Әдеби тілдің лексикалық нормасы және мәтін



Дата03.07.2016
өлшемі118 Kb.
#174552
Алғы сөз
Карточка – сұрақнамалар екі нұсқадағы үш деңгейлік тапсырмалардан тұрады . Бұлар біріншіден , мұғалімдер үшін ыңғайлы . Белгілі тақырыпты өткеннен кейін материалдарды оқушылардың қаншалықты меңгергендігін жалпы фронтальды бір мезгілде бақылау ұйымдастырып , біле алады . Осыдын соң мұғалімтақырыпты дұрыс меңгермеген оқушымен жеке жұмыс жасауына болады . Екіншіден, оқушылар үшін қажетті құрал . Себебі үш деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы әр оқушы өз деңгейін анықтап , қандай тақырыпты, оның ішінде қандай сұрақты қалай меңгергендігін біледі. 1 деңгейдің тапсырмалары өте қарапайым, оның жауабын толық тапқан оқушы тек «үштік» бағаға ие болса , екінші деңгейдің тапсырмалары одан сәл күрделі , оған «төрттік» баға қойылады , ең жоғарғы деңгей – үшінші деңгей - «бестік» баға қойылады.

Тапсырмалардың мазмұны мемлекет стандартының бағдарламасына сәйкес құрылған. Үшінші деңгейдің тапсырмаларын үнемі орындап жүру оқушылардың шығармашылық қабілетін шындап , олимпиадалық тапсырмаларды орындауға дайындайды .




Әдеби тілдің лексикалық нормасы және мәтін

2-нұсқа

I деңгей

  1. Мәтін дегенді қалай түсінесің?

  2. Әдебитіл туралы айт және едеби тілге жатпайтын сөздерді ата.

  3. Сөйлемдерден термин сөздердің астын сыз және әдеби тілдің нормаға жататынын немесе жатпайтынын дәлелде.

Сонымен қатар мұнда фосфор, күкірт,көміртек сияқты металлоид заттар да кездеседі. Радиоактивтік ыдыраудың салдарынан және де басқа да себептерден мантия тереңдіктерінде заттар ұдайы өзгеріске ұшырап жатады. (Т.Әбдісадықов) II деңгей

  1. Лексикалық нормаға жатпайтын термин сөздер туралы айт және мысал келтір.

2. Төмендегі сөздердің қандай сөздерге жататынын ажыратып,жеке-жеке топтап жаз.

Ақ шәгөн, ақырап, география, минерал, дақа, далан,дой дала, алмаз, вольфрам, сұмырай,есуас, қамшы, қапыл-құпыл,қапы,езбе, мылжың, миғұла, драма, реализм.

3.Төмендегі сөздерге шағын мәтін құра және жаңа пікірдіайтуға көшкенде мәтін қалай жазылатынын көрсет.

Үріккен еліктей, жас киіктей,ақ маралдай, керілген кер маралдай, жанаттай жайнап, құндыздай мақпал қара, құралайдың көзіндей, оқ тиген ақбөкендей, түлкідей епті, қырдың қызыл түлкісіндей қояндай қарғып.


III деңгей

1.Диалект, дөрекі, былапыт, жаргон сөздер туралы айтып, оны мысалдармен дәлелдеп көрсет.



  1. Төмендегі тұрақты теңеулердің жалғасын жазып,қазақ тілінің сөз байлығы туралы айт.

Үйірінен айырылған ... .

Бұйдасы тайлақтай ... .

Көгеннен ағытқан ... .

Үріккен қойдай ... .

Тойған қозыдай ... .

Құлаққа ұрған ... .

Тілі буылған ... .

Ит көрген ... .



  1. Шешендердің өзіңе ұнаған ұлағатты бір әңгімесінайтып бер.



Әдеби тілдің лексикалық нормасын және мәтін

1-нұсқа

I деңгей

  1. Әдеби тілдің лексикалық нормасы деген не?

  2. Сөйлемдерден лексикалық нормаға жатпайтын сөздерді тап.

Сатушы мен алушыны мәмлеге келтіріп, осы қызметі үш шырыңке пұлға қарық болып жүретін кәнігі адамдар дауысы бәрінен қаттырақ естіледі.Бойындабір қырым ет жоқ, мұрнының ұшы біздей сүйреленіп біткен, еңсесі төмен осы бәдбақ мына пошымыменен мұның аты дардар ағасына ірілік еті дегенге сенгісі келмейді.(С. Омаров)

  1. Азат жол туралы айт және мысал келтір.

II деңгей

1. Төмендегі диалекті сөздердің әдеби лексикалық нормасын жаз.

1. Нән- 5.Егесі-

2. Шікілдеуік- 6. Ауқат іш-

3. Лазы- 7. Кәуа-

4. Шырпы- 8. Клет-



    1. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерді ата және олардың әрқайсысына мысал келтір.

    2. Мәтін туралы айт және «Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі» деген тақырыпқа мәтін құра .

III деңгей

1. Төмендегі термин сөздердің қазақша баламасын жаз.

1. Квадрат- 5. Музей-

2. Космос- 6. Универсал-

3. Система- 7.Статья-

4. Космонавт- 8.Паспорт-

2. Тіл туралы мақал -мәтел, қанатты сөздерді жаз және оның мағынасын түсіндір.

3. «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясына көңіліңіз тола ма»? Деген тақырыпқа өз пікіріңді жаз.



Зат есім

1- нұсқа

I деңгей

  1. Зат есім туралы не білесіз ? Мысал келтір .

  2. Төмендегі сөзді септе .

Отан , ел , төре , батыр .

  1. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой және қай жалғау екенін айт .

Сандыбай қарға .... тұзын екі қолы .... ұстап , айна .... қарағандай жымиып отыр . Бойында әдет пен әдепке сыя бермейтін мінез .... болғандықтан , жынды Бижан атанған адам . (Ғ. Мүсірепов)
II деңгей


  1. Қазақ тілінде неше жалғау бар ? Жалғау түрлеріне мысалдар жаз .

  2. Жіктік жалғауының тәуелдік жалғауынан қандай айырмашылығы бар ?

«Оқушы , инженер» деген сөздерді жікте .

  1. Төмендегі сөйлемнен зат есімді тауып , сөйлем мүшелеріне талда .

Өткен жазда болған болыс сайлауында сол ауылдың біреуі болыстыққа таласқан Тоқсанбайдың Сыздығы деген байға қарсы шыққан . (С. Мұқанов)
III деңгей

  1. Сөйлемдерден жалпы есімді бөлек , жалқы есімді бөлек теріп жаз .

Жандос , Ермекбайлар бір жақ , Ерасыл , Аман , Күлпаштар бір жақ болып , армансыз сайысқан көрінеді . (Ғ. Мұстафин)

Сондай бейбітшіліктің бірінде мүлік артқан , керуен тартқан саудагерлер найман еліне келіп , дастарқан басында әңгіме – дүкен құрып , өздерінің Сарыөзектен кедергісіз өткенін айтады . (Ш. Айматов)



  1. Төмендегі сөздерге көптік , септік , тәуелдік , жіктік жалғауларын жалғап жаз және бірінші қай жалғау жалғанатынын айт .

Алма , шие , қазақ , орман .

  1. « Жазғы кеш » деген тақырыпқа шағын шығарма жаз және зат ес імдерді тап .


Зат есім

2- нұсқа

I деңгей

  1. Тілімізде қанша сөз таптары бар ?

  2. Мәтіндегі зат есімнің астын сыз .

«Жығылғанға жұдырық» дегендей , кедейлікке кәрілік қосылады . Кәрілік тұсау , кедейлік бұғау болыпты . Қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты . Алайда ағайындарының емене – жарқын көмегіне сүйенген ол аштан өліп ,көштен қалмапты . (Шешендік сөздер кітабынан)

3.Төмендегі сөздерге көптік , жіктік жалғауларын жалға және қай жалғау бірінші жалғанатынын көрсет .

Ұшқыш , жүргізуші , талапкер , оқушы.
II деңгей

1..Мәтіннен жалғаулардың астын сыз және қандай жалғау екенін түсіндір .

Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай , Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр . Сабаның даусы шықпайды . Көрінгенмен құрдас болып , арсалаңдап жүретін . Дүрмағанбеттің де иығы түссіп кетіпті . Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр.(Ж. Аймуытов).


  1. Тәуелдік жалғауы дегеніміз не ? Төмендегі сөздерді ортақ, оңаша тәуелдеп , айырмашылығын түсіндір .

Кілем , тарақ , көйлек , көзілдірік .

  1. Су, теңіз, көл, мұхит туралы тұрақты теңеулерді жазып , зат есімнің астын сыз .

Үлгі : Судай шайқап , су сепкендей басылды , теңіздей терең , көлдей тасып , мұхиттай толқып .
III деңгей

1. Сөйлемдерге морфалогиялық талдау жаса .

Шығыс іргесінде Тарбағатай төсінен , құлап түсетін мол сулы Қараүңгір өзені ағып жатыр . Оның сыртында қаланы бірнеше жерден көлемін беріден , қалың шилі , саздауыт даладан алатын , терең арналы , көк иірім қарасулар жарып өтеді . (Қ . Жұмаділов)


  1. Зат есімнің сөйлемдегі атқаратын қызметінің барлық түрлерін мысалмен түсіндіріп шық .

  2. Қазақстанның өзен – көлдеріне шағын суреттеме жазып , жалқы есімдердің астын сыз .


Сын есім

1 – нұсқа

I деңгей

  1. Сын есім дегеніміз не ?

  2. Сөйлемнен сын есімдерді тап .

Жылтырап таралған шашы қап – қара қалың өрілген , ерекше аппақ , нәзік мойнына қарай құлап түсіпті. (М.әуезов)

  1. Сын есімнің емлесі туралы айт және мысалмен дәлеледе .


II деңгей

  1. Сын есімнің күшейтпелі шырайын , оның жасалу жолын айт және мысал келтір .

  2. Төмендегі сөздерден салыстырмалы шырай жаса және салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын ата .

  3. Төмендегі сөйлемнен сын есімдерді тауып , сөйлем мүшелеріне қарай талда .

Ортарақ кезде ұшын қырыққан дөңгелек ақ сақалды , ала шапанды , сәлделі бір жат адам отыр екен . (С. Мұқанов)

III деңгей

  1. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және сын есімдерді тауып , шырай түріне қарай ажырат .

Әкесінің .... жақты келген , ұзын .... басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай көрінді . Онсыз да ұзын .... бетінен ұп – ұзын боп .... біткен сақалы қосылғанда , басы мен беті бір өңірдей . (М. Әуезов)

  1. Төмендегі сөздерден қатыстық сын есімдер жаса .

Орман , тау , су , бала , ағаш , гүл , мал , қой , шөп .

  1. Оқыған көркем әдебиетіңнен өзіңе ұнаған кейіпкерге мінездеме жаз және ішінен сапалық қатыстық сын есімдердің астын сыз .



Сын есім

2- нұсқа

I деңгей

Сын есімнің түрленуі дегенді қалай түсінесің ?



  1. Төмендегі сөздерге жұрнақ жалғау арқылы сын есім жаса .

Тас , орман ,шөп , қарағай , от .

  1. Қате жазылған сын есімдерді тауып, дұрысын жаз .

Көкала , қыпқызыл , жасыл , ашамайын , ақшыл , қиғашқас , қарқоңыр , көкшіл , таптастай , қапқара , қара , қызылала .

II деңгей

1. Сын есімнің сөйлемдегі қызметінің барлық түріне мысал жазып , талдап шық .

2. Сөйлемдегі сын есімдерді тамуып , осы сын есімдерден салыстырмалы шырай жаса

Сұлу жүзді , қиылған қара мұртты , ақсұр жігіт домбыраны шешен сарнатып отырып – отырып барып , жортып бастап кетті . Үлкен қара көздері сәл қанталай түсіп , шабыт отын маздатады . (М. Әуезов)



  1. Абайдың табиғат лирикасына жазылған бір өлеңін жатқа айтып ішіндегі сын есімдерін жазып шық .


III деңгей

  1. Күшейітпелі шырайға байланысты тұрақты теңеулерді жаз .

Үлгі : Қып – қызыл шоқтай жанып .

  1. Сөйлемдерден негізгі сын есім мен туынды сын есімді , дара сын есім мен күрделі сын есімді ажыратып талда .

Ұзын бойл , кеудесі есіктей кең , шаш , сақалы аппақ , омырауына медалі толған , айбынды генералдың алдынан бұл қалада бір кісі көлденең өтіп пе еді ? (І. Жансүгіров)

Жібектей қап – қара қалың шашын әдемілеп , екі бұрым қылып өрген . (С. Сейфуллин)



  1. «Гүлденген Астана» деген тақырыпқа шығарма жаз.



Сан есім

1 – нұсқа

I деңгей

  1. Сан есімнің басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар ?

  2. Мәтіннен сан есімдерді тауып , сан есімнің мағынасына қарай қай түрі екенін айт .

Он екі сом елу тиын сұраймын . Берер жерім – он екі . Он екіден бір тиын кем сатпаймын , - деп қасындағы сиыр сатушылардың саудаласу әдісін қағып алып , безеріп тұрып алған еді . (Х. Есенжанов)

  1. Сан есімдерге тиісті тыныс белгісін қой .

100 ден , 20 үй , 2 лерде , 5қатар , 12 мектеп , 10 том , ХХ том , 500 ге , 8 дерде , ХIХ тарау , 18 ге .


II деңгей

  1. Сан есімнің түрленуі туралы айт және мысалдар келтір .

  2. Сан есім мағыналық түрлеріне қарай қаншаға бөлінеді ? Төмендегі сан есімдерді мағыналық түрлеріне қарай топтап жаз .

Он , он бес , екеу ,екінші , үш – үштен , он сегіздерде ,жүзге тарта,елулерде , екі – үштен , тоғызыншы , екілер шамасында , төрт – бестен , қырық – елудей , жиырмасыншы , бесеу , үштің екісі .

  1. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі туралы айт және сөйлемдегі сан есімді тауып , қандай қызмет атқарып тұрғанын анықта .

13 жасар Абылайды Уәлидің бір құлы ғана сақтап қалады . (С.Мұқанов)

III деңгей

  1. Төмендегі мақалдан сан есімдерді тауып , мағынасына , құрамына қарай талда және мақалдың мағынасын түсіндіріп , ішінде сан есімі бар мақал – мәтелден мысал жаз .

Алтау ала болса , ауыздағы кетеді .

Төртеу түгел болса , төбедегі келеді .



  1. Үш , бес , жеті сандары неліктен киелі саналады? Осы сандарға байланысты мысал жазып , сан есімнің емлесін түсіндір .

Үлгі :Үш қуат : ақыл қуат , жүрек қуат , тіл қуат .

  1. «Елімздің ертеңі» деген тақырыпқа ойтолғау жаз және сан есімдерді тап .


Сан есім

2- нұсқа

I деңгей

1. Сан есім дегеніміз не ?

2. Жинақтық , реттік сан есімдер туралы айтып , мысалдар елтір .

3. Сөзбен , жазылған сан есімді цифрмен , цифрмен жазылғансанесімді сөзбен жаз .

158, 8 - 9, 40 - 50 , екі – екіден , он бес , жетеу , сегізінші , үш жарым , тоқсандай .

II деңгей

1. Сан есімнің қандай сөйлем мүшелері болатынын мысалдармен дәлелде .

2. Сөйлемдердегі дара сан есімдерді бір бөлек , күрделі сан есімдерді бір бөлек жаз және мағыналық түріне қарай ажырат .

Белдеуде тұр бір – бір ат ,

Жаралған қатып оқтай боп . (С. Сейфуллин)

5-6 жылдың ішінде әкесі өз шаруасын аяққа бастырып , жап – жақсы , қара – құра малды болып қалды .(С. Сейфуллин)

Балқия енді бір сәт неше күннен бері бірінші рет езуін тартып , жымиған сияқтанды . (С. Жүнісов)

3. Қазақстандағы қалалардың саны және қандай өндірістермен айналысатынына байланысты мәтін құрап , сан есімдердің астын сыз .



III деңгей

1. Ішінде сан есімі бар мақал – мәтелдер жазып , мағыналарына талдау жаса .

2. Сан есімдердің түрленуін мысалдар арқылы түсіндір .


      1. «Жеті атаңды білесің бе?» деген тақырыпқа өз пікіріңді жаз.



Есімдік__1_–_нұсқа__I_деңгей'>Есімдік

1 – нұсқа

I деңгей

  1. Есімдік – қай сөз таптарының орнына жүретін сөзтабы ?

  2. Сөйлемдердегі есімдіктерді тап .

Кейбір өзі білмейтін қиын сөздерін ұстағандай . (М. Әуезов)

Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай , хайуан жаны болады . (Абай)



  1. Жіктеу есімдіктерін айт және оның түрленуіне мысал жаз .


II деңгей

  1. Сілтеу , сұрау есімдіктерінің түрленуіне мысалдар келтір және сілтеу , сұрау есімдіктерін жазып шық .

  2. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қой және есімдіктерді қызметіне қарай талда .

Әлдекімнің рақаты , ... қызығы , сайраны үшін болар . (М. Әуезов)

Енді ақбоз ат та ... тіресіп тоқтағандай . (М. Әуезов)



  1. Ішінде есімдіктері бар мақал – мәтелден мысал жазып , ішіндегі есімдіктерді түрлеріне қарай талда және мақал – мәтелдің мағынасына анықтама жаз .



III деңгей

  1. Есімдіктер мағыналық түрлеріне қарай нешеге бөлінеді ? Өздік белгісіздік, болымсыздық , жалпылау есімдіктерін жазып , осы есімдіктердің түрленуіне мысал келтір .

  2. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі туралы айт және оны мысалдармен дәлелде .

  3. «Кісі елінде сұлтан болғанша , өз еліңде ұлтан бол» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз және ішіндегі есімдіктерді мағыналық түрленуіне қарай талда


Есімдік

2- нұсқа

I деңгей

1. Есімдік туралы айтып , мысал келтір .

2. Төмендегі есімдіктерге сөйлем құрап , есімдіктің қй түрі екенін айт .

Бұл , сол , осы , ол .



  1. Заттың ұғымдағы есімдіктерге қандай жалғаулар жалғанады ? Мысалмен дәлелде .



II деңгей

  1. Сөйлемдегі есімдіктерді сөйлемдегі қызметіне қарай талда .

Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп те ойлайды . (М. Әуезов)

Құнанбай естімеген сияқты ешбір белгі бермеді . (М. Әуезов)

Әркімде жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді .

(М. Әуезов)



  1. Сұрау , өздік есімдіктерінің түрлену үлгісін жаз .

  2. Қазақтың тұрмыс- тіршілігіне байланысты төмендегі сөздерді пайдалана отырып мәтін құра және есімдіктерінің астын сыз .

Жиған жүктей , туалақтай сілкіп , түйенің жабуындай , ұршықтай үйіріп , таспаша созылып , тарамыстай тартылып , біздей өткір , киізше шиыршықтап , тоқымдай жер , шалқыған шымылдықтай.
III деңгей

  1. Есімдіктің мағыналық және тұрғалық ерекшеліктеріне қарай қанша топқа бөлінетінін айтып , белгісіздік , өздік есімдіктерінің түрлену үлгісіне мысал келтір .

  2. Сөйлемдегі есімдіктерді тауып , түрленуіне және қызметіне қарай талда .

Өзің айтқан папаңды қаладан шығарып әкетуің керек . Міне , сені сол үшін шақырттым . (Х. Есенжанов)

Тас төбеңде қайнаған күн қызуы да бұған өтпейтіндей . (Ә. Нұрпейісов)

Саған жүз кісі өтті не , бір кісі өтті не ?! - деді жайбарақат . (С. Жүнісов)


  1. «Әсем қала – Астана» деген тақырыпта шағын шығарма жаз және есімдіктерді тап .



Етістіктің шақтары

1 – нұсқа

I деңгей

  1. Қимыл , іс-әрекетті білдіретін сөз табын ата және мысал келтір .

  2. Сөйлемдерден етістікті тап .

Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын сүйем . Мен болаттың сыңғырын ұнатам , қыныбынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем. (Р. Ғамзатов)

  1. Етістіктің шақтары дегеніміз не ? Мысалмен дәлелде.

II деңгей

  1. Етістіктің неше шағы бар ? Сөйлемнен етістікті тауып , қай шақта тұрғанын талда .

Күн кешкіріп суытып келе жатқан . (Ғ. Мүсірепов)

  1. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай нешеге бөлінеді ? Мысалдар жазып , жасалу жолын түсіндір .

  2. Болжалды келер шақ , мақсатты келер шақ , ауыспалы келер шақ және олардың жасалу жолын мысалдармен дәлелде .



III деңгей

  1. Ауыспалы осы шақ пенауыспалы келер шақты ажыратамыз ? Мысал келтір .

  2. Өткен шақ нешегше бөлінеді ? Өткен шақ түрлеріне және олардың жасалу жолдарына мысал келтір .

  3. Аң-құстар туралы шағын және ішіндегі етістікткр қай шақта тұрғанын тап.


Етістіктің шақтары

2- нұсқа

I деңгей

1. Етістің туралы айт және мысал жаз .



  1. Сөйлеп тұрғанын сәтке байланысты өту кезеңін білдіру қалай аталады және немесе бөлінеді ?

  2. Мәтіннен етістіктерді тап .

Біраз тынығып ап,жаңадан заулай жөнеліп едім, имек қабырғағастабанымнан тайып кеттім де, шалқалап барып құладым . Мен ғана емес бүкіл жұлдызды аспан аударылып бара жатқандай, көз алдымнан жылт-жылт етіп өте шықты.(Х. Есенжанов)
II деңгей

  1. Етістіктің шақтарын жасайтын жұрнақтарды, жалғауларды жаз және сөйлемдерден шақтарды жасаған жұрнақ, жалғауларды тап.

Салтанат үнсіз сабырмен көп уақыт қызыға тыңдапты. Ең аяғында қасына еркек баласын шақырып алып, өзгеше сөздер айтыпты. (М.Әуезов)

Қазір біздерді де айтатын шығар. (Ә.Сәрсенбаев



  1. Жедел өткен шақпен бұрынғы өткен шақтың айырмашылығын және жасалу жолдарын түсіндір және мысалдармен дәлелде.

  2. Ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақтың ұқсастығын, айырмашылығын, жасалу жолын айтып, мысалдар келтір.


III деңгей

  1. Төмендегі сөздерден келер шақтың түрлеріне мысалдар жазып, жасалу жолын көрсет.

Қызғалдақтай үлбіреген, ботаның көзіндей, киіктің асығындай, оттай жанып, періштенің үніндей.

  1. Осы шақ, келер шақ, өткен шақтың жіктелу үлгілерін жазып, қосымшаларын түбірден бөліп көрсетіп, жасалу ерекшеліктерін айт.

  2. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деген тақырыпта мақал-мәтелдер туралы пікіріңді жаз.



Етістіктің райлары

1 – нұсқа

I деңгей

1. Етістіктің райлары дегеніміз не ?

2. Етістіктің қанша райы бар ? Сөйлемдегі етістіктерді райдың түріне қарай ажырат.

Тырнадан әкім қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес деп, қиқудың зорын бұлар әлі шығарыңқырар . (Х. Есенжанов)

Жүйке , сіз оларды айдатып алуға асықпаңыз. (Х. Есенжанов)

3. Ашық рай туралы айт және мысал келтір .



II деңгей

  1. Сөйлемдегі бұйрық райдың қалай жасалғанын түсіндір .

- Азық әзірле . (Ғ. Мұстафин)

Доғар сөзді - деді Жаңыл . (Ғ. Мұстафин)

Содан кейін мені бір сына ! (С. Мұқанов)

- Ғафу етіңіз . (С. Мұқанов)

Босқа бергенше , досқа бер . (Мақал)


  1. Төмендегі сөйлемдерден шартты райлы етістікті тауып , шартты райлы етістіктің жақты мағынасы қандай қосымша арқылы берілгенін талда .

- Бір көрсем арманым болмас еді , - дейтін еді , ол әкесін сағынғанда .

(С. Мұқанов)

Дауылдың алдына өзің шықпасаң , біздің буын – буынымызға дейін дірілдеп тұр. (Х. Есенжанов)


  1. Мақал – мәтелдер жазып , мағынасын түсіндір және етістіктердің рай түрлеріне қарай талда .



III деңгей

  1. Төмендегі сөйлемдерден қалау райдың жұрнағы мен қалау рай жасуға қатысып тұрған көмекші сөздердің астын сыз.

Сайлауға келген ұлық әуелі сол сайлау жағынан басталса игі еді. (М. Әуезов)

Әлі жауап қатпаған Абайды Асылбектің сөйлеткісі келді. (М. Әуезов)

Абайдың бұл ауылдан кеткісі келмеді. (М. Әуезов)


  1. Мәтіннен ашық райдағы етістікті тауып, жіктік жалғауының қай жағында тұрғанын анықтаңыз.

Егер бізді жұмыстан босатып орнымызға арзанқол жаңа жұмыскер алғыңыз келссе, оныңыздан бізде қорықпаймыз.Босанамызда кетеміз. Сондықтан жалақымызды кемітуге болмайды деген бұйрығыңызды алғанша, ертеңінен бастап жұмысқа да шықпаймыз. (Ғ. Мүсірепов)

  1. «Сүйікті қалам» деген тақырыпқа өлең шығарып көр және етістіктерінің астын сыз.

Етістістіктің райлары

2-нұсқа

I деңгей

  1. Айтушының пікір, көзқарасын білдіретін етістіктің түрін айтып, мысал келтір.

  2. Қалау райдың жасалу үлгісін жазып шық.

  3. Сөйлемдерден райлардың астын сыз.

- Қаспақтыда жатып қалмасын, тез Ақтөбе асып кетсін. Сен өзің бірге бол, Бәкеңе көмегің тиер. (Х. Есенжанов)

Өздікі болса игі еді. (М.Әуезов)



II деңгей

  1. Бұйрық рай және оның жасалу жолдарын, жіктелу үлгісін айт, мысалдармен көрсет.

  2. Мәтіндегі етістіктерді қалау райдың түріне қарай топтап жаз.

Менің аралап қайтқым келеді. (С. Мұқанов)

Шырағым, бұл сөзді әкеңнен ұғынсаң етті. (М.Әуезов)

Менің әлі сізбен сөйлескім келеді. (М. Әуезов)

Айтса екен, айналайын. (М.Әуезов)

Қалқам, ұмытпағайсың. (С.Мұқанов)


  1. Қалған, түскен, көрген, жарған деген етістіктерге байланысты тұрақты теңеулерді жазып шық.

Үлгі: Бір жасап қалғандай, төбесінен жай түскендей, түк көрмегендей, жүрегі жарылғандай.


III деңгей

  1. Рай түрлерін атап, шартты райдың жасалуына мысалдар келтір және жіктеу үлгісін жаз.

  2. Төмендегі сөздерден ашық райға сөйлемдер құрап, жасалу жолын түсіндір.

Шырт ұйқыда, етінен өтіп, күлкі ойнаған, қанат біткен, дүр сілкінді, дүние теңселді, найзағай ойнады, үн қосқан, жер жарған, тау құлатқандай.

  1. Досыңа мінездеме жазып, ішіндегі етістіктердің астын сыз .



Есімше

1-нұсқа

I деңгей

  1. Есімше туралы түсінік бер.

  2. Сөйлемдердегі есімшенің жұрнақтарының астын сыз.

Қара бет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық. (Б. Момышұлы)

Сөзге сараң болғанымен, кісі жатырқайтын тұйық емес. (Т. Ахтанов)

Көктем келген сайын Қоспан қайта түлеп, бір жасап қалатын. (Т. Ахтанов)


  1. Төмендегі есімшелерді жекеше, көпше түрде жікте.

Сөйлеген, тұрған, ойнатқан, тігер.

II деңгей

  1. Есімшенің түрленуін қалай түсінесің? Мысалдармен дәлелдеп шық.

  2. Сөйлемдердегі есімшелерді тауып, сөйлемдегі қызметін анықта және есімшенің сөйлемдегі қызметі туралы айт.

Үйіңе бар да неше жыл қызмет істегеніңді, қанша ақың кеткенін есепте де, арызыңды алып кел. Ақыңды берммей, еңбегіңді жегені қалай, ол сені аяғаны ма? (Х.Есенжанов)

Не мен жатырқаған шығармын, не сен өзгерген шығарсың. (С. Мұқанов)



  1. Мақалдардағы көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қой, қандай қосымшалар екенін түсіндір және ішінде есімшелері бар мақал-мәтел жаз.

Үлкенді сыйласаң – қадірлі бол...,

Кішіні сыйласаң – құрметті бол...,

Ердің тозғанын

Иесі білмес – ат біл....

Ағайынның азғанын

Өзі білмес – жат біл ....



III деңгей

1. Мақалдан есімшелерді тауып, қай сөз табының қызметін қалай атқарып тұрғанын түсіндір.

Еңкейгенге еңкей,

Басың жерге жеткенше.

Шалқайғанға шалқай,

Төбең көкке жеткенше.



  1. Есімшелерді септе, тәуелде, жікте, көпте және түбірі мен қосымшаларын тауып, қай қосымша бірінші жалғанатынын анықта.

  2. «Ұрлық түбі – қорлық» деген тақырыпта сыбайлас жемқорлыққа байланысты өз пікіріңді жаз.


Есімше

2-нұсқа

I деңгей

  1. Бірде етістіктің, бірде есімдердің қыызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі не?

  2. Сөйлемдерден етістіктерді тауып, қалай жасалғанын талда.

Бір кезде бас иіп шұлғып айтқанынан шықпайтын жұрт тілін сирек алуға айналды.(Б.майлин)

Шықырлаған өз аяғынан өзге тырп еткен дыбыс жоқ.(Ғ.Мұстафин)

Көп жасаған емес, көп көрген білер.(Мақал)


  1. Есімшенің жұрнақтарына мысалдар жаз.



II деңгей

  1. Есімшелердің сөйлемдегі қызметтерінің түрлеріне мысалдар жазып, талдау жаса.

  2. Есімшенің түрлденуі туралы айт және есімшенің жіктелу, септелу үлгісін жазып көрсет.

  3. Тұрақты сөз тіркестеріне 10 мысал жазып, ішіндегі есімшелердің астын сыз.

Үлгі: Жерден жеті қоян тапқандай

III деңгей

  1. Сөйлемдердегі есімшелерді тауып, шақтық мағынасына ажырат және есімшенің тәуелдену үлгісін жаз.

Жөн бергенде, талай қиын жерден қаралған кісіні ақтап, асып шығатынмын.(С.Мұқанов)

Жерді көп жыртамыз, тарыны көп алармыз, таласпаймын. (Ғ.Мұстафин)

Қос басында екеумізге ермек табылатын тәрізді .(Ә.Сәрсенбаев)

2.Есім мағынасындағы есімшелерге, етістік мағынасындағы есімшелерге мақал-мәтелден мысалдар жаз.

«Менің анам» деген тақырыпта шығарма жаз.

Көсемше

1-нұсқа

I деңгей


  1. Көсемше туралы айт және жұрнақтарын ата.

  2. Көсемшенің жіктеу үлгісін жаз.

  3. Сөйлемдердегі көсемшелердің астын сыз.

Жиырма шақты жігіт балғын жас қайыңдардың қырқып әкеліп , қаттап жинаған қарағай бөренелердің үстіне лақтырады. (Ғ.Мүсірепов)

Лапылдап жанып маңайына жолатпаған бөрене қабырғалар құлады да, жанып бітті. (Ғ.Мүсірепов)




II деңгей

1. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі жайында түсіндір және сөйлемдегі көсемшелерді тауып, қызметтерін анықта.

Жанар орнынан тұрып, төр жақтағы бөлменің есігін ашып еді, Шынтас шешініп жатып қалыпты. (Т.Ахтанов)

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой, кімнің және қай өлеңнен үзінді екенін тап, көемшелерді талда.

Ескі бише отырман бос ... ,

Ескі ақынша мал үшін тұрман ... ,

Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де ... ,

Сендерге де келейін енді ... .

3. Мәтіннен көсемше қандай сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұғанын талда.

Әлі күнге тың, ширақ басып келе жатқан құла жирен атын Абай алдыңғы екеуінің артына тақау бастырып, ілестіріп, қатты бір мең -зең келеді. Өзіңнің ауру-сауын да айыра алмайды. Кейде жүріп келе жатқан сияқты емес. Жолдың екі жағы тау сияқты да, сол таулар, жартастар бұған қарай өздері сырғып, жылжып, қиыс өтіп келе жатқан сияты. (М.Әуезов)


III деңгей

1. Мақал-мәтелдер жазып, көсемшелердің қай

жақта тұрғанын анықта және мақал-мәтелдің

мәнін түсіндір.

2. Төмендегісөйлемдерден көсемшелердің қай

шақта және қай жақта, қандай, қандай қызмет

атқарып тұрғанын түсіндір.

Көктемнің зәрсіз желінен ауа дірілдеп тұр.

(Т.Ахтанов)

Алда Абылғазы бастап жортып келеді.(М.Әуезов)

Сол есеппен ол бүгін тағы да кешегі ойтамағын беріп жатыр. (М.Әуезов)

3. Өзіңе ұнаған бір өлеңді жазып, көсемшелердің талдау жаса және осы өлең туралы пікір жаз.



Көсемше

2-нұсқа

I деңгей

1. Бірде етістіктің, бірде үстеудің қызметінде қолданылатын етістіктің түрін айт.

2.Қөсемшелердің төмендегі жұрнақтарына мысал жаз.

-ғалы,-гелі,-қалы,-келі.

3. Сөйлемдердегі көсемшелердің қай жақта тұрғанын талда.

Айғыз сол өз төркінінің тойынан ашуланып аттанды . (М.Әуезов)

Құнанбай өз басының жағыздығын осы жолы қатты аңғарыпты. (М.Әуезов)

Нағима тамақ асып, табаны жерге тимей жүгіріп жүр. (Т.Ахтанов)


II деңгей

      1. Көсемшенің түрленуі туралы айтып, оны мысалдармен дәлелде.

      2. Шешендік сөздерден көсемшеге мысал жазып, оны сөйлемдегі қызметіне қарай талда.

      3. Төмендегі сөздерді қатыстыра отырып «Ас атасы -нан» деген тақырыпта мәтін құра.

Төгілген бауырсақтай, нанша иленеді, күйген тоқаштай төгілген ұнға, ұнша үгіп үй орнындай, қазандай қайнайды, жайылған дастарқандай, шайдай ашылып.

III деңгей



      1. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып, мысалдар келтір және көсемшенің жіктелу үлгісін көрсет.

      2. Өлеңнің жалғасын жазып, көсемшелерді түрленуі мен қызметіне қарай талда.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол

Бес нерсеге асық бол ... .



      1. «Алманың атасы-Алматы» деген тақырыпта шағын шығарма жаз.

Мазмұны:



  1. Әдеби тілдің лексикалық нормасын және мәтін .

  2. Зат есім

  3. Сын есім

  4. Сан есім

  5. Есімдік

  6. Етістіктің шақтары

  7. Етістіктің райлары

  8. Есімше

  9. Көсемше


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет