Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету жөніндегі



Дата29.02.2016
өлшемі96.77 Kb.
#29639
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету жөніндегі

2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын

бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті 2012 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылау жүргізді.

«Балапан» бағдарламасының іске асырылуы толық қаржылық қамтамасыз етілу арқылы жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша жалпы сомасы 4 884,1 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар аңықталды, оның ішінде 402,2 млн.теңгесі бюджетке өтелуі тиіс. Сомасы 1 629,6 млн.теңге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар аңықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер еткені – 1 190,1 млн.теңге. Бақылау іс-шаралары барысында 65,9 млн.теңгесі бюджетке өтелді.

Бақылау арқылы облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім беру және құрылыс басқармалары, сондай-ақ бюджет қаражатын алушыларға (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары) қарсы бақылауға шығу арқылы қалалық және аудандық білім беру және құрылыс бөлімдері бақыланды.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру Жоспарына сәйкес республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша орындар енгізуді қамтамасыз ету үшін келесі бағыттар бойынша:

2010 жылы 89 723 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 8 549,5 млн.теңге және 2011 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен бұрын коммуналдық меншікке жекешелендірілген қалпына келтірілген, иелігіне берілген және сатып алынған балабақшалар, шағын орталықтар ашу, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік аясында орындар енгізу жолымен сомасы 12 133,6 млн.теңге болатын 68 777 орынға;

2010 жылы құрылысы басталған 10 940 орындық 39 мектепке дейінгі білім беру объектілерінің құрылысына 10 661,6 млн.теңге сомасындағы және 2011 жылы құрылысы басталған 15 460 орындық 56 объектіге 36 535,4 млн.теңге сомасындағы шығыстар қарастырылған.

«Балапан» бағдарламасы аясында тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Министрлік пен облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Келісімдер жасалған.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік тапсырысты іске асыруға 2010 жылы Министрлік арқылы облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне сомасы 8 549,5 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер аударылды. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар аударылған соманың 6 485,1 млн.теңгесін игерді, толық игерілмеу 2 064,4 млн.теңгені құрады.

2011 жылы Министрлік арқылы жергілікті атқарушы органдарға (2010 жылы енгізілген және 2011 жылы енгізілетін орындардың қызмет етуі үшін) сомасы 18 046,7 млн.теңге сомасындағы нысаналы трансферттер аударылды, бұл ретте іс жүзіндегі игеру – 17 681,0 млн.теңгені, толық игерілмеу – 365,7 млн.теңгені құрады.

Қаражаттың 2010 жылы толық игерілмеу себептері мемлекеттік тапсырысты орналастыру (балабақшалар мен шағын орталықтардың уақтылы ашылмауы) бойынша бірқатар іс-шаралардың орындалмауы болып табылады, соның салдарынан Министрлік 2010 жыл ішінде қаржыландыру жоспарына нақтылау жүргізбеген және сомасы 2 064,4 млн.теңге болатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік тапсырыстың игерілмеуіне жол берген.

Жергілікті атқарушы органдар арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен 2010 жылы жоспарды енгізу кезінде – 89 723 орын болса, іс жүзінде – 90 821 орын енгізілді.

2011 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен 2010 жылдан ауысатын орындарды ескере отырып енгізу жоспары – 158 500 орын болса, іс жүзінде – 194 271 орын енгізілді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 2010 және 2011 жылдарға қойылған мақсаттарға, тұтастай алғанда, республика бойынша қол жеткізілді.

Алайда облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлігіндегі қол жеткізілген нәтиже көрсеткіштерін талдау жекелеген өңірлер бойынша жоспарланғаннан аз нәтижеге қол жеткізу фактілері бар екенін көрсетті.

Мәселен, Астана қаласында 2011 жылы жоспар бойынша 9 370 орын енгізу болса, іс жүзінде 3 906 орын енгізілді, ол тек 41,7% құрайды, сонымен қатар трансферттердің 92,7% игерілді, яғни іс жүзінде қаражаттың толық игерілуі кезінде тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеуі 2 еседен астам, ол «Балапан» бағдарламасында қарастырылған мақсаттарға қол жеткізілмегендігін дәлелдейді.

Осыған ұқсас факт Солтүстік Қазақстан облысында анықталды, онда қаражаттың 96,6% игерілуі кезінде жоспар бойынша 2 722 орынның тек қана 2 292 орны енгізілді.

Пайдаланылған қаражатқа жүргізілген талдау арқылы Астана қаласында мемлекеттік балабақшалар бойынша бір жылдағы бір балаға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру құны 140,7 мың теңгеден 412,6 мың теңгеге дейін ауытқитындығы анықталды. ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 488 қаулысының талаптарына сәйкес бір балаға есептегендегі мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді пайдаланатын балалары үшін ата-анасының ең жоғарғы төлемінің мөлшері жыл сайын әкімнің шешімімен белгіленеді. Бұл жағдайда Астана қаласы әкімінің мұндай мөлшерді белгілемеу себебі бір балаға арналған жан басына шаққандағы қаржыландырудың бірыңғай мөлшері болмаған. Бұл ретте қаржыландыру ҚР бюджеттік заңнамасын бұза отырып балабақшалардың өз бюджеттік өтінімдеріне сәйкес жүргізілген.

Тексеру арқылы Министрлікке жергілікті атқарушы органдар ұсынатын есептілікте қайтадан енгізілген орындар бойынша мемлекеттік тапсырыс шарттарын жасағанға дейін балалар мекемесіне коммерциялық негізде барып жүрген балаларды да кіргізу фактілері анықталды. Мұндай фактілер Астана қаласында – 100 орын және Алматы облысында – 133 орын екендігі анықталды.

Бақылау жүргізу барысында мемлекеттік тапсырыс қаражатын артық төлеу фактілері анықталды, яғни төлем шартта көрсетілген жоспарланған балалар санына сәйкес жүргізілгендігі анықталды, негізінде төлем балалардың мектепке дейінгі ұйымдарда іс жүзінде болған күндері үшін жүргізілуі тиіс еді. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында - 11,0 млн.теңге сомаға, Қостанай облысында – 3,5 млн,теңгеге, Алматы облысында –74,4 млн.теңге, Қарағанды облысында - 51,5 млн.теңгеге және Ақтөбе облысында – 1,4 млн.теңгеге алшақтықтар анықталды.

«Лицензиялау туралы» ҚР Заңын бұза отырып, білім беру қызметін жүзеге асыру кезінде лицензиясыз қызмет көрсету фактілері анықталды, нәтижесінде мына облыстар бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға негізсіз қаражат аударылды: Солтүстік Қазақстан облысында - 72,4 млн.теңге, Маңғыстау облысында – 34,3 млн.теңге, Ақтөбе облысында – 53,8 млн.теңге, Алматы облысында – 10,7 млн.теңге.

Сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінген нысаналы трансферттердің қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында сомасы 46,1 млн.теңге болатын қаражат автокөлік құралдарын сатып алуға және білім беру бөлімдерінің салықтық берешегін өтеуге жұмсалған.

Осыған ұқсас жағдай Ақмола облысында аудандық мәслихаттар шешімдерімен сомасы 72,2 млн.теңге қаражат мектеп мұғалімдерінің жалақысын төлеуге жұмсалған, Шығыс Қазақстан облысында сомасы 47,6 млн.теңге екі мектепке дейінгі ұйымды ағымдағы жөндеуге жұмсалған, ондағы жөндеу жүргізілген бір шағын орталықта 15.11.2011 жылдан бастап аудандық сот орналасқан, ал екіншісі жұмыс істемейді.

Қызылорда облысында лицензия алуға арналған тиісті құжаттардың уақтылы ресімделмеуіне байланысты 01.01.2012 жылғы жағдай бойынша 10 шағын орталықтың ашылуы қамтамасыз етілмеген, бұл ретте 30,9 млн.теңге сомасындағы қаражат құрал-жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып алуға жұмсалған, олар бақылау кезінде пайдаланылмай тұрған.



Білім беру объектілерінің құрылысы мен оларды қайта құру үшін Министрлік арқылы 2010 жылы облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне дамытуға сомасы 19 055,2 млн.теңге нысаналы трансферттер аударылды. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар аударылған соманың 17 854,6 млн.теңгесін игерді, онда 66 мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы қаржыландырылды, оның ішінде 2010 жылы сомасы 12 794,9 млн.теңге болатын 46 мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы басталған, қалған 20 мектепке дейінгі мекеме алдыңғы кезеңдерден ауысқан объектілер болып табылады. 5400 орындық 19, оның ішінде Ақмола облысында – 3, Алматы облысында – 3, Батыс Қазақстанда – 1, Маңғыстауда – 2, Оңтүстік Қазақстанда – 2, Алматы қаласында – 2 және Астана қаласында - 6 мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді. Бұл ретте 2010 жылы 1 480 орындық 5 мектепке дейінгі мекеменің құрылысы басталды және аяқталды, қалған 3 920 орындық 14 объекті 2009-2010 жылдары басталған аяқталмаған құрылыс объектілері болып табылады.

2011 жылы жергілікті атқарушы органдарға сомасы 18 753,6 млн.теңге трансферт аударылды, іс жүзінде сомасы 17 670,4 млн.теңге игерілді және 77 мектепке дейінгі ұйымның құрылысы қаржыландырылды, оның ішінде 2011 жылы сомасы 10 728,8 млн.теңге болатын 42 мектепке дейінгі ұйымның құрылысы басталған, қалған 35 мектепке дейінгі мекеме алдыңғы кезеңдерден ауысқан объектілер болып табылады. 12 500 орындық 48, оның ішінде Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 2, Шығыс Қазақстанда – 3, Жамбыл облысында – 2, Батыс Қазақстанда – 3, Оңтүстік Қазақстанда – 15, Қарағанды облысында – 2, Қызылорда облысында – 4, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Алматы қаласында – 4 және Астана қаласында - 6 мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді.

Бұл ретте 2011 жылы 2 660 орындық 12 мектепке дейінгі мекеменің құрылысы 2011 жылы басталғанын және аяқталғанын атап өту қажет, қалған 9 840 орындық 36 объекті 2009-2010 жылдары басталған аяқталмаған құрылыс объектілері болып табылады.

Аталған бағдарлама бойынша қаражаттың игерілмеуі 2010 жылы – 1 200,6 млн.теңгені, 2011 жылы – 1 083,2 млн.теңгені құрады.

Қаражаттың төмен игерілу себептері мердігерлердің шарттық міндеттемелерін орындамауы, яғни құрылыс-монтаж жұмыстары кестесінен қалуы, сондай-ақ конкурс рәсімдерін өткізу мерзімдерін кешіктіруі және жергілікті атқарушы органдардың ЖСҚ-ға негізсіз түзетулер енгізуі болып табылады.

Стратегиялық жоспарда жоспарланған бюджет бағдарламасының сандық және нәтижелілік көрсеткіштеріне мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы есебінен қол жеткізілмеді.

Мәселен, 2010 жылы 30 мектепке дейінгі ұйымды пайдалануға беру жоспары кезінде іс жүзінде 19 мектепке дейінгі ұйым берілді, соған байланысты жоспар кезіндегі 3,2 % қажеттіліктің қысқаруы 2% құрады.

2011 жылы 54 мектепке дейінгі ұйымды пайдалануға беру жоспары кезінде 48 мектепке дейінгі ұйым берілді, яғни жоспар кезіндегі 5,6 % қажеттіліктің қысқаруы 4% құрайды.

Мектепке дейінгі мекемелердегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру және жаңа балабақшаларды салу жолымен қосымша орындарды пайдалануға беру бойынша қабылданған шараларға қарамастан 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша балалардың мектепке дейінгі ұйымдарындағы кезектілік 2011 жылмен салыстырғанда 296 745 баладан 362 679 балаға дейін өсті, ол 122,5 % құрайды.

Мектепке дейінгі білім беру объектілерінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалануды бақылау арқылы бюджеттік заңнама мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бірқатар бұзушылықтары анықталды.

Мәселен, Астана қаласы Құрылыс басқармасын бақылау арқылы конкурс қорытындысына әсер еткен сомасы 457,4 млн.теңге болатын мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды («Астана қаласындағы Қорғалжың тас жолынан оңтүстікке қарай 240 орындық балабақша құрылысы» жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс, мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы «Мейір-М» ЖШС, ұсыну негізінде конкурс қорытындысы күшін жойды).

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен ҚР Үкіметі 20.10.2010 жылы өткізген №11-5/007-896,07-83 кеңесінің хаттамасы арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп бір апта мерзім ішінде денсаулық сақтау объектілері, мектептер және балабақшалар бойынша санитарлық ережелер мен нормаларға (СанЕменН) өзгерістер енгізу, оны ҚР Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз ету және ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігіне бекітуге ұсыну тапсырылғандығын атап айту қажет.

Алайда бүгінгі күнге дейін ҚР Үкіметінің тапсырмасы орындалмады, жаңа нормативтер бекітілмеді.

Бұдан өзге ЖСҚ әзірлеушілер технологиялық құрал-жабдықтардың тізбесін өздігінен белгілейді, ол ҚР Білім және ғылым министрінің 25.12.2009 жылғы бұйрығымен бекітілген ҚР қолданыстағы және салынып жатқан (пайдалануға жаңадан беріліп жатқан) мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің құрал-жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылу нормасына сәйкес келмейді.

Павлодар облысында мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысын жүргізгенге дейін бюджет қаражатын оңтайландыру мақсатында жоғарыда аталған тапсырмаға сәйкес алаңдарды қысқарту есебінен сомасы 35,3 млн.теңге болатын ЖСҚ түзету енгізілген, алайда бүгінгі күнге дейін құрылыс оңтайландыруды есепке алмай жүргізілуде.

Осы саладағы алаңдарды қысқартуға қарамастан 3 құрылыс объектісі бойынша ЖСҚ-дағы сметалық құны 39,3 млн.теңгеге артқан.

Алматы облысында шарттық міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін мердігерлерге сомасы 1,1 млн.теңге болатын айыппұл санкциялары есептелген, оларды бюджетке өтеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, Солтүстік Қазақстан облысында және Алматы қаласында сомасы 0,7 млн.теңге және сәйкесінше 2,1 млн.теңге болатын айыппұл санкциялары есептелген және өтелген.

Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысын жүргізу кезінде орындалмаған жұмыстар көлеміне төлем жүргізу фактілері келесі облыстар бойынша анықталды: Павлодар – 0,5 млн.теңге, Жамбыл – 6,2 млн.теңге, Оңтүстік Қазақстан – 17,7 млн.теңге, Ақмола - 95,8 млн.теңге, Шығыс Қазақстан – 23,8 млн.теңге және Ақтөбе облысында – 0,8 млн.теңге.

Қызылорда облысында пайдалануға берілген технологиялық құрал-жабдықтар мен мүліктің бар-жоқтығын тексеру кезінде сомасы 2,7 млн.теңге жетіспеушілік анықталды.

Алматы қаласында бақылау өлшеуі барысында жұмыстардың сапасыз орындалуы фактілері анықталды, яғни сомасы 79,1 млн.теңге болатын жойылатын құрылыс ақаулары анықталды.

Оңтүстік Қазақстан облысында пайдалануға қабылданған екі мектепке дейінгі білім беру объектісінде ЖСҚ қарастырылған 31,5 млн.теңгенің технологиялық құрал-жабдықтарының болмауы фактісі анықталды, осыған байланысты аталған объектілер жұмыс істемейді.

Процессуалдық шешім қабылдау үшін жалпы сомасы 5 811,6 млн.теңге болатын 144 бақылау материалы құқық қорғау органдарына тапсырылды. Тәртіптік жауапкершілікке 311 лауазымды тұлға тартылды. 14 лауазымды тұлғаға қатысты 11 бақылау материалы бойынша әкімшілік шаралар қабылданды, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 2,2 млн.теңгені құрайды, бюджет кірісіне 0,9 млн.теңге өндірілді.



Бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнаманы бұзушылықтарға жол берген бақылау объектілеріне бұзушылықтарды жою бөлігінде тиісті ықпал ету шаралары жіберілді.

__________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет