«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы



Дата28.06.2016
өлшемі69 Kb.
#163696

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы


 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің Қаулысымен

Бекітілген

2013 ж.  « ________»

№_______



«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты

1.     Жалпы   жағдай

1.     Мемлекеттік қызмет көрсету «Дамуында проблемалары бар балалар мен

жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу».



2.      Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өңдеген. Мемлекеттік қызмет көрсетуге оңалту орталықтары, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттері және арнайы мектепке дейінгі ұйымдар кіреді (қосымша 3). 1,2,3 қосымшада көрсетілген мекен- жайлар мен телефондар қазіргі стандартқа кіреді.

3.     Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі:

-         Ерте және мектепке дейінгі жастағыларға;

-         Білім беру ұйымдарындағы түзеу- педагогикалық қолдау  бас тартқан жағдайда (ары қарай- қызмет көрсетуді иеленушілер)  ата- аналардың (заңды өкіл) келісімімен үйде оқитын  мектеп жасындағыларға (18 жасқа дейін);

4.     Мемлекеттік қызмет көрсету тегін көрсетіледі.

 

2.     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

1.     Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

        - Құжаттарды тапсыру үшін ең жоғарғы  уақыты 30 минуттан аспауы қажет;

        - мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қызмет көрсетуді иеленушінің қызмет көрсетуді беруші мен қарым- қатынасқа түскен күнінен бастап  сәйкестендіріледі және ол  бір реттік, уақытша (циклмен 6 айға дейін) немесе тұрақты негізде.

        - қызмет көрсетуді иеленушіге қызмет көрсетудің ұйғарымды максимальды уақыты баланың жасына және басқа білім беру ұйымдарының (балабақша, жалпы білім беретін мектеп, арнайы мектеп, арнайы топ, арнайы сынып) қызмет көрсетуге ие болуына байланысты анықталады.

  2. Мемлекеттік қызмет көрстеудің формасы жеке, шағын топтық, топтық сабақтар мен кеңестерді қамтиды.

  3. Қызмет көрсетуді иеленушіге мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұйымның іс- әрекет 4,5,6,7 қосымшаларда көрсетілген.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызмет иеленушінің жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сәйкес оқуға дайындық деңгейінің көтерілуі болып табылады; әлеуметтік бейімделу.

  5. Қызмет көрсетуді иеленуші мемлекеттік қызмет көрсетуді иелену үшін:

-  қызмет көрсетуді иеленуші ата- аналардың(заңды өкіл) өтініші;

-  қызмет көрсетуді иеленуші ата- аналардың(заңды өкіл) жеке куәлігінің  

   көшірмесі;

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- психологиялық- медициналық- педагогикалық кеңестің шешімі (қызмет көрсетуді иеленушінің дамуында психофизикалық ақаудың бар екенін растайтын);

- учаскелік педиатрдан берілген медициналық карта, арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға арналған егу сертификаты.



6. Қызмет көрсетуді иеленуші ата- аналар (заңды өкіл) мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда  бас тартады:

- 6 бөлімде көрсетілген құжаттар жинағын қызмет көрсетуді иеленуші толық жинамаған жағдайда; 2 бөлімше қазіргі стандарт.

- қызмет көрсетуді иеленуші дәл осы қызмет көрсетуді басқа арнайы білім беру ұйымдарында иеленген болса;

- қызмет көрсетуді иеленушіге бос орын жоқ болған жағдайда (қызмет көрсетуді иеленуші кезекке тұрады);

- қызмет көрсетуді иеленушінің психикалық аурулары карантин, асқыну, инфекциялық аурулар, бактерия тасушы, басқа ауыр ауру түрі, арнайы денсаулық сақтау ұйымдарында емделуді қажет ететін аурулар есебінде болған жағдайда;

7. Мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады:

- қызмет көрсетуді иеленуден бас тарту туралы ата- аналар өтініші болған жағдайда;

- қызмет көрсетуді иеленушінің басқа арнайы білім беру ұйымдарында қатысудың басталуы;

- қызмет көрсетуді иеленушіде медициналық қарсы көрсеткіштер пайда болғанда;

- қызмет көрсетуді иеленуші мен қызмет көрсетуді берушінің арасындағы келісім шарт бұзылған жағдайда;

- қызмет көрсетуді берушінің ішкі тәртіп ережесінің бұзылуы.



8. Қызмет көрсетудің жұмыс күндері сағат 9.00 дан- 18.00 ға дейін, демалыс күндері- сенбі, жексенбі және мейрам күндері.

3. Орталық атқарушы органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудан әкімдер, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауыл, ауылдық округ, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің және (немесе) лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты шығарған шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

1)    Қызмет көрсетушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіну үшін  және шағымды дайындауға ықпал ету үшін Қызмет алушы қызмет көрсетушінің басшылығына жүгінеді.

2)    Мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсетілген жердің басшылығына немесе облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық және қалалық білім басқармаларына демалыс және мереке күндері мен жұмыс күндерінің сағ.13.00 ден 14.00 ге дейінгі түскі үзілісті есептемегенде жұмыс күндері: сағ. 9.00 ден 18.00 ге дейін беріледі. Атқарушы орган басшыларының телефондарымен мекен жайлары осы стандарттың 3 қосымшасында көрсетілген.

3)     Атқарушы органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне)  шағым демалыс және мереке күндері мен сағ.13.00 ден 14.00 ге дейінгі түскі үзілісті   есептемегенде жұмыс күндері сағ. 9.00 ден 18.00 ге дейін, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірлігінің мектепке дейінгі және орта білім Департаментіне төмендегі мекен-жай бойынша беріледі: 010000,  Астана қаласы, Орынбор көшесі 8,  «Министірлік  үйі», 11 подъезд.

4)    Мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қызмет алушы қолданыстағы заңдарға сәйкес сотқа шағымдануға құқылы.

5)    Шағымда қызмет алушының тегі, аты және жеке басын куәландратын құжатта көрсетілген жағдайда әкесінің аты, ата-анасы (заңды өкілі) почталық мекен жайы, күні көрсетіледі. 

 Шағымда қызметалушының ата-анасының (заңды өкілінің) қолы қойылады. Шағым берілгенде әрекеті шағымдалатын субъектінің аты немесе лауазымы, лауазымды тұлғалардың аты-жөні, себебі және талаптары көрсетіледі.

Қажет болғанда Қызмет алушы өкілетті органның ммлекеттік қызметті сапасыз көрсеткендігін дәлелдейтін  құжаттарды шағыммен бірге береді.

  4. Дамуында ақауы бар (мүмкіндіктері шектеулі) балалар мен жасөспірімдерге мемлекеттік қызмет көрсету есебінің басқа да талаптары



1. Арнайы білім беру ұйымдарында қызмет көрсетуді иеленушіге қызмет ету келесі бөлімдерге сәйкес жүргізіледі:

         Оңалту бөлімдерінде, психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттерінде:

-         қызмет көрсетуді иеленуші ата- аналар (заңды өкіл) мен қызмет көрсетуді беруші ата- аналар арасындағы өзара міндеттердің анықталуы, тәртіп, өзара әрекеттестіктің және екі жақтық солидардық жауапкершіліктерін көтеру мақсатындағы қызмет көрсету келісім шартын бекіту;

-         қызмет көрсетуді иеленушінің келісімшартқа қол қойылмаған күннен бастап 14 күн ішінде психофизикалық жағдайын тексеруден өткізу керек (топтық баға); (9 қосымша).

-         психологиялық, түзеу-педагогикалық, медициналық есепте тұрған қызмет көрсетуді иеленушіге жеке-дамытушылық бағдарлама құру және әлеуметтік көмек;

-         түзеу- дамытушылық оқыту үрдісінде жеке- дамытушылық бағдарламаларды өңдеуді жүргізу, қызмет көрсетудің күнделікті формалары- топтық қайта бағалауды өткізу және жаңа жеке- дамытушылық бағдарламасын құрған жағдайда;

-         мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы, отбасы жағдайында тәрбиесі туралы сұрақтар бойынша ата- аналарды (заңды өкіл) оқыту және кеңес беру;

-         мониторинг, анализ және бағдарламаның орындалуы бойынша есеп.



2. Қызмет көрсетуді берушілерде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметке ие болуға арналған арнайы қажетті шарттар құрылады.

3. Оңалту орталығында, психо- педагогикалық түзеу кабинеттері және арнайы білім беру ұйымдарындағы қызмет көрсету түрлері негізінде бекітіледі және психологиялық- медициналық- педагогикалық кеңес ұсынады; Логопедиялық бөлімде қызмет көрсету түрлері бойынша логопедиялық шешім шығарылады.\

4. Оңалту орталықтары және психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерінің формасын қызмет көрсетуді беруші көрсетеді:

-жеке түзеу- дамытушылық оқыту;

- шағын топтық/ топтық оқыту;

- күндізгі топтар;

- қысқа мерзімді балалар тобы;

- отбасындағы психологиялық-  педагогикалық кеңес;

- әлеуметтік заңды- сұрақтар бойынша кеңес беру;

- медициналық қызмет көрсету;

4) Қызмет көрсетуді иеленушіге қызмет көрсетеді: педагогтар, педагог- дефектологтар (олигофренолог, сурдопедагог, тифлопедагог), логопедтер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, музыка жетекшісі, медициналық қызметкерлер және т.б. логопед пунктінде- логопед.

5)  Психологиялық- педагогикалық қызмет көрсету кеңес беру сабақ формасында ерте жастағы 0 ден 1 жастағы балалардың ата- аналары  үшін айына 1 рет  немесе алыста тұратын қызмет көрсетуді иеленуші ата- аналар үшін жылына 2-4 рет бір, екі аптадан күнделікті ұйымдастырылады.

6) Әлеуметтік заңды кеңес беру бойынша қызмет көрсету ұйымының әлеуметтік педагог маманы жүзеге асырады;

7) Медикоментоз, физотерапиялық емдеу, ағзамы шынықтыру, емдік дене шынықтыру, массаж түріндегі медициналық көмек көрсету жүргізіледі.

8) Оңалту орталықтары, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттері логопедиялық пункттер мемлекеттік жалпы білім беретін стандартқа сәйкес жүзеге асырылмайды. Білім алғаны туралы мемлекеттік үлгідегі құжат берілмейді.

9) Мемлекеттік қызмет көрсету мекен- жайлары қазіргі стандарттың 1 және 2 қосымшасында көрсетілген:

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет- қоры /www.edu.gov.kz, бөлім «Іс- әрекет»/

 Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізу, сондай- ақ мемлекеттік қызмет бағыттары жайлы сұрақты бойынша Алматы, Астана қалалық және облыстық белгідегі қалалардың білім басқармасынан және білім бөлімдерінен жауаптар алуға болады.



    Қызмет көрсетуді иеленуші мемлекеттік қызмет көрсетуді беруші мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту және әлеуметтік бейімделуін психо- педагогикалық, медико- әлеуметтік жинақпен қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет