Баяндама тақырып: “техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері” орындағАН: Әбдрақым м. Т топ: см 20 9К1



бет1/2
Дата07.10.2022
өлшемі23.07 Kb.
#462172
  1   2
БАЯНДАМА см20 9К1 Әбдрақым Марат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

БАЯНДАМА
ТАҚЫРЫП: “ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ”
ОРЫНДАҒАН: ӘБДРАҚЫМ М.Т
ТОП: СМ 20 9К1
ҚАБЫЛДАҒАН: КЕРИМБЕКОВА З.М
Техникалық реттеу - Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңда белгіленген болатын. Содан 1999 жылы қайта қаралып ҚР-ның «Стандарттау туралы» жаңа заңы қабылданды. Бұл заңға 2003 жылдың 10 маусымында өзгерістер, толықтырулар енгізілді. 2004 жылы Қазақстан Республикасындағы нарық реформасына байланысты 9 қарашада №603-11 мен «Техникалық реттеу туралы» заңы қабылданды.
Бұл заң стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестіріп, МСЖ-нің құқықтық негіздерін анықтады. Сондай-ақ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, қолдану арқылы өнім, үрдіс және қызмет сапалы мәселелерінде мемлекет пен тұтынушылар мүддесін қорғау шараларын жүзеге асырады.
Заңның негізгі мақсаты өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. Заң 7 тараудан 45 баптан тұрады.
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері:
1. өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
3.өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын-алу;
4. саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5. өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Техникалық реттеу:
1. мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

2. біріңғай терминологияны, өнімге көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану,


3. техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімді болу, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекетпен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;


4. отандық және импортталған өнімге көрсетілетін қызметке және оларды белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы;
5. техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын басым пайдалануы,
6. техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекеттік экономикасының дамуы оның материалдық-техникалық базасы деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі;
7. стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерікті түрде таңдау,
8. сәйкестікті растаудың біріңғай жүйесі мен ережелері;
9. бір органның аккредиттеу және сәйкестігін растау жөніндегі өкілеттіліктерді қоса атқаруын болдырмау;
10. бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;
11. сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан, сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіздігі;
12. сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестіктің шектелуін болдырмау принциптеріне негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет