«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу»



Дата05.07.2016
өлшемі122.67 Kb.
#179080


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «___» ___________

№ _____ бұйрығына



10-қосымша

«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер




  1. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

  3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

  1. көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он бес күнтізбелік күн.

  2. көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз жүзінде.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша бала асырап алуға үміткер болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және тез қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш;

  2. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

  3. жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;

  4. жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіптік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

  5. отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, балалардың (бар болса) туу туралы куәліктерінің көшірмесі);

  6. Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;

  7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша қылмыс жасағаны жөніндегі мәліметтердің бар немесе жоқтығы туралы анықтама;

  8. тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

сұраныстың нөмірі және қабылданған күні;

сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттар берілетін күні (уақыты) мен орны;

көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаған қызметкерінің аты, тегі, сондай-ақ болса әкесінің аты (бар болса);

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ болса әкесінің аты (бар болса) және оның байланыс телефондары.

Баланы тәрбиеге алуға үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісі жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін дайындалады.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

  1. көрсетілетін қызметті алушы кәмелетке толмаған тұлға болғанда;

  2. сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп танылғандар;

  3. сотпен ерлi-зайыптылардың біреуі әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп танылғандар;

  4. сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдар;

  5. өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлгендер;

  6. бала асырап алушылардың, олардың сот кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса;

  7. денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар;

  8. тұрақты тұрғылықты жері болмағандар;

  9. дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатындар;

  10. бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеген немесе алынбағандар;

  11. азаматтығы жоқ адамдар;

  12. анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар;

  13. асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;

  14. наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратындар.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не осы мемлекеттік қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.


  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық форматта көрсетілетін қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz.

  2. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрлік www.edu.gov.kz, қызмет көрсетуші: www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Бала асырап алуға тілек білдірген

адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан
(Астана және Алматы қалаларының,

аудандардың және облыстық маңызы

бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдары)

Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы


ҚОРЫТЫНДЫ

Т.А.Ә. (бар болғанда) (толық) ______________________________________________________

Туған күні: ______________________________________________________________________

Т.А.Ә. (бар болғанда) (толық) ______________________________________________________

Туған күні: ______________________________________________________________________

Мекенжайы (тұрғылықты жері, индексі) _____________________________________________

________________________________________________________________________________

Отбасының сипаттамасы (құрамы, некенің ұзақтығы (қайта некеде болған кезде бұрынғы некеден балаларының бар-жоғы көрсетілсін), балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі, отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, жақын туысқандардың бар-жоғы және олардың бала асырап алуға көзқарасы, бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық ерекшеліктері); ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алған кезде екіншісінің бала асырап алуға келісімінің бар екені көрсетілсін). _____________________________________________

________________________________________________________________________________

Білімі және кәсіптік қызметі _______________________________________________________

________________________________________________________________________________

Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы (денсаулығының жалпы жай-күйі, бала асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының болуы) _____________________________________________

Материалдық жағдайы (мүлкі, жалақысының мөлшері, табыстардың өзге түрлері) ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Бала асырап алуға себеп __________________________________________________________

Бала асырап алушылардың баланың кандидатурасы бойынша тілектері (жынысы, жасы, мінез-құлқы, түр-әлпетінің ерекшеліктері, бала асырап алуға үміткерлердің дамуында ауытқушылықтары бар баланы асырап алуға келісімі) _________________________________

________________________________________________________________________________

Азамат _________________________________________________________________________

(өтініш берушінің (берушілердің) Т.А.Ә. (бар болғанда)) бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болуының мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды ________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________ _________________________________________

          лауазымы, Т.А.Ә. (бар болғанда)                       күні, қолы

Мөрдің орны

«Бала асырап алуға тілек білдірген

адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан


Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын

үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау

АКТІСІ

Тексеріп-қарау жүргізілген күн ___________________________________________________



Тексеріп-қарауды жүргізген ______________________________________________________
                            (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың
_____________________________________________________________________________
       тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы, жұмыс орны)
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның мекенжайы және телефоны:______________________________________________________
_____________________________________________________________________________

Тексеріп-қарау мақсаты:________________________________________________________


                              (бала асырап алу)

      1. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың жалпы мінездемесі

Тегі ______________________________ аты________________________________________
әкесінің аты ______________________ туған күні___________________________________
жұмыс орны ________________________ лауазымы _________________________________
білімі ____________________________ азаматтығы _________________________________
Тегі ______________________________ аты _______________________________________
әкесінің аты ______________________ туған күні ___________________________________
жұмыс орны ________________________ лауазымы _________________________________
білімі ____________________________ азаматтығы _________________________________
Тұрғылықты жері______________________________________________________________
Некеде _________________________ _____________________________ бастап
            (тұрады, тұрмайды)      (неке тіркелген күн)
Күйеуінің бұдан бұрынғы некелері _________, ______________ аралығында
                                 (иә, жоқ)
Әйелінің бұдан бұрынғы некелері _________, _______________ аралығында
                                 (иә, жоқ)
Балалары _____________________________________________________________________
                              (бар, жоқ)

      Балалары туралы мәліметтер:


1) Тегі ____________________________ аты _______________________________________
әкесінің аты ________________________ туған күні _________________________________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек)
_____________________________________________________________________________
          (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері ______________________________________________________________
2) Тегі ____________________________ аты _______________________________________
әкесінің аты ________________________ туған күні _________________________________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек)
_____________________________________________________________________________
                (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері ______________________________________________________________
3) Тегі ____________________________ аты _______________________________________
әкесінің аты ________________________ туған күні ________________________________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке бөлек-бөлек)
_____________________________________________________________________________
      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________________

      2. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы


Жалпы ауданы ________ (шаршы м) тұрғылықты ауданы _________ (шаршы м)
Тұрғын бөлмелердің саны ______________________________________________________
Тіркелгендер_________________________________________________________________
                              (тұрақты, уақытша)
___________________________________________________ құқығымен тұрады
      (меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)
Үйдің, пәтердің тиесілілігі _____________________________________________________
                             (мемлекеттік, жеке)
Тұрғын үйдің жайлылығы______________________________________________________
                  (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
Санитариялық-гигиеналық жай-күйі _____________________________________________
                         (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер __________________________________________
____________________________________________________________________________

      Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Туыстық қатынастары

Жылдық табыс

      3. Биографиялық деректер (балалық шақта және жасөспірім кезеңдегі отбасы ахуалы, ата-анасымен, аға-інілерімен, апа-сіңлі-қарындастарымен, басқа туыстарымен қарым-қатынасы): ____________________________________________________________________________

4. Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар (отбасының бұрынғы ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы және қазіргі уақыттағы ахуалы, бала асырап алушылардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, бос уақытын өткізуі, дүниетанымы, дінге, тәрбиелеуге көзқарасы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы, жақын туыстарының бала асырап алуға көзқарасы) _____________________________________________________________________

5. Бала асырап алуға себеп: __________________________________
_____________________________________________________________________________
      6. Денсаулығының жай-күйі (бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтар денсаулығының жай-күйі туралы дәрігерлік қорытындыға сәйкес)
_____________________________________________________________________________

      7. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтар


      Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танымаған.
      Сот ата-ана құқығынан айырмаған және оны шектемеген.
      Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылар, қамқоршылар міндеттерінен шеттетілмеген.
      Егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушылар болып табылмайды.
      Қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ.

      _________________          __________________________________


           (қолы)                           (аты-жөні, тегі (бар болғанда))
      _________________
           (күні)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет