Бекітемін қҒӘО директоры Ж. Мухамбетова 2013 жыл



Дата01.07.2016
өлшемі90.36 Kb.
#170417
БЕКІТЕМІН

ҚҒӘО директоры

______ Ж.Мухамбетова

«___» ________2013 жыл


2013 жылғы «Үздік класс жетекшісі»

класс жетекшілер кәсіби шеберлігінің қалалық байқауын өткізу

Е Р Е Ж Е С І

І. Жалпы ережелер

1. Бұл Ереже 2012-2013 оқу жылында «Үздік класс жетекшісі» класс жетекшілер кәсіби шеберлігінің қалалық байқауын ұйымдастырып, өткізудің тәртібін анықтайды.

2. Байқау шығармашылықпен жұмысын ұйымдастыратын класс жетекшілерді анықтау, қала мектептеріндегі тәрбие жұмысы деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

3. Байқау міндеттері:

- құзіретті, білікті класс жетекшілерін анықтау;

- кәсіптік шеберлігін арттыру, класс жетекшілердің кәсіби өсуін ынталандыру, кәсіби қалыптасуына жағдай жасау;

- класс жетекшілердің іс-тәжірибесін қорыту және тарату, тәрбиенің жаңашыл тәжірибесін, педагогикалық идеяларды анықтау.

2. Байқауды ұйымдастырушылар және қатысушылар

1. Байқаудың ұйымдастырушылары Ақтөбе қаласының «Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығы» және Ақтөбе қалалық білім беру саласы қызметкерлері кәсіподақ комитеті.

2. Белгілі мектепте класс жетекшісі ретінде кемінде 3 жыл қызмет атқарған, мектепішілік байқау жеңімпазы (әр мектептен 1 қатысушы) байқаудың қатысушысы бола алады.

3. Байқауды ұйымдастыру комитеті

1. Байқауды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті (бұда әрі - ұйымкомитет) іске асырады. Ұйымкомитет құрамы ұйымдастырушылармен бекітіледі (№ 1 қосымша).

2. Ұйымкомитет қызметі:

- әр тур бойынша байқаудың өткізілу кезеңін анықтау;

- байқауға қатысушыларды тіркеу, портфолиоларды жинау және сараптау;

- 2 турда бағалау өлшемдерін анықтау.



4. Байқауды өткізу тәртібі

1. Байқауға әр мектептен бір қатысушы жіберіледі. Егер мектеп байқауының жеңімпазы белгілі бір себептермен қатыса алмаса, оның орнына мектептен екінші орын алған класс жетекшісі қатыса алады.

2. Байқау екі турда өткізіледі:

- 1 тур – сырттай, байқау материалдары – портфолио және «Мен және менің класым» атты бейнефильмді (5 мин.) қарау негізінде іске асырылады. Мектеп байқау жеңімпаздарының байқау материалдарын сараптау 30.01.-05.02.2013 жылы өткізіледі.

- 2 тур – байқау, байқау қазылары алқасы алдында қатысушылардың шеберлігін көрсету түрінде іске асырылады – 14 – 15.02.2013 ж.

3. Класс жетекшісі портфолиосын бағалау өлшемдері:

- тәрбие қызметінің мақсаты, міндеттерінің нақтылығы, дәектілігі;

- тәрбие жұмысының жүйелілігі;

- тәрбие жұмысы мазмұнының біртұтастығы;

- тәрбие жұмысы жүйесінің ерекшелігі, авторлығы.

4. «Мен және менің класым» атты бейнефильмді бағалау өлшемдері:

- материалды ұсынудағы педагогикалық мәдениеттілік;

- материалдарды ұсыну ерекшелігі;

- тақырыптың ашылуы;

- класс пен класс жетекшінің өзара байланысының көрінісі.

5. Байқау материалдары байқау комиссиясымен 10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

6. 1 турдың қортындысы бойынша ұйымкомитеті көп балл жинаған 14 қатысушыны екінші турға қатысу үшін іріктейді.

7. 2 тур қатысушылар үшін байқау тапсырмаларын орындау түрінде өткізіледі:

1) Шығармашылық таныстыру (презентация) «Мен - класс жетекшімін...» (5 мин)

Шығармашылық таныстыруды бағалау өлшемдері:

- педагогикалық ұстанымның айқындылығы;

- тәрбие жұмысы жүйесінің қамтылуы, тәрбие мақсатының негізделуі;

- дәстүрлі еместігі, жекешілдігі, авторлығы;

- педагогикалық мәдениет, аудиторияны игеруі, артистизм;

- сахнадағы қызметтің түрлілігі, жарқындығы, әсерлілігі;

- көрсетілімнің қисындылығы, мазмұнды еркін меңгеруі, ширақтылығы;

- класс жетекші бағдарламасы идеясының іске асырылуының нәтижелілігі.

2) Оқушыларды ұйымдастырудың дәстүрлі емес формаларын пайдаланумен «Шебер-класс» (Тақырыбы: «Ең жоғарғы ұғым-Адам!») (20 мин.)

Бағалау өлшемдері:

- өткізу формасының материалға сәйкестігі, мазмұнының өзектілігі;

- педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі;

- өткізу формасының дәстүрлі еместігі;

- оқушылармен қарым-қатынас деңгейі;

- педагогикалық мәдениет, жарқындығы, әсерлілігі;

- адами құндылықтарды, төзімділікті, отан сүйгіштікті қалыптастырудағы тақырыптың ашылуы.

3. «Тәрбие туралы монолог» импровизациялық байқау, қатысушылар кезекпен аяқталмаған қысқа үзінділер (фраза) жазылған карточка алып, оны жалғастырады (қосымша № 2) (1 мин)



Бағалау өлшемдері:

- педагогикалық ұстанымның айқындығы;

- педагогикалық мәдениет;

- нанымдылығы, дәлелділігі;

- ерекшелігі, даралығы;

8. Қатысушының шығармашылық таныстыруы кезінде басқа педагогтардың, оқушылар мен ата-аналардың демеуші ретінде байқауға қатысуына рұқсат етіледі.

9. Байқауға жіберілген материалдар қайтарылмайды, рецензияланбайды, қатысушы келісімімен тәжірибе тарату мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

10. Байқау қатысушылары қызметтерін бағалау үшін байқау комиссиясы құрылады (қосымша № 3).

11. Байқаудың екінші туры 10 баллдық жүйемен бағаланады.

5. Байқауға жіберілетін материалдар талабы

Іріктеу турына қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) ұйымкомитеті атына жазылған сұранысы (қосымша № 4);

2) мектепішілік ұйымкомитетінің класс жетекшіні қалалық байқауға жіберу туралы қортындысы;

3) байқауға қатысушының анықтама-сауалнама;

4) класс жетекшінің оқу жылына арналған жұмыс жоспары, түсініктемесімен, педагогтың тәрбиеге келуінің тұжырымдамалық негіздері, іске асыру жоспарымен тәрбие жұмысының авторлық бағдарламасы, класс жетекші қызметінің бағдарламасы, байқауға қатысушы жұмысының тиімділігі жөніндегі өзін-өзі талдауы;

5) мектеп директоры қолы қойылған мінездеме - ұсыныс;

6) «Менің педагогикалық философиям» тақырыбына эссе;

7) іс-тәжірибесінен хабар беретін басқада материалдар: 3 тәрбиелік іс-шара сценарийі, мәнжазба, жарияланымдар, баспа өнімдері, педкеңесте, әдістемелік бірлестікте, конференцияларда оқылған баяндамалары;

6. Байқау қатысушыларын марапаттау

1. Байқаудың бас жүлдесі және «Үздік класс жетекшісі» атағы;

2. Бірінші орын және «Шебер - тәрбиеші» атағы;

3. Екінші орын және «Жаңашыл - тәрбиеші» атағы;

4. Үшінші орын және «Шебер - тәрбиеші» атағы;

Жүлделі орын алған және берілген номинацияларда жеңіске жеткен байқау қатысушылары қалалық білім бөлімінің, қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағы комитетінің дипломдары, сыйлықтарымен марапатталады.

1 қосымша
2013 жылғы «Үздік класс жетекшісі»

класс жетекшілер кәсіби шеберлігі байқауының

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

1. Мухамбетова Жания Жарылгаповна – ҚҒӘО директоры;

2. Уралбаева Лидия Шайгазиевна – білім беру қызметкерлері кәсіподағы төрағасы;

3. Насухин Абыл Бахтигереевич – ҚҒӘО директоры орынбасары;

4. Бакитжанова Гульдарига Шараповна – ҚҒӘО әдіскері;

5. Тойшыманова Мажанкул Кенешбаевна – № 21 ОМГ директоры.

__________________________________________________________________________

2 қосымша


«Тәрбие туралы монолог» импровизациялық байқауының

аяқталмаған қысқа үзінділер (фраза)

1. Жақсы мектепте әрқашан ...

2. Мектеп керек, себебі ...

3. Менің класымда бәрінен де бағалысы ...

4. Менің класымда бәрінен де көп талқыға салынатын ...

5. Менің жұмысымда мені шамдандыратыны, ол ...

6. Класс сағатына кіруге қоңырау соғылса,онда мен ...

7. Класс сағатынан шығуға қоңырау соғылса,онда мен ...

8. Жақсы класс жетекші болу үшін, ...

9. Оқушылардың ата-аналары – олар ...

10. Менің класымдағы оқушыларды ерекшелейтін, ол ...

11. Кейде маған шынымен қажетті болатын, ол ...

12. Оқушылар қабілеттерін дамытуға қажетті ...

13. Табысқа жету үшін, ... қажет

14. Өмірдегі ең маңызды ...

_________________________________________________________________

3 қосымша
Класс жетекшілер кәсіби шеберлігін бағалау бойынша

БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ

Төрағасы: - Мухамбетова Ж.Ж., ҚҒӘО директоры;

Төраға орынбасары: - Насухин А.Б., ҚҒӘО директоры орынбасары;

Комиссия мүшелері: - Уралбаева Л.Ш., білім беру қызметкерлері кәсіподағы төрағасы;

- Шагирова А.М., бала құқығын қорғау секторы меңгерушісі;

- Естлеуова А.С., № 47 АОМ директоры;

- Бакитжанова Г.Ш., ҚҒӘО әдіскері;

- Барышева Л.Ж., № 32 ОМГ мұғалімі.

__________________________________________________________________________

4 қосымша



«Үздік класс жетекшісі»

класс жетекшілер кәсіби шеберлігі қалалық байқауына қатысуға

СҰРАНЫС

1. Қатысушының аты-жөні

2. Қатысушының туған жылы

3. Білім беру мекемесі атауы

4. Тұрғылықты жері (мекен-жайы, байланыс телефоны)

5. Төлқұжаттық мәліметтер, ЖСН, ЖБШ (20 таңбалы сан)

6. Білім беру мекемесі мекен-жайы, телефоны

7. Білім беру мекемесі директоры

8. Класс жетекшісі ретіндегі еңбек өтілі

9. Қазіргі класымен еңбек өтілі

10. Класс жетекшінің қызығушылығы, әуестігі,

11. Класс сағатының тақырыбы, түрі, қажетті жағдай (техникалық және т.б.)



12. Класс сағатына қажетті оқушылардың жас деңгейі

Руководителям школ города ! 31.01.2013
02.2013 г. в 9 часов в СШГ № 9 состоится третье занятие творческо-педагогической мастерской учителя технологии Тихомировой И. В.

Занятие проводят учителя СШГ № 9 – Подгузова Т. Г. и Лычак Г. И.

Тема занятия: «Использование приемов развития критического мышления на интерактивных уроках технологии».

Приглашаются учителя, члены мастерской:
1. Даримбетов Ж. Н. – методист ОблУМЦ
2. Ескалиева Г. Т. – методист ГНМЦ
3. Салекина Р. М. – методист по технологии, учитель технологии СШ №36
4. Тихомирова И. В. – учитель технологии ССШ № 11
5. Кравцова Н. А. – Учитель технологии ССШ № 11
6. Полиновская Л. П. – учитель ИЗО ССШ № 11
7. Подгузова Т. Г. – учитель технологии СШГ № 9
8. Лычак Г. И. – учитель технологии СШГ №9
9. Лебединская И. А. – учитель технологии СШ № 20
10. Байсенгарова А. А. – учитель технологии СШ № 2
11. Бралова Г. О. – учитель технологии СШ № 32
12. Ахметгереева А. – учитель технологии СШ № 21
13. Олейникова Н. Б. – учитель технологии СШ № 3
14. Утеулина А. Н. – учитель технологии СШ № 42
15. Горбачева Д. А. – учитель технологии СШ № 17

Принести цветные фломастеры или маркеры

Методист Г.Т. Ескалиева.
Руководителям школ !

5. 02.2013 г. в 9 часов в ССШ № 11 состоится семинар- практикум по теме: «Трэш-арт как одно из современных направлений декоративно-прикладного творчества».

Приглашаются учителя технологии

Принести: цветную бумагу, фломастеры, ножницы, клей, степлер, тонкий картон

(Формат – А-4), остатки обоев, канцелярский нож, старые открытки, остатки кружева, тесьмы.

Методист Г.Т. Ескалиева.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет