Бибеков қаныш тілеужанұлы қазақ тілінің семантикасы



бет1/16
Дата17.01.2024
өлшемі464 Kb.
#489269
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
БИБЕКОВ ҚАНЫШ ТІЛЕУЖАНҰЛЫ(1)


БИБЕКОВ ҚАНЫШ ТІЛЕУЖАНҰЛЫ



ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ


Семей 2006
ББК 81,2-3 Қаз Б 52
Баспаға М.О. Әуезов атындағы Семей университетінің Ғылыми Кеңесі(№1 хаттама 26.09.2006ж.) және Абай атындағы ҚазҮПУ «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы(24.11.2006ж. №3 хаттама) ұсынған
Жауапты редакторы
Филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Әбдіғалиева
Пікір жазғандар:
Филология ғылымдарының докторы,
профессор Б. Шалабай,
Филология ғылымдарының кандидаты
Г.Т. Әбікенова
Б 52 Бибеков .Қ.Т.
Қазақ тілінің семантикасы: Оқу құралы. - Семей: М.О. Әуезов атындағы Семей университеті, 2006 - 87 бет
ISBN 9965-9360-7-2
Еңбекте семантика және оның зерттеу нысаны, сөз және оған тән белгілер, сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы, сөз және ұғымның ара қатынасы қарастырылған. Сондай-ақ сөздің лексикалық мағынасының құрылымдық элементтері болып табылатын денотаттық, сигнификаттық және коннотаттық мағыналар талдауға түскен.
Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттері оқытушылары мен студенттеріне, аспиранттарға, тілші-ғалымдарға, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.
ББК 81,2-3
Б 4602020400 -00 (05) - 06
ISBN 9965-9360-7-2 © Бибеков Қ.Т, 2006
Кіріспе
Қазақ тіл білімінде семантика мәселесі басқа салаларға қарағанда кенжелеп қалды. Семантикаға тек XX ғасырдың алпысыншы жылдарында ғана көңіл аударыла бастады. Қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын оқытуда семасиология лекикология курамында қаралып келген еді. Сондықтан да семасиологияның көптеген мэселелері жеткілікті дэрежеде зерттелмеген. Қазақ тіл білімінде М.Оразов семантиканы арнай зерттеп, «Қазақ тілінің
семантикасы»(Алматы,1991) атты монография жазды. Осы
монографияны негізге ала отырып, «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» пэнінде жеткілікті көлемде сағат саны бөлінбейтінін ескеріп, жоғары оқу орындарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына «Қазақ тілінің семантикасы» арнайы курс түрінде өткізіле бастады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып қазақ тілінің мемлекеттік мэртебе алуымен байланысты тілдің теориялық мэселелерін зерттеу қарқынды жүргізіле бастады. Соның ішінде семасиологияның да күрделі мәселелері арнайы ғылыми зерттеу нысаны болып үлгерді. Кеңестік кезеңде дэстүрлі тіл білімінде тілдің түлғалық жағы баса қарастырылып келген еді. 90-ыншы жылдардан бастап, мағына мәселесіне баса көңіл аударылды. Тілдің табиғатын неғүрлым терең де дұрыс тану үтттін мағынаны назардан тыс қалдыруға болмайтыны сөзсіз. Жоғары оқу орнын бітірген маман тек тілдің түлғалық жағын, материалдық қабығын ғана танып шықпай, ішкі мазмүнын, мағынасын да біліп шығуы керек. Сонда ғана оқушыға тіл туралы неғүрлым толық, жан-жақты мағлүмат бере алады. Осы жағдайлар ескеріліп, 2000 жылдардың басында (2001) «Қазақ тілінің семантикасы» пэні «Қазақ тілі мен әдебиеті» бойынша Мемстандартқа арнайы пәндер қатарында мемлекеттік компонент ретінде енгізілген болатын.
Қазіргі таңда маман даярлауда «Қазақ тілінің семантикасы» пэні оқытылып келеді. Семантика бойынша еңбектер монографиялық мен ғылыми мақалаларды айтпағанда, арнайы оқулық пен оқу қүралдары жоқ десе де болады. Бүл жағдай маман даярлауда сапалы білім беруде кері әсерін тигізбей қоймасы анық. Осы жағдайларды ескере отырып, Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты жэне типтік бағдарламаны негізге ала отырып «Қазақ тілінің семантикасы» бойынша оқу қүралын әзірлеуді жөн деп таптық.
Оқу қүралы қазіргі тіл білімінің даму үрдісіне сай ғылыми негіздерге сүйене отырып әзірленді. Оқу қүралында лексикалық бірлік ретіндегі сөзге жан-жақты сипаттама берілді. Сөздің өзіндік белгілері,
з
басқа тілдік бірліктерден ерекшеліктері мен ұксас жақтары көрсетілді. Сөздің ұғыммен ара қатынасы сөз болды. Сөздің лексикалық жэне грамматикалық мағыналары, олардың өзара байланыстылығы қарастырылды. Лексикалық мағынаның түрлері мен типтері сараланды. Сондай-ақ лексикалық мағынаның кұрылымдык элементтері: макрокомпоненттері мен микрокомпоненттері талдауға түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет