Балабақша. Тәрбие сағат: Сазды сырлы аспаптар Күні



Дата26.07.2023
өлшемі16.15 Kb.
#475824
Сазды сырлы аспаптар


Балабақша. Тәрбие сағат: Сазды сырлы аспаптар
Күні:15.02.2018ж
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Білім беру бөлімі: «Музыка»
Тақырыбы: «Сазды сырлы аспаптар»
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру және олардың дауысын ажырата білуге дағдыландыру.Балаларға аспап әуенін тыңдата отырып есте сақтау,есту қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтар:домбыра,қобыз,жетіген аспаптары,үн таспа,аспап суреттері. Сөздік жұмыс: Ішек-струны,тиек-защелка,қобыз-кобыз,ысқыш-смечок т.б. Әдіс тәсіл: Сұрақ-жауап,қимыл дауыс жаттығуы,ой қозғау стратегиясы. Көңілді әуенмен балалар ішке кіреді,үш қатарға тұрады. Сә-ле-мет-сің-дер-ме!(жетекші шапалақ ұрады) Сә-ле-мет-сіз-бе!(балалар шапалақ ұрады) Жетекші шаттық шеңберін құрғызып, «Марш» (Е.Андосов) әуеніне ілесіп аяқты нық басып,тізбектеліп шеңбер бойымен жеңіл жаттығулар жасатады.Орындарына отырғызады. Жетекші:Балалар бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Сазды сырлы аспаптар».Ал енді біз аспаптар туралы әңгімелесйік.Айтыңдаршы аспап дегеніміз не? 1-бала.Ол домбыра 2-бала.Асатаяқ 3-бала.Шаңқобыз Жетекші:Өте дұрыс.Аспап дегеніміз-ол зат.Ол затты біз тартамыз,бірге өлең айтамыз.Қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын. Дауысы бар үні жоқ Шертсең күйі әні көп Құлағын аз бұра. Бұл не? Балалар: Домбыра Жетекші: Ия жарайсыңдар «Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ –домбыра»дейміз.Аспапқа келсек бұрынғы заманда ата-бабаларымыз тастан,ағаштан,өсімдіктен,малдың терісінен,ішегінен,сүйегінен,қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып аспаптар жасаған.Қане қандай аспаптарды білеміз? 1-бала: Домбыра 2-бала: Қобыз 3-бала: Жетіген 4-бала: Сыбызғы Жетекші: Жарайсыңдар өткен сабақтарадан біраз аспаптарды біледі екенбіз.Енді суреттен кім біледі екен?(Аспап суреттерін көрсетеді) 1-бала: Асатаяқ 2-бала: Дауылпаз 3-бала: Домбыра 4-бала: Жетіген Жетекші: Жарайсыңдар ал енді сол аспаптың дауысын ажыратыңдаршы. Жетекші үнтаспадан домбыра,қобыз аспаптарының дауысын қояды.Балалар барлығы тауып бірге жауап береді. Ән тыңдау: «Қос алқа»(Дәулеткерейдің күйі) Әуенді қойып балалардың көзін жұмып тыңдауды ұсынады. Жетекші:Көздеріңе не елестеді? 1-бала: Домбыра тарттым. 2-бала:Ат шабысын Жетекші: Негізі бұл күйдің аты «Қос алқа» Дәулеткерей деген атамыз (суретін көрсетіп) Ақбала деген қызды суреттеген,-деп күй туралы мағлұмат береді. Жетекші:Балалар аспаптар ұрмалы(дауылпаз),үрмелі (сазсырнай), ыспалы(қобыз) болып бөлінеді екен.Соның ішіндегі қобыз ыспалы аспапқа жататын себебі оны ысқышпен ысып ойнайды.Мен сендерге қобыз аспабында «Қараторғай»деген шығарманы тартып берейін. Жетекші: Ал балалар сендерге ұнады ма? Балалар: Ия! Дауыс жаттығуы:(Сергіту сәті) Дағы-дағы-дың-дың Домбырада ойнаймыз Ішектерді қағамыз Пернелерді табамыз Домбыраны қолға алып Күйшілерше шертейік Бишілерше бұралып Дөңгелене билейік Ойын: «Аспапта ойнаймын». Шарты:Әр баланың қолында бір-бір аспаптың суреттері болады,сол аспапты қимылмен ойнап балаларға көрсетеді.Бұл жерде «Ой қозғау» стратегиясын пайдаланады. Жетекші: Бүгін біз түрлі аспаптарды білдік.Сол аспаптардың барлығын жинап ойнасақ қалай атаймыз? Балалар: ОРКЕСТР! Қимыл-дауыс жаттығуы:Ән «Оркестр» Балалар әуенге ілесе әр түрлі аспаптардың ойнау тәсілін көрсетіп,ән айтады. Қорытындылау: -Ал балалар бүгін не туралы сабақ өттік? -Аспаптар. -Жарайсыңдар,қандай аспаптар? -Домбыра,қобыз,жетіген. -Өте керемет,ал бүгінгі сабақ ұнады ма? -Ия! Жетекші жеке-жеке мадақтап ер балаларға ойларың жүйрік болсын деп асық таратады.Ал қыздарға жүзіктей әдемі болсын деп жүзік таратады. -Жарайсыңдар!Сендер барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар.Рахмет балалар!Қош сау болыңдар. Балалар көңілді әуенмен қоштасып шығып кетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет