Биоэлектрлік потенциал



Дата16.06.2023
өлшемі17.11 Kb.
#475144
Сканерлеуші туннельдік микроскопия


9. Биоэлектрлік потенциал және оның түрлерін сипаттап беріңіз.

Тірі ағза жасушаларында, ұлпаларында пайда болатын потенциал айырмасын – биоэлектрлік потенциал деп атайды.

Тірі ағзада биоэлектрлік потенциалдардың пайда болуы жасуша мембранасында әртүрлі физика-химиялық градиенттердің болуына байланысты.

Диффузиялық потенциалдар екі сұйықтың шекарасындағы иондардың қозғалыс жылдамдығына тәуелді болады. Биологиялық объектілерде алдымен диффузиялық потенциал пайда болады. Олар әсіресе механикалық зақымдалған жасушаларда көп болады. Мұндай жасушаларда диффузия құбылысы зақымдалған учаскеден зақымдалмаған учаскеге қарай өтеді.


2. Мембрана арқылы иондардың тасымалдануы яғни иондардың концентрация градиентінің пайда болуы нәтижесінде мембрандық потенциал пайда болады.
Организмде тіркелген биопотенциалдар – бұлар негізінен мембрандық потенциалдар.
Мембрандық потенциалдар деп цитоплазманың ішкі және сыртқы беттерінің арасында пайда болатын потенциалдар айырмын айтамыз.
φМ = φіш - φсырт (1)
Мембраналық потенциал – бұл жасушалық мембрананың ішкі (цитоплазмалық) және сыртқы жағындағы потенциалдардың айырмасы. Физиологиялық тыныштық кезінде тіркелетін потенциалдар айырмасы 50-80 мВ құрайды. Ішкі орта теріс электрлі болады. Тыныштық потенциалы мембрананың екі жағындағы концентрациялардың және мембрана арқылы өтетін иондардың әртүрлілігімен анықталады. Міне сондықтан мембрана арқылы иондар ағыны және жасушаның потенциалдар айырымы пайда болады. Иондар концентрациясының айырмасын ұстап тұру АТФ энергиясын пайдаланатын иондық арналардың көмегімен жүзеге асады. Бұдан басқа , К+, Na+ арналар жасушадан үш натрий ионын сыртқа шығарып, жасушаға екі калий ионын алып келетін болғандықтан, трансмембраналық потенциалдың өсуіне мүмкіндік жасайды, бұл жасуша аралық ортаның оң зарядын, сонымен қатар тыныштық потенциалын арттырады.
Фазалық потенциалдар да диффузиялык потенциалдармен тығыз байланысты. Фазалық потенциалдар бір-бірімен араласпайтын, ка-тиондар мен аниондардың сусыз ортада ерігіштігі әртүрлі екі фаза (мы-салы,орта электролиттің судағы ертіндісі болса немесе майлы орта болса) арасында болады. Егер катиондар сусыз ортада аниондарға кара-ганда жақсы еритін болса, онда олар екінші ортаға өтеді де, онда оң заряд жинақталады. Бірінші ортада теріс зарядтар саны көп болып, екі ортаның арасында гіотенциалдар айырымы пайда болады.

Тірі жасушаларда, мүшелерде және адам мен жануарлар ұлпаларында пайда болатын электр потенциалдарды- биопотенциалдар деп аталады. Биопотенциалдар қазіргі замандағы электрофизиологиялық кең амақты тарауларының бірін қамтитын зерттеу пәні болып табылады. Биоэлектрлік потенциалдар ағзада жүретін нәзік үрдістерді көрсетіп береді. Сондықтан зерттелетін мүшелер мен жүйелердегі кез келген патологиялық және қызметтік өзгерістер олардың параметрлері мен формаларында көрініс табады. Бұл өзгерістер тіршілік үрдістерін қарастырғанда, диагностикада, емдеумен аурудың алдын-алуда адамның жұмыс қабілетін және көңіл күйін тексеруде т.б. қажет болады.
Ұлпалар мен мүшелердің биоэлектрлікбелсенділігіне тәуелді биоэлектрлік потенциалдарды зерттеу әдістерін былай бөледі:
Биопотенциалдарды алу үшін бионысандар мен күшейткіштің кіріс электрлік тізбегі арасындағы жанасу ролін атқаратын электродтар пайдаланылады. Олардың шығысы жайшылықта өздігінен жазатын немесе дабылдарды талдау құрылымына қосылған болып келеді. Электродтар конструкциясы әртүрлі және биопотенциалдарды дәл етіп тіркеу талаптарына сай, биоэлектрлік үрдістерді зерттеу әдісімен және мақсаттарымен анықталады. Алайда биопотенциалдарды тіркеудің қарапайымдылығына қарамастан бұл үрдістердің жаэбаларына физиологиялық ақпараттарды жекелеп бөліп алу күрделі мәселе болып есептеледі және бұл жағдай олардың генезінің жеткілікті айқын болжауымен байланысты.
Жасуша ішілік процестерді реттеу механизмінде, жасушалардың қозуы, нерв талшықтарының бойымен импулстердің таралуы, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап реакцияларында, бұлшық ет жиырылуы механизмінде, энергия түрленуінің әртүрлі жағдайларында электрлік потенциалдардың пайда болуы мен таралуы тұрғысындағы электрлік үрдістер үлкен роль атқарады.

Тірі жүйелерде биоэлектрлік потенциалдардың пайда болуына жеке ұлпалардың арасында, жасушалық қосылыс пен қоршаған сұйық жасушасының арасында, жеке жасушалық органоидтардың арасында белгілі бір физика-химиялық градиенттердің болуы себепші.

Стационар күйде болатын тірі жүйелерге тән тұрақты потенциалдар айырмасы болады, бұл градиенттер зат алмасудың нәтижесінде үнемі қолдау тауып отырады.

Потенциалдар айырмасы – бұл қарама – қарсы таңбадағы электр зарядтарының кеңістіктік бөлінуінің салдары.


Потенциалдар электрондық және иондық түрлерде бола алады.

Электрондық түрі – потенциалдар еркін электрондардың болуынан пайда болады.

Иондық түрі – потенциалдар иондардың болуынан пайда блады.

Биологиялық потенциалдардың пайда болуы жүйедегі иондар концентрациясының тең еместігіне негізделген. Ұлпалар мен жасушаларда диффузиялық, мембраналық, фазалық, тотықтырушы-орнықтырушы биопотенциалдар пайда болады.

10. Гольдман-Ходжкин-Катц теңдеуін жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет