Египет сұлтанының хатшысы Ибн-Фадлуллах ал-Омари Алтын Ордадағы моңғолдардың түркілену үрдісі жайлы былай деп жазған



Дата17.06.2016
өлшемі22.15 Kb.
#142145
Деректер

Египет сұлтанының хатшысы Ибн-Фадлуллах ал-Омари Алтын Ордадағы моңғолдардың түркілену үрдісі жайлы былай деп жазған: «Ертеде бұл ел қыпшақтардікі болды, бірақта оны татарлар (моңғолдар ) жаулап алғанда қыпшақтар олардың қол астына өтті; кейін (уақыт өте келе) татарлар олармен араласып, қан араластырғанда, татарлардың табиғи қасиеттері мен ұлттық ерекшеліктері жеңіліп олардың бәрі қыпшақтардан аумай қалды».

Осыған ұқсас ойларды XVIII ғасырда Фишерде келтіреді. Татарлар (түркі халықтары) туралы : «Олар түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі. Татар атауы моңғалдармен араласып жеңіске жетті, себебі Шыңғыс хан мұрагерлеріне қызмет еткен әскерлердің ішінде олардың саны моңғолдардан анағұрлым басым болды. Осыған байланысты олар жаулап алған елдерде, бұрыңғы өз тілдерінің орнына моңғол тілі емес, қолданысқа татар тілі енді. Батыс елдерінде моңғол атауы емес татар атауы басымдыққа ие болды.»

Ірі моңғолтанушы, кеңес ғалымы, академик В. Я. Владимирцов атап көрсетеді: «батысқа кеткен моңғолдар тез түркіленіп, қоршаған өздеріне жақын этнографиялық ортаға сіңіп жойылып кетті». «Тек Орта Азияда олардың түркіленуі салыстырмалы түрде баяу болды» - деп кетеді.



Қыпшақтардың моңғолдарға ықпалы

  • Қазақстанда тұрған халықтардың құрамы мен антропологиясына моңғол шапқыншылығы белгілі бір, бірақта сондай күрделі емес әсер етіп, монголоидтық белгілерін күшейтті. Бірақта түркі тілдес халықтарының арасында саны аз олар тез ассимилияцияға ұшырады, олардың тілі мен дәстүрлерін қабылдады.

  • Моңғолдар жер үлестік жүйесі жоғары дамыған жаулап алған елдерінің, соның ішінде Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның қоғамдық қатынастарына үлкен өзгерістер келтіре алмады. Уақыт өте келе отырықшы елдерді шектеусіз қанауды әрі қарай жалғастыру мүмкін еместігін түсінген моңғолдар олардың жерді пайдаланудағы жер иелену түрлерін қабылдауға мәжбүр болды.

  • Алтын Орда халқының негізгі бөлігін қыпшақтар құрағаның орыс жылнамаларында айтылады.Олар Алтын Орда хандары әскерінің негізгі бөлігін құрады. Бұл елдің отырықшы халқының құрамында да олар аз болмады. Ғалымдардың болжауы бойынша Алтын қалаларының, соның ішінде астанасы Сарай қаласының негізгі бөлігін қыпшақтар құраған. Деректерде Алтын Орда хандарын «қыпшақтар патшалары» деп атаған.

  • Алтын Орда мен Шағатай мемлекетінде моңғол тілі кең етек ала алмады, хан жарлықтары түркіше жазылды. Араб және парсы тілімен қатар әдеби тіл, ғылыми шығармалардың тілі қыпшақ тілі болды.

  • Экономикалық қайта жандану жағдайында, феодалдық қатынастардың күшейген тұсында XIV ғасырда Алтын Орда мен Шағатай ұлысында жергілікті түркі ақсүйектерінің позициялары күшейді, олар аталған мемлекеттердегі билік үшін таласқа түсті және бұл нәтижесінде аталған мемлекеттердің ыдырауына алып келді. Бұл мемлекеттердің қирандасының орнына Көк Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, ал кейін Қазақ хандығы пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет