Эмоция және эмоционалды интеллект



бет1/5
Дата23.02.2023
өлшемі342.38 Kb.
#469946
түріЛекция
  1   2   3   4   5
3лекция Эмоция сезім

Эмоция және сезімдер

3 лекция

Эмоция (фр. emotionлат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

  • Эмоция (фр. emotionлат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
  • Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
  • Психологияда, эмоция – тіршілікті сақтап қалу үшін қажетті маңызды құрал. Әрбір эмоцияның биологиялық функциясы бар, ол бір нәрсе үшін қажет.
  • Біз тек оны дұрыс пайдалана алмаймыз, себебі олар өте ауыр болуы мүмкін. Сондықтан біз сезімдеріміз бен эмоцияларымыздан қашамыз, басуға тырысамыз, ұмытуға, мән бермеуге тырысамыз. Онан не шығады – ауырлық ешқайда кетпейді, жанымызды жаралап, өмірімізді улай береді.
  • Олай болмас үшін, эмоцияларымызды жасырып емес, адекватты көрсетіп үйренуіміз керек.

Эмоция — адамның әр түрлі жағдайларға және объектілерге субъективті бағалаушылық қатынасын білдіретін психикалық процес не күй.

  • Эмоция — адамның әр түрлі жағдайларға және объектілерге субъективті бағалаушылық қатынасын білдіретін психикалық процес не күй.
  • Эмоциялар үш компонент бойынша сипатталады:
    • Бастан кешулер немесе эмоцияны сезіну;
    • Организмдегі (жүйке жүйесінде, эндокриндік жүйеді, тыныс алу және ас қорыту жүйелерінде) орын алатын процестер;
    • Экспрессиямен – бет әлпеттегі, мимика жестегі көріністері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет