Бөлім атауы «Энергия»



Дата20.01.2022
өлшемі57.73 Kb.
#454710
БЖБ Энергия


«Энергия» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлім атауы

«Энергия»

Оқу мақсаты

7.2.3.2 Механикалық энергияның екі түрін ажырату;

7.2.3.3 Кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану;

7.2.3.4 Жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолдану.


Бағалау критерийі

  • Механикалық энергия түрлерін ажыратады;

  • Кинетикалық энергияның формуласын қолданады және есептер шығарады;

  • Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясының формуласын есептер шығаруда қолданад.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындалу уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Берілген сызбаға қарап, энергияның түрленуін сипаттаңыз.

1-ші нүктедегі

2-ші нүктедегі

3-ші нүктедегі

4-ші нүктедегі

[4]

2. 900 м/с жылдамдықпен ұшқан 10 г оқтың кинетикалық энергиясының 9 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 1 т автомобильдің кинетикалық энергиясына қатынасы қаншаға тең?



а) оқтың кинетикалық энергиясын есептеңіз

ә) автомобильдің кинетикалық энергиясын есептеңіз

б) кинетикалық энергияның қатынасын есептеңіз
_______________________________________________________________________________________[3]

3. Жep бeтiнeн З м биiктiккe көтeрiлгeн мaccacы 2 кг дeнeнiң пoтeнциaлдық энepгияcы нeгe тeң?

а) 6 кДж

ә) 60 Дж

б) 6 Дж

в) 0.6 Дж

г) 0.06 Дж

[1]




Жалпы балл: 8



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Механикалық энергия түрлерін ажыратады


1


- 1-ші нүктедегі энергияның түрленуін сипаттайды;

- 2-ші нүктедегі энергияның түрленуін сипаттайды;

- 3-ші нүктедегі энергияның түрленуін сипаттайды;

- 4-ші нүктедегі энергияның түрленуін сипаттайды.



1
1
1
1

Кинетикалық энергияның формуласын қолданады және есептер шығарады


2

- оқтың кинетикалық энергиясын есептейді;

- автомобильдің кинетикалық энергиясын есептейді.



- кинетикалық энергияның қатынасын анықтайды;

1
1
1

Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясының формуласын есептер шығаруда қолданады

3

- потенциалдық энергияны анықтайды.

1



Барлығы







8


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет