Денсаулық және психикалық денсаулық дегеніміз не Денсаулық



бет1/6
Дата29.09.2023
өлшемі148.09 Kb.
#479233
түріАнализ
  1   2   3   4   5   6
псих каз


Денсаулық және психикалық денсаулық дегеніміз не
Денсаулық – бұл соматикалық, физикалық, әлеуметтік саулық қана емес, сонымен қатар психикалық саулық яғни, психикалық денсаулық.
Психикалық денсаулық адамның жалпы денсаулығының міндетті компоненті. Бұл:
  • Біріншіден – жан-дүниесінің тұрақтылығы;
  • Екіншіден – өзінің оптимальді міндеттерін орындау;
  • Үшіншіден – даму траекториясы, яғни өзін-өзі жетілдіру

  • және өзін-өзі дамыту.

Психикалық ауру және оның критерилері
Психикалық ауру – бұл биологиялық, психикалық және әлеуметтік факторлармен шақырылатын ағза жүйесінде, мида, тұлғада болатын патологиялық бұзылыс.

Психикалық аурудың критерилері:
  • Симптоматикалық критерий – арнайы симптомдар мен синдромдарда көрінетін психикалық ауру.
  • Әлеуметтік критерий – адамның әлеуметтік және кәсіби бейімделуінің бұзылысы.
  • Науқастың көмекке мұқтаждық критериі (медициналық, әлеуметтік, құқықтық).

Түйсік және қабылдау
Түйсік – сезім мүшелеріне әсер ететін ағзаның және қоршаған ортаның жеке белгілерінің психикалық көрінісі.

Түйсік – психикалық процесстің бірінші элементі. Оның көмегімен заттардың сапасы, жеке қасиеттері анықталады.

Қабылдау – сезім мүшелеріне әсер ететін жалпы материалды әлемнің заттары мен құбылыстарын бейнелейтін психикалық үрдіс.

Психикалық үрдістің дұрыс ағымы сезім мүшелері мен анализаторларының сәйкестік қызметіне байланысты.
Түйсік бұзылысы және түрлері
Анализаторлары бойынша: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, висцеральды, тактильды, температуралы.

Рецепторлардың орналасуы бойынша: экстрацептивті, проприоцептивті, интероцептивті.

Түйсіктің сандық бұзылыстары: гипостезия, гиперестезия, анестезия.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет