Ел өткенін екшеген



Дата24.02.2016
өлшемі61.78 Kb.
Ел өткенін екшеген

Әлкей Марғұланның туғанына - 100 жыл


Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылы мамырдың 11 жұлдызында Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Әкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы. Олжабай батыр Абылай хан басшылығымен Бөгенбай, Наурызбай және Қабанбай батырлармен бірге отанымызды жоңғар шапқыншыларынан қорғап көзге түскен. Олжабай батыр Абылай ханның жақын серігі, оның ту ұстаушысы болды. Олжабайдың ерліктерін Бұкар жырау жырға қосқан. 1772 жылы Олжабай батыр мен Едіге бидің орыс ханшасы II Екатеринаға солтүстік қазақ жерлерін, Құлыңды даласын қайтаруды талап етіп хат жазғандары белгілі болып отыр. Жасыбай көлі аймағында Олжабайдың қыстауы болған, қазір ол жер Дулат асуы деп аталады.

Әлкейдің әкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, үйде халық әндері мен Абай әуеңдері жиі шырқалатын. Әлкей бес жасыңда оқып, жаза білуге үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жаяу Мұса, Имантай Сәтбаев және қазақ даласына белгілі адамдар жиі бас қосқан.

Әлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Әлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, белгілі әнші Майраның үйінде тұрады. 1920 жылы курсты бітірген соң туған ауылына оралып, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Әбікей Зейінүлы Сәтбаев сыңды белгілі қазақ ағартушысы директор болған Семей техникумына оқуға түседі. 1939 жылы Әлкей Хақанүлы Ә.Сәтбаевтың қызы Раушан Әбікейқызына үйлеңді.

Семейде оқып жүрген кезінде Әлкей Хақанүлы «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларымен байланыс жасап тұрады. Осында ол Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен танысады, екеуінің арасындағы достық ұзақ жылдарға созылған сыйластық қарым-қатынасқа айналады. М.Әуезовпен бірге Абайдың туған жеріне, Шыңғыстауға барып, Абайдың баласы Тұрағұлмен және Абай әндерін тамаша орындайтын Абайдың немересі Жәбірейілмен таныс болады. Осы жылдары Әлкей Хақанұлы атақты қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлымен танысып, достық байланыста болады.

М.Әуезовтің кеңесі бойынша, 1925 жылы Әлкей Хақанүлы Ленинградқа сапар шегіп, Шығыс институтының әдебиет факультетіне түсіп, бір уақытта Ленинград университеті және өнер тарихы институтының дәрістерін тыңдайды. Түркітанушы Е.Бертельстің, арабтанушы, Құран Кәрімнің аудармашысы және білгірі И.Карчаковскийдің, эпостанушы В.Жирмунскийдің, академиктер К.Розановтың, Е.Тарленің еңбектерімен танысады. Ғылым негіздерін табысты игере отырып Ә.Марғұлан Ленинградтың бай мұрағаттарынан бірнеше қайнар бастауларды зерттейді, қазақ халқының мәдениеті мен тарихы бойынша әдеби және архивтік материалдарды жинаумен шұғылданады. Осы жылдары ол әдеби шығармашылық қызметке де ден қояды. Оның аудармасы арқылы қазақ оқырманы алғаш рет атақты орыс және шетел жазушыларының шығармаларымен танысады. Ленинградта Әлкей Хақанұлы А.Затаевичпен танысып, онымен бірге туған өлкеге келеді, атақты музыкатанушы көптеген қазақтың халық әуендерін жазып алды. 1926-1927 жылдары академик А.Ферсман және профессор С.Руденко жетекшілігімен одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше комитеттің қазақстандық және алтайлық экспедицияларына қатысады. Ә.Марғұланның қазақ халқының мәдениетін және наным-сенімін, ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін білуі экспедицияның антопологиялық отрядының жұмысына үлкен практикалық көмегін тигізеді. Әлкей Марғұлан экспедиция материалдары негізінде найман мен адай тайпалары туралы алғашқы ғылыми еңбегін жазды.

1929 жылы Әлкей Марғұлан Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты. Ә.Марғүлан өзінің кандидаттық диссертациясына аз зерттелген және уақытында үлкен ғылыми қызығушылық тудырған: «Паузе және жарлықтардың, тағылған атақтардың тарихи мағынасы» мәселесін таңдап алды. Шын мәніңде бұл қыпшақтық этномәдени қауымының жазба ескерткіштерін зерттеудің алғашқы қадамы еді.

1938 жылдың аяғында Марғүлан КСРО ҒА Қазақ филиалына жіберілді, кейін КСР Ғылым академиясының құрылуына байланысты 1941-1946 жылдары тарих секторының меңгерушісі, 1946 жылдан 1951 жылға дейін палеолит және археология секторының, 1958-1976 жылдар аралығында Қазақ КСР Ш.Уәлиханов атыңдағы тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімін басқарды, 1976 жылдан өмірінің соңына дейін этнография белімінің аға ғылыми қызметкері болды. Ол қазақ халқының филологиясы мен этнографиясы, мәдениеті мен өнері, аймақтың, ру-тайпаларының тарихы, археология сынды Қазақстан ғылымының көптеген салаларын алғаш зерттеуші ғалым. 40-жылдар басында Ә.Марғұлан жазба ескерткіштерін және қазақ халқының фольклорын, рухани мәдениетін зерттеумен қатар, Қазақстанда мекеңдеген ежелгі халықтардың (ру-тайпалардың) археологиялық ескерткіштерін іздеуді алғашқылардың бірі болып бастайды. Оның ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарында бірнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ә.Марғұлан керуен жолдары мен қазақтар көшінің ізімен мыңдаған шақырымдар жүріп өтті, ондаған археологиялық ескерткіштерді іздеп тапты, оларды жан-жақты зерттеп және ғылыми тұрғыда тұжырымдады. Ол өзіне дейінгі зерттеушілердің қазақ даласын меңіреу, тіршіліксіз бос жатқан, анда-санда көшпенділердің (номадтардың) көші өтетін шөлді, қу дала деген тұжырымдарының жалған екендігін дәлелдеді. Ол Отырарда, Таразда, Сайрамда, Сығанақ пен Сарайшықта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге эпикалық жырлар мен аңыздарды, қазақ халқы ертегілерінің үлгілерін жинады. Осы зерттеулердің нәтижесінде 1950 жылы жарыққа шыққан «Ежелгі Қазақстандағы құрылыс өнері және қалалар тарихынан» атты еңбегінде өркениеттің ірі орталықтары суреттеліп, оларға ғылыми негізделген терең талдау жасайды.

1946 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалы ҚСР Ғылым академиясы болып қайта құрылды, Ә.Марғұлан республиканың ірі ғалымы ретіңде мүше-корреспондент, 1958 жылы толық мүшесі болып сайланды. 1960 жылы оған профессор атағы берілді.

Соғыстан кейінгі жылдары академик Қ.Сәтбаевтың кеңесі бойынша Ә.Марғүлан өзінің зерттеу объектісі етіп Орталық Қазақстанды таңдайды. Көпжылдық зерттеулердің нәтижесіңде ғалым Орталық Қазақстаңда қола дәуіріндегі өркениеттің ірі ошағы - Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашты. Ә.Марғұланның басшылығымен ежелгі көшпенділер мен қола дәуіріндегі ру-тайпалар мәдениеті ескерткіштерінің археологиялық зерттеулері жүргізілді. Орталық Қазақстан аумағын археологиялық зерттеу нәтижелері «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» (Ә.Марғұлан басшылығымен тікелей қатысуымен жазылған) 1967 жылы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 1957-1967 жылдары Ә.Марғұлан Ш.Уәлихановтың 5 томдық шығармалары жинағының академиялық басылымын басқарды. Ол бұрын жарияланбаған жаңа еңбектер мен қолжазбалар, хаттар тапты. Ғалымның туғанына 150 жылдық мерейтойына екінші басылым дайындалып, ол Марғүлан басшылығымен жарыққа шықты. Әлкей Хақанұлы бұл басылымды 6 том етіп шығаруды жоспарлаған еді, бірақ оны жүзеге асыра алмады. Өзі құрмет тұтқан ғалымға Әлкей Хақанұлы екі монография арнады, алғашқысы «Шоқан және Манас», «Шыңғыстанудың жарық жұлдызы» монографиясы өзінің жарыққа шығуын күтуде.

Ә.Марғұланның шығармашылығында Қазақстан архитектурасы ерекше орын алады. «Қазақстанның ежелгі архитектурасы», «Исламға дейінгі архитектура», «Ортағасырлық Қазақстан архитектурасы», «Кейінгі орта ғасырлық архитектура» төрт бөлімнен тұратын «Қазақстан архитектурасы» монографиялары атақты ғалымның осы саладағы баға жетпес құнды еңбектері.

Көп жылдар бойы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен этнография бөлімін басқара отырып Ә.Марғұлан Қазақстанда археология және этнографияның дамуына үлкен ықпал жасады. Ол Қазақстан этнографтарының, археологтары мен тарихшыларының бірнеше буынын даярлап шығарды. Олар ерте темір дәуірін зерттеушілер М.Қадырбаев пен А.Оразбаев, көне түрік дәуірін зерттеуші Ф.Арсланова, қыпшақ этникалық қауымын зерттеуші С.Ақынжанов, қазақтардың этникалық тарихын зерттеуші М.Мүқанов, қазақтардың отбасылық некелік қатынастарын зерттеуші Х.Арғынбаев және басқалар.

Әлкей Хақанүлы жемісті ғылыми еңбегі үшін Ленин, Еңбек Қызыл Ту және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталды. 1962 жылы Қазақ КСР-ның ғылымына еңбек сіңірген қайраткер атағына ие болды.

Шексіз даланың көк жиектері мен ежелгі қалалардағы қайнаған өмір ғалымның көз алдында тұрғандай сезілетін, ежелгі қалалар мен кербез даланың әсемдігі, қала тұрғындарының туындылары оны баурап алғаны соншалық, ол өзін сол дәуірде өмір сүргендей сезінетін. Әлкей Хақанұлы еңбектерін жариялауға асықпайтын, жазғандарын кейінгі қалдыра отырып, қайта оралатын.

Орта Азия ескерткіштерінің ірі зерттеушісі, Әлкей Хақанұлының досы, профессор М.Массон мерейтойлық құттықтауында: «Ә.Х.Марғұлан жай ғана жемісті зерттеуші емес, ол шабыты ғылымды поэзиямен тұтастыратын ғалым-энтузистардың тобына жатады. Оның шығармашылығыңда Шоқан Уәлихановтың қызметіне ұқсастық бар. Шоқанның шығармаларын шығару кезінде жанашырлық қамқорлықпен қарады. Екеуі де мәңгі бақи ғылымда берік, нық орын алады», - деп лебіз білдірген.

Ә.Марғұлан ұзақ өмір сүрді, оның ғылыми мұрасының ауқымдылығы, зерттеулер көлемі, тарихты уақыт жағынан қамтуы таң қалдырады. Жан жүрегімен ол ежелгі дәуірден, сондықтан да оған ойлау стилі мен аруақтар рухын қастерлеп, қадірлейтін қасиет тән. Көшпенділер дүниесі, аңыз әпсаналар мен еркін кең дала әлемі ол үшін қымбат. Маңдайы жарқыраған марқасқа ғалымға ғасырлар бойы жинақталған халқымыздың құпиялары тектен тек ашылмаса керек.
Сағындық Жауынбаев,

ҚарМУ-дың доценті,



археолог.

Орталық Қазақстан.- 2004.- 11 мамыр.- 6 б.
Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Gylym
Kraeved -> Қисыны бар аңыздар Қарқаралы қаласыны – 180 жыл
Kraeved -> Қазыналы қарашаңырақ
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Жат қолында Қазыналы қарашаңырақ
Kraeved -> Алаш көсемінің Арқадағы іздері
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Халық бақытының күрескері
Kraeved -> Облыс картасы алдында
Gylym -> Ағасын ардақтаған азамат
Gylym -> Евней Букетов:…қазақи қалпымда ойланамын


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет