Дебиет зерттеуші Мағауин М



Дата17.11.2023
өлшемі34.5 Kb.
#483528
139 Magayun M.kaz


Мұхтар МАҒАУИН


Жазушы, әдебиет зерттеуші Мағауин Мұхтар Мұқанұлы Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданының Баршатас селосында ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келді.
Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әдебиетке жакын болды. Бала Мұхтар халық ауыз әдебиетінің озық үлтілерін жаттап өсті. Ауыл қарияларының көкірек қоймаларын ашқызып, жүрегіне тоқи білді. Орта мектепті бітірер жылы мектеп пен ауыл кітапханасында ол оқымаған кітап қалмағанын жерлестері әңгімелеп отырады екен, Ұлы жерлестері, үлгі тұтар ағалары Абай мен Әуезов табынған сөз өнері Мағауинді 1962 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетіне алып келсе, 1965 жылы қазақ өдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітірді. Сөйтіп алғыр жігіт ғылым жолына түсті. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасында, Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында, ҚазПи-де жұмыс істеді.
Мұхтардың көркем прозадағы тырнақ алды жинағы - «Ақша қар». (1969 ж.) мен «Бір атаның балалары» (1974 ж.) кітаптарымен көпшіліктің танымал жазушысына айналады. Осы кітаптарында ол адам жанының нәзік сырларын кейіпкерлердің өзіне аштырып, өмірді қолдан жасамауға, ойдан жокты бар етуге жаны қас, байыпты қаламгер келе жатқанын паш етті. Жинаққа кірген «Тазының өлімі» (1969), «Қара қыз» (1970) «Көк мұнар» романы (1971), т.б, жарияланды.
Мұхтар Мағауин прозасының дені - бүгінгі күн тақырыбы, кемелденген социализм дәуіріндегі озығымыз, құрметімізді дәріптеп, аяққа оратылған тозығымызды сынайды. Жазушының адам жанына терең бойлауының нәтижесінде, өмірді білу, адамдар арасындағы байланыстарды шеше білуі арқасында кейіпкерлерін бір-бірімен шатастырмайды. Қазы («Тазының өлімі»), «Көк мұнардағы» Кенжек, Едіге,Гүлшат, «Бір атаның балаларындағы» Ахмет қария, «Әйел махаббатындағы» Зия, «Қарақыздағы» Айгүл т.б. бейнелері жазушының суреткерлік биік мұратты заман ақиқатын ұлттық қасиет, ұлттық мінез диалектикасына ұштастыра алатындығының жарқын көрінісі.
1984 жылғы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымының докторы, жазушы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин
қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуде көп еңбек сіңірумен қатар
бірнеше көркем туындылардың авторы. Ол жазған «Қобыз сарыны» монографиясы (1968) және «Алдаспан» антологиясы (1970)
көне дөуірдегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеуге қосылған бағалы
еңбектер. М.Мағауиннің 1984 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Аласапыран» атты тарихи диалогиясында қазақ жөне орыс халыктарының арасындағы достық қарым-қатынас арқау болады.
Жазушы бұл шығармасын жазуда тарихи көп жерлерді аралағанын айтады. «Москвадағы Кремльді көп зерттедім. Патша Сарайының іші-сыртын жөне ондағы жиһаздарды суреттеуге де біраз еңбек сіңіруге тура келді. Жалпы осы еңбекті жазу үшін жүзден астам еңбектерді пайдаландым»,- деп жазады. Шығарма тікелей қазақ өмірінің шындығын бейнелейтіндіктен, Мағауин ХҮI-ХVII ғасырдағы халықтың тұрмысы, салт-санасы, әдет-ғүрпы, қару-жарақ, құрал-саймандарына дейін дәлдікті сақтауға тырысқан.
Жазушының шығармалары ТМД және шет ел тілдеріне аударылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет