Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 4-сынып Ақтөбе-2017 Қазақ тілі



бет1/10
Дата02.01.2022
өлшемі30.63 Kb.
#452014
түріМазмұндама
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
диктант жинағы 4



Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

4-сынып

Ақтөбе-2017

Қазақ тілі

4-сынып

Диктанттар жинағы

Жауын (тақырыптық)

Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді. Жарты аспанды бүркеп қалды.Күн күркіреді. Құйын соғып өтті. Бұтақтардан Үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран-асыр үйіліп кетті.

Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді. Найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Жауын ағыл – тегіл құйып кетті. Ормандағы бүрі қалың , бұтақты шыршаны паналап тұру да рақат. Шыршаның панасы жанға жайлы, құп –құрғақ. (55)
Тапсырма:


  1. Жауын сөзіне фонетикалық талдау жаса

  2. Мәтіннің алғашқы сөйлеміндегі сөздерді буынға бөліп жаз.



Қой қоралау (бақылау диктанты)

Күзгі қара суық сықырлап сүйегіңнен өтеді. Мұндай кезде итқұс дегенің малға өш келеді. Сол үшін киіз үйлердің сыртына қойларды айналдыра жатқызатын болған. Мұндай әдістен соң олар суыққа бой алдыра қоймаған. Кейде малшылар түйелерді қос-қостан айналдыра шөктіріп, жатқызады екен. Себебі түйе ұзақ таңды тырп етпестен аттыратын момын жануар.

Күндіздің өзінде де көлеңкесінен өзі үркіп, тұра жөнелетін қой, түйелердің биік өркешінен асып ешқайда кете алмаған. (65сөз).
Тапсырма:


  1. Түйе сөзіне фонетикалық талдау жаса

  2. Алғашқы сөйлемнен жуан сөздерді теріп жаз.

  3. Түйе,жануар, қой сөздеріне көптік жалғауын жалғап жаз.


Жер (тақырыптық)

Жер- аспан әлеміндегі сансыз ғаламшардың бірі. Көлемі жағынан одан үлкен де, кіші де мыңдаған ғаламшар бар. Солардың ішінде Жерде ғана тіршілік бар.

Жер өз кіндігінен айналады. Толық бір айналым жиырма төрт сағатқа созылады. Бұл-бір тәулік. Сондай-ақ Жер Күнді айналып та қозғалады. Күнді толық бір айналып шығуға үш жүз алпыс бес күн, алты сағат, тоғыз минут, тоғыз секунд уақыт кетеді. Бұл- бір жыл деген сөз. (63 сөз)

Тапсырма:


  1. Мәтіннің алғашқы бөлігінде неше сөз бар?

  2. Мәтіннің қай түріне жататынын жаз.

  3. Сансыз сөзіне мағыналас сөздерді жаз.

Туған өлке (бақылау диктанты)

Нұржан атасының үйіне асыға келді. Дала табиғатының мұншалықты сұлу екендігін енді байқады. Үй жанында сылдырап өзен ағып жатыр. Қызылды-жасылды кең алқап, бәрі –бәрі Нұржанның көңілін баурап алды. Ол тау құшағынан арайланып шығып келе жатқан күнге қызыға қарады.

Өзен жағасындағы көк шүйгінге қозы- лақтарды жайды. Табиғат туралы өлең де шығарады.Туған өлкенің қадірін түсінді.

Нұржан қалаға қайтты. Достарына өзінің көрген-білгендерін айтып берді. Достары қызыға тыңдады. (65).



Тапсырма:

  1. .Мәтіннің екінші сөйлемін лепті сөйлемге айналдырып жаз.

  2. Нұржан қалаға қайтты. Сөйлем мүшелеріне талда.

  3. Алғашқы сөйлемнен тұрлаусыз мүшелерді теріп жаз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет