Бала өмірдегі ең басты құндылық Қош келдіңіздер



бет1/7
Дата08.12.2022
өлшемі4.51 Mb.
#466827
  1   2   3   4   5   6   7
Бала - өмірдегі ең басты құндылық!)

Бала өмірдегі ең басты құндылық




Қош келдіңіздер

Қош келдіңіздер

құрметті ата-аналар!

Мақсаты:

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Міндеттері:

- ата-аналарға ұсыныстар беру

- әр қатысушының өз рөлі мен міндеттерін сезіну

- сәттілік, бақыт, мейірімділік және жетістік күйлерін көтеру

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар!

Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.

Ата- ананың басты қуанышы- бала екендігін бәріміз білеміз..

Ең алдымен бұл өмірде бала - ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі екендігін ұмытпауымыз керек.

Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Барлығымызға белгілі - бала әр ата – ананың болашағы, өмірінің жалғасы. Біздер ата - аналар өз балаларымыздың тәрбиесі үшін ел алдында жауапты болып балаларымыздың парасатты, өнегелі, тәртіпті, инабатты,білімді азамат болып өсуіне қам жасауымыз керек. Балаларымыздың адал да мейірімді, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауына отбасы тәрбиесінің ықпалы өте зор.

Сондықтан біз, ата – аналар, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ екенін ұмытпауымыз керек.


Сонымен қатар, отбасының қоғамдағы мақсаты – ол баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.
Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни
6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
Бейнеролик «Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет