Цилиндрлік деңгейлеуіші бар нивелирлердің және рейкалардың құрылысы



бет3/3
Дата12.01.2024
өлшемі439.85 Kb.
#488915
1   2   3
НИВЕЛИРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

b2=1246 мм i2=1724 мм
X=(1732+1246)/2-(1278+1724)/2=-12 мм
Х-тың шамасы 4 мм-ден асып кетті, сол үшін дұрыс есепті есептейді

b2=1246-(-12)=1258 мм.


Элевациялық үлбіреуікті келтіреді. бұранданың бұру арқылы жіптер торының орталығы бұл өлшемге қояды. Сонан соң цилиндрлік деңгейдің вертикаль түзету бұрандаларымен



21 - сурет– Нивелирлердің негізгі геометриялық шартын тексеру

4.2.3 Нивелирмен өсімшелерді анықтау


а) Геометриялық нивелирлеу тәсілдері. Геометриялық нивелирлеу горизонталь сәулесімен жүргізіледі. Геометриялық нивелирлеудің екі тәсілі болады: ортадан және алға.
Ортадан тәсілі арқылы h өсімшені анықтау үшін (22 а - сурет) А мен В нүктелерінің ортасында нивелирді орнатады да, аспаптың көздеу өсін горизонталь жағдайға келтіреді. А мен В нүктелерінде рейканы тік қояды (қара жағының нөлін төмен қаратып).


а) ортадан нивелирлеу б) алға нивелирлеу

22 - сурет - Геометриялық нивелирлеу әдістері


Егер нивелирлеуді А нүктеден В нүктеге бағытымен жүргізсе, онда А нүктесіндегі Р1 рейка артқы, ал В нүктесіндегі Р2 рейка алдыңғы болып саналады (22 а - сурет). Көру дүрбісін бірінші артқы рейкаға, содан алдыңғы рейкаға көздейді де, “a” мен “b” есептерді алады (өлшемдерді анықтау алдында элевациялық бұранда арқылы цилиндрлік деңгей үлбіреуігі ортаға келтіріледі). Ортадан нивелирлеуде рейкалардың артқы мен алдыңғы есептерінің айырмасына тең болады, яғни




h = а - b . (12)

Алға нивелирлеу әдісінде А нүктесіне нивелир, ал В нүктесіне рейка орнатылады. Мұнда көру дүрбісінің окуляры және А нүктесі бір тіктеуіш сызық бойында орнатылады (22 б - сурет). Аспаптың биіктігі i өлшенеді, содан алдыңғы рейкадан “b” есебі алынады.




h = і- b (13)

б) Ортадан нивелирлеу тәсілі арқылы техникалық нивелирлеу кезінде жүргізілетін станциядағы жұмыс.


Рейкалардың арасында нивелирді ортада орнатады және оны жұмыстық жағдайға келтіреді.
Дүрбіні алдыңғы рейкалардың қызыл жағына нысаналайды да, орта жіп бойынша (1) және (2) есептерін алады (6 - кесте).
Рейкаларды байқаушыға қара жағымен қаратады, содан алдыңғы рейкадан (3) және артқы рейкадан (4) есептерін алады.
Аралық нүктедегі орналасқан рейкадан (5) есепті алады.
Байқаудың бақылауын жүргізу үшін, табанның айырмашылығын табады. Оны әр нүктеде рейканың қызыл мен қара жақтарының есептерінің айырмашылығы ретінде алады. Алынған мәндер (6) және (7) (6- кесте) рейка табанының нақты айырмашылығының мәнінен Пр(н) 3 мм-ден аспауы қажет (мысалы, 5 - кестеде Пр(н)4685). Егер бұл шарт орындалса, онда рейканың қызыл және қара жақтарына сәйкес (8) және (9) өсімшелері есептелінеді, содан орташа өсімше (10) анықталады.
Өсімшелердің айырмашылығы 5 мм-ден аспауы қажет.
Журналдың бетін толтырғаннан кейін әр беттік тексеру мына формула бойынша жүргізіледі:

Артқық.қ-Алдыңғық.қhорташа , (14)


мұндағы Артқық.қ және Алдыңғық.қ – рейканың қара және қызыл жақтарынан алынғын артқы және алдыңғы есептердің қосындылары.


Биіктік белгілерді үлкен аралықтарға көшіру мақсатымен жүргізілген нивелирлеу кезінде және жергілікті жердің кескінін салу үшін алдын ала нивелирлеуді жасайды. АС ұзындығын нивелирлегенде оны бөліктерге бөледі де, әр бөлігін жеке станциядан нивелирлейді (станция – нивелирді орнықтыру орны).


6- кесте - Техникалық нивелирлеу журналы

Күні 18.05.2007


Байқаушы Аманов А.А. Есептеген Ақанов А.А.



Станцнөмірі

. нөмірі

Рейкадан алынған есептер, мм

Өсімшелер, мм

Орташа өсімшелер, мм

артқы

алдыңғы

аралық

+

-

+

-




А

6423(1)



















1




1737(4)

























(4686)(6)






















В




6011(2)

1926(5)

0412(8)




0411(10)










1327(3)







0410(9)
















4686(7)

























8160













0411




Әр беттік тексеру: 8160-7338=2*0411


Ескерту: жақшадағы сандар есептеу тәртібін көрсетеді.
3-ші тапсырмада сипаттама, тексерулер және түзетулердің нәтижелері, берілген нүктелердің арасында өсімшелері анықталған техникалық нивелирлеу журналы болу керек.

Бақылау сұрақтары:



  • Н-3 нивелирінің құрылысын және оның бөліктерінің өзара әрекетін түсіндіру;

  • цилиндрлік деңгейлеуіші бар нивелирлерге қойылатын негізгі шартты тұжырымдау;

  • Н-3 нивелирді тексеру мен түзету тәртіптерін айтып бер;

  • нивелирлерді жұмыс жағдайына келтірудегі әрекет тәртібі;

  • геометриялық нивелирлеуде рейка бойынша алынған есептерге қандай бақылау тәсілдері қолданылады;

  • техникалық нивелирлеуде жұмыстың станциядағы тәртібі қандай;

  • геометриялық нивелирлеу журналын өңдеуде әр беттік тексеру қандай мақсатпен жүргізіледі;

  • аралық нүктелердің биіктік белгілері қалай есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет