Д. Асфендиярова» СӨж тақырыбы: «Биоқауіпсіздік жүйесіндегі Биологиялық зерттеулер»



Дата01.03.2024
өлшемі18.35 Kb.
#493928
М.Айсара


«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

СӨЖ
Тақырыбы: «Биоқауіпсіздік жүйесіндегі Биологиялық зерттеулер»

Орындаған: Медитпек Айсара


Топ: ТФП-21-043
Қабылдаған: Шынықұл.Ж


Алматы,2024 ж
Биологиялық қауіпсіздік, ол - адамдар мен табиғи орта жеке компоненттерінің қауіпті биологиялық факторлардан қорғану жағдайы. Биологиялық қауіпті факторларға патогенді микроорганизмдер жəне олардың зат алмасу өнімдері, бактериялар, вирустар, паразиттер, саңырауқұлақтар, биологиялық белсенді заттар, токсиндер мен улар жатады. Олар тірі организмде ауру тудырып қана қоймай, қоршаған ортаға үлкен зиянын келтіруі мүмкін.

Биологиялық қауіптің негізгі көздері:
- жұқпалы аурулардың эпидемиясы мен өршуі;
- эпизоотиялар;
- биологиялық қауіпті объектілердегі авариялар мен диверсиялар;
- патогендік микроорганизмдердің табиғи резервуарлары;
- экожүйелер үшін қауіпті патогендік микроорганизмдердің, флора мен фауна өкілдерінің трансшекаралық тасымалдануы;
- биологиялық терроризм;
- биологиялық қаруды қолдану.
Биологиялық қауіпсіздіктің алдын алу шаралары:
1. жалпы шаралар - биологиялық тәуекелдерді мониторингілеу және талдау, тиісті қызметтердің дайындығын қамтамасыз ету, биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтау, биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, жалпы білім беретін мекемелердегі биологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерделеу;
2. биологиялық қауіп көзіне бағытталған;
3. қауіпті биологиялық факторға бағытталған;
4. сезімтал ағзаға бағытталған – халықты профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру, иммунопрофилактика және химиопрофилактика, аса қауіпті жұқпалы ауруларды тудыратын биологиялық агенттермен жұмыс істейтін адамдарды, медициналық, ветеринарлық және ғылыми қызметті жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету.

Биологиялық қауіпсіздіктің жеткіліксіз деңгейі қоғамдық денсаулық сақтау, экология, ветеринария, фитосанитария салаларында төтенше жағдайлар туындауына алып келіп, əлеуметтік- экономикалық жағдайды ушықтыруы мүмкін.


Жалпы қауіпсіздік жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын биологиялық қауіпсіздік - мемлекет дамуының тұрақтылығына əсерін тигізетін көрсеткіштердің бірі. Жаңа ошақтардың пайда болуы тек жекелеген мемлекеттерді ғана емес, сонымен қатар əлем бойынша терроризм, түрлі агрессия түрінде ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Халықаралық қатынас саласындағы биоқауіпсіздік мəселесі тек биотерроризммен күресумен шектелмейді. Биологиялық қауіпсіздік бағдарламасының мақсаты – əлемде қауіпті жұқпалардың ауыр ауру тудыруынан, адамдардың жаппай қайтыс болуынан жəне əлеуметтік- экономикалық тұрақсыздықтан сақтайтын жағдай жасау.
Бұрын емделмейтін немесе емделуі қиын жұқпалы ауруларға қарсы тиімді шаралардың болуы, инфекция ошақтарының салдарын болдырмауға, сонымен қатар биотеррорлық актілерді жүзеге асыруға жəне биологиялық қаруды əзірлеу бағдарламаларын бастауға қызығушылықты əлсіретуі мүмкін. Бұл мақсатқа жетудің ең маңызды құралы жаңа технологияларды дамыту, елімізде биоқауіпсіздік саласына негізделген бағдарламаларды іске асыру жəне белсенді халықаралық ынтымақтастық құру екені анық. Сондай-ақ, биологиялық қауіпсіздік жүйесі бірыңғай стандарттарға сəйкес жұмыс істеуі керек, ал қауіпті биологиялық жағдай дамуының ықтимал болжамды салдары елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін қажет етеді.
Биологиялық қауіпсіздік мəселелері жалпы ұлттық қауіпсіздіктің бір саласы. Өкінішке орай, Қазақстанда адамдар мен жануарларға қауіпті оба, тулеремия, сібір жарасы, бруцеллез сияқты жұқпалардың табиғи ошақтары бар. Бұл Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін өндірістік жəне ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет