Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың айтқанындай Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады



бет1/3
Дата18.05.2022
өлшемі0.59 Mb.
#457029
  1   2   3
доклад .1


Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың айтқанындай «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қорытынды жолға қоюмыз керек».
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті – білім берудің қазіргі заманғы сапасы қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.
Қоғамдағы қазіргі кезеңдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің басты мақсаты – білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру мен дамыту міндеттерін қойып отыр. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін қазір Қазақстанда әлемдік деңгейдегі колледждер құрылуда, білім беру процесіне дуальді оқыту жүйесі енгізілуде.
Дуалдық жүйе дегеніміз, білімгер - түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады.
Озық индустриялы елдерде – Германияда, Англияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда – жұмысшы кадрларды даярлаудың дуалдық жүйесі өзін жақсы жағынан көрсетті. Осы жүйе бойынша кәсіптік мектептер білім алушылары бір мезгілде өндірісте тағылымгер болып табылады. Даярлаудың осындай жүйесін Қазақстанда да кеңінен енгізу қажет. «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кәсіпорындар тізімін белгілеп, дуалдық модельді бірте-бірте енгізудің жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл біздің жаңа индустрияландыру үшін кадрларды даярлауды жаңғыртуымызға жағдай жасайды» – деген Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында алдымызға бірқатар жаңа міндеттер қойды.
ҚР Президенті барлық отандық компанияларды дуалды білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды. «Бүгінде бұл жүйе 60 елде жұмыс істеуде. Мен барлық қазақстандық компанияларды осы жүйемен шұғыл айналысуға, ал Үкіметке оны қадағалауды тапсырамын», - деді Елбасы. «Онда білім алушы өндірістегі тәлімгер болып табылады әрі оған жалақы тағайындалып, білім алады», - деген ҚР Президенті, сол жерден алған кәсібінің басқа мекемеде жұмыс істеуі барысында мол пайдасы тиетіндігін баса айтты.
Қазақстандағы 100-ден астам колледже дуальді білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан 2012 жылдың қорытындысын шығару мен Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған мәжіліс барысында Елбасы Н.Назарбаевтың алдында еліміздің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы есеп берген Премьер-министр Серік Ахметов мәлім етті
«Білім беру жүйесінде құрылым, мазмұн жаңғыртылып, әлемдегі ең озық технологиялар енгізілуде. Бұл жаңалықтардың барлығы Қазақстандағы білім беру деңгейінің сапалы дамып, әлемдік стандарттарға теңесуіне бағытталған», - деп түйіндеді өз сөзін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.
Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында адам капиталының, соған сәйкесінше, ұлттық білім беру жүйесін сапалы түрде дамыту туралы жаңа міндеттер жүктеген болатын.
Ұлттық адами капитал әлеуеті инновациялық процестің ең маңызды элементі, ұлттық экономика тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің, техника мен технологиялар жоғары сапасына қол жеткізудің, экономикалық өсудің ізгілендірілген түріне ауысудың негізгі факторы болып табылады. Нарық экономикасы шарттарында адами капиталды қалыптастыру және дамыту процесі осал болып табылады, өйткені ол экономиканың ең өткір мәселелерін және қоғамда бар қарама-қайшылықтарды өткір сипаттайды. Пайда болған экономикалық реформалар реалийнде адами капитал сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу өзекті бағыт болып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өткізіліп жатқан мемлекеттік саясаты шеңберінде бастапқы мәселелердің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет