Дидактика- оқыту және білім беру теориясы



Дата11.10.2023
өлшемі1.86 Mb.
#480481
Дидактика педагогика

ДИДАКТИКА- ОҚЫТУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ


«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактиканың зерттейтін пәні – ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері. Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді.
Ян Амос Коменский
(1592—1670)
«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
  • оқушыларды белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай ешкімді одан босатпау;
  • Оқушыларды сыныптарға бөлу;
  • Әр сыныпқа бір бөлме беру;
  • күніне 4 сабақ өткізу;
  • әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
  • қоңыраудың соғылуы; - тәртіп; - бір сабақтың ұзақтылығы бір сағаттан аспау керек;
  • сабақты күзде бастау керек.

  • Я.А.Коменский «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
    Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.

ДИДАКТИКАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Оқулықтарды жазуды аяқтау
Жаңа технологиялар енгізу
Мектептерді компьютерлендіруді аяқтау
Аз комплектілі мектептерде оқу процесін жетілдіру
Оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу
Білім беруді ізгілендірудің ғылыми негізін жасау
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
  • Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)?
  • Кімді оқытамыз (оқыту субьектілері)?
  • Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері)?
  • Неге оқытамыз (білім беру , оқыту мазмұны)?
  • Оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы)?
  • Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.)?
  • Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер)?
  • Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері)?

Дидактиканың негізгі категориялары –білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу , оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері , мазмұны, түрлері әдістері , құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады.
Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала . Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп , өмір талаптарын орындап, уақыт мәресінен шығу мүмкін емес. Оқыту туралы ол «өтеді», ол «жүзеге асырылады» және «іске асады», ол адамға белгілі бір «білімдердің, іскерліктердің , дағдылардың берілуі», ол сондай –ақ оқушының білім алу мәселесі «шешілетін оқытушы мен оқушылардың мақсаты бағытталған өзара әрекеті», деп көп айтылып та, жазылып та жүр. Ол оқушылардың ғылыми білімдер мен дағдыларды меңгеруіне , шығармашылық қабілеттерін , дүниетанымын және адамгершілік – этикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға , оқу танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары.
Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар:
  • Ыбырай Алтынсарин орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
  • Ахмет Байтұрсынов-қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. “Оқу ана тілінде жүргізілсін” деген талапты бастаушы.
  • Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931) “Тәрбиеге жетекші” (1924) деген еңбегін жазып, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
  • Мағжан Жұмабаев зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет