Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет1/16
Дата29.04.2023
өлшемі60.4 Kb.
#473017
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
тбк дәрістер


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Тіл білімі: зерттеу нысаны
Тіл білімі лингвистика (грек linqua-тіл), тіл жөне онын даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы -тіл. Тіл - адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалык құрылысы болады. Осынан келіп тіл білімінің салалары шығады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика. грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі - жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1. Тіл білімінің зерттеу нысаны:
A) Адамзаттың дыбыстық тілі.
B) Жазу тарихы.
C) Сөз мағынасы.
D) Өлі тілдер тарихы.
E) Этнолингвистика.
2. Тіл білімінің негізгі міндеттері:
A) Тілдің өмір сүруін айқындау.
B) Тілдік құбылыстарды зерттегенде, олардың синхрондық және диахрондық жақтарына бірдей назар аудару.
C) Жалпы тілдерді салыстыру.
D) Туыс емес тілдерді өзара салғатыру.
E) Қоғам мен тіл дамуын сипаттау.
3. Тіл және оның даму заңдары туралы ғылым қалай аталады:
A) Лингвистика.
B) Фразеология.
C) Ассимиляция.
D) Метатеза.
E) Диссимиляция.
4. Сипаттама тіл білімі нені қарастырады:
A) Туыстас тілдердің дыбыс жүйесін.
B) Тіл дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктерін.
C) Тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады.
D) Дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауды.
E) Тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі қалпын.
5. Лингвистиканы медицинамен байланыстыратын саласы:
A) Синтаксис.
B) Фразеология.
C) Екпін.
D) Артикуляция.
E) Сөйлем.
6. Жалпы тіл білімі нелерді айқындайды:
A) Тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен қатынасын, байланысын, тілдің даму заңдарын, зерттеу әдістерін белгілейді.
B) Тілдің дұрыс бағытта дамуын зерделейді.
C) Әлемдік тіл біліміндегі жетістіктерді ескере отырып, байланысын қарастырады.
D) Ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижелерін жинақтайды.
E) Тілдің даму және өзгеру заңдылықтарын, қоғамдық құбылыстарды қарастырады.
7. Тіл білімінің логика ғылымымен байланысы неде:
A) Ой формасы мен құрылысының зерттелінуінде.
B) Сөздің ұғыммен, сөйлемнің пайымдаумен байланысында.
C) Тілдік категориялар мен логикалық категориялардың байланысында.
D) Ойлаудың заңдары мен ой формаларының өзара байланысында.
E) Сөз бен сөйлемнің байланысында.
8. Тіл білімі мен географияның өзара байланысы қай салада көрінеді:
A) Логика.
B) Философия.
C) Этнолингвистика.
D) Лингвистикалық география.
E) Антропология.

2

№ 2
дәріс

Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, оның түрлері.
Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, Л.Шлейхер. Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демен олар «тілді туады, өседі, өледі» деп санайды. Бул дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын құбылыс.Сонымем қатар кейбір ғылымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады. Ол «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады.», - деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс емес. Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалады, қауымда ғана дамиды. Тіл коғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес. Тілдің қызметтері: қарым-қатынас туралы болу коммуникативті, ойды жарыққа шығару кызметі - экспрессивті, адамның көңіл-күйді білдіруі - эмоционалды, таным құралы болуы когнитивті, белгілі бір зат не қүбылыстың атауы болуы -номинативті және т.б. Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән қүбылыс. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тілде, ойлау да - қоғамдык құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде туып, бірге дамып келеді. Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар. (Ф.Шлсйермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас жақын қүбылыстар. (В.фон Гумбольд, Л.Леви-Брюль) Тіл мен ойлаудың ұқсастығы жоқ деп карастырушылар да болды. Олар ойлауға көңіл бөлмеді. (Ф- Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен ойлау диалектикалық бірлікте. Диалектикалық материалистер тіл мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті қайсы:
A) Ұжымды біріктіру.
B) Қатынас құралы.
C) Байланыс тірегі.
D) Тілдік таңба.
E) Даму құралы.
2. Тілдің адамның субъективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі қалай аталады:
A) Семантикалық.
B) Семиотикалық.
C) Деривациялық.
D) Экспрессивтік.
E) Коммуникациялық.
3. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы мына ғылымдардың қайсысымен байланысты:
A) Математика, логика, психология.
B) Философия, тіл білімі, биология.
C) Философия, логика, психология.
D) Кибернетика, логика, философия.
E) Психолингвистика, математика, география.
4. Адамның ойлау қабілеті қалай пайда болды:
A) Сөйлеу нәтижесінде.
B) Деректі заттарды тану нәтижесінде.
C) Заттар мен құбылыстарды ажырату процесінде.
D) Материалдық құндылықтардың нәтижесінде.
E) Еңбек процесі нәтижесінде.
5. Тіл мен ойлаудың бірлігі неде:
A) Дыбыс пен ұғымда.
B) Ұғым мен мағынада.
C) Форма мен мазмұнда.
D) Форма мен табиғи байланыста.
E) Зат пен оның атауы арасындағы табиғи байланыста.
6. Сөйлеу әрекетіне қайсылар тән:
A) Дыбыстау, жазу, пайымдау.
B) Сөйлеу, есту, ұғыну.
C) Ойлау, бейнелеу, сезіну.
D) Мазмұндау, формаға түсіру, ұғыну.
E) Дауыстау, жеткізу, есту.
7. Пайымдаудың элементтері қайсы:
A) Тіл, логика, заттық таңба.
B) Форма, мазмұн, объект.
C) Объект, модальдылық, форма.
D) Мазмұн, ақиқат дүние, заттық таңба.
E) Субъект, предикат, байланыс.
8. Пайымдаудың нақтылы өмір сүру формасы не:
A) Мазмұн.
B) Предикат.
C) Сөйлем.
D) Сөз.
E) Дыбыс.

2

№ 3-4
дәріс

Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаты.
Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұксастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері:
I)еріктілік, 2) шартгылық..
Еріктілік, шарттылық дегеніміз таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе үғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі танбалық жүйелердің кұрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема -тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема - ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз болмыс кұбылыстарын, заттарын, олардың қасиеттерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем - тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді. Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диохрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-карсы қойылып қарастырылады. Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарай қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден оны кұрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1. Көмекші таңбаларды табыңыз:
A) Дыбыс, нұсқау, сәуле.
B) Фонемалық, заттық, акустикалық.
C) Графикалық, заттық, ымдау.
D) Семантикалық, заттық, морфемалық.
E) Синтагмалық, дыбыстық, графикалық.
2. «Фонема, сөз, морфема, сөйлем» қандай таңбаға жатады:
A) Көмекші.
B) Жасанды.
C) Заттық.
D) Лингвистикалық.
E) Дыбыстық.
3. Таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым:
А) философия;
В) тарих;
С) саяси экономика;
D) информатика;
Е) семиотика.
4. Тілдік таңбаның түрлері:
А) жол бойының белгілер, әскери сигналдар;
В) әскери сигналдар, цифрлар;
С) фонема, морфема, сөз, сөз тіркес, сөйлем;
D) фонема, әскери сигналдар;
Е) сөздер, цифрлар.
5. Шартты таңбалардан тілдік таңбалардың айырмашылығы:
А) ешқандай айырмашылығы жоқ;
В) тілдік таңбаның бір формада, бір мазмұнда болуында;
С) бір форма бірнеше мазмұн немесе бірнеше форма бір мазмұн болуында;
D) мазмұн бірнешеу, форма бірнешеу болып сәйкес келуінде;
Е) тілдік таңбаның бір формада болуы.
6. Тіл жүйесі:
А) өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі;
В) парадигматикалық қатынастар;
С) тілдің салалары;
D) синтагматикалық қатынастар;
Е) тілдің өзара қатынас байланыстары.
7. Семиотика:
А) Сигналдық таңбалар жүйесі;
В) Акустикалық таңбалар жүйесі;
С) Тілдік таңбалар жүйесі;
D) Ымдау, нұсқау таңбалары;
Е) Жалпы таңбалар жүйесі туралы ғылым.
8. Тілдік таңбалар жүйесінің көрсеткіші:
А) Синтаксистік тіл бірліктері;
В) Морфологиялық тіл бірліктері;
С) Тіл құрылымындағы барлық элементтер;
D) Тек сөздер жүйесі;
Е) Тек дыбыстар жүйесі

4

№5 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет