Басшылықтың 2014 жылдың қорытындылары бойынша есебі



бет1/4
Дата04.03.2016
өлшемі329 Kb.
#38122
  1   2   3   4
Басшылықтың 2014 жылдың қорытындылары бойынша есебі

Бүгінгі күні Қоғам, халықаралық энергия теңгеріміне сәтті кіріккен, тиімділігі жоғары энергиямен жабдықтау жүйесін қалыптастыратын, сондай-ақ Қазақстанның барлық саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ірі көпсалалы энергетикалық холдинг болып табылады.

Қоғамның электр энергетикасы мен көмір өндіру саласындағы 2014 жылғы жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Төменде электр энергетикасы мен көмір өндіру саласына жасалған шолу ұсынылған.

  1. ҚР электр энергиясы нарығы


Қазақстан Республикасында 2014 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру 93 935,2 млн.кВт.с. құрады, бұл 2013 жылдың қорытындысынан 2,1 % артық, станса типтері бойынша электр энергиясын өндіру көрсеткіштері:

Электр энергиясын өндіру, млн кВтс

2013

2014

2013 қарағанда 2014

%

ЖЭС

77 622,0

78 772,9

1 150,9

101,5

ГЭС

7 701,0

8 235,8

534,8

106,9

ГЖЭС

6 645,8

6 915,9

270,1

104,1

ЖЭС

3,1

9,4

6,3

303,2

КЭС

0,8

1,2

0,4

150,0

Барлығы

91 972,7

93 935,2

1 962,5

102,1

ҚР электр энергиясы географиялық жағынан үш аймаққа бөлінген:

Солтүстік аймақ – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы. Солтүстік аймақта ҚР-ғы барлық электр энергиясының 77 % өндіріледі. Солтүстік аймақта негізгі көмір өндіру кен орындары мен су-энергетикалық ресурстар орналасқан.

Осыған орай, солтүстік аймақта электр энергиясын өндіру құны да анағұрлым төмен. Артық электр энергиясы энергия жетіспейтін оңтүстік аймаққа жіберіліп және Ресей Федерациясына экспортталады.

Оңтүстік аймақ – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы. Электр энергиясының жетіспеушілігімен сипатталады. Дефицит солтүстік аймақтан және жартылай Орталық Азияның БЭЖ-нен энергия жеткізу есебінен жабылады.

Батыс аймақ – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары. Көмірсутегі шикізатының едәуір қоры бар. Осыған қарамастан, бұл аймақ та энергия жетіспеушілігімен сипатталатындықтан, дефицит Ресей Федерациясынан жеткізу есебінен жабылады.

Соңғы кезде ірі өнеркәсіптік холдингтер құрамына кіретін компаниялар «Самұрық-Энерго» Тобының кәсіпорындарына бәсекелестік тудыруда. Бұған мына екі фактор айтарлықтай ықпал етуде:



        1. Өндірістік топтардың өздерінде өнім өндірудің азайып кетуі және ҚР ішкі нарығында сатуға арналған артық электр энергиясының пайда болуы.

        2. Бәсекелестердегі электр энергиясының анағұрлым төмен бағасы, өйткені олар әлемдік нарықтағы негізгі өнімнің (негізінен металдар) бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, электр энергиясының бағасын төмен деңгейде ұстап тұруға мүдделі.

ҚР электр энергетикасы нарығындағы бәсекелестік орта

Электр энергиясының 2014 жылғы толайым нарығындағы мына энергия өндіруші ұйымдар анағұрлым ірі бәсекелестер болып табылады:



Бәсекелес компаниялар

2014 ж.өндірілген электр энергиясы көлемі

Млн кВтс

ҚР-де өндірілген өнімнен %

«Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ

16 401

17,5 %

Қарағанды ГРЭС-2 (KazakhmysEnergy)

4 604,5

5 %

«Қарағанды Энергия ортлығы» ЖШС

3 519,3

3,7 %

«СолтҚазЭнерго» АҚ

2 732,7

3 %


ҚР көмір өндіру нарығы


Көмір өнеркәсібі Қазақстан Республикасының аса маңызды ресурстық салаларының бірі болып табылады. Отын генерациясының ағымдағы құрылымында көмір шартты отынды жинақтық тұтынудың тонналық көрсеткішіндегі негізгі үлес - 74 % құрайды. Қазақстанда көмір өнеркәсібінің барлық негізгі сегменттері бар, алайда энергетикалық көмірді алу мен тұтыну айырықша дамыған. 2013 жылғы жағдайға қарағанда, Қазақстан Республикасы көмір қорының дәлелденген көлемі жағынан әлемде жетінші орында тұр.

Энергетикалық көмір алу құрылымында қоңыр және ұзын жалынды көмірдің үлесі артып – 2008 жылғы 20 %-тен 2012 жылы 27 % жетті. Энергетикалық көмір алу көлемінің артуы арқасында Қазақстан көмір өндіру жағынан әлемде оныншы орынға ие.

Қазақстандағы энергетикалық көмір нарығы салыстырмалы түрде фрагменттелген – жалпы өнімнің шамамен 40%-ін қамтамасыз ететін ірі ойыншы «Богатырь Көмір» ЖШС-і, жалпы өнімнің 30 % дейін өндіретін «ENRC» компаниясы («Шығыс», «Шұбаркөл Көмір» кен орындары), одан кейін «Қазақмыс» (8 %), «Қаражыра» (6 %), «Ангренсор Энерго» (5 %) және басқалары.

Өндірілетін энергетикалық көмірдің басым бөлігі Қазақстан Республикасы электр энергетикалық саласының қажеттіліктері мен экспортқа (тиісінше 51 % және 31 %) жұмсалса, қалғаны – халықтың коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктеріне (тиісінше 13 % және 5 %) жұмсалады.



"Самұрық-Энерго" АҚ тобының өндірістік көрсеткіштері (өндірушілер бойынша)

ЕТҰ атауы

Факт 2012

Факт 2013

Факт 2014

2013 қарағанда 2014 %

Болжам

2015

Болжам

2016

Электр энергиясын өндіру көлемі, млн.кВт.с

"АлЭС" АҚ

5 311

5 228

5 036

96%

5 022

5 020

"Ақтөбе ЖЭО" АҚ

631

628

667

106%

786

 

"Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС

2 890

13 492

14 096

104%

11 175

12 596

«Екібастұз 2-МАЭС стансасы» АҚ

6 134

6 280

4 755

76%

4 790

5 104

«ЖМАЭС» АҚ

1 378

1 595

2 521

158%

1 009

 

«Шардара ГЭС» АҚ

569

465

565

122%

397

384

"Мойнақ ГЭС" АҚ

504

899

577

64%

861

906

"Samruk-Green Energy" ЖШС

 

 

0,4

 

4

4

«Бірінші жел электр стансасы" ЖШС

 

 

 

 

108

172

Барлығы

17 418

28 587

28 216

99%

24 152

24 186

Электр энергиясын өндіру көлемі, млн.кВт.с

"АЖК" АҚ

5 917

5 818

6 235

107%

6 546

6 685

«ШҚ АЭК» АҚ

-

3 443

3 391

98%

3 605

 

«МАЭК» АҚ

2 478

2 598

2 718

105%

2 551

 

Барлығы

8 395

11 859

12 344

104%

12 702

6 685

Электр энергиясын өндіру көлемі, млн.кВт.с

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

5 626

5 556

5 946

107%

6 199

6 401,21

"Шыгысэнерготрейд" ЖШС

 

2 577

2 659

103%

2 760

 

Барлығы

5 626

8 133

8 605

106%

8 958

6 401

Жылу энергиясын өндіру көлемі, тыс.Гкал

"Алматы электр стансасы" АҚ

5 532

4 960

5 580

113%

5 203

5 621,51

"Ақтөбе ЖЭО"

1 835

1 760

1 868

106%

1 780

 

«Екібастұз 2-МАЭС стансасы» АҚ

71

63

103

165%

76

76

«ЖМАЭС» АҚ

32

10

10

94%

8

 

Барлығы:

7 471

6 792

7 561

111%

7 067

5 698

Көмір өндіру көлемі, млн.тонна

44

42

38

91%

37

39


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет