Білім беру бағдарламасындағы «Əдебиеттік оқу»



Дата15.10.2022
өлшемі16.52 Kb.
#462778
түріБілім беру бағдарламасы
әдебиеттік оқыту


 Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы «Əдебиеттік оқу» пəнінде қарастырылатын мәселелер
«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқу барысында бастауыш сынып оқушылары әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне талдау жасай отырып, адамдардың жан-дүниесін түсінуді және оған өз көзқарасын білдіруді үйренеді.




«Әдебиеттік оқу» пәні:
1) көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына;
2) халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;
3) әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне;
4) сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына;
5) әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне;
6) отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуына;
7) әдеби-теориялық білім негіздерінен бастапқы түсініктерді меңгеруіне;
8) әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына;
9) сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына;
10) оқу сауаттылығы мен шығармашылық жазу тілінің қалыптасуына;
11) анықтамалықтармен, сөздіктермен, библиографиялық әдебиеттермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге дағдылануына ықпал етеді.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасы оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға, олардың оқу дағдылары мен оқырмандық біліктілігін қалыптастыруға, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталады.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.


«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;
2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру;
3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
4) оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіру;
5) оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
6) сыни ойлауын жетілдіру;
7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру.


Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу әдістемесі — болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Әліппені», «Әдебиеттік окуды», жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Пән мынадай міндеттерді көздейді:
* «Әліппені», «Әдебиеттік оқуды», «Қазіргі қазақ тілі» грамматикасын үйренудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік ұстанымдарды таныстыру;
* бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмүлын және оқыту жүйесін білдіру;
* сауат ашу технологиясын;
* әдебиеттік оку технологиясын;
* тіл дамыту технологиясын;
*оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу технологиясын көрсету;


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет