Баяндама тақырыбы: «Ұстаздық мамандықтың қоғамдық келбеті мен мәртебесін арттыру»



Дата08.07.2016
өлшемі34 Kb.
#185863
Баяндама тақырыбы: «Ұстаздық мамандықтың қоғамдық келбеті мен мәртебесін арттыру».
Педагогика ғылымының докторы,

профессор Шалғынбаева Қадиша

Қадырқызы.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының меңгерушісі
2011 жылдың 12- қыркүйегінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың ұйымдастыруымен, 2011 жылдың 26 тамызында Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында өткізілген «Отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбындағы тұңғыш Республикалық педагогикалық форумына қатысты өзекті мәселелерге талдау жасауды көздеп, арнайы «Қоғамның әлеуметтік мәдени модернизациясы контекстіндегі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін инновациялық дамыту» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырып Гуманитарлық колледж оқытушыларымен пікір алысып, ой бөлістік.

Өйткені, бұндай өте маңызды іс-шараның ұйымдастырылуы, әсіресе Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20-жыл толуы қарсаңында өткізіліп отырғаны. Ұлтымыздың көшбасшысы, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанндық ұстаздар қауымына көрсеткен құрметі және мемлекет саясатының өзекті мәселесі деп білеміз.

Себебі, еліміздің ертеңі заман талабына сай креативті әрі инновациялық көзқарас негізінде тәрбиеленген, зияткерлік технологияларды қолдану арқылы жан-жақты дамуды көздеген, бүгінгі күннің жаңа білімімен сусындаған жастарынан басталады. «Жастар болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір жас жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет.

Ал ол, өз кезегінде, ұстаздар қауымдастығының терең педагогикалық білімі мен шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Алайда, бүгінгі таңда, ұстаздарға деген ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдағы құрмет, оның еңбегін бағалау мәселелері жеткіліксіздеу болып отыр. Тіптен олардың кәсіби-педагогикалық икемділіктерін қалыптастырып жетілдіру жұмыстарына сапалық серпіліс жасаудың қажеттілігі туындап, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беру, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауы кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Сондай-ақ, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемділік, динамикалық және т.б. іскерліктерді меңгерген интегративті сапаны педагогикалық мамандықта пайдалануға да баса назар аудару қажеттілігі де туындауда.

Демек, ұстаздар, яғни «жаңа формация педагогы» - бәсекелестікке қабілетті, өзінің табысты іс-әрекеттерін тұтас педагогикалық үдерісте жүзеге асыра алатын, гуманистік бағыттылығы қалыптасқан, рухани-адамгершілігі мол, кәсіби құзіретті, толерантты, креативті тұлға болуы тиіс. Өйткені, бүгінгі қоғамдағы білім берудің барлық жүйесінің жетекші звеносы – ұстаз.

Осыған орай, Республикалық педагогикалық форумда ұстаздық мамандықтың қоғамдағы келбетін, мәртебесін, шығармашылық интеллектісін көтеруге байланысты бірқатар міндеттерді шешудің жолдары белгіленді. Ондағы негізгі мақсат мұғалімдердің жаңа сапасын қалыптастыру, олардың білімін жетілдіру. Осы мақсатта Назарбаев интеллектуальды мектептерінің жанында педагогикалық шеберлікті жетілдіру орталығы құрылғандығы белгілі болды. Себебі онда оқытудың жаңа технологияларын меңгерген үздік педагогтар құрамы шоғырланған. Сонымен қатар педагогтар біліктілігін жетілдіру үшін Ұлттық орталықтардың жаңа құрылымын құрастыруда қарастырылып отырғаны және Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде жаңа формация педагогының біліктілігін жетілдіру де алдыңғы қатардағы міндеттердің біріне айналып тәжірибеге енгізілуде. Осы мақсатта әлемдік тәжірибемен сәйкестендірілген ұстаздардың білімін жетілдірудің арнайы үш айдың көлеміндегі қайта даярлануына мүмкіндік жасалуда. Соның нәтижесінде оларға 1-ші, 2-ші.3-ші деген жаңа деңгейдегі сертификаттар тапсырылады. Бұл әрине олардың еңбек ақысын көтеруге септігін тигізеді. Өздеріңізге белгілі мұғалімдердің еңбек ақысы 1 июльден бастап 30%- ға көтерілгені және оның Мемлекеттік бағдарламада қарастырылып 2015 жылы үш есеге дейін көтерілетіні атап өтілген.



Сондай-ақ, педагогикалық мамандықтың қоғамдық келбетін, мәртебесін, үздік мұғалімдердің, педагогикалық шеберліктері бойынша байқауларының, ата-аналармен, жұмыс берушілермен және т.б., қоғамдық мекемелердің өзара байланыстағы жетістіктерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүйелі түрде жетілдіру үшін шетелдік мамандардың қатынасуымен мақсатты келбеттік бағдарлама да даярланғаны белгілі болды. ҚР-ң Білім және Ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың ұсынысы бойынша Республиканың алдыңғы қатарлы, жетекші ұстаздары туралы мәліметтер жаряланған Интернет-құралын шығару көзделуде.

Сонымен, менің ойымша Мемлекет басшысының қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұндай игілікті бастамалар бүгінгі қоғамдағы ұстаздық мамандықтың ролін, келбетін, мәртебесін өсіруге үлкен септігін тигізері сөзсіз деп санаймын және мен сіздерді осы Қазақстандық қоғамдағы мұғалімге деген құрметті қарым- қатынасты қалыптастыруға, оны ары қарай жетілдіруге ат салысуға шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет