Бірінші сатыдағы соттың жаза тағайындау кезінде материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауы үкімді өзгертуге негіз болды



Дата25.02.2016
өлшемі47.2 Kb.
Бірінші сатыдағы соттың жаза тағайындау кезінде материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбауы үкімді өзгертуге негіз болды

( үзінді)

Қ. бұрын сотталмаған. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға; 96-бабының 2-бөлігінің “д,ж,и” тармақтарымен 11 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу жолымен 12 (он екі) жыл-ға бас бостандығынан айырып, түзеу колониясының қатаң режимінде жазасын өтеуге сотталған.

Үкім бойынша Қ., 2002 жылғы 11 шілдеде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, кафе ішінде, осы іс бойынша сотталып кеткен И. мен бірігіп жәбірленушілер Ж. мен оның ағасы Т-ны соққыға жығып, өзімен бірге алып жүрген пышақпен біріншісінің құйрығынан екі рет, соңғысының арқасынан бір рет ұрып, тергеуде анықталмаған Қ-ның қасындағы адамдар жәбірленушілерді темір құбыр кесінділерімен ұрған.

И., аса қатыгездікпен, яғни туған інісі Ж -ның көзінше Т-ны пышақпен бірінші басынан, содан соң кеуде тұсынан ұрып, жүрегін, өкпесін ауыр түрде жарақаттаған.

Апелляциялық шағымында Қ., үкіммен келіспей, жәбірленуші Т-ның өлімі оның жүрек тұсына И -мен салын-ған пышақтан болған, ол жөнінде заңды күшіне енген үкім бар. Өзі қорқып Ресейге қашып кетіп, кейін оралып, өз еркімен келгенін, Ж -ның сотта пышақпен ағасын екі рет ұрғанын көрсеткенін, бірақ ол қараңғыда қалай көргеніне күмәнданіп, үкімді бұзып өзін ақтауды сұраған.

Қарсы пікірлерінде: мемлекеттік айыптаушы прокурор үкім заңды, Т-ның өлімі И-дың пышақ салуынан болған, бұзақылар бірігіп адамды қасақана өлтіру мақсатында жабылып ұрып, дегендеріне жеткен, сондықтан шағым келтіру ретсіз деген.

Жәбірленушінің өкілі Т., сотталғанның келтірген дәлелдері негізсіз, оның жасаған әрекеттері дәлелденген деп, үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұраған.

Баяндамашының іс бойынша хабарламасын, прокурордың үкім өзгеріссіз қалдырылуы тиіс деген қорытындысын тыңдап, шағымның дәлелдемелерін талқылап, алқа сот үкімі төмендегі негіздерге байланысты өзгертілуге жатады деген тұжырымға келді.

Басты сот талқылауында сотталған Қ., өзіне тағылған айыптарды мойындамай, оқиға болған күні таныс қызы Ж -мен бірге “Клеопатра” кафесіне кіре бергенде алдынан бір топ жігіттер шығып, біреуі оны түйіп жібергенін, ішінде жүгіріп жүрген жігіттерді көргенін, көп ұзамай полиция қызметкерлері келіп, кафені жауып алып, түсінік алғандарын, өзін айыптап жүрер деп қорқып, Ресейге кетіп қалғанын көрсеткен.

Бірақ сотталғанның төбелеске қатыспадым деген дәлелдері сотта зерттелген бірқатар деректермен те-ріске шығарылған.

Сотта жәбірленуші Ж., 2002 жылғы 11 шілдеде жолдастарымен бірге “Клеопатра” кафесінен тамақ ішіп сыртқа шыққан жерінде И., А.Қ., С.Қ., тағы бір топ танымайтын жігіттер кездескендерін, сол жерде И. ағасы Т., екеуіне тиісіп, кафе ішіне шақырып, алдында өздерінің араларында болған келіспеушілік жөнінде әңгіме айтып, жұдырығымен ағасы Т-ны ұрып жібергенін, содан төбелес басталып кетіп, И -дың ағасы Т-ның жүрек тұсынан пышақпен ұрғанын. Өзі С.Қ -мен алысып жүргенде біреулер бірнеше рет басынан темір құбырмен ұрғанда есінен танып қалғанын, есін жиғанда Қ. жүгіріп келіп, қолындағы пышағымен өзін құйрығынан екі рет, ағасы Т-ның арқасынан бір рет ұрғанын, С.Қ., ағасының аяғынан темір құбырмен ұрғанын айтқан.

Бұл жауапты, атап айтқанда төбелеске қатысып, өзін және ағасы Т-ның арқасынан бір рет пышақпен ұрғанын, сезікті Қ. беттестіруде бекітсе, осы дерек сот-дәрігерлік сараптама қорытындыларына, жәбірленушінің жауаптарына толығымен сәйкес келетіндігі анықталады.

Сот-дәрігерлік сараптама қорытындыларына сүйенетін болсақ жәбірленуші Ж. құйрығының екі жерінде кесілген жарақаттар бар екені, жәбірленуші Т -ның негізгі өлімі алдыңғы төс тұсынан салынып, жүрегін, өкпесін жарақаттаудан болғаны, арқасында ішкі дене құрылысына дарымаған кесілген жарақат бар екені, біріншісі ауыр, екіншісі жеңіл дәрежелі екендігі бекітілген.

Жәбірленуші өзіне және ағасының арқасына пышақпен жарақат салған Қ. десе, бұл жауапты ол алдын-ала тергеу барысында, болған екі сот отырысында біркелкі айтып келген.

Сондықтан сотталған Қ -ның төбелеске қатысқаным жоқ деген дәлелдемелері айқын теріске шығады.

Бірінші сатыдағы соттың бұл жөніндегі шешімі заңды, іс материалдарынан туындайды.

Бірақ сотталған Қ -ның әрекеті ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігімен дұрыс дәрежеленбеген.

Істің анық мән-жайына, сотта зерттелген деректерге келетін болсақ, екі топ кафе алдында аяқ астында кездесіп, сол жерде И. бұрыңғы келіспеу-шіліктерін желеу етіп, ретсіз жәбірленушілерге тиісіп, біреуінің жанды жері-сол жақ төсі тұсына пышақ ұрып, ауыр дене жарақатын салған. Бұл ұрыс ақыры төбелеске айналғанын көрген Қ. бұзақылық ниетпен өзінше кірісіп кетіп, жәбірленушілерге пышақпен жеңіл дәрежелі дене жарақаттарын сал-ған. Оның бұл әрекеттері ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен толық қамтылады.

Бірінші сатыдағы соттың Қ., И -мен алдын-ала сөз байласып онымен бірігіп, Т-ны өлтіруге тікелей қатысты деген болжам, істің негізгі жағдайынан туындамайды. Оның ниеті адам өлтіруге бағытталғаны іс бойынша айқын дәлелденбеген.

Іс құжаттарына келетін болсақ алдын-ала тергеу органы, бірінші болған сот құрамы И -ға, ол бұзақылық ниетпен Т-ға басқалары төбелеске қатыспай тұрғанда жанды жерінен пышақ салып, ақыры соның салдарынан жәбірленуші қаза тапқан деген тұжырымға келгені көрінеді. Осы әрекеттері үшін И., ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, соттал-ған.

Аталған құжаттардан ол пышақ салмай тұрып, Қ -мен жәбірленушіні қасақана өлтіруге сөз байласып, келіскен деген дерек туындамайды, керісін-ше Қ., ұсталғаннан кейін алдын-ала тергеу органы бұрынғы жинақталған материалға сүйеніп оның әрекетін ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен дәрежелеп, істі сотқа жіберген.

Сондықтан соттың Қ-ны кінәлі деп тануға ҚІЖК-нің 131-бабына сүйенуі орынсыз, ондай деректер бұрынғы сот шешімдерінен туындамайды.

Алқа сотталғанның жәбірленуші Т-ға пышақ жұмсаған әрекетін де, бірінші сатыдағы соттың жәбірленуші Ж-ға пышақ салған әрекетін ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен дәрежелегендей ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің “д,ж,и” тармақтарынан ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігіне қайта дәрежелеп, оның қылмысқа қатысқан ролін, қылмыс ауыр зардапқа әкеліп соққанын ескеріп, жазаны екі эпизод бойынша осы баптың санкциясының ең жоғарғы деңгейін тағайындауды жөн деп тапты.

Сотталған Қ-ның апелляциялық сотқа қатысуды сұраған талабы, оның жазасын ауырлатуға наразылық, не жәбірленушінің шағымы болмауына байланысты, ҚІЖК-нің 408-бабының 2-бөлігіне сәйкес қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.



Аталғандардың негізінде және ҚІЖК-нің 411-бабының 3-бөлігін басшылыққа алып, алқа Батыс Қазақстан облыстық сотының 2005 жылғы 17 қазандағы сотталған Қ. жөніндегі үкімді өзгертіп, оның жәбірленуші Т-ға қарсы жасаған қылмыстық әрекетін ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің “д, ж, и” тармақтарынан ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігіне қайта дәрежелеп, осы эпизод және Ж-ға қарсы жасаған қылмысы үшін ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, түзеу колониясының жалпы режимінде жазасын өтеуді белгіледі.

Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, сотталғанның апелляциялық шағымын қанағаттандырды.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 95d7dec52b48ff704625707b0039e62d -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі №1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың екінші жартыжылдығындағы заңдарына шолу Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары
$FILE -> Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында Бірінші сатыдағы соттың материалдық құқық нормаларын дұрыс


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет