Цилиндрлік деңгейлеуіші бар нивелирлердің және рейкалардың құрылысы



бет1/3
Дата12.01.2024
өлшемі439.85 Kb.
#488915
  1   2   3
НИВЕЛИРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ


НИВЕЛИРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ






    1. Цилиндрлік деңгейлеуіші бар нивелирлердің және рейкалардың құрылысы

Тапсырманы орындау нәтижесінде студенттер нивелирдің атқаратын қызметі мен дәлдігін, оның негізгі бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметін, рейканың құрылысын білулері керек. Сондай-ақ алдын-ала аспапты жұмыстық жағдайға келтіре алу керек.


Тапсырманың суреттемесі:
6.1.1 Атқаратын қызметі мен дәлдігі. Н-3 нивелирі ( Н-нивелир, 3-1-км-лік қос жүрістегі өсімшені анықтаудың орташа квадраттық қателігі, мм-мен беріледі). Дәлдігіне қарай техникалық нивелирлердің қатарына жатады. Олар топографиялық түсірістерді, инженерлік геодезиялық ізденістерде негіздеуге арналған.

6.1.2 Нивелирлердің негізгі бөліктерінің құрылысы және атқаратын қызметі. Көздеу өсін горизонталь жағдайға келтіру үшін қолданатын құрылғысына байланысты мынадай нивелирлер болады:



қосылады, мысалы Н-3К.
Горизонталь бұрыштарды өлшеу үшін Н-3 нивелирінде лимбтер болады, онда оның атауына “Л” әрпі қосылады, мысалы Н-3КЛ.
Төменде Н-3 нивелирінің құрылысының суреттемесі берілген.
Цилиндрлік деңгейлеуіші бар нивелирлердің негізгі бөліктеріне көру дүрбісі, цилиндрлік деңгейлеуіш және үш көтергіш бұрандалары бар тұғырық жатады.
Нивелирді алдын-ала орнықтыру дөңгелек деңгейлеуіш арқылы орындалады. Үш көтергіш бұрандалары бар тұғырықтың орнына нивелир шарлы табанмен жабдықталған. Шарлы табандағы аспаптың еңістері қондырғыш бұрандаларының ұстағышы арқылы жүргізіледі.
19 - суретте Н-3 нивелирінің құрылысы келтірілген. Көру дүрбісінің қорабында цилиндрлік деңгейлеуіш және дүрбінің көру аясына деңгей үлбіреуігінің шеткі кескіндері екі жартылай түрде бейнесін беретін призмалық құрылғысы орналасқан (20 - сурет). Аспаптың өсін тіктеуіш жағдайға алдын-ала келтіруі дөңгелек деңгейдің көмегімен жүргізіледі. Бақылау үлбіреуігінің шеткі кескіндерін беттестіруі элевациялық бұранданың көмегімен орындалады.

19 - сурет - Н-3 нивелирі


6.1.3 Рейканың құрылысы


РН-3 рейкасы екі жақты, шашкалық, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу үшін және инженерлік-геодезиялық ізденістеріне арналған. Ұзындықтары 1,5; 3,0 және 4,0 м-лік болады. Ұзындығы 3 м-ге тең рейкалар тұтас және бүгілмелі болады. Мысалы, рейканың ұзындығы 3 м-ге тең бүгілмелі, дүрбінің тура бейнесін көруге арналған, оның шартты белгілері РН-3П-3000 С.
Екі жақты рейкаларда бір жағында қара мен ақ бөліктері алмасады (рейканың қара жағы), ал екінші жағында - қызыл мен ақ бөліктер (рейканың қызыл жағы). Қара жағындағы (негізгі) бөліктерінің есептеуі рейканың табанынан, яғни нөлдік есептен басталады. Рейканың қызыл жағының табанына 4685, 4700, 4785, 4800 мәндері сәйкестендірілген.
Рейкадағы сандар төңкеріліп, кері жазылған. Бұл кері бейнелер нивелирлердің дүрбісінде тура бейнелерді көруге мүмкіндік береді.
Жұмысты орындау кезінде рейканы ағаш қазықшылар, башмақтарға немесе балдақтарға қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет