Бөлім тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері Сабақ тақырыбы: Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгертті?



Дата20.01.2023
өлшемі105.65 Kb.
#468584
түріСабақ
4-сабак. Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгертті

Бөлім тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері Сабақ тақырыбы: Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгертті?

Оқу мақсаты:

Оқу мақсаты:

  • 8.3.1.1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау
  • 8.1.2.1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау;
  • Бағалау критерийлері:

  • Қытайдың жағдайын біледі;
  • Сунь Ятсеннің қағидаларын түсінеді;
  • Қағидаларының нәтижесіне талдау жасайды.

XX ғасырдың басындағы Қытайдың жағдайы


Қытай Батыс елдеріне тәуелді жағдайда болды
Билік маньчжур-лердің Цин әулетінің қолында болды
Цин әулеті тұсында Қытайдың экономика-сы, халықтың жағдайы нашар жағдайда болды

Сунь Ятсеннің үш қағидасы

  • Ұлтшылдық - жатжерлік маньчжур әулетінің билігін құлатып, таза қытайлық билікті қалпына келтіру;
  • Халық өкіметі – монархиялық билікті жойып, республикалық билікті орнату;
  • Халық игілігі – жерге иелік ету құқын теңестіру немесе жерді ұлт меншігіне айналдыру;

Синьхай революциясы-1911-1913 жылдары Қытайда өтті. Осы революция басталғаннан кейін Сунь Ятсен эмиграциядан Шанхайға оралады. Нанкинде конференция өткізіп Қытайда Республика орнағанын жариялайды. Сунь Ятсен 1912 жылы 1 қаңтардан бастап Қытай Республикасының уақытша президенті болып жарияланады.

Синьхай революциясы-1911-1913 жылдары Қытайда өтті. Осы революция басталғаннан кейін Сунь Ятсен эмиграциядан Шанхайға оралады. Нанкинде конференция өткізіп Қытайда Республика орнағанын жариялайды. Сунь Ятсен 1912 жылы 1 қаңтардан бастап Қытай Республикасының уақытша президенті болып жарияланады.

Қытайды Республикаға айналдыру Сунь Ятсеннің қандай қағидасына жатады?

Қытайдағы Қосүкімет

Императорлық үкімет

  • Маньчжурлер генерал Юань Шикайға қарулы күштерді өз қолына алуын сұрады.
  • Билікті қолына алған Юань Шикай 6 жастағы император Пу И-дің анасын Пу И-дің тақтан бас тартатыны туралы құжатқа қол қоюға көндіреді.

Қытай Республикасы

  • Сунь Ятсеннің үшінші халық игілігі принципі қолдауға ие болмағаннан кейін Сунь Ятсен президенттіктен бас тартады.
  • Нанкин ұлттық жиналысы Юань Шикайды президент етіп сайлайды.
  • Қытайда Синьхай Революциясы аяқталып, 1912 жылы наурызда Нанкинде Қытай Республикасының уақытша конституциясы қабылданады және Қытай Республикасы астанасы Пекинге көшіріледі.

1-тапсырма. Кестені толтыр


Сунь Ятсеннің қағидалары

Нәтижесі

Ұлтшылдық

Халық өкіметі

Халық игілігі

Дескриптор:
Сунь Ятсеннің қағидалары нәтижесін түсіну

1-тапсырма. Кестені толтыр


Сунь Ятсеннің қағидалары

Нәтижесі

Ұлтшылдық

Қытайды III ғасыр билеген маньчжурдің Цин әулетін құлатты

Халық өкіметі

6 жастағы император Пу И-дің анасын Пу И-дің тақтан бас тартатыны туралы құжатқа қол қойғаннан соң монархия жойылды, бүкіл елде Республика орнады

Халық игілігі

Бұл қағидасы орындалмады

1921 жылы Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып сайланады. Үш қағадасына жаңа өзгерістер енгізеді

1921 жылы Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып сайланады. Үш қағадасына жаңа өзгерістер енгізеді


Ұлтшылдық – Қытайдағы шетелдік езгіні жою және Қытайда өмір сүрген халықтардың барлығына тең құқық беру
Демократизм – халыққа тең құқық беретін мемлекеттік құрылысты орнату
Халық игілігі – шаруаларды жермен қамтамасыз ету, жұмысшыларды әлеуметтік жағынан қорғау, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешу

Нәтижесі

  • 1921 жылы Қытай Коммунистік партиясының Құрылтай съезі болды.
  • Сунь Ятсен 1925 жылы қайтыс болды. Сунь Ятсеннің құрған Гоминьдан партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасында күрес басталады. Соған байланысты Сунь Ятсеннің жаңартылған үш қағидасы жүзеге аспады.

2-тапсырма. Мәтіндегі бос орынды толтыр

  • Сунь Ятсен 1 ____ жылы Қытай Республикасының президенті болды.Оның ұлтшылдық қағидасы 2_______ жоюға бағытталды. Халыққа тең құқық беретін жүйе оның 3________ қағидасында айтылады. Халық игілігі қағидасының мәні 4__________ болып табылады. Сунь Ятсеннің жаңа қағидаларының жүзеге аспауына 5 _________ себеп болды.

2-тапсырма. Мәтіндегі бос орынды толтыр

  • Сунь Ятсен 1 1921 жылы Қытай Республикасының президенті болды. Оның ұлтшылдық қағидасы 2 шетелдік езгіні жоюға бағытталды. Халыққа тең құқық беретін жүйе оның 3 демократизм қағидасында айтылады. Халық игілігі қағидасының мәні 4 шаруалар мен жұмысшылар жағдайын жақсарту болып табылады. Сунь Ятсеннің жаңа қағидаларының жүзеге аспауына 5 қайтыс болуы және ол өлгеннен кейінгі күрес себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет