Дөнгелек үстелдің тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында тиімді әдістерді қолдану арқылы маб және Ұбт дайындықтарын арттыру»



Дата15.06.2016
өлшемі146 Kb.
#138037
Дөнгелек үстелдің тақырыбы:

« Қазақ тілі сабақтарында тиімді әдістерді қолдану арқылы МАБ және ҰБТ дайындықтарын арттыру »
ББ әдіскері Г.Уразбаева
Қалай нәтижелі оқытуға болады?

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу – адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.

Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.

Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдармаларының негізгі талабы- мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек».

Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету.

Қазіргі заманда, мемлекеттік тілге деген талап өсті. 9-шы сынып

оқушылары МАБ тапсырады. Осы МАБ-да жоғары көрсеткіштер алу үшін, оқушылардың білім деңгейін көрсету үшін сабақта тиімді әдістер қолдану керек.барысында көрнекіліктер дұрыс пайдаланылса,

оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған білім де берік болады. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.

«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағына-ны білдіреді.

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір- бірімен тығыз байланысты. әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», « Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе,

оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістері-мен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де

жиі қолданылады.

Мысалы: қалыптасқан әдістер:

а) сұрақ-жауап;

б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану;

в) аударма

г) сөйлем және сөзді толықтыру;

д) мәтін бойынша әңгімелесу;

е) тест сауалдарымен жұмыс;

ж) мақал- мәтелдер жарысы;

з) өлең, тақпақтар жарысы т.б.

Жаңама жаңғыртып оқыту әдісі

а) пікірсайыс (дебат) әдісі

б) коммуникативтік әдісі

в) драматизация әдісі

г) іскерлік әдіс

д) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі

е) жобалы сабақ өту әдісі

ж) саралап оқыту әдісі т.б.

Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай, оқушылардың білім-

ін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді. Себе-

бі, МАБ-ы кезінде жоғары көрсеткіштер беру үшін, әрі оқушыларды жақсы дайындау үшін бұл әдістің пайдасы зор. Сонымен қатар өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптарды бекіту үшін де

тиімді. Жоғарыда айтылғандай әр технология мұғалімдердің

шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды дер кезінде қабыл-

дап, өңдеп, оны өз ісінде тиімді қолдана білуін айырықша талап етеді.

23 ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ержанова Р.К.
Қазақ тілі мен әдебимет сабақтарында жаңа технологияны тиімді пайдалануы

Қазақ тiлi мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияны тиiмдi пайдаланудағы өз тәжiрибемдегi сабақ жоспары.

Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.

Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» СТО бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытынға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.



11-сыныпта қазақ тілінен «Іскерлік қарым-қатынас, ондағы сөз әдебі» деген тақырыпта сабақ өткіздім.



Сабақтың тақырыбы:

Іскерлік қарым-қатынас, ондағы сөз әдебі

Сабақтың мақсаты:

Іскерлік қарым-қатынасқа орай сөз әдебін игерту, оқушы қызығушылығын ояту.

Дамытушылығы:

Тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты:

Мәдениеттілікке, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу, бір-бірінің пікірін сыйлауға баулу.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ.

Сабақтың түрі:

Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:

Топтастыру, сұрақ – жауап, пікірталас, шығармашылық бес жол өлең, іскерлік ойын.

Сабақтың көрнекілігі:

Кестелер, үлестірмелі қағаздар, мультимедия комплексі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтар:

  1. «Қыпшақ – ноғайлы тілдері» тобына қандай тілдер жатады?

  2. Адамдар арасындағы қарым – қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Тілдік қарым – қатынаста сөз мәдениетін неше түрге бөліп қарауға болады?

  4. Ауызекі сөйлеу мен жазба тіл дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

  5. Адамдар арасында тілдік қарым – қатынастағы сөздерді қолданылу аясына қарай қанша түрге бөліп қарастыруға болады?

  6. Әлеуметтік – тұрмыстық тіл дегенге түсінік беріңдер.




Мұғалімнің сөзі:

«Іскер адамдар кімдер?» деген сұраққа жауап аламын.


Саясаткерлер

Ғалымдар

Өнер адамдар

Іскер адамдар: Депутаттар

Банк қызметкер

Емшілер

Жазушы


Әкімдер

Зауыт қызметкерлер

Сауда қызметкерлер

Бұл сөздер плакатқа жазылады.

Оқушылар, біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын әр топ өздеріне ат қоюы керек.

1 топ Оқушылар тобы

II топ Ғалымдар тобы

ІІІ топ Саясаткерлер тобы

Топ жетекшілерінің сайысы

«Бас болмақ оңай, бастамақ қиын»

Сайыстың шарттары:



  1. Топ жетекшілер сайысы

  2. Бес жолды өлең және С.К.Т алты сөзге.

  3. Іскерлік ойын.

  4. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу және сол сөйлемге синтаксис талдау.

  5. Ділмар (шешендік сайыс).


І топ «Егер мен білім министрі болсам...»

ІІ топ «Егер мен қалалық білім басқармысының бастығы болсам...»

ІІІ топ «Егер мен мектеп директоры болсам...»



  1. Бес жолды өлең әдісімен үш топ өз аттарын таныстырады,

І топ: 1. оқушы (фонологиялық)

2. әдепті, білімді

3. оқиды, көреді, жазады (математикалық)

4. білімді оқушы өрге жүзер

5. шәкірттер



ІІ топ: 1. Ғалымдар (фонологиялық)

2. ойшыл, дана

3. ізденеді, зерттейді, қорғайды.

4. ғылымның тұңғиығына бойлаған ғұламалар

5. оқығандар (математикалық)

ІІІ топ: 1. Саясаткерлер (фонологиялық)

2. ақылды, айлалы

3. ойланады, сөйлейді, бағындырады

4. саясатты сараптай білетін серкелер

5. депутаттар (математикалық)


  1. Іскерлік ойындар.

Оқушылар тобы:

Біз бұзақы бала гүлді сындырды. Сындырған бала кетіп қалып, сен қалдың. Сынып жетекшісі келіп саған дауыс көтерді. Сен қалай жауап берер едің?



Ғалымдар тобы:

Балың жетіп тұрса да қалаған оқу орнына іліге алмадың, соның себебін білу үшін, әділдікке жету үшін институт ректорына кірдің. Осы жағдайдағы ректормен әңгімені көрсетіңдер.



Саясаткерлер тобы:

Ұжымда жер бөліс мәселесі шешілуде. Сен шұрайлы жерден өз үлесіңді алу үшін ұжым басшысына барып, өзің қалаған жерді сұрауың қажет. Ролдік ойын түрінде осы жағдайда әңгімелесу




  1. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру және сол сөйлемге синтаксис талдай жасау.

  2. Ділмар. Шешендік сайыс


Т «Білімді жас өз орнын таба ала ма?»

Р

А

Ф

«Қасиетті – ана тілім» атты тақырыпқа эссе жазу.

Оқушы білімін бағалау.

Үйге: «Мәдениет мәйегі» осы сөзге түсініктеме жазып келіңдер.

Сабақтың тақырыбы:

Ғ.Мұстафиннің өмірбаяны.

Сабақтың мақсаты:

Жазушы өмірімен, өмір сүру жылдарымен танысу. Толық мәлімет алу. Қосымша өз білімдерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты:

Ақын өмірімен таныса отырып, оқушыларды жазушының шығармашылығы арқылы ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу. Ойын толық жеткізе білуге және толық айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты:

Шығарманы көркемдеп түсініп оқуға және еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Ақпараттандыру пәні, тарих.

Сабақтың көрнекілігі:

Үнтаспа, тірек сөздер, кітап көрмесі, компъютер.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ-жауап әдісі, сыни тұрғысынан ойлауды ақпараттандыру құралы арқылы жүзеге асыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар компъютерде сөзжұмбақ терілген. Сол сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі өтетін жазушының атымен танысамыз.

а.сөзжұмбақты шешу.

ә.тақырыбын айту

б.мақсатын жеткізу

Тақтадағы эпиграф арқылы сабақты бастау.

«Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше-ертеңгіні жаздым. Жазушы алдымен өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш қуатымды халық мүддесіне бағыштаған жазушымын. Менің шығармашылым-

ның өзегі – арқауы негізгі жаңа заман, жаңа адам».

ІІ. Жаңа сабақ.

-Ал енді балалар өздеріңнің ізденіп келген білімдеріңді ортаға салсаңдар.

(өздері әкелген материалдарды талдау).

ІІІ. Мағынаны тану.

1-топқа және 2-тоқа мәтін үлестіріледі.

1-топ.


«Новосибирьде, орыс арасында болған бес-алты жыл уақыт тәжірибе білім жағынан маған үлкен университет болды. Соның нәтижесінде 1938 жылы Алматыға келе сала, «Өмір мен өлім» романын жаздым. «Өмір мен өлім» роман жазу жолындағы бірінші қадамым. Толстой мен Гюгоден үлгі алдым. Әкем ұзақ түндерде «Хикмет» кітабын бар дауысымен оқып маған әділдік, уәдешілдік, кішіпейілділік туралы айтып отыратын».

2-топ


«Өндіріс тақырыбында-Отанымыздың үшінші көмір алабы-Қарағандыға оңай келген жоқ. Ой арнасы кеңігекн кезде келдім. Қарағанды маған бала күнімнен таныс. Біздің ауыл осы маңда болатын. Менің көзқіммен сүйсіне сезгендерім Қарағанды романын жазғызды.»

Не білдім

Не білгім келеді

Не білдік

Қарағандыға оңай келмегендігі;

Бала күнінен қаланың таныс болуы;

Козловтың жұмысқа алуы;

Машинист, токарь

Болып жұмыс істеуі; Басқа ұлт өкілдерінің қазақ еліне көмектесуі


Шығармаларымен терең танысқым келеді.

Жазушының өмір тәжірибесін көзбен көріп сүйсіне сезгендері.

1-топта, 2-топта компьтерде толтырып шығады.

Топ басшыларына тексерту.

-ал,енді балалар Ғ.Мұстафиннің шығармашылығы туралы оқулықта былай делінген:

-Ғабиден Мұстафин мұрасы 20-40 жылдарыдағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық-дән салмағынан басын көтере алмай, маужырап тербелген қалын бидай мен басын көтере алмай гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып туған өлкеге көз жібереді. Еңбекке толы уақытты көресіз. Ғ.Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Аянбай ат салысты.

-олай болса,өздерің Ғ.Мұстафиннің еңбегі туралы не айтар едіңдер
Топтастыру әдісін кұрып көрейік



Ғ.Мұстафиннің еңбектері



-ал, енді Шығанақ Берсиев ағамыздың ақ тарысы туралы қандай – мақал мәтелдерді жаттап келдіңіздер?

v Тары - мығым ас.

v Бидайдан бір тамғанда, тарыдан екі тамады.

v Кеспе көже күн батқанша, ең құнарлысы тары.

v Тарыны етке қоссаң нан.

-ал, енді балалар, осы Шығанақ Берсиевтің ағылшындар қызығып сатып алған сүйікті қазақ халқының ұлттық тағамы мынау - тары. Ал осы тарыдан жасалған мынау талқан./ кесеге салып көрсету/

-Құрметті оқушылар! Енді бәріміз бір сәт ойымызды жинақтай келіп, 5-шумақ өлең жазамыз.

Ғ. Мұстафин өзі «Талпынған жаңа талантты көзім шалса болғаны, оны шығар биігіне шалдықтырмай жеткізу үшін талабына кілем болып төселгім келеді» деген екен

-Ендеше іске сәт!

-Ал балалар осы біздің кемеңгер жазушымыз тәрбие туралы не деген екен?.

-Енді аға өсиетін көңілімізге түйе отырып, ашық хат жазамыз.

-Сонымен бүгінгі сабақтағы Ғабиден аға туралы өз замандастары, қаламгерлері не айтқан екен Соны үнтаспадан тыңдап көрейік

Үнтаспадан: Ғабиденмен 1938 жылдан бері Алматы қаласында тұрып, бірге жасап, әлеуметтік, жазушылық істердің біразын бірге атқарып келеміз. Осындай ой үстіндетүсініскенде, түсініспегенде де кейде жақын, кейде алшақ жүрген кездерімізде болады.

Ғабит Мұсірепов


Құрметті оқушылар!

Ғ. Мұстафин жаңа заманды, жаңа адамды шығармасына арқау еткен.Шығанақ романындағы Шығанақ Берсиев Ақтөбе облысының Ойыл ауданының тұрғыны болған. Әкесі де, атасы да егіншілікпен айналысқан екен. Бидайдың түрлерін егіп, жастарға ақыл-кенес беріп отырған жан. Ол кісіні «тары дәрігері» деп те атаған.

Биыл тыңға 50 жыл! Біздің еліміз егеменді ел. Ғ. Мұстафинің Шығанағы секілді ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев, Жазықбек Қуаныанышбаев атақты өзіміздің жерлесіміз Амангелді Исақов, Жансұлтан Демеев, Кәмшат Дөненбаева еңбекте алдына жан салмаған жандар.

Ал Елбасы Н. Назарбаевтың 2030 үндеуіне зер салсақ: 2030 жылы ауыл көркейіп гүлденеді деген. Ата арманы да орындалып егеменді елдің өндіріс орындары көбейіп сендер секілді азаматтар ертең сол өндірісте қызмет етері анық.

Ал, енді компьютерде берілген Ғабиден атамыздың әзіл анкетасын оқып отырып бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.

І-топ:


а/ Шығарманы қалай жазасыз?

2-топ:


а/ машинка түгілі башпаймен жазатындар бар, мен әлі қолмен жазамын.

1-топ:


а/ сіздің тілегіңіз?

2-топ:


а/ жылда жер семіз, ел семіз болғай, еңбек қырманы тасығай-ақ.

б/ ары қарай компьютердегі сұрақтарға жауап беріп шығады./

Сабақты топ жетекшісі бағалайды
1 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Балтабаева Ш.А.
Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген ынталылығын арттыру жолдары

Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі кезенде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – мектеп түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату, білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, саналы білім беру бұрынғыдан да күшейіп отыр.

Ұстаздар алдындағы міндет-жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан-жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру.

Окушылардың білім сапасын мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдері әр түрлі. Соңғы жылдары балалардың білім сапасын тексеруге тест тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда. Бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады. Ол оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.

Мен аралық мемлекеттік бақылауға дайындық жұмысын оқушы білімін бақылауда үй тапсырмасын сұраудан бастап, сабақты бекітуге дейін жүргіземін. Ол жалпы сыныптық сұрау, бақылау, өздік жұмыстары, белгілі бір тақырып бойынша жекелеген тапсырмалар, диктанттар. Бұл әдістердің жетістіктерімен қатар жүретін кемшіліктері де жоқ емес.

Ол кемшіліктердің бірі – мұғалімнің уақыты мен еңбегін жоғалтатын, оқушы қабілетін дұрыс бағалауға қиындық тұғызатын білімді бағалаудың бес балды жүйесі.

Орыс тілінде оқытылатын мектептердің 9-сыныптарында қазақ тілінен аралық мемлекеттік бақылау өткіздің негізі – тестік бақылау. Қазір тестік бақылаудың бірнеше түрі таратылып жүр. әрине, тест ең керек ақпаратты береді. Тест жасаудың өзіне тәжірибе, ғылым керек. Тестті жасайтын мамандардың тәжірибесі мол болуы шарт. Меніңше, тест - өте жақсы әдіс. Бірақ, бізге тестің түрлерін әлі де болса жетілдіру қажет. Еліміздегі тест жүйесін әлі де реттеу керек және болашақта әр деңгей бойынша әлемдік стандарттар талаптарына сәйкес келетін тест түрлерін дайындап, қазақ тілін оқушылардың білім дәрежесін көтеру керек.

Оқытудың коммуникативтік әдісінін енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингводидактикалық тест педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып, біріншіден, өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден, алған білімдерін практикада күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Осыған білуі мақсатында жүргізледі. Осыған орай бұл тест екіге бөлінеді:



  1. тілдік тест. Оған лексикалық, грамматикалық тест түрлері жатады.

  2. сөйлеу тілі тесту көбіне ситуативтік тақыраптағы сұрақ-жауап тапсырмаларынан тұрады.

Ал тест әдісін жүргізу баспалдақты жүйе негізінде жүзеге асырылады.

А) тест жүргізудің дайындық кезеңі

Ә) тест өткізу кезеңі

Б) тест тапсырмаласын қорытындылау, бағалау кезеңі

Лингводидактикалық тест әдісі оқушының өтілген материалдарды қорытып, өз бетімен жеке жұмыс істеуіне, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, пәнге қызығушылығының артуына көмектеседі.

Оқу процесін, оның білімділік жағын жетілдіру коммуникативтік принципін еңгізу мәселелеріне байланысты. Оқу орыс тілінде жүргігізілетін мемлекеттердегі қазақ тілі сабақтарында белгілі бір тақырыптардан кейін алған білімдерін бақылау негізінде лингводидактикалық тест тапсырмалары берілгені тиімді. Қазір тестік бақылаудың бірнеше түрі таратылып жүр. Ашық, тұйық (жабық) сәйкестікті табу, қосымшалық тест, жұмбақтық тест, т.б.

Мысалы: тұйық тест (жабық) 1. Ашық буынды сөзге бес мысал келтіріңіз.

Сәйкестіктілік тестісі. Таспсырма екі бағанадағы бір-бірімен мағынасы сәйкес элементтерді табу.

1. зат есім 1. оқы 2. сын есім 2. үш

3. сан есім 3. бал 4. есімдік 4. сонау

5. етістік 5. қызыл

Орыс сыныптарында қазақ тілінен білім сапасын бақылау үшін бұдан басқа да көптеген тәсілдер қолдануға болады. Мысалы жазба жұмыс түрлері. Диктантты тек жазып қана қоймай оған көптеген тапсырма беремін. Деңгейлі бақылау түрін ұйымдастыру. Ауызекі сөйлеу, оған қосымша сұрақ қою, баланың ой-өрісін кеңейтіп, сауатты сөйлеуін бақылау үшін тиімді әдіс.

Сыныпта жүргізілетін әр түрлі бақылау жұмыс түрлері бақылау жұмыс түрлері оқушының білім сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Тоқсан сайын, жарты жалдық, жылдың соңындағы әкімшілік, қалалық білім басқармасының тексерістері баланың білім сапасын нақты көрсетіп береді.

Қорыта келе, мен өз оқушыларының білім сапасын мемлекеттік стандарт талабына сай бақылауды үнемі жүргіземін. Ол үшін талмай ізденіп, баланың білім сапасын арттырып, оған қойылатын талапты нақты орындауы керек. өйткені, қазіргі оқушы – ертеңгі ел азаматы.

3 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі А.М. Кәрімова
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияның элементтерін қолдану

«Инновация » деген сөз- латынның «novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан , ал оның қазақша аудармасы «жанару, жаналық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың енбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз- тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.

Зерттеулер бойынша , «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық : жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс- тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.

Инновациялық іс-әрекет – дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады.

Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.

Бастауыш сыныптарының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.

Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады. Мысалы, математика пәнінен өзім өткізген «Дамытпалы саяхат сабақ» , «Математика әлемінде» сабағын алайын. Мұнда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту барысында ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын меңгерту көзделеді. Сабақ қосу, азайту, көбейту, бөлу тәсіліне арналады.

Математикалық фокус, викториналар,ребустар, логикалық есептер, қызықты шаршы құрастыру, сөзжұмбақтар шешу баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеудің нәтижесін, оның қызық та қиын екендігін, көп іздену керектігін дәлелдейді. Оңайдан қиынға, ауырдан жеңілге ұстанымын сақтап, алдымен жеңіл ребус, сөзжұмбақтар, т.б. құрастырып, бірітіндеп күрделендіре түсемін.

Қай сабақта болсын тест әдісін өте жиі қолданамын. Оған оқушылардың жасаған 1-ден 10-ға дейінгі сандарын пайдаланамын. Мысалы: 1) Кім? Кімдер? 2) Қанша? Неше? 3) Не істеді? Неғылды? 4) Қандай? Қай?

Қазақ тілі пәні сабақтарын ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой белсенділігін арттыруға бағыттаймын. Мәселен, қазақ халқының киелі сандарымен таныстыру: 3, 5, 7, 9, 12, 30, 40. Бұл сабақта 7 санының қасиетті екенін түсіндіріп , ұқыптылыққа, сыпайлыққа, ұжымдықпен жұмыс істеуге тәрбие беру көзделеді. Сабақ көрнекілігіне 7 басты жылан, аты жазылған карточкалар, 7 жолақ, ғажайып алау барабаны, жануарлар суреті пайдаланылады.

Алдымен сабақтың тақырыбы, мақсаты түсіндірілді және бұл әдеттен тыс ойын сабақ болатынын, септіктерді қайталау, пысықтау керек екенін айтамын.



  1. 7-ге байланысты: жеті жетім, жеті қазына, жеті жұт, жеті ата, жеті теңге беру туралы әңгімелеу.

  2. «Айдаһарды өлтіру» ойыны.

  3. Поэзия минуты. Өлеңдер оқылып, кімнің өлеңі екенін айтады. Асты сызылған бір сөзді 7 деп есептейді.

  4. Сергіту сәті. 7 күнді атау. Сол күнді септеу.

  5. «Жеті жолақ» ойыны арқылы жаттығулар орындалады.

  6. «Ғажайып алаң» ойыны. Үй жануарларын септеу.

  7. «Адасқан септіктер» ойыны. Септік атаулары жазылған 7 бала тақтаға шығады. Сөздеріне қарай оқушылар қай септік екенін табады.

Бұл сабақта көрнекіліктерді көру арқылы балалардың есте сақтау қабілеті артады, әрі көп бала сабақта белсенділік танытады. Сабақты кестеде жазылған септіктерді оқыту арқылы қорытындылаймын. Әрине, әр жылдың мезгілдеріне байланысты ойындарды өзгертіп түрлендіруге болады. Үндемес бағдаршам, оң қол, сол қол ойындары, т.б. Бұл ойындардың балалардың пәнге деген ынтасын арттыратыны даусыз.

Жалпы білімдік пәндер бойынша В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек-конспект, диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технология бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға, шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасаудамыз.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылрдың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды женуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.

1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).

2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).

3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру).

Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, (әлеуметтендірушілік) маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет. Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, колледж, жоғары оқу орындары оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.

Соңғы кезде оқу үрдісінде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің есептер шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы),Эрдниевтің ірі блоктап оқыту, мәселелік оқыту, оқытудыңбелсенді әдісі,т.т.

Ал соңғы ылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ , профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделгенжаңа педагогикалық компьютерліктехнологиясы мектептерде қолданып отыр. Егер осы жұмыстарда қарастырылғаноқытудыңпедагогикалық технологиясыноқу- тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетінболсақ , онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуынабақылау жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.Мектептерде жүргізіліпжатқан қазіргі тәжірибелік жатқан қазіргі тәжірибелік – сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д. Б. Элконин, В.В Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір- бірімен тығыз байланыстыәрі мынадай ұстанымдардан құралады.


  1. Жоғары деңгейдегі қиындықты оқыту.

  2. Теориялық білімнің жетекші ролі.

  3. Оқу материалын жетелдете оқыту.

  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

  6. Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін- еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігініңдамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д. Б. Элконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндетіжан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қаладыСондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.



  1. Оқушылардың өзіндік іздену іс- әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы- мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

  2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір- қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе , бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

  3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек – ақ.

Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л. С. Выйготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл- ойының дамуы «актуальды даму аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.

Бұлар -әнгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу – мЫсылдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен, оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі «басқаруға ыңғайсыз» делініп, сыналып жүр. Сондағы айтантындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс- әрекеті, көбінесе, қате болады» дейді.

Біздіңше, оқытудың жаңа технологиясы жағдайындағы оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс- әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықтымазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отрып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтлатыны даусыз. Бұл жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:


  • барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгірмеушілерге көмектеседі;

  • сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.

Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз- кем соған тоқталып өтейік .

Денгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат- сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын , өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.



Ұсыныстар:
1.Дарынды оқушылармен жасалатын жұмыс түрлерін белсендіру, оқушылардың шығармашылықтарын арттыру;

2.Мұғалімдер кәсіби шеберлігін үнемі әдістемелік әдебиеттерді, жаңа технологияны пайдалана отырып

шығармашылық деңгейін көтеру;

3.Мұғалімдердің ғылыми ізденіс жұмыстарын жандандыру;

4.Шығармашылық ұстаздар тобы өз жұмыстарын жалғастыру;

5.Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеруге арналған

курстарға қатысу;

6.Авторлық жұмыспен айналысатын мұғалімдер

жұмысын жалғастыру;

7.Оқушыларды қалалық олимспиадаға, ғылыми



жұмыстарға бағыттау;

8.Бағдарлап оқытуды жалғастыру,

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет