесстерді басқару болып есептеледі.



1997 жылғы Семей қаласының жергілікті бюджетінің құрамы және құрылымы.


Кірістер

Сомасы млн. теңге

Пайыздық көрсеткіштер


Салық түсімдері:

3377,9




Заңды тұлғалардың табыс салығы

397,2

9,5

Физикалық тұлғалардың табыс салығы

761,1

18,2


Заңды тұлғалардың иеліктеріне салынған салық

218,5

5,3

Физикалық тұлғалардың иеліктеріне салынған салық

15,9

0,4

Жер салығы

137,9

3,3

Көлік қатынастарының салығы

75,4

1,8

Қосымша құн салығы

1416,1

34,0

Акциздер

242,0

5,8

Суды пайдалағаны үшін төлем

4,3

0,1

Орманды пайдалағаны үшін төлем

1,1

0,03

Кәсіпкерлік және мамандық қызметерді лицензия берудегі төлем

107,9

2,6

Тағы басқа салық түрлері

0,5

0,01

Салықтық емес түсімдер

272,6

6,5

Арнайы трансферттік түсімдер

517,9

12,4

Барлығы

4168,4

100

Қалалық бюджетке

2590,5

62,1

Мемлекеттік бюджетке

1577,9

37,9

3.3. ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өзінің өкілеттілігіне байланысты жергілікті жерде тәтіп орнатады, ал осы территорияны мекендйтін халық азаматтар міндетті түрде осы тәртіпті сақтауы тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қабылдаған шешімі өздерінің тікелей қатысуымен немесе сот арқылы қайта қарастырылып, өзгеріс енгізілуі мүмкін. Ал жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз лауазымына сай емес шешім қабылдауы, сол территориядағы әкім немесе басқада өкілетті органдармен қайта өзгертуге құқылы. Сондықтан жергілікті жерде біріншіден белгілі бір өкілеттілігі бар сайланатын органдар «кеңес» құрылады. Олар мыналарға құқылы:

  • Жергілікті жердегі Жарғыны қабылдауға және өзгертуге құқылы;

  • Жергілікті жердегі төрағаның меншіктіпайдалану жөніндегі есебін талап етуге құқылы;

  • Коммерциялық ұйымдар құруға өз келісімін беруге;

  • Жергілікті құрылымды басқару кестесін қабылдауға;

  • Жергілікті құрылымды жою немесе қайта құру жөніндегі шешім қабылдауға құқылы;

Муниципалдық құрылымның талаптарының бірі өз Жарғысын қабылдау. Жергілікті құрылым типтік Жарңысын ҚР Үкметі бекітеді . Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл халықтық билікке негізделеді, жергілікті құрылым мәселелерін шешу үшін халықты ұйымдастырып, шешім қабылдауға мімкңндік береді. Жергілікті құрылымның заңдық негізін:

  • ҚР конститутциясы мен заңдары;

  • Жергілікті өзін-өзі басқару мәселерін реттеу туралы заң;

  • Жергілікті құрылымның Жарғысы құрайды;

Жергілікті құрылым өз шаруашылығын жүргізу үшін оның эконномикалық негізі болады, оларды:

  • Табиғи ресурстар (жер , қазба байлықтар , су , орман ,өсімдіктер мен жануарлар т.б.) құрайды .

  • Муниципалдық құрылым иелігіне кіретін жылжымалы және жылжымайтын меншіктер .

  • Мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқаруға басқада мелекеттік қызметті атқаруға берілген иеліктер құрайды .

Атқарушы, өкілетті және заң шығарушы қызметті рындау үшін халық сайланатын және тағы басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құрады , және оларды белгілі бір мәселелерді шешуге өкілеттілік береді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, сол муниципалдық құрылымның жарғысымен бекітіледі.

Қала, аудан және ауылдарда жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланатын органдары болып, сол қалалардағы, аудандардағы және ауылдардағы кеңес болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау арқылы жүзеге асыру соң заңды тұлға болып есептеледі .

Жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органы сол муниципалдық құрылымның әкімшілігі болып есептеледі. Жергілікті әкімшілік заңды тұлға болып есептеледі. Сондықтан ол мынадай құқықтарға ие:

- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, және өзіне тиесілі иелігі болады.

- Өз атынан жылжымайтын және жылжымалы иелік алуға, оны іске асыруға құқығы бар және міндетті .

- Сот кеңесінде айыптаушы және айыпталушы болуына .

- Банктік мекемелерде есептік және есептеу шеттарын ашуға, өзінің елтаңбалық мөрі, және басқада мөрлері болуына, штамп, бланктер қолдануға құқылы.

Муниципалдық әкімшілікті осы әкімшіліктің басшысы - әкім, өз өкілі арқылы басқарады. Әкімшіліктің басшысы (әкім) ең жоғары лауазымды тұлға, ол муниципалдық территорияда жергілікті өзін-өзі басқару қызметін жүзеге асырады. Жергілікті әкімшілікке әкімді сайлау ҚР конститутциясына сәйкес жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың басқару құрылымының кестесі:

Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының атқарушы органдарының ішінде коллегиялық әкімшілік үлкен рөл атқарады. Коллегиялық органдар – бұл консультатциялық кеңестік органдар, оларды жергілікті әкімшілік жанына орналастырады. Оның құрамына құрылымдық бөлімдердің басшылары және тағы басқа өкілдіктер кіреді. Олар ұзақ мерзімді және мақсатты жоспарларды, жергілікті жердегі мәселелерді талқылап шешуге араласады.


Қорытынды .


ҚР тәуелсіздік алғанына биыл міне 16 жыл болды. Осы кезеңнің ішінде біз көптеген қиыншылықтарға тап болдық, бірақ соған қарамастан көптеген жетістіктергеде жеттік. Заң жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық жүйеге өзгерістер енгізе отырып, өз бағытымызды бағдарымызды айқындадық. Енді біздің республикада басқару жүйесінеде өзгерістер енгізіп, жетілдіругеде кез келді.

Қазақстанның жер көлемі жағынан дүниежүзінің он алып елдерінің ішіне кіреді және муниципалдық құрылымдарды дұрыс орналастыруға өте қолайлы. Әр аймақ түрлі салаларға маманданған және жер қазба байлығыда аз емес. Сондықтан шетел тәжірибесін пайдалана отырып ҚР жергіліктіөзін-өзі басқаруды енгізу өте дұрыс шешім болады.

Шетелде әрбір муниципалдық құрылым әр салаға мамандаған. Мемлекет тек заңдық нормалардың орындалуын, азаматтар құқығының сақталуын ғана қадағалап бақылап отырады. Ал қалған шешімін таппай жатқан мәселелерді сол жергілікті жердің әкімшілігі шешеді. Олар сол жердегі экономикалық қаржылық және материалдық ресурстарын пайдалана отырып мемлекеттің және өз бюджеттеріне қаржы құяды. Көптеген шетел мемлекетерінің тәжірибесі көрсеткендей жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдану мемлекетке өте тиімді жағдай тудырады.

Басқару қызметі әрдайым жаңа дамуға кезеңдеріне ұшырады, енді ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу бұл заман талабы болып есептеледі. Қазіргі заманда басқару қызметі қоғамның дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі. Ол өндіріс, қоғамдық процесстерді экономиканы және территорияның әлеуметтік салаларын басқаруда ыңғайлы. Жергілікті өзін-өзі басқару – халыққа жақын орналастырылған. Жергілікті мәселелерді сол жерде шеу өте ыңғайлы және жергілікті жердегі шешімін таппай жатқан әлеуметтік мәселелерді: ауыз су мәселесі, халықты жұмыспен қамту, жәрдем ақы төлеу және тағы басқа мәселелерді сол муниципалдық құрылымдағы лауазымды тұлғалар өте жете түсініп шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Қазақстан Біріккен Сауда Ұйымына мүше болуға талпынуда. Мемлекет ішкі басқаруды жергілікті өзін-өзі басқару органдарына беріп, өзінің тек сыртқы мәселелермен толыққанды айналысуына мүмкіндік туады.

Мен Қазақстанға бастапқы кезеңде англосаксондық моделге жете назар аудару қажеттеп ойлаймын. Бұл модельдің ерекшелігі: үкіметтің өкілетті органдары белгілі бір территорияда жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруды қадағалап отырады. Әртүрлі министрліктер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүзеге асырып жатқан салалары бойынша әсер етеді. Мемлекет жергілікті бағдарламаларды орындау үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қаржылық нарық арқылыда әсер етеді. Оларға: субвенция , дотация тағы басқа жеңілдіктер жатады.

Қолданылған әдебиеттер:


1. С.К. Құрманбаев , Г.Н. Гамарник , О.С. Сұлтанов «Муниципальный менеджмент» Алматы, 2000 ж.

2. ҚР конститутциясы

3.Казахстанская правда газетінің «Система модернизация самоуправление » 13 желтоқсан 2006 ж.

4.В.Б. Зотов , З.М. Мақашев «Муниципальное управление» Мәскеу , 2004 ж.

5. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков «Эконмиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы, 2002ж.

6.«ҚР мемлекеттік қызмет туралы » заңы

7. Л.О. Демушкина «Государственное регулирование экономики» Астана, 2002ж.

8.Муниципальный менеджмент: Учебное пособие для вузов\Под ред. Т.Г.Морозовой.- М.,1997.

9. www.аkorda.kz.

10.www.enbek.kz.

11.www.minfin.kz.

12.А.А. Таранов «ҚР әкімшілік құқығы» Алматы , 2003ж.

13.Т.В. Грицюк «Государственное регулирование экономики» Мәскеу, 2004ж

14. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері» Алматы, 2005ж.



15. Н.О. Дулатбеков , Г.Х. Жұмабекова «Мемлекет және құық негіздері» Қарағанды , 1998ж.


1 - www.akorda.kz

2 - www.akorda.kz

3 - www.akorda.kz

4 - www.akorda.kz

5 - www.akorda.kz

6 Қазақстан Рeспубликасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545-1І ҚРЗ Кoнституциялық заңымен енгізілген өзгерістер

7 Қазақстан Рeспубликасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545-1І ҚРЗ Кoнституциялық заңымен енгізілген өзгерістер





Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет