Базарбай Ерасыл сроп2 «Қазақстан Республикасында ауа ортасының ластану көздері»



Pdf көрінісі
Дата01.11.2022
өлшемі0.81 Mb.
#463725
Базарбай Ерасыл СРОП2 «Қазақстан Республикасында ауа ортасының ластану көздері»



Қазақстан-Ресей 
Медициналық Университеті
Казахстанско-Российский 
Медицинский Университет
ҚАЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУА 
ОРТАСЫНЫҢ ЛАСТАНУ 
КӨЗДЕРІ
Базарбай Ерасыл 304Б


ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстан қалаларындағы атмосфералық
ластану
2. Динамикалық бақылау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ
Қазіргі кезде тұрғындар денсаулығын сақтау және нығайту көп жағдайда 
қоршаған ортадағы нысандардың сапасына да байланысты екендігі мәлім. 
Адамның тіршілік ететін ортасының жағдайын жақсарту қазіргі уақытта 
дамыған қоғамның алдыңғы қатарлы міндеттерінің біріне жатады. Қоршаған 
ортаның ластануы ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендеуіне әкеп соғады, ал 
бұл өз кезегінде ағзада әртүрлі патологиялық жағдайлардың дамуына ықпал 
жасайды. Қазіргі уақытта өндіріс орындарына энергетика және автокөліктерге 
таза қалдықсыз технологияның енгізілгендігіне қарамастан, ластанған ауа 
әлемдегі барлық адамдардың денсаулығы үшін қатерлі болып табылады. 
Көптеген зерттеушілер атмосфералық ауа және оның құрамындағы 
ластағыштар урбанизацияланған аймақтарда тұратын тұрғындардың 
денсаулығына жоғары деңгейде қауіп-қатер туғызатын «бірінші Дәрежелі 
фактор» деп бағалайды


Қазіргі кезде кез келген елді мекендердегі ауа бассейіні жүздеген 
химиялық заттардың түрімен ластанған бұлардың деңгейі шекті деңгейден 
әлдеқайда жоғары ал оның ағзаға тигізетін қосалқы әсерлері өте жоғары 
болып отыр.Барлық тұрғылықты мекендердегі атмосфералық ауаның, ҚР 
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Экологиялық мониторинг 
Департаментінің ресми, мәліметтері бойынша алынған атмосфераның 
ластану индексі кешенінің көрсеткіштері бойынша,бағаланады. 
Республиканың ластанған қалаларына 12 қала кіреді, соның ішінде ауаның 
жоғары деңгейде ластанған қалаларына 8 қала (Алматы, Шымкент, 
Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) кіреді.



Қазақстан Республикасы қалаларының ауа бассейінінің ластануына 
жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша ең жоғары ластанудеңгейі 
Алматы қаласында байқалды, Қазақстан қалаларының атмосфералық 
ауасының ластану деңгейі бойынша динамикасын талдау барысында 
мынадай нәтижені көрсетті өткен 2009 жылға қарағанда 2010 жылы 
Алматы, Ақтөбе, Өскемен, қалаларында (атмосфераның ластану индексі) 
төмендегендігі байқалса ал Шымкент, Теміртау, Астана, Қызылорда 
қалаларында ол керісінше жоғарылады. Ал, қалған Тараз, Қарағанды, 
Атырау, Риддер, Жезқазған, Петропавл, Қостанай, Семей, Ақтау, 
Павлодар, Глубокое, ауылы, Балқаш, Екібастұз, Талдықорған, Көкшетау, 
қалаларында өзгеру үрдісі байқалмады,


Көптеген қалаларда ауаның ластану индексінің құрамына ауадағы 
қалқыған шаң бөлшектерінің үлесі басқа да зерттелініп отырған 
бөлшектермен (Атырау қаласында 45%, ал Астана қаласында 65% дейін) 
салыстырғанда жоғары болды. Осыған байланысты, біз ҚР 
қалаларындағы қалқыған бөлшектердің жиынтық концентрацияларын 
бағалау қажет деп есептейміз. Жалпы қалқыған заттар (шаң) жөніндегі 
мәліметтер «ҚР қоршаған орта жағдайы жөнінде», РГП «Қазгидромет» 
жыл сайынғы ақпараттық бюллетеньдерінен алынған. 2-нші суретте 
көрсетілгендей Тараз бен Павлодар қалаларынан басқа зерттелінген 
қалаларда қалқыған заттардың орта жылдық концентрациялары соңғы үш 
жылда шекті деңгейден асып кетті.


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚР зерттелінген қалаларының басым бөлігінде қалқыған бөлшектердің жиынтық 
мөлшерлерінің деңгейі бойынша жалпы жағдай атмосфераның ластану индексіне 
байланысты қолайсыз деп есептеледі.

Алматы, Астана, Жезқазған және Атырау қалаларының ауа бассейіндерінің ұсақ 
дисперсті шаң фракцияларымен ластану деңгейі жоғары екендігі анықталды.

Осы нұсқалған қалалардағы анықталған аэрогенді жүктемелер шаң фракцияларының 
қауіптілік коэфициенттерінің есептелген көрсеткіштерімен дәлелденген, тұрғындар 
денсаулығы үшін канцерогенді емес әсерлердің қаупі жоғары екендігін көрсетеді.

Қауіп-қатерді бағалау нәтижелері, тұрғындардың денсаулығындағы қолайсыз 
өзгерістерді болжамдау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады және қауіп-қатерді басқару 
бойынша шаралар мен ұсыныстарды дайындау үшін сілтеме бола алады.


ӘДЕБИЕТТЕР

Салихова Л.Р. Оценка риска для здоровья населения, проживающего 
в зоне возможного влияния объектов оренбургского газохимического 
комплекса / Л.А. Перминова, А.А. Неплохов, О.Ю. Корнева, В.М. 
Боев // Сб. материалов Всероссийской научно – практической 
конференции «Инновационные технологии обеспечения безопасности 
питания и окружающей среды». – Оренбург. – 2007. – 338-341 б.

Онищенко Г.Г., Новиков С.М., Рахманин Ю.А., Авалиани С.Л., 
Буштуева К.А


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет