Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың айтқанындай Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады



бет3/3
Дата18.05.2022
өлшемі0.59 Mb.
#457029
1   2   3
доклад .1

- мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формалары мен әдістеріндегі кемшіліктерді – теория мен практика арасындағы алшақтықтарды жояды;
- мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі механизміне маман тұлғасына әсер ету, болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру енгізілген;
- қызметкерлерді оқытудың дуальді жүйесі жұмысының барысында білім алу мен дағдыларды қалыптастырудың жоғары мотивациясы құрылады, себебі олардың білімінің сапасы жұмыс орындарында қызметтік міндеттерін атқаруға тікелей қатысты;
- сәйкес мекеме басшыларының өз қызметкерін практикалық оқытуға қатысты қызығушылығы;
- тапсырыс берушімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін оқу орны оқыту барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді.
Еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау міндетке айналғалы қашан. Жұмыс беруші кәсіпорын өзіне керек мамандарды оқытады. Одан қалса, қажеттісін даярлауға тапсырыс береді, оқу орындарына. Осы орайда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. Кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың тиімдісі де осы болып тұр бүгін. Яғни, теория мен практиканы біріктірген жүйе бойынша оқушылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын колледжде өткізеді. Өзге елдердің тәжірибесіне көз жүгіртсек, жүйе – нәтижесіз емес. Мәселен, оқытудың бұл жүйесін ГФР канцлері Ангела Меркель Германияны дамытудың ең басты факторларының бірі. Ол жақта аталмыш жүйе 600 мыңнан астам кәсіпорында қолданылады екен.
Қазіргі кезде Техникалық және кәсіптік білім беретін біздің оқу орнында дуальді жүйе қолданылады. Оның басым бөлігі ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салалар. Оқу жүйесі жалпы Австрия, Дания, Нидерланд, Швейцария сияқты еуропалық елдерде кең тараған, соңғы жылдары Қытай және Азияның басқа да елдерінде қолданыста.
Аталмыш жүйе үш бағытта жүзеге асырыды.
Әуелі лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады.
Екіншіден, әлеуметтік әріптестік дамиды
Үшіншіден, инновациялық технологиялар қолданылатын болады.
Онда әлемдік деңгейдегі халықаралық орталықтар мен колледждер желісін, жаһанның озық тәжірибесін талдау және меңгеру жұмыстары жүргізіледі.

  • Дуалды жүйе – маман даярлаудың, бизнестің, кәсіптік білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған әлемдегі тиімді оқыту түрі. Техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандар қажеттілігі туындап отырған бүгінгі жағдайда дуальді оқытудың маңыздылығы артуда. Бұл орайда «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ұлттық мамандар даярлаудағы негізгі жоба болып табылады.

  • Мемлекеттік деңгейдегі қамқорлықтың арқасында соңғы жылдары кәсіпорындар мен кәсіптік оқу орындары арасындағы әлеуметтік байланыс нығайып, серпінді дами бастады. Республикалық бюджеттен облыстағы мемлекеттік-техникалық білім беру ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын қазіргі заманға сай жабдықтау үшін

Үшінші. Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей білім алуды қамтамасыз ету.
Қазір техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Ұлттық кеңес, Салалық және өңірлік кеңестер құрылды. Әрбір аймақта 2-3 колледжді осы жүйеге, оның ішінде дуальді жүйеге бейімдеп, кейін олардың тәжірибесін басқа ұйымдарға тарататын боламыз.
Техникалық және кәсіптік білім
Мақсаты: қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу
Нысаналы индикатор: кәсіби даярлық және жұмыс берушілер бірлестігінде біліктіліктер беру деңгейін тәуелсіз бағалаудан бірден өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі (2015 жылы – 60 %-ға, 2020 жылы – 80 %-ға); мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған ТжКБ оқу орындарының жұмысқа орналасқан бітірушілерінің үлесі (2015 жылы – 78 %-ға, 2020 жылы – 80 %-ға).
2015 жылға қарай бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
ТжКБ құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту;
экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;
ТжКБ-да оқыту беделін арттыру;
өмір бойы білім алу, баршаға арналған білім үшін жағдай жасау керек.
Техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту
Ұлттық және салалық біліктілік шеңберінің негізінде кадрлар даярлау құрылымы ретке келтірілетін болады.
Мамандар даярлау еңбек нарығының болжанған қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес:
ТжКБ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, білім беру бағдарламалары жаңартылады;
-арнайы пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары, оқу әдебиеттері әзірленеді;
бірнеше біліктілік алу үшін модульдік бағдарламалар әзірленеді, модульдік бағдарламалардың деректер банкі құрылады.
Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кәсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын болады. Бұл үшін практика базасы жұмыс берушілермен әріптестік есебінен кеңейтіледі.
Оқу процесіне білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын қазіргі заманғы білім беру технологиялары енгізілетін болады.
Озық әлемдік тәжірибелер мен қолданбалы зерттеулер жүргізудің негізінде ТжКБ жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жетілдірілетін болады. Республикалық және облыстық ғылыми-әдістемелік кабинеттер тиімді жұмыс істейтін болады, ТжКБ ұйымдарының кітапханалары қажетті оқу әдебиетімен толық жабдықталады.
Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту
Жастардың кәсіптік білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіптік лицейлер мен жатақханалар салу есебінен оқушы орнының саны ұлғаяды. Атырау қаласында – мұнай-газ саласы бойынша, Екібастұз қаласында – отын-энергетика саласы бойынша, Шымкент қаласында - өңдеу және Өскемен қаласында – машина жасау салалары бойынша 4 өңіраралық кәсіптік орталық жұмыс істейтін болады.
Оқу орындары шарттық негізде өндірістік практикадан, тағылымдамадан өту үшін базалық кәсіпорындарға бекітілетін болады.
Осы орайда жасалынып жатқан колледждердің эксперименттік жұмысы базалық мекемелер тарапынан оң баға алынып, елімізде бұл жүйемен айналысу қажеттілігі мен артықшылығы дәлелденіп, дайындау мен енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дуалдық жүйе, өз мәнінде, білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. Білім беру теория мен тәжірибенің байланысы принципіне негізделеді. Дуалдық жүйеде тараптардың қарым - қатынасы тепе-теңдік және әділдік принциптері негізінде құрылады. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі. Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады
«Дуалдық оқытудың негізгі артықшылықтарына ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады, өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте қалатыны, дуалдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады», - деді Б.Жұмағұлов.
Дуалдық оқыту жүйесіне еліміздің 174 колледжі енгізіледі. Қазіргі кезде қалаларда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, ал жалпы алғанда, еліміздің 100-ден астам колледждерінде ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ, химиялық және кен өндірісі салаларындағы кадрларды дуалдық білім беру жүйесімен дайындау элементтері енгізілу міндеттеліп отыр 2012 жылы Астанадағы 10-нан астам кәсіпорынның білікті кадрлар дайындап шығаруға қатысуына мүмкіндік берелді. Ал республика көлемінде 120-дан астам мамандық бойынша жаңа кадрлардың 70 пайыздық өндірістік тәжірибеден өте жүріп білім алуына жол ашылады.
Осылайша, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады.
Өз кезегінде біз де келесі оқу жылында осы бір жаңа әдісті тәжірибемізге енгізгел отырмыз. Биыл қабылданған «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», мамандығының бірінші курс білім алушылары осы жаңа әдіс бойынша оқуын бастап та кетті . Әр білім алушы партада отырып алған білімін колледждің әлеуметтік әріптестері –ашылатын бала бақшада практика жүзінде ұштастырып отыратын болады. Мұның тағы бір тиімді тұсы – практикада көбірек болған білімгерлер көп уақытын жұмыс орнында өткізеді, өндірісте әріптестерімен етене араласып, қарым-қатынасқа тез үйренеді.
Білім алушылардың білімін, біліктілігін бағалап, қабілет-қарымын анықтайтын жұмыс беруші үшін де қолайлысы – осы болар деймін.
Жаңа ашылатын бала бақша біздің колледж білім алушыларының жыл сайын өндірістік практикадан өтуіне көптен-көп көмегін тигізіді. Осы балабақшада біздің білім алушыларымыздың өндірістік тәжірибеден өтуіне барлық жағдайлар жасалып жатыр. Білім алушыларға дер кезінде тәлімгерлер тағайындалып, олардың колледж қабырғасынан алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып бекітілуіне, заман талабына сай білікті маман болып шығуына барлық мүмкіндіктер қолданылуда. Керек десеңіз, білім алушылардың жалақы алып, өз қажетіне жаратуына мүмкіндіктері де бар. Бұл дегеніміз, колледж қабырғасында берілген әлеуметтік тәрбиенің кәсіпорындарда өмір тәжірибесіне айналуының көп көмегін тигізеді
Барлығымыз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында адам капиталы сапасының артуына , оқу процесінде тәрбиелік компоненттердің артуына, оқу процесінде тәрбиелік компоненттердің арттуына назар аударып, осы мәселеде педагогтардың сапалық құрамының артуына көңіл бөлді.
Біздің колледж, болашақ мамандардың кәсіби компетенттілігін жетілдіру үшін оқытудың жаңа замандық технологиясын енгізе отырып, заманға сай мамандар дайындап шығару мақсатында оқу тәрбие процессін жандандыра түсуде. Осы технологиялардың көмегімен білім алушылар мен мұғалімдер әр түрлі тәжірибелік тапсырмалар орындайды, бір мәселені екі жолмен шешеді,міндеттер, жаттығулар және тестермен жұмысты бірігіп атқаратын болады.Интерактивті жүйе пайдалану білім алушылардың белсенділігін арттыруда қосымша стимул болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Ақылбаев Ж.С., Ермағанбетов Қ.Т. Электр және магнетизм: Оқу құралы. Қарағанды: КарМУ. 2003


2.Маклаков С.В. BPWin и ERWin. CASE -средства разработки информационных


систем. М.ДИАЛОГ-МИФИ, 2000г

3.Петров В. Н. Информационные системы: Учебник. – СПБ.: Лениниздат, 2002 – 688 с.


4. Козыров А.А. Юдин А.П. Информационные технологий в экономике.


5.Смирнова Г.Н.и другие. Проектирование ЭИС: оқулық.М.Финанс және статистика,


2001-512 бет


6.Автоматизированные информационные технологий в экономике. М.ЮНИТИ, 1998г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет