Білім және ғылым министрлігі Қазақстан республикасы кіші ғылым академиясы



Дата30.06.2016
өлшемі241.5 Kb.
#167967

`

              1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ
    1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ





              1. А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т

2015 жылғы 9-10 сәуірде Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының (ҚР КҒА) Павлодар бөлімі Инновациялық Еуразия университетімен бірге ҚР КҒА-ның «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты XLI ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысына қатысу үшін Инновациялық Еуразия университетінің, Қазақстанның басқа жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, сонымен қатар Қазақстанның Орталық, Шығыс, Солтүстік аймақтарының (Павлодар облысын қоса) мектептері, гимназиялары және лицейлерінің  5-11-сынып  оқушылары шақырылады. 


Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді:



1. Тарихтың өзекті мәселелері

(хатшы – Жакишева Айсулу Ажмагыновна, E-mail: confsect01@ineu.edu.kz)



2. Қазіргі қоғамның философиялық әлеуметтік-мәдени аспектілері

(хатшы – Альназарова Гульмира Жанабековна, E-mail: confsect02@ineu.edu.kz)



3. География және туризм

(хатшы – Кабышев Айбек Нурланович, E-mail: confsect03@ineu.edu.kz)



4. Мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелері

(хатшы – Тулебаева Галия Машраповна, E-mail: confsect04@ineu.edu.kz)



5. Қазақ филологиясы мен журналистикасының бүгіні және болашағы

(хатшы – Молдағали Бақытгүл, E-mail: confsect05@ineu.edu.kz)



6. Қазіргі масс-медиа: мәселелері және даму перспективалары

(хатшы – Айтмагамбетова Марал Бейсетаевна, E-mail: confsect06@ineu.edu.kz)



7. Мәдениет және қарым-қатынас аспектісіндегі ағылшын тілі

(хатшы – Рудевский Александр Олегович, E-mail: confsect07@ineu.edu.kz)



8. Балалар-жасөспірімдер спорты және спорттық психологияның өзекті мәселелері

(хатшы – Сексенов Василий Айтмухамедова, E-mail: confsect08@ineu.edu.kz)



9. Отбасы психологиясының қазіргі мәселелері

(хатшы – Ксюнина Инесса Владимировна, E-mail: confsect09@ineu.edu.kz)



10. Современные аспекты педагогики

(хатшы – Жусупова Алмагуль Амангельдиновна, E-mail: confsect10@ineu.edu.kz)



11. Экономика және менеджмент

(хатшы – Байбурина Динара Оразаловна, E-mail: confsect11@ineu.edu.kz)



12. Биотехнология және азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатының сараптамасы

(хатшы – Әбен Серік Қаршығаұлы, E-mail: confsect12@ineu.edu.kz)



13. Химия ғылымы және технологиялары

(хатшы – Копеева Кымбат Каиргалиевна E-mail: confsect13@ineu.edu.kz)



14. Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

(хатшы – Матвеева Наталья Ильинишна, E-mail: confsect14@ineu.edu.kz)



15. Биологиялық көптүрлілік және қоршаған орта

(хатшы – Кадырова Мая Сериковна,E-mail: confsect15@ineu.edu.kz)



16. Математика және математикалық әдістер

(хатшы – Ли Оксана Сергеевна, E-mail: confsect16@ineu.edu.kz)



17. Информатика және ақпараттық жүйелер

(хатшы – Ткач Галина Михайлова, E-mail: confsect17@ineu.edu.kz)



18. Физика. Құбылыстар және процестер

(хатшы – Тюлюбаева Акжунус Муссаевна, E-mail: confsect18@ineu.edu.kz)



19. Металлургия

(хатшы – Плевако Анжела Петровна, E-mail: confsect19@ineu.edu.kz)



20. Энергия тиімділік және энергия үнемдеу

(хатшы – Умурзакова Анара Даукеновна, E-mail: confsect20@ineu.edu.kz)



21. Сәулет жіне дизайн

(хатшы – Аубакирова Анара Давлетбековна, E-mail: confsect21@ineu.edu.kz)



22. Құрылыс

(хатшы – Алексеева Елена Юрьевна, E-mail: confsect22@ineu.edu.kz)



23. Машина жасау және көліктік логистика

(хатшы – Аубакиров Асылхан Жумажанович, E-mail: confsect23@ineu.edu.kz)



24. Процестерді стандарттау

(хатшы – Секербаева Самал Жанакаевна, E-mail: confsect24@ineu.edu.kz)



25. Ұлт саулығы

(хатшы - Гасанова Эльмира Зиядовна, E-mail: confsect25@ineu.edu.kz).


Конференцияға қатысу үшін 2015 жылғы 25 ақпанға дейін баяндама тезистері мен келтірілген форма бойынша өтінімдерді тапсыру керек. Баяндама тезисінің көлемі – А4 форматтағы бір немесе екі толық бет (толмаған беттердегі баяндама тезистері қарастырылмайды).



Конференцияға сырттай қатысуға болмайды.

Баяндама тезистері мен толтырылған өтінім қағаз жүзінде және СD-дискте ұсынылады. Тезис және өтінім файлдарының атаулары автордың тегімен аталып, оның алдынан секцияның номері қойылады. Мысалы, 18 «Физика» секциясына қатысатын тегі Елікбаев деген автор өз файлдарын: 18-Елікбаев-тезис және 18-Елікбаев-өтінім деп атайды.

Басқа қалалардан қатысатындар өз өтінімі мен баяндама тезисін Ұйымдастыру комитетіне электронды пошта бойынша бір хабарламамен жібереді («Хабарлама тақырыбында» – «Кіші ғылым академиясының конференциясына ___ (қатысушының тегі)___» деп көрсетіледі. Өтініш, «Хабарлама тақырыбын» орыс тілінде толтыруыңызды сұраймыз, өйткені пошталық бағдарламалар қазақ тілі қаріптерін танымайды да хабарлама бұрмаланған түрде келеді).

Бірнеше баяндамалар мен тіркеу нысандарын бір CD-дискіге жазуға және электронды пошта арқылы бір файлмен жіберуге рұқсат етілмейді.

Қатысу өтінімінде және баяндамалар тезистерінде бір ғана баяндамашы (бірлескен авторлық рұқсат етілмейді) және бір жетекші көрсетіледі. Секцияда баяндама жасау үшін бір автордан бір ғана тезис қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті баяндама тезистері материалдарын электронды жинақта жарияламау құқығын сақтайды.

Баяндама тезистерін қарастыру нәтижелері бойынша қатысушыны конференция бағдарламасына енгізу туралы шешім шығарылады.

Павлодар қаласында тұратын конференция қатысушылары өтінім мен тезистерін тиісті секция хатшысының өзіне тапсырады.

Конференция жұмысының басталуына баяндамалар тезистерінің жинағы электронды форматта СD - дискіде шығарылады.

Конференцияға қатысу – тегін. Конференция тезистерінің материалдары жинағын аламын деген қатысушылар 850 теңге төлеп, ол туралы қатысу өтінімінің 8-тармағында көрсетеді. Секция хатшысы баяндаманың конференция бағдарламасына қосылғандығын растағаннан кейін 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде төлемақы жасалу керек.

Төлемақы университет кассасына немесе есеп айырысу шотына төленеді. Төлеу түбіртегінде «ҚР КҒА конференциясы жинағы үшін __Тегі, аты, әкесінің аты__» қатысушыдан деп көрсетілу қажет. Жинақ үшін төлемақы туралы құжатта конференцияға баяндамамен қатысушының өзі емес, оның ғылыми жетекшісі немесе туысы төлеген жағдайда да қатысушының тегі, аты, әкесінің аты міндетті түрде көрсетілуі керек.

Жинақ үшін төлем жасалғаннан кейін төлемақы туралы құжаттың көшірмесі секция хатшысына беріледі, ал басқа қалалардан қатысатындар түбіртекті JPEG (jpg) немесе pdf форматында сканерленген түрінде электронды пошта арқылы секцияның мекенжайына жібереді. Түбіртектің сканерленген суреті бар файлдың атауында «Секция номері», «Тегі» және «түбіртек» сөзі болу керек, мысалы, 18 «Физика» секциясына өтінім берген қатысушы Елікбаев үшін файл атауы былай болады: 18-Елікбаев-түбіртек.

Қатысушылар жол, тұру және тамақтану шығындарын өздері төлейді.

Қатысушылардың Ұйымдастыру комитеті жариялауға ұсынған баяндама тезистері конференция жұмысы аяқталғаннан кейін 30 күн өткен соң ИнЕУ веб-сайтының «Ғылым» бөлімінде (URL: http://ineu.edu.kz/nauka/konferentsii) орналастырылады.



Секцияда баяндама жасау туралы барлық сұрақтар бойынша қатысушылар тікелей секция хатшысына хабарласады.
Баяндама тезисін ресімдеуге қойылатын талаптар
Баяндама мәтіні және тіркеу формасы компьютерде .doc (Microsoft Word 97/2000(XP/2003) қаріптер: Times New Roman, жолдар аралығы - жалқы, символ мөлшері – 12 pt, барлық жиектері – 20 мм форматында жолдардың ені теңестіріліп, автоматты тасымалдауды орнатпай терілуі керек. Парақтың бағытталуы - «кітаптық (книжная)» (кестелер мен суреттерді қоса) болу керек. CD-дискіге жазылады. Парақтар толық. Пайдаланылған дереккөздер тізімі қажеттілігіне қарай келтіріледі.



БАЯНДАМА ТЕЗИСТЕРІН РЕСІМДЕУ ҮЛГІСІ


ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ

КОММУНИКАТИВТІ ТАКТИКАЛАРДЫҢ РӨЛІ
А.Б. Еликбаев, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, ИН -01 тобы

Ғылыми жетекші - Н.Ж. Олжабаев, филол. ғ. к., доцент
Баяндама тезистерінің мәтіні (символ мөлшері - 12 pt)
(көлемі – бір немесе екі толық бет)


Төлемақы жасауға қажетті реквизиттер:

                  1. ЖЖК (ИИК) (есеп айырысу шоты) KZ246010241000003340, БЕК (КБЕ) 17, ТТК (КНП) 861,

                  2. «Қазақстан Халық банкі» АҚ, БЖК (БИК) HSBKKZKX,

                  3. БЖН (БИН) 070740000364

                  4. Алушы - «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС.


Ғылыми жұмыстарды бағалау шарттары:

  1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі

  2. Орындалған жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі

  3. Ғылыми жаңалығы

  4. Автор ұсынған қағидалардың негізделу дәрежесі

  5. Алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық маңыздылығы

  6. Алынған нәтижелердің қойылған міндеттерге сәйкестегі

  7. Ұсынылатын материалдың көрнекілігі мен сапасы

  8. Шешендік шеберлігі


Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Секциялардың жетекшілері мен хатшылары туралы және конференция секцияларының мекенжайы көрсетілген ақпарат Инновациялық Еуразия унивеситетінің (ИнЕУ) веб-сайтында «ИнЕУ-дегі конференциялар» бөлімінде (URL: http://ineu.edu.kz/ru/nauka/konferentsii/v-ineu) оналастырылған.


ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының

«Білім мен ғылым интеграциясы - болашаққа нық қадам» атты

XLI ғылыми-практикалық конференциясына қатысу үшін

ӨТІНІМ *

(өтінім берудің соңғы күні - 2015 жылғы 25 ақпан)

1

1.1. Секция атауы _____________________________________________________________


______________________________________________________________________________

1.2. Секция нөмірі - ____ (көрсетілген тізімге сәйкес).


2

2.1. Баяндамашының тегі _______________________________________________________

2.2. Аты ______________________________________________________________________
2.3. Әкесінің аты ______________________________________________________________



2.4. Оқу орны, тобы, сыныбы, білім беру мекемесі орналасқан елді мекеннің атауы ______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________

2.5. Байланыс телефоны (кодты көрсету) ________________________________________

3

3.1. Ғылыми жетекшінің тегі ___________________________________________________

3.2. Аты ______________________________________________________________________

3.3 Әкесінің аты ______________________________________________________________

3.4. Ғылыми жетекшінің жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы - ______________________________________________________________________________

3.5. Жетекші жұмыс істейтін оқу орнының мекенжайы (пошталық индексті көрсетіңіз) ______________________________________________________________________________

3.6. Ғылыми жетекшінің байланыс телефоны — (кодты көрсетіңіз) - ________________


4

Баяндама тақырыбы - _________________________________________________________

______________________________________________________________________________


5

Электронды поштаның мекенжайы - ___________________________________________

  1. (басқа қаладан келіп қатысатындар міндетті түрде көрсету керек)

6

Қонақ үйдi броньдау қажеттiлiгі (тиістіні белгілеңіз):

6.1. өтінімнің 2-тармағында көрсетілген конференцияға қатысушы үшін - [ ] иә,

[ ] жоқ;

6.2. өтінімнің 3-т. көрсетілген ғылыми жетекші үшін - [ ] иә, [ ] жоқ.

7

Конференцияның электронды жинағын алу қажеттілігі **

(тиістіні белгілеңіз): [ ] иә; [ ] жоқ.



8

Төлемақы баяндама тезисi қабылданғаннан кейiн төленеді (тиістіні белгілеңіз):

а) университет кассасына қолма-қол ақшалай - [ ];

б) есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы - [ ].


9

Өтінім толтырылған күн ________________________

(Ескерту: * – қатысу туралы өтінім CD-дискіде сақталады немесе баяндама тезисінен бөлек файлда электронды пошта арқылы жіберіледі. Баяндама тезистері үшін файлдың аты - «Секия номері-Тегі-тезис», ал өтінім үшін – файл аты «Секия номері-Тегі-өтінім» деген ұстаным бойынша құрастырылады)

** - секция хатшысы өтінім мен баяндама тезисін қабылдаған соң жинақ үшін ақша төленеді.

Қатысушыдан өтінімді және баяндама тезисін қабылдағаны туралы секция хатшысының белгісі

Күні-

Қолы-




Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет